Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Қазақ тілі. Орыс тілі

Сабақ жоспары.
Тақырыбы: <<Тілім менің тірегім>>
Мақсаты: Оқушылардың <<тіл>>, <<Отан>> құндылықтары туралы түсініктерді кеңейту.
Міндеттері: - ана тілінің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
- ана тіліне деген құштарлықты арттыру;
- ана тілін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу;
Мұғалім: <<ҚР мемлекеттік тілі - қазақ тілі. Ана тілін сүю, құрметтеу, мақтаныш ету - әрбір азаматтың міндеті>> Тіл - ұлттық белгі, халықтық мұра, дүниетаным құралы. Халықтың тарихта қалуы тіліне байланысты. Тіл халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін келбеті, болмысы. Қазақ тілі дүние жүзіндегі ең бай, беделді тіл.
Өткірдің жүзі,
Кестенің бізі,
Өрнегін сендей сала алмас,- деп ұлы Абай атамыз таңырқап, тағзым еткен осы қасиетті тіліміз.
Мұғалім: Балалар 1997 жылы дәл осы күні 22-қыркүйек ҚР тіл мерекесі. Біз тәуелсіз мемлекетте өмір сүргендіктен үш тілді даму жолындамыз. Яғни, өзіміздің қазақ тілі мен қатар орыс тілін, ағылшын тілін жақсы білуіміз керек. Ендеше кішкене үш тілді тапсырмамызды орындайық. Кім бірінші жылдам орындауға тырысады. Сол жеңімпаз болады.
1) Үш тілде берілген кестенің бос орындарын толықтыр
Қазақ тілі
Орыс тілі
Ағылшын тілі
Дос
Друг
Frends
Ана
Мама
Mother
Мектеп
Школа
School
Қызық
Красный
Red
Күнделік
Дневник
Biary
Кітап
Книга
Book

Мұғалім: Балалар енді шамалы қолға жаттығу жасап, сергіту сәті ретінде сұрақтарға жауап беріп сөзжұмбақты шешейік.

А
Н
А
Т
І
Л

1. А,Ә қандай дауысты дыбысқа жатады?
2. Мақалды аяқта. <<Ас атасы-......>>
3. <<Ақ>> сөзінің антонимі.
4. 22 қыркүйек қандай мереке?
5. Қыран құс?
6. Ешкінің төлі?
Сергіту сәті: Жаңылтпашты жаңылмай тез айтып көріңдерші.
Тоқпақ жаттап,
Айтсақ жақсы-ақ.
Жатка тақпақ
Жатта тақ-тақ. Ұнады ма балалар? Енше әрі қарай сабағымызды жалғастырайық.

Адасқан әріптер:
Үлгі: Әлсе - Әсел
Әмсе - Әсем
ежә -әже
ешәт -әтеш
некшәй -шәйнек
қаал -қала
Тепмек - мектеп
Жұмбақ: Енді, адасқан әріптерді таптық ендеше жұмбақты шешейік.
Қазақ тіліне тән дыбыстарды еске түсіру мақсатында 9 алфавиттік жұмбақ ұсынылады.
1. Тұзда бар, суда жоқ.
Мұзда бар, буда жоқ.

2. Гауһарда бар, гүлнар да жоқ.
Жауһарда бар, сәуледе жоқ.

3. Үйде бар, шиде жоқ.
Күйде бар, биде жоқ.

4. Қазда бар, үйректе жоқ.
Құрда бар, шілдеде жоқ.

5. Дәнде бар, елде жоқ.
Сәнде бар, селде жоқ.
6. Бірде бар, үште жоқ.
Екіде бар, бесте жоқ.

7. Қарғада бар, сауысқанда жоқ.
Тоғайда бар, аққуда жоқ.
8. Шөлде бар, далада жоқ.
Көлде бар, теңізде жоқ.
9. Қайсы әріп қасарып,
Көнбейтін болуға бас әріп?
Жауабы: ң, ө, ғ, і, ә,қ, ү, һ, ұ
Мұғалім: <<Ана тілім>> тақырыбында өте шағын эссе жазыңдар. Оны біз инстаграм парақшамызда бағалайтын боламыз. Ата-аналарымызда көретін болады.
Бағалау: Слайдта көрсетілген смайликтермен балаларды бағалау.
Тіл - қандай ұлтта, елде болмасын әрқашан қастерлі де құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл - әрбір елдің жаны. Тіл мерекесі тағы да құтты болсын балалар. Сау болыңдар балалар.

Ұқсас жұмыстар
Тіл дамыту
Орыс әдеб математ дүнипетан еңбек
Орыс тілінде жаз
Қазақ тіл
Орыс тілі жаттау
Үш тілде оқыту – заман талабы
Табиғатты сүйе білуге тәрбиелеу
Сабақтың бағыты
Қазақ тілі үйірмесінде
Нәтиже сабақ. Сабақтар
Пәндер