Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Педагогтың кәсіби біліктілігі

ӘЛ- ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Жалпы және этникалық педагогика кафедрасы

АШЫҚ САБАҚ

САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ:
Педагогтың кәсіби біліктілігі

Сабақты жүргізген:
п.ғ.к., доцент Ұ.Б. Төлешова

Алматы 2006 жыл

16.11.2006.
Сабақтың тақырыбы: Педагогтың кәсіби біліктілігі – 1 сағат
Сабақтың формасы: дәріс
Сабақтың мақсаты: Студенттерге педагогтың кәсіби біліктілігі,
компетенттілік, іскерлігі, шеберлігі ұғымдарының мән мағынасын ашып, кәсіби
біліктілікке жету жолдарын түсіндіру.

Сабақтың жоспары:
1. "Кәсіби біліктілік ", "Іскерлік" ұғымы туралы түсінік.
2. Педагогтың психологиялық- педагогикалық білімі.
3. Педагогикалық мамандықтың тарихы.
4. Мұғалім-қоғамның әлеуметтік-экономикалық құбылысының түбегейлі өзгеруі
жағдайында.

Ұғымдық түсініктеме сөздіктер: кәсіби біліктілік, шеберлік, мұғалім
қызметі, іскерлік, мұғалім іс-әрекеті, педагогикалық қарым-қатынас және
т.б.

Қолданылатын әдебиеттер:
1. Успенский В.Б., Чернявская А.П. Введение в психолого-педагогическую
деятельность М., 2003
2. Введение в специальность: учебное пособие для студентов / под ред Л.И.
Рувинского , В.А. Кан –Калик, м., 1988
3. Основы профессионально-педагогического общения. М., 2002

1. "Кәсіби біліктілік ", "Іскерлік" ұғымы туралы түсінік.
Мұғалімнің қоғамда алатын орны ерекше. Себебі мұғалім еңбегі өте
жауапты, әрі өте күрделі. Мұғалім - жас ұрпақтың болашақ тағдыры үшін өзін
жауапты сезінеді, оның тәртібі, білімі, қоғамнан алатын орны,
адамгершілігі, белсенділігі, іскерлігі үшін күресетін, оның оқушының жан
дүниесінің таза, қоғам үшін тәнімен еңбек етуге құштарлығын оятатын,
білімге деген ішкі қажеттілігін сезіндіретін, оқушыны ұмтылдыратын,
талаптандыратын – оқытушы, мұғалім.
Жоғары оқу орнында оқытушы, мектепте мұғалім деп атаймыз. Ал, өмірде
еңбегіне қарай ұстазым, жетекшім, тәрбиешім т.б. мағынада қолданылады.
Оқытушы-оқу орнындағы бас тұлға. Ол бұқаралық-саяси, мәдени-ағарту
және өз мамандығы бойынша теориялық және тәжірибелік білімі бар тұлға.
Ұстаздың еңбегінің нәтижелі болып, өмірде кездесетін кез-келген, соның
ішінде түрлі шиеленісті жағдайда, мәселенің дұрыс шешімін таба білуі-
мұғалімнің педагогикалық білгірлігін көрсетеді.
Педагогикалық білгірліктің құрамында білімдендіру, іс-әрекеттік,
тәжірибелік, жеке-даралық компонненттерін бөліп қарастыруға болады. Аталған
компонненттер жиынтығы педагогикалық компетенттілікті құрайды.
Педагогикалық компетенттілікті кейбір ғалымдардың еңбектерін
сараптасақ педагогикалық біліктілік, білгірлік деп те атап жүр.
Педагогикалық компетенттік деп- ұстаздық қызметті атқаруға жеткілікті
білім, білік, тәжірибе дәрежесін сипаттайтын, мұғалімнің іскерлік пен жеке-
даралық қасиеттерінің мазмұндық сипатын айтуға болады.
Педагогикалық білгірліктің құрамдас бөліктері ретінде кәсіби маңызды
қасиеттері мен педагогикалық машықтық дағдыларды аламыз. Педагогтың кәсіби
маңызды қасиеттерін жеке-даралық дербестік және рухани адамгершілік,
дидактикалық, коммуникативтік деп бірнеше топтарға бөлуге болады. Солардың
ішінде кейбіреулерін ғана атап өтейік. Мысалы жеке-даралық ,
дербестік топқа: шығармашылық мүмкіндігі, қабілеті, талабы тағы сол сияқты
қасиеттерін жатқызсақ, рухани-адамгершілік топқа шыншылдық, кішіпейілділік,
мейірімділік т.б. қасиеттер жатады да дидактикалық топқа : оқу
материалдарын оқушыларға жеткізе білу,оқытудың жаңа технологияларын
пайдалану т.б., ал коммуникативтік топқа: студенттермен дұрыс қарым-қатынас
орната білу, талап қоя отырып студенттің жеке басын құрметтеу тағы сол
сияқты қасиеттерді жатқызамыз.
Осы айтқандарды жинақтай келе оқытушысының педагогикалық компетенттігі
төмендегі сурет түрінде көрсетуге болады. (1-кесте)
Елімізде болып жатқан әр түрлі бағыттағы өзгерістер егеменді еліміз
жаңа XXІ-ғасырдың табалдырығын аттап, білім беру жүйесін дамытуда біршама
табыстарға қол жеткізуде. Жаңа ғасыр бәсеке ғасыры болғандықтан, әсіресе
болашағымыз бала тәрбиесімен айналысатын болашақ маманның ақпараттық
мәдениетін қалыптастыру қоғамның өзекті мәселелерінің бірі болмақ.
Қазіргі кезеңдегі ғылым мен техниканың даму қарқыны адамзат баласының
талғамының өсуі, электронды есептеуіш (комьпютер) құралдарының кең көлемде
қолданылуы, интернеттің т.б. ақпараттық құралдардың пайда болуы, білім беру
саласында жаңа технологиялық әдістерді енгізуге ықпал етуде. Қоғамның даму
кезінде білімнің қарқынды прогресімен ескі технологиялық идеялардың тез
өзгеруімен, инноватциялық жаңашылдыққа көшуге болашақ мұғалімдердің іс-
әрекетімен байланыстыру ерекше сипат алады.
Жаңа типті мектептегі мұғалімнің біліктілігін жетілдіру мен қатар,
кәсіби іс-әрекеттің ғылыми негіздерін іс-тәжірибелеріне қолдануға, адами-
құндылық қасиеттермен қатар іскерлік пен дағдыны қалыптастыруда оқушыны
қалай оқыту керек –деген мәселеге жаңа көзқарас, жаңа ой қажет. Қоғам
талабына сай даму кезеңінде ең қажеттісі жаңа мазмұн, жаңа ақпаратты
меңгеріп ыңғайына қарай қолдану білікті мамандарға қойылатын негізгі бір
талаптардың бірі.
Ақпараттар тасқыны толассыз ағылған қоғамымызда әр мұғалім өз ісіне
қажетті өзгерістерді, әр түрлі тәжірибелер жөніндегі мағлұматтарды, жаңа
әдіс-тәсілдерді дер кезінде қабылдап, дұрыс пайдалана білу керек.
Педагогикалық қызметті жақсы орындауға және тиімді нәтижеге жетуге
мүмкіндік беретін адамның жеке басының ерекшеліктеріне сүйене отырып
дамыйтын оқытушының жалпы және кәсіби мәдениетін, кәсіби маңызы бар жеке-
дара қасиеттерінің жиынтығын педагогикалық біліктілік деп атаймыз.

2. Педагогтың теоретикалық және практикалық (тәжірибелік) даярлығының
мазмұны.
Мұғалімнің біліктілігін арттыруды ұдайы, үздіксіз ұйымдастыру –оның
кәсіби деңгейіне теориялық біліміне байланысты. Кәсіби білім арқылы оның
шығармашылық қабілеті де дамиды. Ол үшін болашақ мұғалім мәдениетінің
негізі педагогикалық шеберліктің қалыптасуы.
Педагогикалық шеберлік дегеніміз болашақ мұғалім тұлғасының жеке дара,
психологиялық, интеллектуалды күштері мен қабілеттерінің өзін-өзі іс
жүзінде көрсетуінің процесі. Шығармашылық шеберлік ізденіс процесі арқылы
жүзеге асырылады.
Ал, кәсіби шеберлік –мамандығы және өзін-өзі ұйымдастыру шеберлігін
қалыптастыратын тұлғаның қасиеттерінің жиынтығы.
Педагогикалық шеберліктің құрылымы:
-гуманитарлық бағыттылығы: қызығушылықтар, құндылықтар, идеялар;
-кәсіби білімдері;
-педагогикалық қабілет: коммуникативтілік, біліктілік, қабілеттілік,
эмоционалды тұрақтылық, т.б.
-педагогикалық техника: өзін-өзі бағдарлау.
Педагогикалық міндеттерді шешуде қарым-қатынас жасай алу
(дидактикалық біліктілік, ұйымдастырушылық қабілет, контактілі қарым-
қатынас жасау зор роль атқарады. Педагогикалық қарым-қатынас педагогикалық
кәсіби мәдениетті қалыптастырады. Ал, педагогикалық шеберлік –педагог
тұлғасынының іс-әрекет барысында дами бастайды.
Кәсіби-педагогикалық мәдениеттің құрылымы төмендегідей негізгі үш
топқа бөлінеді:
1. аксиологиялық компонент
– адами құндылық қасиеттердің жиынтығы. Олар объективті
(тарихи тұрғыда қалыптасқан). Бірақ адамның оларды игеру барысында олар
субьектке айналады.
- әлеуметтік кәсіби құндылықтар. (нормалардың, ережелердің
идеялардың жиынтығы).
- Жеке кәсіби мақсаттар, міндетте, маманның дүниетанымдық
көзқарасы.
2. технологиялық компонент
- кәсіби іс-әрекеттің технологиясы. Кәсіби іс-әрекеттің түтас
жүйеде жүзеге асуы.
3. Жеке шығармашылық компонент
- маманның психологиялық саланы меңгеруі. Бұнда тұлғаның
кәсіби түрде ойлау қабілеттілігімен анықталады: жоғары белсенділік,
жауапкершілік, ұйымдастырушылық қабілет, өзінің мінез құлқын бағалау.
Сондай ақ болашақ маманның шығармашылық ерекшелігі айқындалады.
В.М. Шепель компетенция шеңберіне адамның білім, ептілік, тәжірибе
теориялық дайындығын кіргізеді. Педагогикалық психологияда “компетенттілік”
педагогикалық әрекетті жүзеге асырудағы білімі, дағдысы, ептілігі деген
пікір қалыптасқан деп өзіндік тұжырымдама жасайды.
Әлқожаева Н.С. “Ақпараттандыру технологиясының болашақ маманның
коммуникативтік компетенциясын жетілдіруге ықпал” деген мақаласында
ақпараттық мәдениетті қкалыптастыру -қазіргі білім берудегі үлкен міндеттің
бірі. Келешекте ақпараттық мәдениетадамның кәсіби ғана емес, жалпы
мәдениеттің де көрсеткіші болып уақыт өте келе қазіргі қоғамдағы жеке
тұлғаның дамуының маңызды бір факторына айналады.

Студенттерге сұрақтар қоя отырып түгелдеу.
Үйге тапсырма: Отандық ғалымдардың еңбектерін сараптап, картатеке толтыру.

Жалпы және этникалық педагогика кафедрасының доценті п.ғ.к.,
Ұ.Б. Төлешованың Философия және саясатттану факультетінің “Педагогика және
психология” мамандығы бойынша 1 курс студенттеріне “Педагогикалық
мамандыққа кіріспе” пәні бойынша жүргізген ашық сабағының

ХАТТАМАСЫ

16.11.2006 күні жоғарыда аталған топ студенттерімен “Педагогикалық
мамандыққа кіріспе” пәні бойынша “Педагогтың кәсіби біліктілігі”
тақырыбында ашық сабақ жүргізді.
Сабаққа қатынасқандар: п.ғ.к., доцент Н.С. Әлқожаева, аға оқытушы Г.А.
Мамырбекова, оқытушылар Қ.Б. Жұмабекова,Н.Қ. Мамытқанов, Ә.Т. Утебаева Ф.И.
Досанова және магистранттар қатынасты.

Ұ.Б. Төлешова Құрметті әріптестер! Бүгінгі ашық сабағыма келіп
қатынасқандарыңызға рахмет айтамын. “Педагогика және психология”
мамандықтары бойынша биыл қабылданған 1 курс студенттерін байқаған
шығарсыздар топ жақсы, белсенді, сабаққа қатынасуы да өте жақсы, үнемі
түгел қатынасады.
Бүгінгі “Педагогтың кәсіби біліктілігі” атты тақырып бағдарлама
бойынша бүгінгі күнмен сәйәкестенген, өзекті әсіресе болашақ педагог
мамандар үшін өте қажетті мәселелер талқыланды деп ойлаймын. Отандық
ғалымдардың еңбектеріне көп тоқталмаған себебім СӨЖ тапсырмасы ретіне
отандық ғалымдар еңбегін сараптап, картатека толтыруға беруді жоспарладым.
Мақсатыма жеттім деп ойлаймын. Бұл тақырып негізінде енді бір семинар мен
СОӨЖ жүргіземін. “Кәсіби компетентті“ ұғымын отандық ғалымдар бірнеше
мағынада ұсынып жүр. Мысалы: кәсіби білгірлік, кәсіби біліктілік, кәсіби
құзіреттілік т.б. ұғымдарда, ал негізгі мағынасы бір.
Оқытушы: Ә.Т. Утебаева. Маған бүгінгі Ұлмекен Болатқызының ашық сабағы
ұнады. Студенттер белсенді, сабақта көптеген ақпараттар берілді деп
ойлаймын. Сабақ жақсы өтті.
Оқытушы: Қ. Б. Жұмабаева. Сабақ өз дәрежесінде өтті. Оқытушының
білімділігі мен іскерлігі байқалды. Әсіресе, сабақты қортындылау сәті маған
ұнады. Жас маман ретінде үлкен тәжірибе болды деп есептеймін.
Аға оқытушы: Г.А. Мамырбекова: Сабақ өз деңгейінде. Сабақтың мазмұны
толық ашылды. Арасында студентердің пікірін сұрау орынды болды. Тақырыбына
әдебиеттер де сай. Белгілі ғалымдарға тоқталып, өткеніңізде орынды. Уақытты
үнемді пайдалана білдіңіз. Арасында мысалы ретінде кафедра оқытушыларын
еңбектерін атай өтіп, таныстырып өтеніңізді де дұрыс деп есептеймін.
Айтарлықтай кемшіліктер жоқ. Рахмет.
П.ғ.к., доцент Н.С. Әлқожаева. Ұлмекен Болатқызы біз сізді тәжірибелі
оқытушылар санатына жатқызамыз. Сабақ жақсы өтті. Бірақ кемшіліксіз дүние
болмайды. “Мұғалім” мен “оқытушы” ұғымын ашып, толық мағұлымат бердіңіз,
маған ұнады.
Кемшіліктер:
1. 1курсқа 5 мақсат қою өте ауқымды.
2. Педагогика тарихына шолу жоспарда көрсетіледі, бірақ сіз
оған тереңірек толталмадыңыз.
3. Кан-Калика деп кеттіңіз, Кан-Калик десеңіз дұрыс болар еді.
4. Тақырып негізінде ғалымдардың анықтамаларына толығырақ тоқталып,
өзіндік анықтама бергенде өте жақсы болар еді.
5. Ж. Рахимқызы біліктілік деп жүр, ал терминкомда құзыреттілік деп
бекітілген осына ашып айтып кеткенде болатын еді.
Сабақты жүргізу стиліңіз, әдістемеңіз өте құптарлық маған ұнады.
П.ғ.к., доцент Н.С. Әлқожаева. Әріптестер енді әдістеме бюросының
жетекшісі ретінде айтарым сабақ өз деңгейінде. Ашық сабақ бір-біріміздің
кемшілігімізді айтып қарсы пікір айту емес тәжірибе алмасу деп
түсініңіздер.Сабаққа қатынасушылардың барлықтарыңыз өз пікірлеріңізді
айтыңыздар. Ұлмекен Болатқызына рахмет айтып, шығармашылық табыс тілейміз.
Бұдан да жоғары деңгейдегі сабақтар күтеміз.

Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың табыстық кепілі,педагогтың педагогикалық шеберлігі,кәсіби құзіреттілігі
Біліктілікті арттыру курсынан өту
Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі – оқыту сапасын арттыру кепілі
Ұстаздың кәсіби қасиеттері
Педагогикалық технологияларды игеру
Мұғалімнің білім жетілдіру жұмыс жүйесін қалыптастыру
Ақпараттық технология негізінде құзіреттілікті қалыптастыру
Акт-ны қолдану
Шығармашылық қабілетін дамыту
Ынтымақты сынып шарасы
Пәндер