Әдебиетті оқыту әдістері

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
Факультет : Филология
Пән : Жоғары мектепте әдебиет пәндерін оқыту
Тақырыбы: Қазақ әдебиеті пәндерін оқыту бағдарламалары, оқулықтар және дәрістік оқу жұмыс жоспары
Орындаған: Ораз М. 7М02304-Филология
Тексерген: А. С. Кушкимбаева, PhD., доцент
Ақтөбе, 2020
Жоспар
- Кіріспе
- Негізгі бөлім
2. 1 Әдебиетті оқытуда базалық білім курсы мен тарихи-әдеби жоспарлау әдістері
2. 2 Әдебиетті оқыту әдістері
- Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
«Әдебиет- сөз өнері». Ол өнердің бір саласы. Әдебиет пәні өнер пәні. Әдебиетті ұлағатты адамдар «адамтану құралы» десе, біз әдебиет пәнін «адам тәрбиелеу құралы» дейді. Ол жасөспірімдерге әдебиеттанудан, сөз маржандарының қыр-сырын үйренуден жай білім беріп қоймайды, ең бастысы, өмірдің қымбаттысы, ең асылыы- жақсылық пен ізгіліктің ұрығын себеді. Әдебиет пәнінің әр сабағын адам бойындағы асқақ арман, әдемі сенім, әсемдік пен сұлулыққа құштарлық тәрізді ең мөлдір сезімдер мен кісілік қасиеттер туралы сырласу сабағы десек те болады. Әдебиет пәні арқылы оқушылардың рухани дүниесі баийды, туған тілін сүйеді, елін, адамзатты құрметтеуге деген сезімдерге тәрбиелейді. Әдебиет пәнінің жас ұрпақты уақыт талабына сай тәрбиелеу үлесіне қосар үлесі үлкен. Ол жақсы мен жаманның ара жігін ажырата білуіне, адамгершілік сезімнің ұшталып, имандылық қасиеттердің оянуына септігін тигізеді. Сондықтан әдебиет пәнін оқытуға ерекше назар аударылады. Сонымен, әдебиетті оқытудың басты мақсаты- сөз өнерінің қыр-сырымен таныстыру, халық даналығы, халық өсиеттерінен нәр алғызу, кітапқа деген ынтасын ояту, халықтың рухани байлығы- әдебиетті жан-жақты игерту, сол арқылы имандылыққа, инабаттыолыққа, парасаттылыққа, сұлулыққа тәрбиелеу. Мектепте әдебиеттен білім беру мақсаттары мен міндеттері:
1. Әдебиеттің адамзат қауымы ғасырлар бойы жасаған өнердің бір түрі екендігі, өнер болғанда сөз өнері екндігі туралы ұғымдарын қалыптастыру;
2. Сөз өнері- әдебиеттің өзіндік заңдылықтары, ерекшеліктері жайында білімс бере отырып, оның басқа өнер түрлерінен айымашылықтарын айыра білуге үйрету;
3. Әдебиеттің өзіндік табиғатын даралай, саралай отырып, ондағы дәстүр мен жаңашылдық, әдеби кезеңдер, оның адамзат тарихымен тығыз байланысы жайындағы білімдерін қалыптастыру;
4. Өз пікірі, эстетикалық талғамы бар сауатты, мәдениетті оқырман дайындау. Ауызша да, жазбаша да еркін, шешен, көркем сөйлеуге, жаза білуге үйрету;
5. Көркем туындыны оқи отырып, эстетикалық талғамдарын дамыта отырып, оны әдеби тұрғыдан сауатты талдай білуге дағдыландыру;
6. Туған әдебиетіміздің өзіндік ерекшелігі, оның адамзат әдебиеті мен мәдениетіндегі орны туралы ұғымдарын толықтыру, жетілдіру;
7. Әдебиеттану ғылымы, сыны, оның мақсаты, міндеті, әдебиеттегі- білім берудегі маңызы туралы білімдкерін қалыптастыру;
Мектеп, колледж, университет - білім беру мекемелерінің ішіндегі үздіксіз оқу процесін жүргізетін мекемелер. Ондағы басты қызмет - оқу процесі. Ол жалпы айтқанда оқушы мен мүғалімнің белгілі бір уақыт ішінде бірлесіп жүргізетін жүмысы. Оқу процесі мектепте бір оқу жылын қамтиды, ол оқу жартыжылдықтары мен оқу тоқсандарына бөлінеді. Ал, басқа білім мекемелерінде ол семестрге жіктеледі. Оқу процесін үйымдастыруда оқу материалдарын жоспарлау, оны сабақта қабылда-туға, игертуге жағдай туғызу - басты мәселе болады. Оқу процесін жоспарлауда екі мақсат көзделеді.
- Біріншісі -бір қалыпты жүмысты үйымдастыру; екіншісі - пәнді оқытудағы жетістік, кемшіліктерді бақылап, саралау, бағыт бағдарын айқындау. Мектептегі оқу процесінде үш жоспар жүзеге асырылады:
- күнтізбелік;
- тақырыптық;
- сабақ жоспары.
Күнтізбелік жоспар - бұл бағдарламадағы тақырып-тардың оқу тоқсандарына жөне апталарға жіктелуі. Оқытушы осы жоспар арқылы пәнді жүргізуге бағдар жасап, әрбір сыныпқа байланысты оқу мақсатын бірқа-лыпты, жүйелі жүзеге асырады. Күнтізбелік жоспар жасауда әр сыныптағы апталық сағат саны, сол жылдағы күнтізбенің ерекшелігі (мереке күндері, демалыстар) ескерілу керек.
Такырыптық жоспар - бұл бағдарламадағы әрбір тақырыпқа белгілі мөлшерде берілген сағатты тақырып-тың күрделі немесе жеңілдігіне қарай бөлу. Бүл жоспар тақырыпты ретімен, мақсатты түрде өтуге көмектеседі.
Сабақ жоспары - бұл әрбір сабаққа күнделікті жаса-латын жоспар түрі. Ол мүғалімнің сабақты жоспарлы, үйымдасқан түрде өтуіне бағдар береді. Ал, колледж жөне университеттерде жүмыстық оқу жоспары жаса-лады. Ондағы тақырыптар дөріс, машықтандыру, зертханалық, арнайы курстар мен семинарларда өтіледі.
Сабақ - белгілі бір сынып оқушыларын, топ студенттерін белгіленген бағдарлама бойынша оқытудың негізгі формасы. Онда оқу материалын оңып үйрену, меңгеру жүзеге асырылады. Ол үшін сабақтың нақты мақсаты болу керек. Сабақ - оқу процесінің ең кіші бөлшегі бола отырып, оның мақсатын, мазмұнын жүзеге асырады. Сабақтың тақырыбы, мақсаты, әдіс-тәсілі аныңталған-нан кейін, оның дидактикалық материалы жасалады.
Мектепте өткізілетін сабақтың қалыптасқан қүрылы-мыбар. Олар:
- ұйымдастыру кезеңі;
- үй тапсырмасын сұрау;
- жаңа материалды түсіндіру;
- сабақты бекіту, үйге тапсырма беру;
- оқушы білімін бағалау.
Сабақтың бөліктеріне уақыт белгіленеді. Сабақ үстінде оқушылардың білім дағдылары қалыптасады. Сабаңтың ойдағыдай өтуінің алуан түрлі шарттары бар. Ең бастысы - мүғалімнің білімі мен өдіс тәсілдерінің жан-
жақтылығы. Сабақты жоспарлау, ұйымдастыру, өткізу үлкен нақтылыңты қажет етеді. Сабақ - күрделі процесс. Сабаққа көптеген талаптар қойылады. Солардың бастылары мыналар:
- оқушылардың сабақты бар зейінімен, ықыласымен тыңдауын ұйымдастыру;
- мұғалімнің материалды жеткізу шеберлігі, тиімді әдіс-төсілдері;
- оқушының теориялық жағынан меңгергенін іс -тәжірибеде, күнделікті сабақта қолдана алуы;
- оқушы алдына проблема қойып, оны ізденіске бастау;
- оқушының шығармашылық белсенділігін арттыратындай өз бетінше жұмыс беру;
- көрнекі қүралдың нақтылығы, өсерлілігі, мазмүн-дылығы;
- мысалдардың өмірмен байланыстылығы, оқушыны ойлантуға, сөйлетуге, төрбиелеуге ықпалы;
- сабақты басқа пөндермен, өнер салаларымен үйлесіміне, ұқсастығына қарай түрлендіру.
Бұл мәселелерге қоса, әр сабақта педагогикалық, психологиялық, физиологиялық талаптар ескеріледі. Бір сыныптағы оқушылар бірдей талап, өдіспен оқытылған сабақты бірдей қабылдай бермейді. Осыдан келіп жеке оқушыларды зерттеу, олармен жеке жұмыстар жүргізу талабы туындайды. Яғни, сабақта оқыту, үйрету, тәрбиелеу, дамыту шарттары жүзеге асырылады. Осы бағыттағы жүмыстар колледжде, жоғары оңу орындарында да жүргізіледі. Олардағы оқу процесі дәріс, машықтандыру, зертханалық сабақтар үстінде жүзеге асады. Дөріс сабағын негізінен оқытушы лектор өткізеді. Онда іргелі, блоктық тақырыптар жекелей өтіледі, студенттерге дәріс тақырыбы, жоспары, керекті өдебиеттер үсыны-лады. Лектор жаңа материалды ауызша баяндап, ңажетті тұстарын жаздыртып, бағыт-бағдар береді, дәйектер, мысалдар келтіреді. Студенттерге қосымша әдебиеттер-ден, оқу қүралдарынан нақты тапсырмалар беріліп, жаз-баша орындауға тиісті жұмыстар көрсетіледі. Бүлар машықтандыру (семинар) сабаңтарында сүралады. Ал, зертханалық сабақтарда неғүрлым нақты тапсырмалар орындайды. Мәселен, белгілі бір мәтінге өдеби, лингвис-тикалық талдау жасау, көркем мәтіннің ерекшеліктерін ажыратут. б.
Өзінің мақсаты мен құрылымына қарай мектептегі сабаң екі топқа бөлінеді:
- - оқыту-үйрету мақсатындағы сабақ;
- - бақылау мақсатындағы сабақ.
Оқыту-үйрету мақсатындағы сабақты мынадай төрт түрге бөлуге болады:
- жаңа материалды үйрету, түсіндіру сабағы;
- білім дағдыны қалыптастыру сабағы;
- өткенді қайталау сабағы;
- оқушылар жіберген қате кемшіліктермен жұмыс сабағы.
Жаңа материалды үйрету, түсіндіру сабағы оңушы-ларды жаңа біліммен ңамтамасыз етеді. Ол әрі-қарай көрнекілік, баяндау, түсіндіру түрлерімен толықтырылады.
Білім дағдыны қалыптастыру сабағы алған білімді бекітіп , дамытады. Мұнда әр түрлі тапсырмалар орындалып, оңушының жаңа материалды қалай игергені тексеріледі.
Өткенді қайталау сабағы бұрын өтілген таңырыптарды жүйелеп, қалай игергенін білу мақсатында жүргізіледі. Бұл сабақты тоқсан соңында, белгілі бір ірі тақырыптарды, тарауларды өткеннен кейін жүргізуге болады.
Оқушылардың ауызша жөне жазбаша жауаптарында жіберген қателерге үнемі назар аударып, оларды түзеу жұмыстарын жүргізіп отыру керек.
Мәселен, тіл дамыту, мәнерлеп оқу, стильдік кемшіліктерді түзеу т. б. жұмыстар жасалғаны жөн.
Бақылау "мақсатындағы сабақта оқушының игеріп меңгерген білімдері тексеріледі. Бұл сабаңты мынадай үш түрге бөлуге болады:
- оқу материалдарын игеруін бақылау;
- ауызша жүйелі сөйлеуін, сөз, тіл байлығын бақылау;
- жазбаша жүмыс түрлерін орындай алуларын қадағалау.
Оқу материалдарын игеруін баңылауда оқушылардың сұраққа жауап беруі, өз ой-пікірлерін айта алуы, оны мысалдармен, мәтіндермен дәлелдей алуы талап етіледі.
Ауызша сөйлеу кезінде оқушылардың ауызша жауаптарының жүйелі, нақты, толық болуы, ойларын көркем, бейнелі жеткізуі баңыланады.
Жазбаша жұмыс түрлерін орындау кезінде оқушы-лардың әдебиет сабаңтарында мазмүндама, шығарма, мінездеме, пікір, тезис, конспект түрлерін жаза білуі тексеріледі. Мұнда сынып оқушыларының жас ерек-шелігі ескерілу керек.
Кейде осы сабақ түрлерін аралас етуге де болады. Мұнда оңыту үйрету және баңылау сабақтарының эле-менттері аралас ңолданылады. Мөселен, жеңіл бір сағат-тың таңырып өткенде, оны шағын бақылау немесе өздік жүмыспен күрделендіріп, алдын ала дайындықсыз шы-ғарма, мазмүндама, жекежүмыс, ауызшасүрау түрлерін жүргізуге болады.
Оқушылардың белсенділігі, ңызығушылығы әр са-бақта түрліше болады. Мектеп практикасында қазір сабақ түрлері көп. Оларды шартты түрде дәстүрлі немесе дәстүрлі емес деп бөлеміз. Қалыпты сабақтан дәстүрлі емес сабақтың өзгешелігі жалпы сабақтың дәстүрлі құрылымы сақталғанымен, оны жүргізу, өткізу түрлері өзгереді.
Дәріс сабағы. Мұғалімнің материалды баяндауынан, түсіндіруінен түрады. Сыныпқа жетекші, қорытындылаушы сауалдар қоя отырып, мүғалім оқу материалдарының негізгі тұстарын жаздыртады. Лекциялық сабақтардың мынадай түрлекрі бар:
а) шолу түрлеріндегі лекция;
ә) монографиялық лекциялар;
б) әдеби-терминдегі лекция (өте сирек кездесетін түрі) .
Машықтандыру (семинар) сабағы. Бұл сабақтың бірнеше ерекшелігі бар:
а) оқушылар белгілі бір тақырып бойынша өз бетімен дайындалады;
ә) оңушы сол тақырып бойынша хабарлама жасайды;
б) тыңдалған материалды талдайды;
в) талқыланған мәселені мүғалім қорытады. Сабақтың мұндай түрі оқушылардың өзара ұқсас тақырыптарды қалай қабылдағанын тексеруге мүмкіндік береді. Мұғалім оқушыларға алдын ала тапсырма беріп, тиісті әдебиеттерді көрсетеді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz