Бақша жасындағы балаларға арналған Шұбар ала тауық ертегісі арқылы күз тақырыбының сабақ жоспары

Мақсаты: Балаларды «Шұбар ала тауық» ертегісімен таныстыру.

Білімділік: Ертегіні мұқият тыңдауға, онда болып жатқан оқиғаларға сезімталдықпен үн қосуға үйрету.

Дамытушылық : Зейінін, есте сақтау қабылетін дамыту.

Тәрбиелілік: Ыждағаттылыққа және кітапқа қатты қызығушылығын танытуға тәрбиелеу. Көрнекіліктер: Осы ергегі бар және әдемі суреттері бар балалар кітабы, жұмсақ ойыншық жұмыртқа, тауық.

Әрекет кезеңдері: Әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс - әрекеті: Тәрбиешінің іс - әрекеті
Балалардың іс - әрекеті: Балалардың іс - әрекеті
Әрекет кезеңдері: Мотивациялық- қозғаушылық
Тәрбиешінің іс - әрекеті:

-Сәлеметсіңдерме балалар !

Балаларды шеңберге тұрғызады.
- Шеңберге тұрғанда бір - бірімізді көріп, қуанышқа бөленеміз. Сондықтан да біз бір - бірімізге бүгінгі күнімізге көңіл күй және жылылық сыйлайық.

Балалардың іс - әрекеті:

-Сәлеметсіз бе !

Балалар әнді шырқап, би билеп сабақты жақсы көңіл-күймен бастайды.

Әрекет кезеңдері: Ұйымдастырушылық- ізденушілік
Тәрбиешінің іс - әрекеті:

Тәрбиеші жұмсақ ойыншықты немесе оның суретін көрсете отырып, балаларды Шұбар ала тауықпен таныстырады. Тауық қыт-қыттап жүр, балалар оның тапқан жұмыртқасын көреді. - Ой қараңдар, мынау не?Сендер қуырылған, пісірілген және салатқа қосылған жұмыртқаны жегенді жақсы көресіңдер ме?Тәрбиеші әңгіме барысында суреттерді көрсете отырып, ертегіні айтуға кіріседі.

https://youtu. be/oA1dyiKvftk

«Бұл қай кезде болады?»(І. Жансүгіров)

Бұлттар төніп,

Жерге шөгіп,

Дымқыл тұман басады.

Шөп сарғайып,

Өңі тайып,

Дала сұры қашады.

Алма, өрік, шие, алмұрт,

Жидек, жүзім піседі.

Қауын-қарбыз, қияр, сәбіз

Дүкендерге түседі.

Астық пісіп, орақ түсіп

Қырман дәнге толады.

Бөбектерім, айтындаршы,

Бұл қай кезде болады?

-Дұрыс, бұл күз мезгілінде болады. Балалар сендер күзде болатын құбылыстарды біледі екенсіңдер, жарайсыңдар!

-Енді барлғымыз ойын ойнайық, ал ойын шартымен Алтын күз таныстырсын.

- Алтын күз : -Балалар бұл ойынды ойнамастан бұрын барлығымыз екі топқа бөлінуіміз керек

  1. Ойын «Көкөністер мен жемістер жинау».
  2. Ойынның шарты:әр топ өзіне тән заттарды тез арада жинап алу, шапшаңдығы мен жылдамдығын дамыту.

-Бір себетке бақта өсетін заттарды, ал екінші себетке бақшада өсетін заттарды салу қажет.

Мына себетке нелерді жинап салдық көрейікші.

Қалай аталады, орысша қалай аталады, ағылшынша қалай болады?

Барлығын бірге айтқанда қалай аталады?

Дұрыс. Өте жақсы.

-Ал екінші себетте нелер жиналған.

Осы заттар орысша, ағылшынша қалай аталады айтайық.

-Қалай ойлайсыңдар бұл заттарды қалай атауға болады?Дұрыс айтасыңдар балалар, жарайсыңдар!

- Алтын күз: -Балалар сендер өте шапшаң, әрі ақылды екенсіңдер!Енді сендер шаршаған шығарсыңдар, барлығымыз сергіту сәтін жасайық!

Сергіту сәті:

https://youtu. be/ERcDNXKP5Fg

(«Күз тамаша»-сергіту сәті)

-Алтын күз: Балалар ендеше алған білімімізді одан әрі кеңейтіп, күз мезгілімен танысу үшін барлығымыз табиғат аясына шығайық!

Сабақ соңында балалармен бірге табиғат аясына серуенге шығып, күздің негізгі белгілерімен, күзгі табиғатпен, күзгі еңбек түрімен таныстырып, алған білімдерін тиянақтау.

Балалардың іс - әрекеті:
  • Жыл мезгілі -күз.
  • Ауа-райы салқын, аспан бұлтты.

-Балалар көздерін жұмып, айтылған табиғат құбылыстарын көз алдына елестетеді.

-Иә, көз алдымызға елестеді.

-Сәлеметсізбе, Алтын күз!

-Иә, әрине білеміз.

-Күз мезгілінде болды.

Балалар екі топқа бөлінеді, ойынға белсенді қатысады.

-Көкеністерді жинадық

-Көкеністер-овощи-vegatebles

-Көкеністер

-Жемістер жиналған.

-Жемістер-фрукты-fruits

-Жемістер

Әрекет кезеңдері: Рефлексиялық- түзетушілік
Тәрбиешінің іс - әрекеті: Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтап, қатыспағандарды ынталандыру. Балаларға ызғар, дықыл, дала сұры, өңі тайып, сөздерімен сөз тіркестерін бөліп мағынасы жөнінде айтып түсіндіру;
Балалардың іс - әрекеті:

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Күзгі табиғат ерекшеліктерін;

Игереді:

Меңгереді:


Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі балаларға арналған тәрбиелік-оқыту сабақ жоспарлары: Бір уыс мақта, Бақша ағаштары, Әдеп
Қарлығаш пен Дәуіт ертегісі арқылы балаларға достық пен адалдықты тәрбиелеу
Мектеп жасындағы балаларға арналған ырғақты би бағдарламасы: денсаулықты нығайту, қозғалыс дамуы және ақпараттық технологияларды қолдану
ПМПК қорытындысы: ерік-жігері бұзылған 4-7 жастағы балаларға арналған Қоңыр күз тақырыбындағы түзетуші ойын сабақ жоспары
Сары жапырақтар жауғанда өлеңі арқылы күз тақырыбын интеграциялық оқыту (ашық сабақ)
Домалақ ана ертегісі арқылы заттың санын және сынын білдіретін сөздерге арналған сабақ жоспары
Бауырсақ ертегісі арқылы бастауыш топқа мамандықтарды таныстыруға арналған танымдық сабақ
Мектепке дейінгі тәрбиеге арналған экология сабағы: Үй құстары (әтеш, тауық, балапан)
Тауық пен қауырсын арқылы тіл дамыту және тыныс алу дағдыларын қалыптастыру технологиялық картасы
3-сынып: Әқиллиқ Патимә ертегісі арқылы тіл байлығын дамытуға арналған сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz