Иық ұзындығы

№10 Шу колледжі

"Киім құрастыру" пәні

185 топ

Сагинбекова А. Ж.

2018 жыл

Мақсаты:

Білімділік: Белдемше түрлерімен таныстырып, сызба, өлшем алу технологиясын үйрету.

Дамытушылық: Эстетикалық талғамы мен ұйымдастырушылық ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Белсенділікке, жауапкершілікке, іскерлікке, шеберлікке, өзін-өзі жетілдіруге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: сызба, суреттер, кестелер, плакаттар, сантиметрлік таспа.
Сабақтың типі: жаңа сабақты игерту
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, " Шашу әдісі ", « Меннен- сұрақ, сізден- жылдам жауап»., «Кім тапқыр?» ойыны, "Кір жаю"әдісі. (Интерактивті әдістер)
Пәнаралық байланыс: геометрия, сызу.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Сәлемдесу, түгелдеу
ә) Білімгерлердің сабаққа дайындығын тексеру.

Сабақтың барысы:

1. «Менен- сұрақ, сізден- жылдам жауап»/ үй тапсырмасы/

2. «Кім тапқыр» / сөзжұмбақты шешу/

3. «Тыңдап біліп аламын»/ жаңа сабақ/

4. «Болмасаңда ұқсап бақ»/ өлшем алу/

5. «Тығырықтан қалай шығам?»/ ситуациялық сұрақтар /

6. Қорытынды. «Кір жаю әдісі» / сұрақ-жауап /

7. Үй тапсырмасы, бағалау.

Ұйымдастыру бөлімі : «Тігінші мамандығы неге үйретеді?» деген сұраққа жауап беріп көрейік.

Білімгерлер жауабы : Өнерге үйретеді, ақыл-ойды дамытады, тұрмыс тіршілікке араласуға үйретеді, шеберлікке үйретеді, іскерлікке үйретеді, жаңа технологияны пайдалануға үйретеді, киім тігуге үйретеді.

Ендеше тігінші мамандығына бар зейінімізді қойып, сабағымызға белсене қатысамыз.

" Шашу әдісі " арқылы топқа бөлінеді.

Қызыл түсті:І топ-іскерлер Сары түсті: ІІ топ-шеберлер Жасыл түсті:ІІІ топ-тігіншілер

1. Үй тапсырмасын тексеру: «Менен- сұрақ, сізден- жылдам жауап».

Жартылай мойын айналымы - Мойынды толық айналдыра өлшейді

Жартылай бел айналымы - Бел сызығын айналдыра өлшенеді

Кеуде ені - Кеуденің жоғарғы жағынан екі қолтық астынан көлденен өлшенеді

Қолтық ойындысының биіктігі - Иықтың жоғарғы кеуде айналымы сызығына дейін өлшенеді

Қиғаш иықтын биіктігі - Иықтың белге дейінгі арақашықтығы өлшенеді, белмен беломыртқаның қиылған жері

Кеуде биіктігі- Мойын тұғырынан иық ылдиының ортаңғы сызығынан кеуденің жоғ-ғы нүк-е дейін

Жартылай мықын айналымы- Мықынды айналдыра іштің шығынқы тұсын ескере отырып өлшенеді

Иық айналымы - Қолдың ең жуан жерін айналдыра өлшейді

Жартылай кеуде айналымы - Сантиметрлік таспа арқада жауырынын үстінен, қолтықтын астынан, кеуденін көтерінкінен тіке өлшенеді .

Иықтың ені- Мойынмен иықтың қиылысқан жеріне дейін өлшенеді

Арқаның ені - Жауырынның шығынқы үстінен екі қолтық астынын аралығы

Отыру биіктігі - Бел қиығынан бастап отырыс жазықтығына дейін өлшенеді

2. «Кім тапқыр» /Сөзжұмбақты шешу/

Қол жұмысы кезінде қолданылатын құралдар мен жабдықтар атаңдар?

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: " Қыздар белдемшесін құрастыру "

Мақсаты: Белдемше түрлерімен таныстырып, өлшем алу технологиясын үйрету. Эстетикалық талғамы мен ұйымдастырушылық ойлау қабілеттерін дамыту. Белсенділікке, жауапкершілікке, іскерлікке өзін-өзі жетілдіруге тәрбиелеу.

3. «Тыңдап біліп аламын»/Жаңа сабақ/Белдемше түрлері, тарихы.

Әйелдердің белдікті киімдерінің ішіндегі ең көп тарағандарының бірі-белдемше. Белдемше /юбка /- дененің төменгі жағын жабатын әйелдердің киімі. Белдемше қыз балалардың ең қажетті киім түрі болып саналады, оны әр түрлі жейдемен, кеудеше, костюммен кие беруге болатын әрі кең тараған ыңғайлы киім.

Белдемше көне тас ғасырында аң терісін беліне қыстырып қолданған кезден пайда болған, белдемшені тек қыздар ғана емес, оны кейбір елде (Шотландия) ерлер де киген. Орта ғасырларда белдемше дегеніміз белге оралған, ұзындығы тізеге дейін жеткен киім еді.

ХV ғасырдан бастап готикалық белдемшелері көкірек тартқышқа бекітілді.
ХVI ғасырларда бай әйелдер шомбал, көлемді, салмағы ауыр киімдер кие бастады. XVII ғасырда бүрмелеу, түлі - түсті гирлянд, өрнектеу, шашақтар сияқты әшекейлеуі көп белдемшелер көбірек пайда болды.
XIX ғасырда ғажайыбы мол мода белдемшені біресе кең, біресе тар, етіп, оған шлейф жапсырмалатып, сымнан жасалған қатпарлы каркастар ілініп жасалды.

  • ХІХғасырда қыздардың белдемшелері кең етекті, бірнеше қабаттан тұратын ұзын болды. Оларды қымбат матадан желбір салып, гүлмен әшекейлеген. Заманның өзгеруіне байланысты белдемшенің ұзындығы мен көлемі кішірейді. Белдемшені кез- келген матадан тігуге болады. Мысалы: жазда салқын түстегі (ақ, көк, көгілдір), жеңіл маталарды пайдаланамыз. Қыстыгүні жылы түстегі(қара, қызыл) қалың маталарды қолданамыз. Белдемшеге мата таңдау белдемше моделіне, пішініне, мезгілге байланысты таңдайды. Тік белдемше дайындағанда тығыз, ауыр ( жүн, зығыр, тоқыма) маталарды пайдаланған дұрыс. Ал қиық, күліш белдемшелерге жеңіл, жібек маталар қолданылады. Белдемшені жылдың төрт мезгілінде киюге болғандықтан бүйым тігілетін матаны соған сәйкес тандаған жөн.

Конструкциялық ерекшеліктеріне байланысты белдемшелер 3 негізгі топқа бөлінеді.

Тік

Белдемше Қиықты

Кең етекті

Белдемше конструкциясын жасау үшін 3 негізгі өлшем алынады.

  • Жба- жартылай бел айналымы
  • Жма- жартылай мықын айналымы
  • Бұ- бұйымның ұзындығы

Белдемшеге әдемілік, қарапайымдылық, ыңғайлылық, гигиеналық, экономикалық талаптар қойылады.

Белдемше сызбасын жасауға арналған өлшемдер

Өлшем атауы
Өлшемнің белгіленуі
Өлшемді алу ережесі
№: 1
Өлшем атауы: Мықынның жартылай орамы
Өлшемнің белгіленуі: Мжо
Өлшемді алу ережесі: Бөксенің шығыңқы нүктесінен алдыңғы жағына қарынның дөңестігін ескеріп.
№: 2
Өлшем атауы: Белдің жартылай орамы
Өлшемнің белгіленуі: Бжо
Өлшемді алу ережесі: Белбеу бойымен көлдеңенінен бел сызығы
№: 3
Өлшем атауы: Бұйымның ұзындығы
Өлшемнің белгіленуі: Бұ
Өлшемді алу ережесі: Оң жақтан бел сызығынан төмен қарай қажетті ұзындыққа дейін түсіріледі.

Тік белдемше сызбасы

Ба Ба1

Ба : 2

84 : 2= 42

42 : 2= 21

Ма Ма1

Ма : 4

Артқы Алдыңғы 100 : 4 = 25

бой бой

Бұ = 60

Ба = 84 : 2 : 2 + 2 =23

Бұ Бұ1 Ма = 25 + 2 = 27

Бұ ені = 25 + 2 =27

4. «Болмасаңда ұқсап бақ»/Өлшем алу/

Сендер ательеде жұмыс жасайсыңдар. Сендерге тапсырыс берушілер келді. Белдемше өлшемін қалай аласыңдар?

Әр топтан екі оқушы шығып, бірінің өлшемін алып көрсетеді.

а) Киімді конструкциялауда негізгі операциялардың бірі «өлшем алу» болып табылады. Киім тігу үшін алдын ала өлшемін алу керек. Өлшем алу кезінде адам екі аяғына салмағын тең түсіріп, өкшелерін алшақ салып, қолын төмен түсіріп, денесін босаң ұстап тыныш тұру керек. Өлшемін алғанда денені қыспайтын киіммен өлшемін алған жөн. Өлшеу кезінде сантиметрлік лентаны кермей не босатпай ұштарын алдыңғы жақта түиістіреді.

Өлшемін алар кезде адамның оң жағында тұрып өлшеу керек.

ә) Өлшем алу үшін мына ережелерді сақтау қажет
1. Өлшемді адамның оң жағында тұрып алады, алдымен алдыңғы жағынан, одан кейін артқы жағынан өлшейді.
2. Белді алдын ала жіппен буып қояды
3. Өлшем алынатын адам тіке тұруы қажет
4. Денені өлшегенде таспаны тартуға немесе босаңсытуға болмайды
5. Ұзындық өлшемдерін толық жазып алады
6. Айналым және ен өлшемдерін жартылай жазады
Өйткені сызба тұлғаның жартысына ғана орындалады

б) Жұмыстың орындалуы:
1. Өлшем алушы адам тұлғасының оң жағында тұруы керек.
2. Белдің жартылай орамын алу.
3. Мықынның жартылай орамын алу.
4. Бұйымның ұзындығын алу.
5. Алынған өлшемдерді дәптерге жазу.


5. «Тығырықтан қалай шығам?»

Топтарға ситуациялық сұрақтар беріледі.

  1. Саған өз белдемшесінің өлшемін білмейтін әйел адам келді. Нешінші размерлі белдемше алатынын сізден сұрады. Сен қандай өлшем алып, размерін қалай тауып бересің?Белдемшенің өлшемін бел, мықын айналымын түгел өлшеп, екіге бөлеміз. Мысалы :бел айналымы 96 см болса, екіге бөлгенде 48 шығады. Әйелдің өлшемі 48 өлшем.
  2. Көршің жаңа белдемше алған. Белдемше ұзындау екен. Оны қысқартып беруін сенен өтінді. Сен қалай қысқартасың? Үстіңе кигізіп, керекті ұзындығын өлшеп алып, тігінші боры мен түзулеп сызып, қысқартамыз.
  3. Саған тапсырыс беруші белдемше тігуді өтінді. Сен қандай өлшем аласың?Бел айналымын, мықын айналымын, бұйым ұзындығын өлшеп алып, лекало жасап, матаға үлгісін түсіріп, белдемше тігемін.

6. Қорытынды. «Кір жаю әдісі»

  • Белдемше дегеніміз не? Белдемше/юбка/- дененің төменгі жағын жабатын әйелдердің киімі.
  • Белдемшенің түрлерін ата?Тік, қиықты, кең етекті.
  • Белдемше тігу үшін қандай өлшемдер қажет ?Бел айналымы, мықын айналымы, бұйым ұзындығы.
  • ЖМа өлшемінің қолданылуы?Бөксенің шығыңқы нүктесінен алдыңғы жағына қарынның дөңестігін ескеріп өлшем алынады.
  • ЖБа өлшемінің қолданылуы?Белбеу бойымен көлдеңенінен бел сызығы
  • Бұ өлшемі қалай алынады?Оң жақтан бел сызығынан төмен қарай қажетті ұзындыққа дейін түсіріледі.

Үйге тапсырма беру . Әр оқушы өзіне ұнайтын бір белдемше сызбасын сызып келу.

Бағалау.

Бүгінгі сабақтан үйренгенімізді өмірде қолданып, іске асырсақ, бүгінгі сабақтың мақсатының орындалғаны. Ешқашан ерінбей, өнер, білім үйренсем екен деген талпыныстарың арта берсін.

І топ

«Тығырықтан қалай шығам?»

Саған өз белдемшесінің өлшемін білмейтін әйел адам келді. Нешінші размерлі белдемше алатынын сізден сұрады. Сен қандай өлшем алып, размерін қалай тауып бересің?

ІІ топ

«Тығырықтан қалай шығам?»

Көршің жаңа белдемше алған. Белдемше ұзындау екен. Оны қысқартып беруін сенен өтінді. Сен қалай қысқартасың?

ІІІ топ

«Тығырықтан қалай шығам?»

Саған тапсырыс беруші белдемше тігуді өтінді. Сен қандай өлшем аласың?

Үлгі түсіру тәртібі
Белдемшенің арты:
1. Өлшем алу, белі өлшенеді, жіппен байлап қойылады, өлшемді 2-ге және 2-ге бөліп, шыққан санды белінің ¼ жазады.
2. Белін өлшегенде қатарма (выточка) сызылады.
3. Бөксесінің өлшемі 2-ге және 2-ге бөліп беліндегідей шығарады.
4. Ұзындығы бөлінбейді, ұзындыққа 4 см етек бүгіндісіне артық беріледі.
5. Бөксесі сызылған соң оған да 2 см артық тігіске беріліп сызылады.
6. Сызылып болған соң тігіске артық өлшеммен қосып кесіп алынады.
7. Кесілген үлгіні, екіге бүктелген матаға бастырып, сызып алынады. Бормен сызылған жерден инемен түйреп қойылады да, екінші бетіне көшіріліп сызылады. Болған соң инелерді алып, қатармаларды көктеп алынады, алдымен артын қосып көктейміз.

Белдемшенің алды:
1. Өлшем алу, белі өлшенген соң, өлшемді 2-ге және 2-ге бөліп шыққан санға +2 см (кеңдік үшін) қосып есептеп белгіленеді.
2. Беліндегі қатарма (выточка) есептеліп сызылады.
3. Бөксесі есептеліп 2-ге және 2-ге бөліп алған соң, оған бастырып, сызып алынады. Бормен сызылған жерден инемен түйреп қойылады да, екінші бетіне көшіріліп сызылады. Болған соң инелердң алып, қатармаларды көктеп алынады, алдымен артын қосып көктейміз да кеңдік үшін 2 см қосып есептеп сызамыз.
4. Ұзындығы бөлінбейді, ұзындыққа 4 см етек бүгіндісіне артық беріліп сызылады.
5. Сызылып болған соң, тігіске берілген артық өлшеммен қосып кесіп аламыз.
6. Кесілген үлгіні, екіге бүктелген матаға.

Тақырыбы: Белдемше сызбасын жасау

Р/с
Жұмыстың орындау реті
Сызбасы
Р/с:
Жұмыстыңорындау реті:
Сызбасы:
Р/с:
Жұмыстыңорындау реті:
Сызбасы:
Р/с: 1
Жұмыстыңорындау реті: Тік сызық жүргіземіз Т, Б, Н нүктелеріне көлденең сызық жүргіземіз.
Сызбасы:
Р/с: 2
Жұмыстыңорындау реті: Бөксе сызығын анықтап үзік сызықпен көрсетеміз.
Сызбасы:
Р/с: 3
Жұмыстыңорындау реті: Қатырмалардың орналасуын көрсетеміз.
Сызбасы:
Р/с: 4
Жұмыстыңорындау реті: Бел сызықтарын белгілейміз.
Сызбасы:
Р/с: 5
Жұмыстыңорындау реті: Бүйір қиықтарын, бөкседен төмен қарай тіктеп 3-5 см-дей кең етіп белгілеуге болады.
Сызбасы:

Көйлек сызбасын жасау үшін өлшемдер

Шартты белгілер
Өлшем аты
Өлшеу тәсілдері
№: 1
Шартты белгілер: МойЖо
Өлшем аты: Мойынның жартылай орамы
Өлшеу тәсілдері: Мойын тұғыры бойынша жетінші мойын омыртқасы және алдыңғы күретамыр ойдымы арқылы
№: 2
Шартты белгілер: КЖо I
Өлшем аты: Кеуденің жартылай орамы(бірінші)
Өлшеу тәсілдері: Артқы жағынан- жауырын бойынша көлденеңінен қолтық ойдымы бұрыштары деңгейінде, алдыңғы жағынан- кеуде безінен жоғары
№: 3
Шартты белгілер: КЖо II
Өлшем аты: Кеуденің жартылай орамы (екінші)
Өлшеу тәсілдері: Артқы жақтан КЖо I сияқты, алдыңғы жақтан- кеуде бездерінің шығыңқы нүктелері арқылы
№: 4
Шартты белгілер: БЖо
Өлшем аты: Белдің жартылай орамы
Өлшеу тәсілдері: Бел сызығындағы резеңке бойынша көлденеңінен
№: 5
Шартты белгілер: МЖо
Өлшем аты: Мықын жарты орамы
Өлшеу тәсілдері: Көлденеңінен мықынның шығыңқы нүктелері деңгейінде алдыңғы жағынан (іштің шығыңқылығын ескеріп)
№: 6
Шартты белгілер: Кбж
Өлшем аты: Кеуде биіктігінің жартысы
Өлшеу тәсілдері: Қолтық ойдымы кеуде безінің үстімен алдыңғы бұрыштар аралығы
№: 7
Шартты белгілер: Кб
Өлшем аты: Кеуде биіктігі
Өлшеу тәсілдері: Мойын тұғырынан иық ылдиының ортаңғы сызығынан кеуденің жоғарғы нүктесіне дейін
№: 8
Шартты белгілер: АБұ
Өлшем аты: Алдыңғы бойдың ұзындығы, бел сызығына дейін
Өлшеу тәсілдері: Мойын тұғырынан кеуденің жоғарғы нүктесі арқылы бел сызығына дейін
№: 9
Шартты белгілер: АрБұ
Өлшем аты: Артқы бойдың ұзындығы, бел сызығына дейін
Өлшеу тәсілдері: Артқы бойдағы мойын тұғырынан бел сызығына дейін
№: 10
Шартты белгілер: ИҚб
Өлшем аты: Иықтың қиғаш биіктігі
Өлшеу тәсілдері: Иық сүйегінен артқы бойдағы белсызығының ортасына дейін
№: 11
Шартты белгілер: АбЕж
Өлшем аты: Артқы бой енінің жартысы
Өлшеу тәсілдері: Қолтық ойдымдарының артқы бұрыштары арасындағы жауырындар бойынша
№: 12
Шартты белгілер: Иұ
Өлшем аты: Иық ұзындығы
Өлшеу тәсілдері: Мойын тұғырынан иық ортасымен иық сүйегіне дейін
№: 13
Шартты белгілер: Бұ
Өлшем аты: Бұйым ұзындығы
Өлшеу тәсілдері: Мойын тұғыры жанындағы жобаланған иық тігісінен бұйымның қажетті ұзындығына дейін

  • Осы кесте бойынша манекеннен өлшем алып үйренеміз. ( оқушылар манекенмен жұмыс істейді)
  • Оқушылар, адамға көйлек тігу үшін адамдар тұлғасының өлшемі керек екенін білдіңдер. Тұлғалар өлшемі үш топқа бөлінеді:

Матаны пішіп, пішімдер алу үшін алдын-ала сызбалар дайындалады. Пішімдер жасау өте жауапты операция. Ол үшін тігін бұйымының қандай бөлшектерден тұратынын және өлшемін дәл білу керек. Пішімді дайындаудың бірнеше әдісі бар: есепті-графикалық жүйе, макет жасау, муляжді әдіс, яғни матаны сәнмүсінге немесе дене бітімге түйреу. Көптеген есепті-графикалық жүйе әдістері үшін кез-келген пішімнің негізі сызба боллып табылады. Мұндағы стандартты өлшемдер дене бітімге арналады.


Ұқсас жұмыстар
Көйлек сызбасының негізін құрайтын өлшемдерді алу
Түнгі көйлек тігу. 7 сынып
Көйлек сызбасын жасау үшін қажетті өлшемдер.тор құрылымының сызбасын жасау
Оқушыларға сұрақтар қою
Баскетбол.Баскетбол элементтері бар қозғалмалы ойындар туралы
Тегіс жерлермен орташа қалыппен 400-600 м жүгіру. 5-сынып
Жаға, қондырма жең құрылымы. ҚР әлемдік шаруашыллыққа интеграциялау
Баскетбол.Баскетбол элементтері бар қозғалмалы ойындар
Қаңқаның негізгі бөлімдері
Гимнастикалық қабырғада асылып тұрып тартылу және теңселу. арқанға үш тәсілмен өрмелеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz