Оқытуды оқушы мен мұғалімнің бірлескен шығармашылық жұмысына айналдыру

1 Педагогика пәні, зерттеу объектісі мен әдістері. Педагогика (гр. 'παῖς', paіda - бала, гр. 'ἄγω', gogos - жетектеуші) - жеке адамды тәрбиелеп, қалыптастыру үшін белгілі мақсатқа бағытталған жүйелі тәрбие мен білім беру туралы ғылым; тәрбиені, білім беруді және оқытуды зерттейтін теориялық және практикалық ғылымдардың жиыны. Педагогикалық институттарда профильді бағдарламалар бойынша оқылатын оқу курсы да педагогика деп аталады. Қазіргі кездегі педагогика оқу-тәрбие жұмысының мәселелерін қамтиды. [1] Ертедегі Грекия еңбекке, қол және соғыс өнеріне үйретуші құлдарды педагог деп атаған. Осыдан, педагогиканың пəні - арнайы əлеуметтік мекемелерде (институттарда) : отбасы, білім беру жəне мəдени - тəрбие орындарында - мақсат бағдарлы ұйымдастырылған шынайы біртұтас педагогикалық процесс ретінде көрінетін жүйеленген білім саласы. Бұл тұрғыдан педагогика əрбір адамның бүкіл өмір бойы дамуының кепілі жəне құралы болған педагогикалық процестің мəні мен мазмұнын, заңдары мен заңдылықтарын жəне оның бүгінгі бағыт - бағдары мен болашақ өркендеу жолын зерттеуші ғылым жүйесін аңдатады. Осы негізде педагогика тəлім - тəрбие процесінің ұйымдасу теориясы мен технологиясын, педагог іс - əрекетін (педагогикалық қызметті) жəне оқушылардың əрқилы оқу жұмыстарын жетілдірудің формалары мен əдістерін əрі олар арасындағы оқу істері төңірегінде туындап отыратын қарым - қатынас, ықпалдастық стратегиялары мен тəсілдерін нақтылап, ашып отырады. 19 ғасырдың басында нарықтық қарым-қатынастың дамуына, ғылыми-техникалық өркендеуге байланысты педагогика тармақталып, жеке пәндер бөлініп шықты. Олар:жалпы педагогика (тәрбие, білім беру және оқытудың жалпы заңдылықтарын зерттейді), сәбилер мен мектепалды педагогикасы, мектеп педагогикасы, сурдотифло педагогика және олигофрено педагогика (керең, зағип және ақылы кем балалардың тәрбиесі мәселелерін зерттейді), жеке пән әдістері, Педагогика тарихы. Жаңадан қалыптасып жатқан педагогика салалары да бар: мектептану, отбасы тәрбиесінің педагогикасы, басқару педагогикасы, ішкі істер педагогикасы. Дербес педагогикалық пән ретінде:әскери педагогика, жоғары мектеп педагогикасы, кәсіби-техникалық білім беру педагогикасы. Педагогика ғылымының қызметтері. Дербес ғылым ретінде танылған педагогиканың қызметтері оның жоғарыда аталған пəндік сипаттарымен сабақтас, яғни табиғи бірлікте іске асырылуы қажет теориялық жəне технологиялық міндеттер. Педагогиканың теориялық міндеттері үш деңгейде жүзеге асырылады:- сипаттау немесе түсіндіру - озат əрі жаңашыл педагогикалық тəжірибені зерттеу; - анықтау (диагностикалық) - педагогикалық құбылыс жағдайын, педагог пен оқушы іс - əрекеттерінің нəтижелілігі немесе тиімділігін жəне оларды қамтамасыз етуші шарттар мен себептерді айқындап алу; - болжау (прогноздау) - барша педагогикалық жағдаяттарды табиғи тұтастық күйінде эксперименталды зерттеуден өткізу жəне оның негізінде сол педагогикалық болмыстың жаңаланған моделін құрастыру. Теориялық қызметтің болжау, болжастыру деңгейі педагогикалық құбылыстардың мəнін ашу, педагогикалық процестің түп - төркінінде орын алатын құбылыстарды таба білу, сонымен бірге болып қалуы мүмкін ықтималды өзгерістерге ғылыми негіздеме бере алу сынды іс - əрекеттермен байланысты. Осы деңгейде анықталған деректерге орай оқу жəне тəрбие теориясы анықталып, білім беру практикасына жетекші рол атқарушы озық педагогикалық жүйе моделі құрылады. Педагогиканың технологиялық қызметтері де үш көрініс береді:

- жобалау (проекттеу) - педагогикалық іс - əрекет пен оның мазмұны əрі сипатын қалыптастыру жəне реттеуге нұсқау болғандай теориялық тұжырымдар мен анықтамаларды қамтыған қажетті əдістемелік материалдарды (оқу жоспары, бағдарлама, оқулықтар мен оқу құралдары, педагогикалық ұсыныстар) жасауға байланысты;

- жаңалау - тəрбие жəне білім беру тəжірибесін жетілдіру мен қайта түзу мақсатына орай педагогика ғылымының замандық жетістіктерін мектеп өміріне енгізе, пайдалану;

- ықпал таныту (рефлексивтік) жəне реттеу - түзетулер енгізу (коррекциялық) - ғылыми зерттеу нəтижелерінің оқу - тəрбие ісіне болған əсер - ықпалын бағалау жəне одан соңғы ғылыми теория мен тəжірибелік іс - əрекеттер байланысына қажет болып қалатын реттеу - түзетулерді іске асыру. Өзінің қоғамдық қызметтерді орындауға қажет қабілеттерінің дамуына себепші болған əлеуметтену процесінде адам тұлғалық кемелдену сатысына көтеріледі. Адамның əлеуметтенуі оның қоғамдағы ауыспалы жағдайлар мен шарттарға икемдесе білуі ғана емес, ол өз ішіне жеке тұлғаның дамуы, өзіндік танымы мен өз мүмкіндіктерін өз күшімен іске асыра алу сияқты процестерді де қамтиды. Дегенмен, аталған процестерге байланысты міндеттердің шешімі бірде мүдделі, жүйеленген болып, бүкіл қоғам, сол үшін арнайы ұйымдастырылған мекемелердің қолдауымен жəне жеке адамның ынта - ықыласына негізделсе, кейде кездейсоқ келеді. Ал осы əлеуметтенуге орай жүргізілетін, нақты мақсатқа бағыттала ұйымдастырылған басқару процесі білім (образование) деп аталады. Білім мəні - əр адамның өте күрделі өзіндік басқару жүйесінің тиімділігін көтеру жəне оны жоғары моральдық жəне азаматтық мұраттар рухында тəрбиелеу. Әдіс - нақты бір міндетті шешуге арналған әрекетті практикалық не теориялық тұрғыдан игерудің біршама біркелкі тәсілдерінің, операцияларының жиынтығы. Педагогикада білім беру мен тәрбие әдістерін жасау мен оларды жіктеу проблемасы негізгілердің бірі болып табылады. Бақылау әдісі Белгіленген ережелерді сақтауға, сондай-ақ қойылған талаптар мен міндеттерді орындауға үйрету мақсатымен оқушылардың іс-әрекеті мен мінез құлығына байқау жүргізу. Бақылау құралдары:оқушылардың мінез құлқы мен жұмысын күнделікті қадағалау; тапсырманы немесе қоғамдық жұмысты орындағаны жөнінде жеке әңгіме, жүргізу; оқушылардың жолдастары алдын да өз жұмысы мен тәртібі жөнінде есеп жасаулары. Байқап көру мен қателер әдісі Үйретудің бір типі. Оны өткізгенде бір білімді үйретуге қажет дағдыға соған байланысты әрекетті бірнеше рет қайталау мен жіберілген қателерді түзеу арқылы қол жеткізіледі. Жобалар әдісі Оқушылардың білімдері мен дағдыларын үнемі күрделендіріліп отырылатын практикалық тапсырмаларды, яғни жобаларды жоспарлауы мен орындауы процесінде қалыптастыратын оқыту жүйесі. XIX ғ. екінші жартысында АҚШ-та пайда болған. 1920-жылдары кеңестік мектептерде кең қолданылған. Рейтинг әдісі Қандай да бір тұлғаның қызметінің не бір оқиғаның бағасын анықтау. Соңғы жылдары оқу-тәрбие процесінде бақылау мен бағалау әдісі ретінде қолданылады. Басқару әдісі Басқару субьектісінің баскау обьектісіне мақсатты түрде әсер етуінің тәсілдері мен құралдары жиынтығы. Білім берудегі әдістеме Білім берудің жекелеген процестеріндегі педагогика қызметтің нақты тәсілдерін, жолдарын, техникаларын сипаттау. Әдістемелік жұмыс Білім беру мекемелерінде оқытушылар мен тәрбиешілердің үздіксіз білім алу жүйесінің бір бөлігі. Әдістемелік жұмыс мектептегі оқу әдістемелік процесті жоғары деңгейге жеткізу мен сол дәрежеде ұстауға бағытталған. Ол оқу жылы бойы жұргізіледі және педагогтердің күнделікті тәжірибесімен шектес орындалады Педагогикалық анализдің, теориялық және эксперименталдық зерттеулердің дамуына ықпал етеді. Әдістемелік жұмыс мақсатыоқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің ең оңтайлы әдістері мен жолдарын игеру; педагогтің оқу-тәрбие жұмысын жүргізуі мен ұйымдастыруына қатысты жалпы дидактикалық және әдістемелік дайындығының деңгейін көтеру; педагогика ұжымның мүшелерінің тәжірибе алмасулары және озық педагогика тәжірибені анықтап, оны насихаттау. Ғылым әдіснамасы Ғылыми білімнің құрылымын, ғылыми танымның әдістері мен құралдарын, білімді негіздеу және дамыту тәсілдерін зерттейтін ғылымтанудың бөлігі. Педагогика әдіснамасы Педагогикалық білім және оны игеру процесі, яғни, педагогикалық таным туралы ілім. Ол:педагогикалық білімнің оның ішінде педагогикалық проблематиканың; құрылымы мен қызметі жөнінде ілімді қамтиды; әдістемелік мәні бар бастапқы, өзекті, іргелі ; тұғырнамаларды, болжамдарды; педагогикалық танымның әдістері жөнінде ілімді. Тәрбие әдістері Оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру процесінде олардың санасының қажеттілік - мотивациялық саласын дамыту үшін, мінез-құлық дағдылары мен әдеттерін қалыптастыру үшін, сонымен бірге оларды түзету мен жетілдіру үшін қолданылатын тәрбие жұмысының өзіндік тәсілдері мен жолдарының жиынтығы. Ұлттық психиканы зерттеу әдістері Адамдардың ұлтық-психологиялық ерекшеліктерін зерттейтін біркелкі тәсілдер мен әдістер. Бұл тәсілдердің арасында жиірек қолданылатындары: бақылау; эксперимент; әңгімелесу; сұрақтар қою; іс нәтижесін талдап-жинастыру; "тән қасиеттерін сұрыптау" және "ерікті суреттеу" әдістері; этникалық стереотиптерді зерттеу әдістері; модель жасау әдісі және т. б. Үдеріс-латынша алға жылжу, өзгеріс деген мағынаны білдіреді. Жағдай, даму сатысының қалыпты ауысымы. Мәселе-латынша міндет, тапсырма. Бұл субъектінің нақты жағдайда туындаған қиндықтар мен қайшылықтарды өз білімі мен тәжірибесі арқылы шеше алмайтынын ұғыну. Мысалы, балаларды оқытудың әдістемесін жетілдіру педагогикалық зерттеулер мәселесі болуы мүмкін. Алайда, мәселені біржолғы эксперименттік зерттеу арқылы шешу мүмкін емес, себебі мәселе шешудің мол әдістері бар. Болжам-бұл мөлшерлік ерекшеліктегі тұжырым, алға ұсыну мен эксперименттік тексеріске ғылыми және тәжірибелік ерекшеліктегі негіздерді қажет ететін пікір. Рейтинг - білікті тұлғалар тұжырымына негізделген бағалау әдісі. Өзгеше айтқанда, рейтинг-қосалқы бақылау әдісі. Рейтинг немесе өрнектеу мәні зерттеушінің өзіне жақын таныс адмның кейбір қасиеттерін бағалау үшін "сотқа" жүгіну. Көрсеткіштік - сапалық белгілерді сандық мөлшерге айналдыру тәсілі. Өрнектеу оқушылардың кәсіби сапалық бағасын(қабілеттілігі, ұжымдағы қатынасы, кәсіби ерекшеліктері, т. б. ) анықтауда, оларға мінездеме құрастыруда молынан қолданылады. Педагогикалық тәжірибе - мұғалімнің педагогикалық қызметінің нәтижесі, өз алдында тұрған педагогикалық міндеттерді жүзеге асырудың кәсіби шеберлігінің жиынтығы. Аннотация- мәтіндердің, кітаптардың, қолжазбалардың, мақалалардың қысқаша сипаттамасы; мәтіндерде берілген ойлардың, бағалардың, автордың қорытындыларының маңызын ашу. Сұхбат - әңгімелесудің ерекше түрі ретінде, ол туралы хабарлар, сұхбат алынып отырған адам туралы ақпарат алу үшін ғана емес басқа да адамдар, оқиғалар т. б. туралы мәліметтер алу үшін қолданылады. Баяндама-зерттеу жұмыстарына қызығушыларын қалыптастыратын және таным-білімдерді кеңейтетін тақырыпты көпшілікке жариялау. Этникалық стереотиптерді зерттеудің әдістері Этникалық қауымдастықтар туралы тұрақты құндылықтар бағыты, ұстанымдар, түсініктер (шынайы не бұрмаланған) және олар туралы түсініктер психологиясы. Педагогикалық зерттеу әдістері Педагогикада, шындық өмірді теориялық және эмприкалық тану мен білудің операциялары, тәсілдері мен процедуралары. Педагогикалық зерттеу әдістері жүйесі зерттеушінің басшылыққа алатын қағидасымен, оның зерттейтін дүниесінің құрылымы мен негізі туралы түсінігімен, жалпы методологиялық бағытымен, нақты зерттеу әдістері мақсаттары мен міндеттерімен байланысты анықталады. Қазіргі заманда зерттеу әдістері жүйесі мен оны жіктеуі туралы мәселе шешімін тапқан жоқ. Бірақ авторлардың көбі жекелеген әдістерді бір-бірінен бөлуге болмайтынын, керсінше оларды өзара байланыста қарау қажет екенін айтады. Қазіргі педагогиканың ғылым ретіндегі қалыптасқан заманында, оның әрі де дамуы үшін ғылыми танымның теориялық және эмприкалық айырмашылықтарына байланысты әдістерді бөлудің маңызы өте зор. Эмприкалық зерттеу әдістері қатарына педагогикада мыналарды жатқызады:байқау (бағалау шкалаларын қолданумен) ; педагогикалық тәжірибені жалпылау; эксперимент әдісі (табиғи және лабораториялық) ; сауалнама жургізу; интервью жүргізу; педагогикалық құжаттардың мазмұнын анализдеу; жобалық әдістер; тестілеу; ауызша, жазбаша және практикалық емтихандар; шкалалау т. б. Теориялық зерттеу әдістеріне жататындар:анализ; синтез; индукция; дедукция; модельдеу; ой эксперименті; формализация әдісі т. б. Бағыттандырылмаған байланыс әдісі Әлеуметтік педагогиканың бейімделмеген, психикалық тұрғыдан бетімен жіберілген балалармен және жеткіншектермен жұмыста қолданылатын әдісі. Оны іске асырғанда баланың проблемасының мәнін түсіну мен оларды шешудің жолдарын анықтау үшін метафоралар, түрлі оқиғалар, сиқырлы ертегілер, мақал-мәтелдер т. б. қолданылады.

4 Экологиялық білім берудің тарихы мен даму перспективалары. Қазіргі кезеңде қоғам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасындағы қайшылықтар бастауыш мектеп пен педогогиканың алдына бірқатар жаңа міндеттерді қойып отыр. Оларды шешу қазір мектепте оқып жүрген ұрпаққа, табиғатқа деген теріс әсерлерді жоюға және болашақта бұл қатынасты тиімді ортаға бұруда нақты талап бере алады. Классикалық педагогика табиғат туралы ғылыми білімдердің мазмұны, оларды ашу әдістері, табиғатты тану процесінде көзқарасты қалыптастыру, бастауыш мектеп оқушысын табиғаттың әсерімен адамгершілік-эстетикалық дамыту, баланың табиғатпен өзара қарым-қатынасының оған білім беру жүйесіндегі орны мен маңызы туралы қағидалар тұжырымдалған. Табиғаттың әсерімен балада гуманистік сезімдерді бекітудің педагогикалық құндылығын ұлы педагогтар Ж. Ж. Руссо, И. Г. Песталоцци, Ф. А. Дистерверг ерекше атап көрсеткен . Табиғатты және онымен қарым-қатынасты тек сөз жүзінде тар практицизм мен утилитаризм шеңберінде зерттеуге қарсы орыс ағартушылары: В. Г. Белинский, А. И. Герцен, Н. А. Добролюбов, Д. И. Писарев, Н. Г. Чернышевский қарсы болды. Олар мектепте табиғат туралы толыққанды білімдерді енгізуді талап етті. Олар аталған білімдердің жеке адамның адамгершілік моральдық қасиеттерінің қалыптасуына, баланың табиғаттағы мінез-құлқын анықтайтынын атап көрсетті. Ұлы орыс педагогы К. Д. Ушинский баланың табиғатпен ара қатынасын кеңейтіп, табиғаттың тәрбиелеушілік әсерінің педагогикада төмен бағаланып отырғанына таңданыс білдірді. Экологиялық білім берудің мазмұны оқушының қоршаған ортамен өзара әсерінің құрылымын қарастыруды талап етеді. Бұл құрылымды сараптау «оқушы - табиғи орта» жүйесінің қызметінің төмендегі нұсқаларын біліп көрсетуге мүмкіндік береді: 1. Бастауыш сынып оқушысы табиғи ортамен тікелей қарым-қатынаста болады. Экологиялық білімнің мазмұнын қалыптастыру тұрғысынан алғанда аталған бірлікті мына сызбанұсқа түрінде көрсетуге болады (сызбанұсқа 1) .

Берілген жағдайда экологиялық білім берудің мазмұнын қалыптастырушы факторлар:

1) Оқушы, оның қоғамдық өмірге қажетті жеке басының мінездемесі;

2) Табиғи орта;

3) Қоғамдық қажеттілікті қамтамасыз ететін оқушы мен табиғаттың өзара қатынасының сипаты. Бастауыш мектеп оқушысының жеке басының мінездемесін анықтауда, «оқушы - табиғи орта» жүйесіндегі біржақты байланысқа назар аударамыз. «Табиғи орта - оқушы» байланысы немесе табиғи орта оқушыға не береді, табиғатты оқушы қалай пайдаланады. Бұл байланысты сипаттай келе, мынаны бөліп көрсетуге болады:а) сауықтыру аспектісі - табиғатты өзінің денсаулығын жақсартуда пайдалану; б) рухани аспектісі - табиғатты эстетикалық, интеллектуалдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қолдану; в) материалдық аспект - саңырауқұлақтар, жеміс-жидектер жинау, үй жануарларына азық дайындау және т. б. Аталған экологиялық байланысты көрсететін оқушының жеке басының сапаларын табиғатты адамның материалдық интеллектуалдық және физикалық дамуы, денсаулығын сақтау мен нығайту мақсатында қолдануға дайындық ретінде сипаттауға болады. «Оқушы - табиғи орта» байланысы немесе оқушының табиғи ортаға әсері қандай. Оқушының қоршаған ортаға қатысты іс-әрекеті:а) нейтралды; б) орта жағдайын жақсарту не сақтауға бағытталған; в) орта жағдайын нашарлату түрінде болуы мүмкін. Қоғамдық қажеттілік тұрғысынан аталған саладағы оқушының жеке басының мінездемесін - табиғи ортаны қорғау мен жақсарту, табиғатты пайдалану ережелерін орындауға дайындық түрінде анықтауға болады Автотранспорттың санының артуы, қала ортасының ластануы мен ауаның газдануына әкеледі. Аталған және басқа ластану факторлары қоршаған табиғи ортаны бұзып, қоршаған ортаға экологиялық қысым түсіреді. Экологиялық білім мен тәрбие берудің міндеттерін жүзеге асыруда интегралдық сипаты бар пәнаралық тұрғыдан қараудың принципиалдық маңызы бар. Жаратылыстану ғылыми циклдің пәндерін оқыту табиғаттың әр түрлі ұйымдасу деңгейлері, табиғи процестердің біртұтастығы мен өзара байланысы туралы білімдерді оқушылардың меңгеруіне мүмкіндік береді. Осының негізінде табиғатты пайдалану және адамның қызметінің биосфералық прцесстердің жаңа факторы ретінде рөлі ашып көрсетеді. Қоғамдық-тарихи және гуманитарлық пәндерді оқыту оқушылардың назарын қоршаған табиғи ортаға жеке және қоғамдық қатынастың әлеуметтік сипатына аударады. Экологиялық білім мен тәрбие саласындағы әр түрлі бағдарламалар мен оқулықтардың сараптау, экологиялық білім мен тәрбие беру төмендегі жолдармен жүзеге асырылуы мүмкін екендігін көрсетті: - оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға пәнаралық байланыс тұрғысынан қарау; - «Экология» арнайы курсында дәстүрлі емес сабақтардың әдістемелік нұсқаулары; - Экология мәселелері бойынша сынып сағаттарын өткізу; - Комплексті экологиялық танымжорық ұйымдастыру; - Адамзаттың ғаламдық мәселелері бойынша сыныптан тыс іс-шараларды ұйымдастыру.


Ұқсас жұмыстар
Lesson Study-ді қолдану.Lesson Study тәсілі дегеніміз не
Мектеп директоры
Желілік қоғамдастықтың мұғалім біліктілігін арттырудағы ролі
Тарихшы мұғалім әрекетінің құрылымы мен мазмұны
Мақсаттың оқушылардың әрекеті арқылы қойылуы
Заттың күйі
Омж әдебиет. 6-сынып
Қарсы топ тапсырмасы
Оқушылардың арнайы қателерді бағалауы
Шыншыл ертегілер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz