Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Лексиканы оқытудың міндеттері

Күні:31.10.2020
Пәні: қазақ тілін оқыту әдістемесі
Топ: 41б,42б,43б
Сабақтың тақырыбы: Сөз мағынасының кеңеюі мен тарылуын оқыту әдістемесі.
Жоспар:1) Лексиканы оқытудың міндеттері. 2) Лексиканы оқытудың принциптері. 3)Сөз және оның мағынасы туралы түсінік.
Лексика. Тіліміздегі сөз байлығын тексеретін ғылым саласы. Қазақ тілін оқытумен байланысты, атап айтқанда: фонетика, морфология, синтаксисті оқыту сөзден тыс қарастырылмайды. Тіліміздегі сөздер тіл дыбыстары арқылы, морфология сөздердің лексикалық, грамматикалық мағынасына қарай, ал синтаксис сөздердің мағыналық, әрі грамматикалық байланысына қарай көрінеді.
Демек, сөздің тілдік материалдарды меңгертудегі орны ерекше. Қазақ тілін саналы оқытуда лексиканы дұрыс, жан-жақты үйретудің маңызы зор.
Лексиканы оқытудың білімдік, танымдық маңызы тіл білімі туралы ұғымды терең меңгертумен қатар, тілдің ең кіші бөлшегі - сөздің фонетикамен, морфологиямен, синтаксис және стилистикамен байланысын түсіне білуге, яғни, бүкіл тілдік жүйені меңгерумен орай оқушының ана тілі арқылы материалистік көз-қарасының қалыптасуына мүмкіндік жасайды.
Алайда, ана тілінде сөйлей білген адамның барлығы да сол тілдің заңдылықтарын, қыр-сырын, сыр-сипатын толық біле береді деуге болмайды. Сондықтан лексиканы оқытудың практикалық маңызы зор. Оқушы сөз жүйесін түсіну арқылы оның айтылу (орфоэпиялық), жазылу (орфографиялық) нормасын саналы түсінуге, әр сөздің орынды қолданылуы арқылы ойды толық және дәл жеткізуге, қызмет ететін сан алуан мағыналы сөздерді түсініп, талдап, таңдап қолдана білуге, мәнерлі сөйлеуге, көркем әдеби тілдің бейнелі әуезділігін, әсерлілігін түсінуге дағды алады.
Лексиканы оқытудағы қойылатын мұндай талаптар жастарды дұрыс сөйлеу, ойын жеткізіп айта білуге тәрбиелеу мақсатын қояды. Өйткені тіл заңдылықтарын, ережелер мен анықтамаларды үйрете отырып, тілдік фактіні меңгерту бар. Сондай-ақ оның күнделікті қатынас құралы ретінде қажет болатын практикалық қыр-сырын түсіндіру керек. Бұл екі нәрсенің бір-бірімен өзгешелігі де, бірінсіз-бірі іске аспайтын тұтастықтағы тағы бар.
Мектепте лексиканы оқыту, негізінен, төрт принципке сүйенеді. Олар мыналар: - сөз мағынасын шындықпен (зат, сын-сапа, сан, қимыл т. б.) салыстыру; лексикалық мағына мен грамматикалық мағынаны салыстыру, семантикалық-мағыналық принцип, - диахрониялық принцип.
Сөзді болмыспен салыстыру принципі. Қазақ тілінің сөз байлығын үйрену немесе игеру өмірді, өмірдегі сан алуан құбылыстың өзін, оның сын-сипатын ұғумен қатар жүретіні белгілі. Өйткені белгілі ұғымға телінбеген сөз есте да сақталмайды, өмірге қажет те болмайды. Өмірде нендей жаңа зат, ұғым пайда болуына қарай жаңа сөз пайда болады. Жас бөбектің сөз үйреніп, тілінің шығуы - өзіне таныс заттар мен ұғымдарды танып білуімен қатар жүретіні сияқты, лексиканы оқытқанда да сөз мағынасы өмірмен тікелей ұштастырылуы талап етіледі. Лексиканы оқытуда заттың суретіне қарап атау, не атын естіп, оның суретін табу әдісінің үлкен мәні бар. Көп мағыналы сөздер бір-біріне ұқсас белгілері бар заттар мен құбылысты, әрекетті, сапаны білдіреді. Бірақ олар қалай болса солай атала салмаған, әуелі тура мағынасы белгілі болып, ауыспалы мағына содан өрбіген. Көп мағыналы сөздерді салыстыру әдісімен түсіндіру тиімді. Мысалы: Ши сөзінің тура мағынасы <<қамыс сияқты жіңішке болып өсетін өсімдік>> те, ауыспалы мағынасы - сол өсімдіктен тоқылған зат. Егер мұғалім заттың өзін не суретін көрсетіп салыстыра түсіндірсе, көп мағыналылықтың пайда болу жайын оқушы өте жақсы түсінеді. Сондай-ақ бұл әдіс синонимдер мен омоним, антонимдерді түсіндіруде үлкен көмегі бар. Оқулықта омоним сөздерді төртінші класс оқушыларына түсіндіру үшін ара (құрал және жәндік), шабу (шөп шабу, атпен шабу) сияқты зат және қимыл атауларының омонимдестігіне көрнекі құрал боларлықтай суреттер берілген. Мұғалім осы әдісті өзінше басқа-басқа суреттермен жалғастыра түсіндіргені дұрыс. Мысалы, қыс суреті мен шегені қысқашпен қысып ұстау бейнесін, қаздың суреті мен жер қазу процесін бейне-леген суретті, жаз (асыл мезгілі), жаз (қаламмен жазу,шумақталған сымды жазу) суреттері сияқты белгілі құралдарды көрсете отырып, бұлардың бір-біріне ұқсастық белгісі жоғына көз жеткізу керек. Сонда оқушылар омоним сөздер бір-біріне ұқсастық белгісі жоқ басқа-басқа мағынаны аңғарса, көп мағыналы сөз белгілі ұқсастыққа қарай айтылатынына оқушылардың көздерін жеткізу қажет.
Синоним сөздерді түсіндіргенде, қой бағып тұрған кісінің суретін оқушыларға көрсетіп, оның кім екенін сұрасақ, бірі - шопан, бірі - бақташы, бірі - қойшы деп атап, ол сөздердің өзара синонимдес екенін түсінетін болады. Әрине, бұл принципті қолдану мұғалімнің шеберлігіне байланысты екі түрлі жағдайда жүргізілуі мүмкін. Оның бірі сөзге лайықты келетін суретті табу да, екіншісі суретке қарап отырып, оның атын (сөзді) табу. Бұл екі әдіс те оқушылардың ойлануына, білгенін есте сақтауына көмектеседі. Тілдің күрделі мәселе екені оны жастай үйреніп, сол тілде жақсы сөйлеп тұрғанның өзінде де адам баласы өмір бойы сөзді үйренумен өтетіні белгілі. Олай болса, сөз туралы ұғым - оның қажеті қанша үйренген сайын, қыр-сыры молая беретін байлық. Сондықтан бұл принципті мектеп программасындағы лексика бөлімін оқушыларға саналы үйрету-дің бірден-бір қажетті жолы деп есептеуге болады.
Лексикалық мағына мен грамматикалық мағынаны салыстыру принципі арқылы лексикалық құбылысты нақтылап, анықтап дәлелдеп тануға, сөйлеу, жазу кезінде лексикалық қателерді болдырмауға көмектеседі. Мысалы, антоним, синоним, омонимдерді, көп мағыналы сөздерді оқытқанда, олардың (сөздердің) лексикалық мағыналарына көңіл бөлеміз де, грамматикалық мағынасына көңіл аудармаймыз. Айталық,омонимдерді өткенде дыбысталуы бірдей бола тұра, басқа-басқа ұғымды аңғартатын, бір-біріне байланысты емес сөздер деп түсіндіреміз, жаттығу, қайталау кездерінде бірізділікпен кетеміз бе, оның грамматикалық мағынасына көңіл аударылмайды.
Омоним грамматикалық мағыналарына жүйелі талдау жасалынып отырылса, бағыт алар еді. Мысалы, биле деген омоним сөз биді біле түсуге, музыкаға ойнау мағынасында қолданылса да, басқару, (ел біледі) деген мәнде айтылса да, етістік болып қала береді, Ал түс (түс көру), түс (төменге түс), түс (түскі мезгіл) сөздері омоним болғанымен, әр түрлі сөз таптарынан жасалған. Омоним сөздер бір сөз табынан да, әр түрлі сөз табынан да жасала береді. Ал синоним, антоним сөздердің тең бір сөз табынан ғана болатынын түсіндірудің де маңызы үлкен.
Диахрониялық принцип - тіліміздегі сөз байлығының пайда болу, жасалу, қалыптасу тарихын халық өмірімен салыстыра түсіндіруге негізделген, ол басқа тілден енген сөздер, көнерген сөздер мен неологизмдер, кәсіби сөздер туралы ұғымдарды түсіндіру, ұқтыру, меңгерту барысында қолданылады. Сөйтіп, диахрониялық принцип - оқушыларға сөздің тарихын, шығу тегін, не пайда болу себебін ашып түсіндіру жолымен лексикалық мағынаны анықтау. Мысалы, орыс тілінен енген машина, трактор, комбайн, колхоз сияқты сөздердің тілімізге енуінің себебі қазақ халқының тарихымен байланысты. Немесе көнерген сөздерді, неологизмдерді де халық тарихымен салыстырып, би, хан, сияқты сөздерді қазір халық неге қолданбайды,не үшін спутник, ұшқыш сияқты сөздер пайда болды деген сұрақтар төңірегінде әңгіме жүргізіледі.
Оқушы осылай салыстыра түсіндіру арқылы басқа тілден сөз ену, кей сөздің көнеріп, кей сөздердің тілімізде жаңадан пайда болып жатуы қазақ халқының тарихындағы өзгерістерге, даму жолына байланысты екенін аңғарады. Мысал үшін оқушыға тың сөзін талдатсақ, қазақ халқының өміріндегі ұлы өзгеріске байланысты байырғы сөздің мағынасы жаңарып, жаңа сөздің пайда болғанын ұғады. Мысалы, тың сөзінің бұрын сын есімге жататын сөз болғанын тың күш, тың көлік, тың жер сияқты зат есімге анықтауыш ретінде тіркесетінін түсіндіре келіп, қазіргі тың сөзінің лексикалық мағынасын талдап, оның зат есім ұғымында жұмсалатынын айту қажет. Бұл сөйлемдерде тың сөзі бұрынғы сынды аңғартатын мағынасынан алыстап, не? деген сұраққа жауап беретін белгілі бір территорияны, елімізге әйгілі астықты өлкені аңғартып тұр. Оқушылар тың сөзінің ішкі мағынасындағы өзгеріс қазақ халқының мекені Қазақстанда болған тың игеруге, ұлы оқиғаға байланысты туғанын түсініп, сөз бен халық тарихы бір-бірімен сабақтас, жалғас жататынын түсінеді. Сөз тарихы мен тарихын салыстыра түсіндіру әр түрлі жолмен жүргізіледі.
Сөз және оның мағынасы туралы түсінік беру жолдары. Сөз туралы теориялық түсінік алғаш рет 2-сыныпта таныстырылады. Бұл тақырып ең алдымен сөздің дыбыстардан құралатынын, дыбыс әріппен таңбаланатынын оқушылардың есіне түсіруден басталады. Заттың атын, қимылын, сынын, санын білдіретін сөздердің мағыналарына назар аударту арқылы әрбір сөздің белгілі бір заттың, сын-сапаның, қимылдың атауы екенін аңғартамыз. Содан соң сөздегі дыбыс өзгергенде оның мағынасы да өзгеретіні байқатылады. Мысалы: терек - зерек, шөл-төл - сөл, жаз - жақ - жал - жар т.б. Сөз туралы түсінік берілгеннен кейін сөз мағыналарының әр алуан түрлерін (мәндес сөздер, мағыналары қарама-қарсы сөздер, әр түрлі мағынадағы сөздер) жеке-жеке таныту көзделеді. Бұлардың бәріне ортақ басты нәрсе сөз мағыналарының түрлерін таныту, оқушылардың сөздік қорын молайту, байланыстырып сөйлеу дағдысын жетілдіру.
Енді сөз мағынасын түсіндіру әдіс-тәсілдеріне қысқаша тоқталып өтейік.
1. Сөз бейнелейтін затты көрсету. Бастауыш сынып окушыларына жаңа сөздің мағынасын түсіндірудің ең қарапайым әдістерінің бірі - сол сөз бейнелейтін затты көрсету. Бұл әдіс көбінесе мектеп музейін аралағанда, әр түрлі экскурсияларда, тәжірибе шаруашылықтарымен танысу барысында жиі қолданылады. Мысалға, 1-сыныптан бастап оқушылар жемістердің, гүлдердің, өсімдіктердің атауларына байланысты жаттығуларды жиі орындайды. Ал экскурсиялар мен тәжірибе шаруашылықтарында бұл заттардың өзін көзбен көру ұмтылмас әсер қалдырады. Мұндай тәсілді, әсіресе, "Зат есім", "Етістік" тақырыптарына байланысты кездесетін жаңа сөздерді үйрету барысында жиі қолдану қажет.
2. Заттың суретін көрсету әдісі. Жаңа сөздер бейнелейтін заттардың немесе қимылдардың суретін көрсету арқылы түсіндіру. Заттың атын, сынын білдіретін жаңа сөздерді түсіндіру үшін, сол зат бейнеленген түрлі түсті суретті көрсетумен шектелсек, ал қимылды білдіретін яғни "Етістік" тақырыбына байланысты жаңа сөздерді түсіндіру үшін сюжетті суреттер қажет.

Тапсырма: 1) Лексика тарауы бойынша тақырыптарды (КТЖ бойынша) кестеге түсіру,сағат сандарын аныктау. 2)ҚМЖ сабақ жоспары (3 саб жоспары) 3) Лексика таруының зерттелуі .

Ұқсас жұмыстар
5-ші сыныпта интерактивті тақтаны пайдаланып My Computer тақырыбына жасалған сабақ жоспары
Мұғалім жасалған сабақ
Сабақтың кезеңі
Ағылшын тілі сабақтарында CLIL технологиясы
Кәсіби сала терминдерін білу
Оқушыларға тіл нормаларын меңгерту
Тәртіп бұзған оқушы туралы
5-сыныптарға арналған жаттығулар,олардың ерекшеліктері
Ағылшын тілі сабағын өлеңдермен өрнектеп өткізу
Ағылшын тілін оқытуда ойын түрлерін қолдану мақсаты
Пәндер