Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Көпсалалы Ұлағат Қызылорда колледжінің тарих пәнінің оқытушысы
Мырхиев Әбдікамал Мұқамбетқалиұлы
Көпсалалы « Ұлағат Қызылорда»
колледжінің тарих пәнінің оқытушысы
87774558016
«ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін кезеңдері»
Көпсалалы « Ұлағат Қызылорда» колледжінің 0518000
«Маркетинг» мамандығы, М-12 тобының білім алушыларымен ағымдағы жылдың
Қараша айының 21 күні, «Қазақстан тарихы» пәнінен, «ХХ ғасырдағы саяси
қуғын-сүргін кезеңдері» тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізілді.
Сабақтың мақсаты: Білім алушыларды ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін
кезеңдерімен жан-жақты таныстыру; оқу-білік дағдыларын дамыту, тарих пәніне
қызығушылығын арттыру;
Саяси қуғын-сүргін 1928 жылдың ортасынан, Алаш қозғалысына қатысқан
қайраткерлерді тұтқындаудан басталды. Оларға «буржуазияшыл», «ұлтшыл» деген
айып тағылды. Олар әртүрлі мерзімге түрмеге қамалды, ату жазасына кесілді,
жер аударылды. Міне, биыл сол қанды да қасіретті зұлматқа — 92 жыл болғалы
тұр.
1997 жылы 14 мамырдағы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 31
мамыр – «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні» ретінде аталып өтіп
келеді. Осы күннің қадірін, қасиетін жұртшылық қаншалықты біледі? Оған
қандай құрмет көрсетіп келеміз? Осы және өзге де сұрақтарға жауап алу «ХХ
ғасырдағы саяси қуғын-сүргін кезеңдері» тақырыбындағы ашық сабақтың басты
мақсаты болды.
«Саяси қуғын-сүргін» құрбандары тарихын білудің маңыздылығы – Еліміз
Тәуелсіздікке қол жеткізгенше қазақтың басына кезең-кезеңімен түсіп отырған
зұлматтар мен азаптар аз болмаған. Ол сол 1928 жылдан, Алаштың көсемдерін
қудалаудан басталып, соңы 1931-1932 жылғы ашаршылыққа ұласса, 1937-1938
жылдары «халық жауы» деген жаламен қазақтың бүкіл қаймағын қырып жіберген.
Ол соғыстан кейін де жалғасын тапты. Екінші науқан 1948 — 1952 жылдар
аралығында жүргізілген болатын. Тек Сталиннің билігінен кейін барып, мұндай
қырып-жою тоқтады. Ал, осыншама қасіреттің, нәубеттің тарихын, маңызын
білмей, біз бүгінгі Тәуелсіздігіміздің қадіріне жетіп, құндылығын түсіне
алмаймыз. Сол қазақтың қаралы да қасіретті тарихын халыққа жеткізу —
баршамыздың парызымыз.
Білім алушыларға сабақ барысында қуғын-сүргін кезеңдері тарихы
жөнінде құнды мағлұматтар беріліп, болашақ ұрпақтың тарихтан сабақ ала
білуі керек екендігі атап көрсетілді.
Қуғын-сүргін кезеңдері туралы құнды мәліметтер алу үшін арнайы деректі
фильмнен үзінді көрсетіліп, зерттеу жұмысы нәтижелерімен танысты.
Сөзжұмбақ, блиц-сұрақтар, топтастыру стратегиясы, проблемалық сұрақтармен
жұмыс және кері байланыс әдіс-тәсілдері арқылы білім алушылар ашық сабаққа
өте белсенді түрде қатысты.
Ашық сабаққа пән бірлестігі оқытушылары қатысып, өз пікірлерімен
бөлісіп, тәжірибе алмасты.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz