Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Кене хан туралы кітаптар

ЭЭПС-22 тобы
Сабақтың тақырыбы :
Кенесары Қасымұлының туғанына 205 жыл

толуына арналған конференция сабақ.

Мақсаты ;
Білімділігі; XIX ғасырдың 1-ші жартысындағы Қазақ жеріндегі
мемлекеттік тәуелсіздік идеясы қалай орныға бастағаны жайында және
халықтың біртұтас ұлт болуға ұмтылған арман тілегі мен ойын дәлелді
көрсету. ..Кенесары бастаған ұлт-азаттық қозғалыстың мән-мағнасына жете
тоқталу . Кенесары қозғалысының объективті жақтарын бүгінгі ұрпаққа
жеткізіп, қозғаушы күші ,сипатын, проблемаларын қазіргі заман мәселесінің
арақатынасы турасында жеткізу Кенесарының қазақ әдебиетінде тәуелсіздік
күрескері бейнесіндегі ролінен мағлұмат беру
Дамытушылығы; Оқушының берілген тақырып аясында оның төңірегіндегі
деректермен жұмыс жасай білуге үйрету .Өз ойларын дәлелдей білуге
дағдыландыру.
Тәрбиелілігі; Ата бабалардың өткен тарихын оқыта отырып оқушыларды
Отанын халқын сүюге тілін ,туған жерін салт –дәстүрін құрметтеуге баулу
Қаһармандыққа, ерлікке,тапқырлыққаалдына қойған мақсатына жете білуге
тәрбиелеу .
Сабақтың түрі; Конференция сабақ.
Әдісі ; Сараптау ,талдау .
Көрнекілігі; Хан Кене ,Көкшетау ,Абылай хан суреттері. Карта . Кене хан
туралы кітаптар .Мағжан Жұмабаевтың өлеңдері .Н. Назарбаевтың ,Ә.
Кекілбаевтің таспадағы сөздері .Карта .Абылай ханның , Кенесары ханның
Е.Бекмахановтың суреттері.

Барысы
Ұйымдастыру бөлімі.
Мұғалімнің кіріспе сөзі;
Бүгінгі күні аруақты Абылайдың тікелей ұрпағы ,ізбасары оның саясатын
жалғастырушысы ,қазақ халқының тәуелсіздігі мен бостандығы үшін бар өмірін
ат үстінде өткізген ,ақыры осы мақсат жолында өмірін қиған өр тұлғалы
тарлан Кенесары Қасымұлыныың 205 мерей тойына арналған конференция
сабағына жиылып отырмыз .Міне,осынау қилы кезеңнің бұлтарыс қалтарысын
,азаттық үшін болған

Азаттық үшін болған көп жылғы қырғынның бүге-шігесін объективті түрде
бүгінгі ұрпаққа жеткізу – тарихшы әдебиетшілердің қасиетті парызы . бүгінгі
конференцияның да мақсаты осы .
Қозғаушы күші ,сипаты ,қозғалыстың проблемалары қазіргі заман мәселелері
арақатынасы турасында ,Кенесарының қазақ әдебиетіндегі орны хақында терең
мағлұмат алады деген сенімдеміз..
Мұғалім ; Атыңнан айналайын , «қазақ»деген
Қазағым қайсарлығың ғажап –деген
Сан ғасырлар алысып теңдік үшін
Қан кешкен отпен , өртті азаппенен

Осы тақырыпты бастамас бұрын азаттық көтеріліске мұрындық болған 19-
ғасырдың басындағы қазак елінің саяси –экономикалық тарихи жағдайына
тоқталып Бөкей ордасы туралы сөзді Жанысбаевқа Дауренге берелік ;.

Жәңгір ханға арналған кинофильм
Мұғалім; Міне ,осы қилы кезеңде қазақ елінің басына күн туғанда тарих
сахнасына Кене хандай перзент келді .Ендігі сөзді Кене ханның жеке тұлғасы
туралы деректермен жұмыс істеген Амировқа бермек бұрын топқа мынандай
сұрағым бар .Кенесарының шыққан тегі ,ұрпақ шежіресі туралы мәліметтеріңіз
бар ма.?(Манас)

КЕНЕСАРЫ ХАН (Амиров Тимур)
Арқада Бурабайға жер жетпейді.
Алашта Кенекеме ер жетпейді .
Көкшеде күңіренген Кенем қайда .
Дариға жүрегімді дерт өртейді - деп ах ұрған ғұлама ақын Мағжан Жұмабаев.

Соңында Н.Назарбаевтың таспадағы Кенесары Қасымұлының 200 жылдық тойындағы
сөйлеген сөзі.
Мұғалім ;Осынау азаматтық қозғалыс қанатын кең жайып тұрғанда 1841ж күзде
Кенесарының аты жер жарып тұрған кезде Сарысу бойында халықтың қалауымен
дала үрдісімен хан сайланды. Қазір сіздерге сол уақыттан Жоламан батыр мен
Муса бидің қатысуымен болған « хан сайлау» рәсімінен көрініс ұсынамыз.
Сахнада Жоламан батыр және Мұса би
Жоламан батыр:Қадірменді алты арыстың баласы ,мына сөзге құлақ сал!Қазақ
болғалы қилы-қилы заман кешірді.Күңіренген күндері көп болды.Ақ патшаның
ұлы емес құлымызБірақ қазақтың жалынды арманы бар.Елдік ,бірлікті әперетін
басшыға құштармыз арысы Абылай ,берісі Қасымның ұясынан ұшқан жез қанат
балапаны , қыранымыз Кенесарыны хан сайлайық.Осы отырған жұрттың шешімі
осы. Не айтасың, ел!
Жоламан батыр; Уа,жұрт , сөйле , Сайлайтыныңды өз ауызыңнан айт. Шығар,
үніңді, кәнекей!.
Жұрт;
-Сайлаймыз (2 рет)
- Уа аруақ қолдап , әулие Жарболсын !
-Абылайдың жолын берсін !
-Кененің жолы болсын !

Муса (би) Уа жұрт адал ниет , ақ тілеуге жиылдық . Ел сүйген жас арыс Кене
қазақты бір тудың астыны жинайды деп сенеміз . Бірақ ханды құр айқаймен
сайламайды. Бұрынғының жөрелгісімен ақ киізге отырғызып осы жұртты 7 рет
айналдырып шығу керек . Әпкел кигіз Хан көтереміз деп кигізге отырғызып
жақсылар көтеріп алады .
Кенесары ; Киіз туырлықты қазақтыңбаласы Қысылған шағыңда етігіңнен
ұстағаның –менің атам Абылай еді . Ол сенімдеріңді ақтағандай Халық сеніп
мені сайласа кеудемде шыбын жаным тұрғанда ақ тілеуіңді ақтармын .
Жетпей жығылсам көзің көрер . Жолыңа міне басым , міне жаным... Керегіңе
жарата бер .... Айтарым осы . Тойларыңды жалғастыра беріңдер . Біз ел
басшыларымен ақылға барамыз деп шығып кетеді.
Мұғалім; Кенесары батыр ағалары Саржан, Есенгелді сарбаздарының қасында 15
жыл бойы шыңдалып жетіледі. Олардың қазасынан соң 1837 жылы солар көтерген
бостандық туын тіктеп өзі қол бастап тарих сахнасына жарып шығады .

Абылай атасының аруағы алдында опасыздық , өз ожданына ар санаған Кенесары
соңы ажалмен аяқталған абыройлы тәуекелге бел буады .Көтерілістің
мақсаты,алғы шарттары қандай?
Осы туралы айтып берсеңіздер. (Зайтын Бақытжан)
) Кескелескен көтеріліс барысы туралы мәліметтеріңіз бар
ма? (Гүлжан)
Көтеріліс барысы .....
Мұғалім;Бақайшығына қаруланған орыстың ірі әскери бөлімдеріне қылыш, найза
,садақпен жарақтанған санаулы сарбаздарымен күтпеген жерден сан мәрте
соққы берген Кенесары ер жүрек қолбасшының дарынына, дала жағдайындағы
соғыс тактикасындағы, жетістігіне тәнті болған дұшпанның әскер басшыларының
өзі таң-тамаша қалып отырды. Сақ етіп аяқ астынан пайда болып , сусылдаған
жебелерімен жайратып салып, орыс әскері ес жиғанша жым-жылас жерге
сіңгендей жоғалып кететін хан Кененің жігіттері жау жағы үшін жай отындай
болған, қорқыныш тудырған. (Қарақұйын)

Кененің осындай әдіс тәсілдерінен мысал келтіре аласыздарма? (Төкенов
Айбек)
С ол 19 ғ өзінде ақ тарихи ресми жазбаларда орыс шетел басылымдарында
көп дерек пікірлер айтылды .Әскери ғалым Потто өз лекциясында ;»сайын
даланың жеңілмейтін сайып қыран көсемі жеңімпаз хан «қырғыз Шәмілі «деп
бағаланса, ал Мейер Кенесарыны сирек кездесетін ержүрек қайраткер екенін –
айта келіп , өз айнайласындағы топтарда өзіндік ерекше қасиеті бар ерекше
адам «–дейді

Сондай –ақ оны «Вестник Европы» журналында –«Кенесары өз сарбаздарының
әбден лайықты әміршісі бола білді Оның сарбаздарыныың биік лапылдаған
рухына европаның әскери қолбасшыларының қай қайсысыда қызғанышпен іші
күйе қараған болар еді Осыбір аса дарынды тұлға егер басқадай тәрбие
алған жағдайда одан теңдессіз мемлекет қайраткері шығары күмәнсіз»- деп
тамсана жазады

Кенесары талаантты әскер басшы дипломант ( Төкенов Айбек)

Мұғалімі; Кенесары қазақтар арасындағы ру араздығымен барымтаның ел
бірлігіне нұқсан келтіргенін жақсы түсінді. Бір орталыққа бағынған
мемлекеттер туралы былай ашық айтады .

Ойда- Қоқан , қырда –орыс,
Әкім болды қаласы.
Кімнен таяқ жегендей ,
Біздің қазақ баласы?
Быт-шыт болып жүргені
Ауызының аласы деп
Нысанбай ақын жырларында рулық араздықтың ,барымтаның ,алауыздықтың зияны
туралы жырлаған . Ал Кенесары хан оған қалай ел ішінде шек қоя білген?

Кенесары хандығының ішкі құрлысы (Игенов Нұрдаулет)

Мұғалім; Қазақтардың 17-18 ғ болған ірі көтерілістерінен Кенесары
көтерілісінің ерекшелігі оған 3 жүздің Бұқара халқы қатысты.Көтерілістің
сипаты мен халықтық қозғалысы жайында не айта аласыздар ?
Көтерілістің сипаты және қозғаушы күші.(Ералиев)
Мұғалімі ;А лашта Хан Кенеге ер жетпейді
Бар қазақ тізе бүгіп құрметтейді
Біз бүгін егеменбіз еркін елміз
Қуана хан есімін құрметтейміз
Кене хан хандық билікті қалпына келтіремін деп күрес бастағанда атасы
Абылай әкесі Қасымның жолын қуды Ол –қазақ елінің егемендік ,біртұтастық
жолы болатын

Тәуелсіздік бабалардың арманы

Жер бетінде сансыз ұлттар ұлыстар
Ел ,жер үшін болған талай ұрыстар
Отқа оралып орман нуы ,даласы
Күлге айналған ауыл менен қаласы
Неше ғасыр еркіндікке ұмтылған
. Даласына ат ойнаған ,қан тамған
Қолына ұстап бостандықтың алауын
Талай жастық өмірлері қырқылған

Жырларында бостандықтың зары бар
Өсиеті,арман ойы бәрі бар
Тарих бетін парақтасақ ал бүгін
Талай –талай асыл ерлер табылар-

Азаттық ,егемендік жолындағы мемлекет құру қажеттігі қалай қалыптасты.?

Көтерілістің алға қойған мақсаты-Тәуелсіздік(Сабденов Ержан)
( Ә
Кекілбаевтің таспадағы сөзі )
Мұғалім Өткеніңді білмейінше болашағың бұлдыр
Өткеніңді білу бүгініңе сабақ ,болашаққа бағдар
Өзіңнің тарихыңды тану –елдігіңнің , өскеніңнің , өсетіндігіңнің
айғағы ..Біз өткені жоқ халық емеспіз бірақ өткенімізді біле –білмей
келдік .
Кенес қазақ даласының дала демократиясын қазақ сахарасыныың даналығын
халықпен қайнаған күресін ,сырын , мұңын шаққан қайтпас қаламгерлердің ,
көсем сөзді шеберлердің еңбектері туралы деректер турасында не
айтасыздар?Тарихымыздың бүктеулі беттерін айқындайтын мәліметтеріңіз бар
ма?

Кенесары туралы зерттеулер , еңбектер ( Алтанов Куаныш)
Бекмахановтың өмірбаяны (Құрманбайұлы Алмас)(Н.Назарбаев сөзі)
Бекмаханова Халима әжеге сөз беріледі .
Мұғалім:
-Көтерілістің прогрессивтік тарихи маңызықандай-деп ойлайсыздар?
Оқушы:-Ол патшалық Ресейдің қазақ даласына төніп келе жатқан құлдық
бұғауын біраз уақытқа шегеріп тастады, және қалың бұқараның болашақтағы
күресіне жауынгерлік дайындығын қалыптастырды.
Топқа тапсырмалар:№ 1 «Шартты белгісін тұсына қойыңыз!» Тақырыпты
пысықтау ретінде плакаттағы сұрақтардың жауабын тауып орналастыру.
Тапсырма № 2 «Жылдар оқиғалар сөйлейді»

Тапсырма № 3 :Тақтадағы кесте бойынша жұмыс.

Көтерілістің себебі, барысы,қозғаушы күші,тарихи маңызын қортындылау.
Оқушылардың білімін бағалау

Мүғалімнің қортынды сөзі ; Кенесары қолында байлық та билік те жеткілікті
еді .Сайран сауық құрып рахат өмір сүру мүмкіндігі мол болды .Бірақ өзінің
бар өмірін қазақ халқын құлдықтан құтқаруға ,ешкімнің құлдығына бермеуге
,басқыншылықтармен соғысқа арнады Тәкәппар ,тәуелсіздікті аңсаған Кенесары
мерт болды .Оған көтеріліс ауданында тұратын басқа ұлт өкілдері орыстар,
татарлар ,башқұрттар да қосылды . –ортақ жауы патша болды . Бұл
көтерілістің маңызы туралы өзі де зұлымдық пен сатқындықтың құрбаны болған
аяулы тарихшымыз профессор Ермұхан Бекмаханов былай дейді «Кенесары
көтерілісі қазақ халқының өз Отанының бостандығы мен тәуелсіздігі жолында
жан қиюға әзірлігін ,жауға тойтарыс берерлік қуатты күш бар екенін
дәлелдеді»Қай заманда болсада алған бетінен қайтпайтын ,дініе берік, үлкен
мақсаттың адамдарын халқы ,өкіметі құрметтеген Қазіргі заманда одан безіп
жатқандар қаншама: Ендеше, өз халқына ,Отанына ,өз идеясына адал адамдар
туралы әңгіме қозғау ешқашан артық болмайды..

Үйге тапсырма : Сөзжұмбақ ,тест жұмыстарын жасау .

| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
|Сейсекенова С.Р. |
|Алматы 2007 жыл |

Жоспар :

Барысы:
1 19 ғ басындағы қазақ елінің саяси –экономикалық жағдайы
2 Кене ханның жеке өмірі Хан шежіресі
3 Көрініс «Хан тағына отыру»
4 Көтерілістің барысы
5 Кенесары талантты әскер басшы
6 Кенесары хандығының ішкі саяси құрлысы
7 Көтерілістің қозғаушы күші сипаты
8 Көтеріліс тәуелсіздік және азаттық үшін болды
9 Кенесары туралы зерттеулер
10 Тапсырмалар :
№ 1 Шартты белгілерін тұсына қойыңыз !
№ 2 Жылдар оқиғалар сөйлейді
№ 3 Кесте бойынша жұмыс .
Білім бағалау
Қортынды .
Үйге тапсырма

Ұқсас жұмыстар
Бабаға құрмет-балаға міндет
Тәрбие сағаты: "қазақ хандығының 550 жылдығы"
1837 – 1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс
Кенелерден қорғану шаралары. кенелердің табиғаттағы және адам өміріндегі рөлі
Кене энцефалиті
Ауруды тасымалдаушы кене
Бунақденелілер класы
1837 – 1847 жылдардағы кенесары қасымұлы бастаған көтерілістің жеңілу себептерімен тарихи маңызы
837-1847 жылдардағы кенесары қасымұлы бастаған көтеріліс
Кітапхана асхана
Пәндер