Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Туған өлке өлеңі
Ұстазыма
Сабақтың білімділік мақсаты: Көркем шығармаларды мәнерлеп оқу
(Интоннация, логикалық кідіріс, дауыс ырғағы) ақындық алғашқы қадамдар
жасау;
Дамытушылық: Ұшқыр қиялдарын жетілдіру, өзіне деген сенімдерін арттыру
Тәрбиелік: Ұстазға құрмет көрсету, ұстаз еңбегін бағалай білуді үйрету;
Көрнекілікті: М. Әлімбаев «Ұстазыма» өлеңі, егер болса 1-қыркүйек күнгі
сынып болып түскен суреттері
Сабақ әдісі: Репродуктивтік, эвристикалық әдістер.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Балалармен жылы амандасу, жайлы музыка әуенінде
сабаққа ынталандыру тренингтері, сабаққа сәттілік тілеу.
Үйге берілген ұстаз тақырыбына шығарып келген өлеңдерін тыңдау, қысқаша
шолу. Түзету қажет болса, автормен келісе отырып түзету; өздеріне бағалату.
- Балалар өздерің білесіңдер жақында мұғалімдер күні болады, соған орай
өзіміз білетін «Мұғалім ол біздің» әнін орындап жіберейік. Қалай
ойлайсыңдар бүгінгі сабағымыз кімге арналады деп ойлайсыңдар?
- Дұрыс, ұстаздарға.
- Кім ұстаз болғысы келеді, не себепті?
– Ұстаз еңбегі не үшін қиын және құрметті деп ойлайсыңдар?
– Ұстаздарға арналған өлең білесіңдер ме кәне тыңдап көрелік.
М. Әлімбаевтың «Ұстазыма» өлеңін мәнерлетіп оқыту. Дауыс ырғағын,
керекті тыныс белгілерінде қалай деп алу керек, екпінді мұғалім алдымен
Сүйікті парасатты мұғалімім,
Өзіңдей адам жанын ұғады кім?
Бас иіп, шәкіртіңдей құрмет тұтып,
Алдыңнан алғыс өлең шығар бүгін.
...Бердің де Ата кітап әліппеңді,
Солдаттай сапқа тізіп әріптерді,
Алғашқы сабағыңның өзі дағы
Алдыма Әлем сырын алып келді.
Әлемді араладым бірге озіңмен,
Көргендей екеу емес мың көзіммен.
Талмастан тас ғасырын... тарих бетін
Атқардым. Есіңде ме бір кезгі Мен?
Мен бүгін азаматпын – жас маманмын,
Үмітін арқалаған ұлы Отанның
Азғана еңбегіне алғыс алсам,
Мен емес, сол алғысты өзің алдың
Қолыңнан әр шәкірттің ұшқан түлеп,
Сыйлайды еңбегіңе алғысқұрмет
Мақтан! Мақтан! Мұғалім армиясы!
«Республика түгелдей шәкіртім!» – деп
Өлең бойынша талдау жұмыстары.
Араларыңда ұстаз болғысы келетін оқушылар болса, олар алдағы уақытта
өздерін қандай ұстаз боламыз деп елестетеді?
–1-сыныпқа қабылданған күнгі өздерінің есте қаларлық оқиғаларын, жан
толғаныстарын әңгімелету.
Машықтану тапсырмалары: Тіл сындыру.
Ат. Атпен шап.
Доп. Допты соқ.
Жер. Жемісті тер.
Ине. Қадап ал түйме.
Мұз. Мұзды бұз.
Су. Бетің жу.
Шығармашылық тапсырмалар: Үйге берілген ұстаз тақырыбына шығарып келген
өлеңдерін жалғастырту.
Үйге: туған жер тақырыбына өлеңдер шығарып келу.
Туған жер
Сабақтың білімділік мақсаты: Сөз тіркестеріндегі буын ұқсастықтарын
меңгерту;
Дамытушылық мақсаты: Шапшаң ойлауды, тез шешім қабылдауды дамыту;
Тәрбиелік мақсаты: Өзінің туып-өскен жерін қадірлей білуге, оның
ерекшеліктері мен байлығын мақтан ете білуге, туған жерді бар жан-тәнімен
сүйе білуге үйрету;
Көрнекіліктер: Жыл мезгілдерінің әсем бейнеленген картиналары,
Қазақстан картасы, табиғатка арналған буклеттер: М. Әлімбаев. «Туған өлке»
өлеңі.
Сабақ әдістері: Иллюстративті – түсіндірмелі; эвристикалық;
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: МұзАРТ тобының орындауындағы «Үш қоңыр» әнін
оқушыларға тыңдату.
– Әркімнің өзінің сүйікті туған жері бар. Туған жерге деген
сүйіспеншіліктен осындай әсем әуендер пайда болады. Өздерің білетін туған
жер тақырыбына арналған қандай әндер білесіңдер?
– Осындай әндерді дүниеге келтіретін ақындар мен сазгерлер. Шындап
туған жерлеріңді сүйсеңдер тырыссаңдар сендер де туған жер тақырыбына өлең
шығаруларың ғажап емес. Туған жер тақырыбы мәңгілік. Ол ғасырдан-ғасырға,
ұрпақтан – ұрпаққа жалғаса бермек.
Біздің де бүгінгі сабағымыз туған жер тақырыбына арналмақ. Олай болса,
бүгінгі сабағымыз жарыс түрінде өткізілмек. Сыныпты екі топқа бөлу.
Бірінші топ «Жерұйық», екінші топ «Сұлутөр».
1-топ. Кезекпен мәнерлеп М. Әлімбаевтың «Туған өлке» өлеңін оқиды.
Көркіне көз тоймайтын
Елжіретпей қоймайтын
Шуақты күндері
Көгілдір түндері
Хош иісті ауасы
Жанның жаннат дауасы
«Жасқанба-деп балдырған» –
Батырлыққа баулыған,
Қойыны көркем гүл,
Өмірлі өлкем бұл.
Жүректегі жалынды –
Берем соған барымды.
2-топ. М. Әлімбаев. Жазғы саяхат жыры.
Асқар тау, ну орман, айдын көл,
Асыл кен, көк егін, самал жел,
Жарқын жаз шақырды қол бұлған,
«Ұландар, бізге кел, бізге кел!»
Жол ашық, көңіл шат боп сергек,
Келеміз жорықта серуендеп,
Ұлы Отан – жер қандай тамаша
Көркейткен жемісті ұлы еңбек
Жас ұлан кел біздің қатарға
Дайындал жолы ұзақ сапарға
Жан қияр ерлерше өсеміз
Жан күшін арнаймыз Отанға.
Тапсырма: екі өлеңдегі туған жер табиғатын бейнелейтін сөздерді тауып
жазу.
Туған жерді қорғауға үндеген жолдарды тауып жазу.
Ұландардың берген уәдесін тауып жазу.
Екі топ талқылау, талдау.
Ә. Сәрсенбаевтың «Туған жер» өлеңін мәнерлеп оқып беру.
Өлеңді екі топқа 2 шумақтан бөліп беру.
А/Өлең сөздерін ІІІ-жақта жазып көрсету.
Мысалы: Ақын туған жерде алғаш жүрді. Алғаш рет күлді. Алғаш рет
жылады.
Б/Өлең қандай өлеңге жатады?
Ұйқас сөз тіркестерін белгілету.
Сенде тұңғыш жүрдім де,
Сенде тұңғыш құладым.
Сенде тұңғыш күлдім де,
Сенде тұңғыш жыладым.
Іңгалаған үнімді
Сенің дөңің тыңдаған.
Естімеген жырымды
Сенің желің жырлаған.
Көзімді ашып алғанда,
Сенің қырың көргенім.
Қырға тұңғыш барғанда,
Сенің гүлің тергенің.
Тұңғыш рет шөлдессем,
Сенің суың ішкенім.
Тұңғыш рет терлесем,
Сенің көлің түскенім.
Тапсырма: балалар мысалы сендер туған жерде өте жырақта жүрсеңдер
делік, сендердің естеріңе ылғи туған жер түсіп сағынасыңдар. Сол кезде
туған жерге деген сағыныштарыңды қалай білдірер едіңдер.
2-топ сурет салу, ән айту, шығарма жазу, өлең шығару.
Үйге тапсырма: туған жер тақырыбына бір шумақ өлең жазып келу, өлең
болмаса осы тақырыпта мақал-мәтел жазып келу.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz