Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Сегіз қырлы бір сырлы


Сегіз қырлы бір сырлы.
Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Жаңажол ауылы,
Айдархан орта жалпы білім беретін мектебінің география пәнінің мұғалімі
Мырзақұлова Әсел Есентайқызы
Сабақтың тақырыбы: Сегіз қырлы бір сырлы
Мақсаты: Оқушылармен бірге «8» санының сырын ашып,мағынасын
түсініп,сегіз қырлы бір сырлы қабілеттерін жетілдіру
Күтілетін нәтиже: Ойларын ашық айту, сөз өнері, жетістіктерін
көрсететін портфолио жинақтау.
Барысы: 1. Ұйымдастыру. Жылы шеңбер құру.
Қайырлы күн, қымбатты ұстаздар, аяулы шәкірттерім.
Үйге берілген тапсырмам бойынша «Танысу» тренингін бастап көрелік.
- Өзіңді неге теңер едің? Суретін салып келу ( Күнге, жұлдызға,гүлге
т.б)
- Есіміңнен басталатын « сиқырлы сөздер» жазып келу
- Әсел- Әсем Сәнді Ерке лебізім
Сыныптағы барлық оқушылар қысқаша болса да, толығымен өздері туралы
жақсы ойларын ортаға салады.
Балаларға тәрбие сағатын бастауға жақсы көңіл-күй қалыптастырамын.
- Оқушылар , енді тақтаға назар аударайық бүгінгі тақырыбымыз:
«8 қырлы 1 сырлы»
Ой қозғау: 8 саны және тақырыптың мағынасын бірге ашамыз
- 8ші сыныптамыз
- Сыныпта 8 қыз
- Халықаралық 8-ші наурыз
- Бүгін 8-ші желтоқсан
- 8санының өзіндік сыры : дүниеде бәрі алма кезек, 8 саны шексіздікті,
қайта оралуды көрсетеді, не істесеңде ойланып істе деген
даналарымыздың өмірлік өсиетін еске сақтап жүрейік.
- 8 қырлы, 1 сырлы адамға: жан-жағынан қабілетті, талантты болу үшін де
тәрбие мен білім керек.

Мағынаны тану.
1 тапсырма: Тақтада « Құрметтеймін» сөзі , мәнін ашу үшін ақ параққа
жазып ойланамыз.
Ана

Әже
Әке

Ата
Ұстаз

Аға
қарындас
Іні
сіңлі
Дос Әпке

Оқушылар осы сызбанұсқа бойынша барлығы өз ойларын айтады
Түйіні: Ата болып ақыл айтып көріңіз,
Әже болып ертегі айтып беріңіз.
Әке болып еркелетіп көріңіз,
Ана болып мейірімділік төгіңіз.
Аға болып үлгі көрсет кішіге,
Іні болып көмектес сен ісіне.
Әпке болып мейіріміңмен аяла,
Қарындас боп бауырында саяла.
2 тапсырма: Тақтада «Ынталымын» сөзі, мағынасын ашу үшін қолдарына қиық
суреттер беріледі. Таңдап алған суретіне әр бала өлең шығарып, тақтаға
іледі. Бұл сезімнен туған ойлар, суретті галерея болып шығады. Соңынан осы
бейнелерге қарай отырып, қандай ғылым мен білім саласына қатысы барында
айта кетсе, өте мазмүнды болады.
Түйіні: «Ақыл – шырақ, қара түнді ашатын,
Білім- жарық , нұрын саған шашатын»

Ж.Баласағұн
3 тапсырма: Тақтада «Ризамын» сөзінің мәнін ашу үшін, балаларға «Кәмпиттен
жасалған көйлек» ертегісін оқып, алған әсерлерін тыңдаймын.

Кәмпиттен жасалған көйлек (ертегі)
Бір күні ханшайым айнаға қарап тұрды да, терең күрсініп:
- Мынау көйлектер мені тойдырды.
Жібек, мақпал, шілтер т.б. Мұндай көйлектер барлық қыздарда бар.
Маған ерекше көйлек қажет. Жұрттың бәрі таң қалатын болсын, - деп
тепсінді.Ханшайымның сөзін оған ғашық жас жігіт естіді.
Ол бірінші көйлекті ермексаздан жасап әкеліп еді, көйлегі күн
көзіне ери бастады. Ханшайым мұрнын шүйіріп, көйлекті лақтырып
тастады.
Екінші көйлек түрлі түсті қағаздан жасалды. Жел соққанда көйлек
қатты сытырлап, Ханшайымның берекесін қашырды. Көңілі қалған жігіт
көйлекті ағаштан немесе теріден жасарын білмей ел кезді.
Ақырында кәмпит сататын дүкен көзіне түсті. Түрлі кәмпит, мәмпәсилер
күн көзіне жалтырап, көздің жауын алады екен.
Бұл көйлек кәмпиттен жасалады, - деп шешті жігіт.
Түні бойы кондитер екеуі кәмпиттен көйлек жасап, таңертең патша
сарайына жеткізілді.
- Қандай керемет! – деп қуанғанынан айғайлап жіберді ханшайым.
Күмпиген етегі бар, жақұттай жарқыраған қызғылт, жасыл мұз
кәмпиттер көздің жауын алады екен.
Құмшекерден жасалған өрнектер, мармелад ленталар, мәмпәси белдік – бәрі
де ерекше әдемі еді.Ханшайым сарай алдына шыға келгенде, тәтті иіске
көбелектер үймелеп, айналшықтап, кетпеді. Адамдар көйлекті көріп,
келе бастады. Балалар мен иттер тәтті көйлекті жалап, дәмін көруге
ұмтылды, күзетшілер оларды жолатпады.Ханшайым алаңда серуендеп жүріп,
таң қалған дауыстарды естумен болды.Бірақ оны ренжіткен жағдай –
бәрі таңғажайып көйлек пен оны жасаған шебер туралы айтумен болды.
Көйлек кімнің үстінде екені туралы бір ауыз сөз болған жоқ.Ханшайым
өзі ұмытылып қалғанын сезіп, қатты ренжіді. Ғашық жігіт те
қайғырды.Бір мезгілде аспанда бұлт пайда болып, жазғы жаңбыр құйып
берді. Кәмпит көйлек көздің жауын алып, ери бастады.
- Қараңдар, көйлек еріп барады! – деп айқайласты адамдар. Шынында да
Ханшайымның үсті алуан түрлі түске боялды. Жігіт тездетіп ханшайымды
сарайға кіруге шақырды. Күні бойы қызметшілер оны жабысып қалған
кәмпиттерден тазартумен болды. Кешкі тамақтан кейін ханшайым жігітті
шақырып алып, былай деді.
- Білесің бе, бүгін мен өте маңызды нәрсені түсіндім. Сенің
үстіңдегі киіміңе емес, өзіңе таңданғаны әлдеқайда жақсы екен ғой.
Солай емес пе?
Жігіт әрқашан да ханшайымның өзіне таңғалып келгенін айтқысы келді.
- Ертегінің басты мағынасы неде?
- Адамның несіне тандануға болады?
Осы жерде « Таққа отыру» тренингін қолданамын. Ортаға шыққан адамды хан деп
ойлап оған тек « жақсы» тілектер айтамыз.
Түйіні: «Жақсы мінез адамға азық та, киім де тауып береді. Көңіл – терең
теңіз, білім- тереңінде жатқан інжу- маржан»
Ж.
Баласағұн
4 тапсырма: Тақтада « Лайықтымын» сөзі. Оқушылар өткен оқу жылынан
бастап жинаған жетістіктері бар, папкаларын өздері қорғайды.
Білімде, өнерде, спортта, еңбекте алған марапаттары туралы айта отырып, 8
қырлы, 1 сырлы қасиеттерге ары қарай талпыныс пайда болады.Өзін –өзі
бағалайды.
Түйіні: «Өзіне сенген адамның қолынан көп нәрсе келеді»

А.Гумбольдт
5тапсырма: Тақтада « Ынтымақтамын» сөзі. Мағынасын ашу үшін тақтаға
суреттер ілінеді, оқушылар ой- толғаумен елімізге балалық ақ тілектерін
айтып береді.
Түйіні: Ынтымақ, бірлік, келісім
Ең асыл байлық ел үшін!
Осы тапсырмаларды орындап шыққанда « 8 қырлы» сөзінің сиқырлы мәнін ашуға
тырыстық
Соңғы «1 сырлы» сөзінің сырына тоқталатын болсам. Жетінші сыныпты алған
оқушыларыммен жұмысымның қорытындысын «Жетістігім 7-ші сыныбым» деп берсем,
биылғы шәкірттерімен қарым-қатынасымды
«8-ші сыныбым сырласым» деп бастадым. Өткен оқу жылында сыр бөлісу
мақсатында, оқушыларыма «хат» жазу стилін қалыптастырдым. Оның түрлері:
«Шәкіртке хат», «Ата- анаға хат», «Досыма хат» деп басталған еді. Балалар
мен ақылдаса келе, бүгінгі сырласу хаттарын мектеп ұжымындағы түрлі
мамандық иелеріне арнадық. Балалық көңілмен, шын жүректен, ақ ниетпен
жазылған хаттарын қабыл алып, барынша әділ жауап беруіңізді сұраймын.
Оқушылар жазған хаттарын ұсынады. Балалардың хат жолдаған тұлғалары: Мектеп
директоры
Тәрбие ісі орынбасары
Тәлімгер
Ұйымдастырушы педагог
Кітапханашы
Қосымша білім беру педагогы
Тарих пәні мұғалімі( тарихтан тереңдетілген сынып)
Психолог
Мектеп медбикесі
Сынып жетекші.
Аталған хаттар құпия сақталады, ал маған жазған хатты, яғни сынып
жетекшісіне ортаға оқытамын. Менің байқамай жүрген жақтарымды, балалар
көзімен көруге болады, бір кезек оларды тыңдай білуде өнер.
Тәрбие сағатының басында айтқанымдай, 8 санындай дүние алма кезек, біздің
келешегіміз, осы балалар. Болашақта біздің орнымызға келетін, елінің
ертеңін ойлайтын «жеке тұлға» бүгіннен қалыптасады.
Қорытынды түйін: Адам- көп қырлы, мың түрлі: бұл- оның ең үлкен бақыты
-----------------------
Құрметтеймін


Ұқсас жұмыстар
Ақан сері өмірі мен шығармашылығы
Жігіт сұлтаны 2014 "сегіз қырлы бір сырлы" 7 сыныптар арасында
Сәкен Сейфуллиннің шын есімі
Жігіт сұлтаны
Жігіт сұлтаны сайысы
XX – ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ ИНТЕЛЕКТУАЛДЫҚ ОЙЫНЫ
Қыз Жібек тобы
Психикалық дамуы кешеуілдеген оқушылардың білімге деген қызығушылын арттыру
"Адамгершілік" – рухани тәрбие беруде халық педагогикасын пайдалану жолдары
Жас өспірімдерді тәрбиелеуде этнопедагогиканың ролі
Пәндер