Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Ұқсастық шегі жаттығуы
Тақырыбы: <<Достық аралы>> тренинг сабағы
Мақсаты:
Қатысушылардың көңіл-күйін көтеру, жалпы жақсы эмоциялық ахуалды жақсарту;
Қатысушылардың қарым-қатынасқа деген қажеттілік деңгейін анықтау;
Қарым-қатынас өрісін дамытып, қарым-қатынас орната алу қасиетін қалыптастыру.
Көрнекіліктер: А3 қағаз, түрлі-түсті бояу, қалам, стикер, жүрекшелер.
Сабақ барысындағы ережелер: Басқаның пікірін сыйлау, ойын ашық және анық жеткізу, топ алдында өзін сыпайы ұстау;
Контингент: шағын топ
Жоспары:
I. <<Бес саусақ>> сәлемдесу жаттығуы
II. <<Ертегі құрастырайық>> ойыны
III. <<Суретті аяқта>> жаттығуы
IV. <<Ұқсастық шегі>> жаттығуы
V. <<Үлкен жанұя>>
VI. <<Жүректен шыққан ой>> жаттығуы
VII. <<Менің ойым>> жаттығуы
Сабақтың барысы:
I. <<Бес саусақ>> сәлемдесу жаттығуы.
Жүргізуші: Жанымызда тұрған адамның қолына өз қолымызды жақындатып, саусақтарымызды тигізу арқылы оған жүрек жарды тілектерімізді айтамыз. Бас бармағымызды тигізіп <<мен саған...>> деп бастап, барлық тілегімізді айтып болғаннан кейін алақанымызды тигізіп, <<Рахмет>> айтамыз.
II. <<Ертегі құрастырайық>> ойыны
Ойынның барысы: ойынға қатысушылар дөңгелене шеңбер құрып отырады да, ойын жүргізушісінің бастаған ертегісін құрастыруды кезектесіп жалғастырады.
Жүргізуші: Ал, қатысушылар мұқият болып, бір - біріңді зейін қойып тыңдаңдар. Сонымен қатар іштеріңнен өз ойларыңды дайындап, ойланып отырыңдар. Ертегі құрастыруды бастадық: <<Ерте, ерте, ертеде...>>- деп жүргізуші ертегінің басын бастап, келесі отырған ойыншы оны жалғастырады. Сөйтіп, шеңбер бойымен жалғаса береді. Жүргізушінің кезегі қайтадан келген кезде, ол ертегінің мазмұнын мағынасына қарай бағыттап жібереді, ал ойын жалғаса береді. Ойынның соңында тапсырманы орындау қиын болды ма, ертегінің мазмұнына құрастыру қаншалықты қиынға соқты деген сұрақтар төңірегінде талқылаулар жүреді.
III. <<Суретті аяқта>> жаттығуы.
Қатысушыларға алдын ала даярлаған плакатта немесе тақтада бір нүкте салынады. Олар кезек -кезек шығып,сол нүктеден бастап бір сызықтан салады, соңында шыққан суретті бағалап, әркім өзі жүргізген сызық арқылы нені бейнелеуге тырысқанын және қандай сурет нәтижесінде шыққанын бағалайды.
IV. <<Ұқсастық шегі>> жаттығуы.
Шарты: Қатысушылар жұптасып отырады, А 4 қағаз беті және қалам қажет. Жанындағы жұбына қарап, ұқсастықты тауып, "Біздің ұқсастығымыз" деп А 4 қағаз бетіне жазады. Ұқсастық табу үшін 4 мин уақыт беріледі. Жаттығуды орындағаннан кейін, жұп бір - бірінің жазған ұқсастығын оқып, өз ойларын айтады.
V. <<Үлкен жанұя>> тақырыбында қатысушылардың өз идеяларымен постер жасап, қорғау.
VI. <<Жүректен шыққан ой>> жаттығуы
Мақсаты: Қатысушылардың арасында жылы қарым-қатынас орнату, көңіл-күйлерін көтеру.
Нұсқау: Қатысушылар саны бойынша қағаздан қиылған <<жүрекшелер>> беріледі. Сол жүрекшелерді бірін-біріне жылы сөздер айтып, ретпен береді.
Қорытынды:
VII. <<Менің ойым>> жаттығуы
Нұсқау: Қатысушыларға стикер таратылады. Стикерге төмендегі сұрақтарға жауап беру арқылы бүгінгі сабақты қорытындылайды.
Бүгінгі тренинг сабағымыз сіздерге ұнады ма?
Топтық жасалған жұмыстар қандай әсер берді?
Бүгінгі тренинг сабақта не ұнады? (стикерге ойларын жазып, гүл плакатқа жапсыру)

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz