Абайдың шыннаты кім

“Абай мұрасы-халық мұрағаты” атты әдеби-сазды кеші

Мақсаты :

- Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттап, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу. Көркем сөйлеуге, өз бетімен іздене білуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу.

Көрнекілікте р: Абай портреті, эпиграф жазылған плакаттар, кітап көрмесі, слайд, бейнероликтер.
1-жүргізуші :

Көп адам дүниеге бой алдырған,

Бой алдырып, аяғын көп шалдырған,

Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған, - деп төрелігін өзі шешкен Абай бүгін жарқын

бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге 170 жыл бойы өмір сүріп келеді, мәңгі өмір сүре бермек!

Ол өткен заманның, кешегі түркі дүниесінің соққан тынысы болса да бізге түсінікті, жүрегімізге қонымды Абай -лебі, Абай - үні, ана тынысы - заман тынысы, халық үні. Абайдың жарқын бейнесі, жалынды жыры бізбен бірге мәңгі жасап келеді.
2 - жүргізуші

- Құрметті әдебиет сүйер қауым! Қазақтың біртуар ұлдарының бірі, данышпан ақын, ойшыл, дана ғұламаларының бірі, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған « Абай мұрасы-халық ұлағаты» әдеби-сазды кешімізге қош келдіңіздер!

Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?

Жырымен жан сусынын қандырған кім?

Өзіне -өзі орнатып ескерткішті,

Мұра қып, кейінгіге қалдырған кім?

Ерте оянып, ойланып, ержеткен кім?

Талабын тас қияға өрлеткен кім?

Құбажан, құрбақан құм, құла қырда,

Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім?

Үнінен әділдіктің лебі ескен кім?

Арманын атандырып келешекке,

Біздермен осы күнгі тілдескен кім?

Тайсалмай, мыңмен жалғыз алысқан кім?

Жауына найза сөзін шанышқан кім?

Өзендей құйған барып көк теңізге,

Лермонтов, Пушкиндермен табысқан кім?

1-оқушы : Сахнаға Абай шығады.

РамазановАйдын:

Жүрегімнің түбіне терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,

Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма.

«Көзімнің қарасы» әнін орындайды.

2-жүргізуші -
- Әрине, Абай атамыз туралы айта беру артық емес. Бір қарағанда таныс тақырып, таныс бейне секілденгенмен, ол туралы білетініміз тым аз - ау. Ұлылықтың сырына қанық болғымыз келсе, даралықтың қандай болатынын ұғынғымыз келсе, дана Абай әлемін шарлап, қайталайық халайық! .

1. Абайкім?(бейнеролик қонақтармен) . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

Абайдың өмірі мен шығармашылығына байланысты сұрақтар:

1. Абай алғашқы өлеңдерін қай ақынның атынан жарияланып отырды?( Көкбай ) .

2. Абай туралы ең алғаш мақала жазған кім?( Әлихан Бөкейханов, 1903жылы Петербургта жазған) .

3. Абайдың шыннаты кім?(Ибраһим) .

4. Абайдың қанша күйі бар? Аттарын ата. ( Үшкүйі бар: «Тоқжанға», «Май түні», Абайдың желдірмесі») .

5. Абайдың аяқталмаған поэмасы. («Әзім әңгімесі». )

6. Абай Леермонтовтан қанша шығарма аударған?(Жиырма жеті шығарма аударған) .

7. Абайдың әжесінің және шешесінің аттарын ата. ( Зере, Ұлжан. )

8. Ділдәдән туған балалары. (Ақылбай, Әбдірахман, Мағауия) .

9. «Қазақтың бас ақыны -Абай Құнанбаев» деп атаған кім?( Ахмет Байтұрсынов) .

10. Әйгерім кім? Әйгерімнің шын атын ата. (Абайдың екінші әйелі, шын аты Шүкіман. )

11. Абай өлеңдер жинағы қайжылы басылып шықты және қай қалада?( 1909 жылы Петербургта) .

12. « Абай жолы» романын кім жазды?( Мұхтар Әуезов) .

13. Абай ескерткіші алғаш қай қалада қойылды?(Алматы қаласында мүсінші- Наурызбай Х)

14. Абай кімге ғашық болды? (Тоқжанға)

15. Шәкәрімнің Абайға қандай туыстық жақындындығы болды?(Абайдың ағасының баласы. )

Абай (Ибраһим) Құнанбаев (1845-1904) - ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.



Презентация

«Абай мұрасы-халық мұрағаты»

Абай бір жағынан шығыс классиктері Низами, Сағди, Қожа Хафиз, Науаи, Физули, Жәми тағы басқаларды оқыса, екінші жағынан А. С. Пушкин, А. И. Герцен, М. Е. Салтыков-Щедрин, Н. А. Некрасов, М. Ю. , Л. Н. Толстой, И. А. Крылов, Ф. М. Достоевский, И. С. Тургенев, Н. Г. Чернышевский мұраларын оқып, терең таныс болған, Батыс әдебиетінен Гете, Дж. Байрон сияқты ақындарды оқып, Дрепер, Спиноза, Спенсер, Льюис, Дарвин сынды ғалымдардың еңбектерін зерттейді.

2. «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» айдарын Абайдың табиғат лирикасынан бастайық.

1-оқушы: Щербаков Юра «Қыс»

2-оқушы: Ракишева Алина «Жазғытұры»

3-оқушы: Степанова Валентина «Күз»

Қара сөздері

Абайдың көркемдік, әлеуметтік гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі - қара сөздері. Абайдың қара сөздері (Ғақлия) - ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Жалпы саны қырық бес бөлек шығармадан тұратын Абайдың қара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан. Оның алты-жеті үлгісі қысқа болса, қайсыбіреуі мазмұн, тақырып жағынан өзгешелеу, ауқымды болып келеді. Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зор салған.

4- оқушы: Сапарбеков Ілияс «19 қара сөз»

5-оқушы: Жазық Алтынай «45 қара сөз»

6-оқушы:Гапченко Ирина «7 сөз»

Ұлы ақын, ағартушы Абай музыкалық саласында да айта қалғандай мұра қалдырды. Өзінің асыл өлеңдерін, қара сөздерін қағазға түсіріп, кейінгі ұрпаққа жазып қалдырса, музыкалық жөнінде оның мұндай мүмкіншілігі болмады. Өйткені, Абай өмір сүрген көзеңде қазақта музыканың жазба мәдениеті жоқ еді, халықтық музыка ауыз дәстүрлік қалыпта еді. Сондықтан Абай әндері де қазақтың басқа халықтық ән-күйлері сияқты, ауыздан-ауызға, заманнан заманға ауыса отырып жетті. Музыка саласында жазба мәдениеттің болмауына қарамастан, Абай әндерінің бізге толық жеткен себебі - олардың халықтың жүрегінде сақталуға сапасы сай келетін шығармалар болғандығында, халық санасынан өшпес орын алғандығында. Абай әндерінің өзгешелігі - мелодиялық, ырғақтық жақтарындағы жаңалықтарында, идеялық мазмұнының ашықтығында. Бұл өзгешелік алғашқы көзде тыңдағандардың бәріне бірдей тұсінікті бола қоймады, болмақшы да емес еді.

7-оқушы:Проданова Ксения «Әсемпаз болма әрнеге»

8-оқушы:Серікбаев Орынбек «Ғылым таппай мақтанба»

9-оқушы: Жазық Алтынай «Сегіз аяқ»

11- оқушы: Шарипов Амир «Сабырсыз, арсыз, еріншек»

12- оқушы: Астапенко Полина «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы»

13- оқушы: Құрманғалиева Әсел «Білімдіден шыққан сөз»

14-оқушы: Тиесова Валентина « Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап»

15- оқушы: Егорин Анатолий «Не верь разным людям»



Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Байтемірова Динара Науанқызына сөз береміз.

Абай құнанбаевтың музыкалық мұрасы туралы музыка пәнінің мұғалімі Жұмағұлова Жадыра Жамбылқызына сөз береміз.

Гультяева Марияның орындауында «Желсіз түнде жарық ай» әні.

2-жүргізуші: Көп адам дүниеге бой алдырған,

Бой алдарын, аяғын көп шалдырған.

Өлді деуге сия ма айтыңдаршы,

Өлмей тұғын артында сөз қалдырған.


Ұқсас жұмыстар
Абайдың әкесі кім
Абайдың табиғат лирикасы туралы
Абай тереңіне үңілу
Абай бүлдіршіндер жүрегінде
Бала абай
Абай құнанбаев
Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе
Абай әлеміне саяхат
Ыбырай алтынсарин – ағартушы, педагог
Абай Құнанбаев жайлы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz