Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Қазақ жеріндегі ойшылдар
Т.Байсырымов атындағы Құлсары гуманитарлық-техникалық колледжі
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Қазақстандағы саяси ойлар тарихы
Тексерген: Асмандиярова Лилия Кажибалитовна
Дайындаған: Берік Нұрай Берікқызы
Құлсары 2020-2021жж
Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы саяси ойлар тарихы
Білімділік: Қазақ жерінде қоғамдық және саяси ойлардың қалыптасуы. XVIII-XIXғасырлардағы қазақ ойшылдары. Саяси ғылымның шетелдік және Қазақстандық даму бағыттары туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Оқушылардың саяси өмірдің даму заңдылықтарына назар аудару негізінде олардың дұрыс дүниетанымын қалыптастыру. Зейінді, ойлау жылдамдығын, есте сақтауды дамыту және сабаққа қызығушылықтарын арттыру.
Тәрбиелік: Негізгі мәселелерге талдау жасай отырып, шығармашылыққа, танымдылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Тірек сызбаларды пайдалана отырып баяндау, өзара белсенділікті арттыру.
Сабақтың көрнекіліктері: Оқулық, тірек сызбалар
Пәнаралық байланыс: Тарих, қоғамтану
Сабақтың жоспары:
I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Үй тапсырмасын тексеру
III. Жаңа сабақ
IV. Жаңа сабақты бекіту
V. Қорытындылау
VI. Бағалау
VII. Үйге тапсырма
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
- Оқушылармен амандасу
- Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1. Саяси ойлардың даму кезеңдері
2. Ежелгі дәуірдегі саяси ойдың қалыптасуы
3. Ортағасырлық саяси ойлардың дамуы
4. Жаңа және жаңаша дәуірдегі саяси ойлар
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Сабақтың жоспары:
1. Қазақ жеріндегі ойшылдар
2. Қазіргі кездегі саяси ілім
Қазақ халқының рухани мұрасы да саяси ой пікірлерге бай. Қазақтың алғашқы философы, математигі, физигі, музыка зерттеушісі Әбу Наср Мұхаммад Ибн Тархан әл- Фараби
870-950 жылдары өмір сүрген. Ол екінші Аристотель атанған. Барлығы 160- тан астам трактат жазған. <<Бақытқа жету жолдары>>, <<Саясат туралы>>, <<Азаматтық саясат>> деген еңбектері бар. Әл-Фараби басқару түрін екіге бөлген:
1. Қайырлы - халықты бақытқа апарады.
2. Қайырымсыз- мұнда теріс әрекеттер болады.
Әл - Фарабидің айтуынша адам бақытты болуға лайықты, сондықтан ол бақытын табуға тиіс. Оған ол тынымсыз еңбек арқылы ғана жетуге болады дейді.
Қазақ даласындағы ойшылдардың бірі Жүсіп Хас Хажиб Баласағұни. Ол ақын, философ, қоғам қайраткері болған. <<Құтадғу біліг>> деген дастаны бар. Ол түрік тілінде жазылған. Мұнда адмның тағдыры, қоғамдағы орны мен ролі, халықтың санасы, әдет-ғұрпы берілген. Өмірден әділ заңды, еркіндікті аңсаған.
Қазақ халқының тарихында өшпес із қалдырған хандар да бар. Олар- Қасым, Есім, Тәуке хандар. <<Қасым ханның қасқа жолы>>, <<Есім ханның ескі жолы>> деп халық олар жасаған заң, тәртіптерді көпке дейін ұмытпаған.
Ал Тәуке хан <<Жеті жарғы>> деп аталған қазақ әдет-ғұрып заңдарының жиынтығын жасады. Мұнда құқықтық тәртіп пен мемлекеттік құрылымының негізгі принциптері айқындалды. Тәуке хан қазақ қоғамына түбегейлі өзгерістер әкелген ірі реформатор болды.
Қазақтың белгілі ойшылы Шоқан Уәлиханов ғалым, ағартушы- демократ, саясатшы, этнограф. Халықты патша шенеуніктері мен жергілікті байлардың зорлық - зомбылықтарынан қорғауды, қолынан келгенше оның рухани және мәдени өркендеуіне ықпал жасауды өзінің мақсат мүддесі деп білді. Шоқанның ойынша халықты қанаудан құтқару үшін билікті жою керек, сонда ғана халық бақытты болады. Қазақ еліндегі тәртіпті өзгертудің жолдарын іздеді.
Саясатқа атсалысқан тұңғыш ұстаз- Ыбырай Алтынарин халықты дүниеге <<дұрыс көзқараспен>> қарауға тәрбиелеуді өзінің негізгі мақсаты етіп қойған.
Тек білім, ағартушылық қана бқұара халықты билеп төстеушілердің қысым- қыспағынан құтқара алады деп, барлық күш - жігерін олардың білімін көтеруге арналған. 1887 жылы Ырғызда 20 адамдық интернат және қазақ қыздарына арнайы мектеп ашқан.
Қазақ даласының ғұлама ойшылы Абай Құнанбаев қазақ халқының мүддесі үшін күресте достық, татулық, бірлік керектігіне назар аударды.Ол адамның <<ақыл,ғылым,қайрат>> арқылы жоғары дәрежеге көтеріліп, асқақтайтындай қоғамның прогрестік дамуын аңсады.
Қазақ жерінде саяси сананың дамуына ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында пайда болған алғашқы зиялылар қауымы да ықпал етті. Оларға: Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Шоқай, М.Тынышбаев, М.Жұмабаев, Б.Қаратаев, Халел және ЖаҺанша Досмұхамедовтерді жатқызуға болады.
ХХ ғасырдың басында Батыс елдерінде солидаризм ілімі кең өріс алды. Оның негізін салушы - француз ғалымы Л.Дюги. Бұл ілім бойынша, әрбір тап өмірде өз міндетін атқарып, қоғамның ынтымақтастығы мен үйлесімділігін қамтамасыз етуі керек.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
1. Қазақ даласындағы ойшылдардың ілімдері туралы не білеміз?
2. Қазақтың белгілі ойшылы Ш.Уалиханов және оның ілімі туралы не білеміз?
V. Сабақты қорытындылау. Тақырып бойынша қорытындылау.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz