Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Тарих сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

БӨЖ
Тақырыбы: Тарих пәнін оқу барысында электронды оқулықтармен жұмыс істеу әдістемесі

Тобы: 129-28
Орындаған: Әйтбек Д.
Қабылдаған: Өтен Г.

Шымкент 2020 ж.

Жоспар:
Кіріспе:
Қазіргі еліміздің білім беру жүйесіне шолу
Негізгі бөлім:
1. Тарих сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
2. Тарих сабағында жаңа технология ретінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану
3. Сабақ барысындағы түрлі әдіс-тәсілдер
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

ХХІ ғасыр - қатаң бәсеке ғасыры. Еліміздің білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда. Қазақстан Республикасының <<Білім заңында>> <<Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтармен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу>> делінген. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының ұстаздарының негізгі мақсаты - қоғам дамуының қазіргі кезеңіне сай жастардың саналы ойлауын қалыптастыру, шығармашыл, өз мамандығын дұрыс таңдаған, ой - өрісі жоғары жеке тұлға дайындау. Қазіргі заман ағымына байланысты оқушылардың білімге қызығуын арттыру үшін мұғалімдерге жаңа талаптар қойылуда. Сол себепті оқытудың әр түрлі технологиялары жасалып, мектеп тәжірибесіне енгізілуде. Жан - жақты ізденістің нәтижесінде білім беру аясында жаңа педагогикалық технологиялардың саны да, сапасы да өсіп келеді.
Тарих сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін жаңа технологияларды ұтымды пайдалану қажет. Оқыту технологияларының құрылымдық элеметтеріне мыналар жатады: мақсат, мазмұн, әдістер, формалар, құралдар,оқушы, оқытушы, нәтиже. Оқыту технологияларына тән белгілер: негізділігі (кез келген технологияның өзіндік философиясы, өзіндік тұжырымдамасы болуы шарт); жүйелілігі (құрылымдық элементтердің біртұтастығы); басқарылмалығы ( оқыту үрдісін жоспарлап, нәтижесін бастан - аяқ тексеруге болатындығы); тиімділігі( қысқа мерзімде аз шығынмен жоғары нәтижеге жеткізу тиімділігі). Барлық технологиялардың мақсаты - пәнді оқытуда оқушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылықтарын қалыптастыру болып табылады [1, б. 86]
Ұстаздың міндеті - жеке тұлғаның өзіне, қоғамға қажетті қабілеттерін қалыптастыру, дамыту және өз бетімен білім алуына, өзін-өзі дамытуға қолайлы жағдай жасау. Осыған байланысты әр педагог сапалы білім мен саналы тәрбие берудің тиімді жолдарын іздестіру қажет, себебі ХХІ - ғасыр - білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры. Ақпараттық қоғамның негізгі талабы - оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық ойлау-құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны пайдалану дағдыларын қалыптастыру және оқушы әлеуметінің ақпараттық сауатты болып өсуі мен ғасыр ағымына бейімделе білуге тәрбиелеу, яғни ақпараттық қоғамға бейімдеу. Сол себепті тарихшы ұстаз өз пәнінің терең білгірі ғана болу емес, теориялық, нормативтік - құқықтық, психологиялық - педагогикалық, дидактикалық әдістемелік тұрғыдан сауатты және ақпараттық компьютерлік технология құралдарының мүмкіндіктерін жан - жақты игерген ақпараттық құзырлығы қалыптасқан маман болуы қажет, әрі оқушылардың білімін арттыру үшін сабақта АКТ құралдарын қолдана білу керек. Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін кез келген педагог өз ойын жүйелі түрде жеткізе алатындай, коммуникативті және ақпараттық мәдениеті дамыған, интерактивтік тақтаны пайдалана алатын, Онлайн режимінде жұмыс жасау әдістерін меңгерген мұғалім болуы тиіс. Сабақта жаңа технология ретінде ақпараттық технолгияны пайдалану сабақтың тиімділігі мен сапасын арттырып, білім берудің табысты болуына оң ықпал етеді. Ақпараттық-коммуникативтік технологияны барлық деңгейлерде жүйелі пайдалану арқылы оқушы сабақтарда алынған ақпаратқа талдау жасай білуге, ақпаратты дұрыс таңдау жауапкершілігін қалыптастыруға және өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландырады. Мектепте компьютерлік технологияны қолдану оқушы шығармашылығын арттыруда белсенді роль атқарады. Жеке оқушының компьютерде жұмысты сауатты орындауы, ақпарат көздерін ала білуі дара тұлғаның қалыптасуына әсер етеді. Компьютер оқушы үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып табылады. Олай болса барлық сабақтарды компьютер арқылы жүргізу - оқу үрдісін белсендіруге, проблеманы шешуге және шешім қабылдай білуге, оқушының өзін-өзі бақылауына мүмкіндік туғызады әрі оқушы ерекшелігін ескере отырып оқытуды жүзеге асырады. Оқытушы сабақты дұрыс жоспарлап, мақсатын нақты белгілеп алмайынша көздегеніне жете алмайды. Сабақтың мазмұнын, құрылысын, дәлдігін, жұмыс жүргізу тәсілін мұқият ойластыруы қажет.
Сабақта жаңа технология ретінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалануда өткізілетін сабақтарды жоспарлаудың талаптары:
-ақпараттық-коммуникативтік технолгиялармен жұмыс істей білуге үйрету;
-тарих пәніне деген қызығушылығын тудыру;
-өз бетінше орындауға берілген жұмыстарға жауапкершілікпен қарауға, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету;
-өзіндік пікір, тұжырым, түсінік келтіру;
-дайынды көшіріп алмай, салыстырмалы жұмыс істеу;
-пікірін, тұжырымын дәлелдей және қорғай білуге дағдыландыру;
Жоғарыда айтылған мақсатқа жету үшін оқытушының әрекеті:
-мұғалімнің білімділігі, тың идеяларды жеткізуі, компьютерлік сауаттылығы;
-сабақтың тақырыбына сай мақсаттың айқын болуы;
-білім мен тәрбиенің бірізділігі;
- сабақтың жүйелілігі;
- әр оқушының психологиялық ерекшелігін ескеру;
- әр сабақта интерактивті тақта мүмкіндіктерін кең түрде пайдалану;
- өз талаптарын бұйрық түрінде емес, кеңес түрінде ұсыну;
-оқушылар пікірлерімен санасу, ерекше идеяларға қолдау жасау;
- үйге берілетін тапсырманың уақтылы және нақтылы берілуі;
-бағалау нормалары сақталып, әділ бағалануы.
Ақпараттық технологияның көмегімен жүргізілетін сабақтарда оқушылар өзін белсенді және еркін, мұғаліммен тең дәрежеде ұстай алады. Тарих сабақтарында ақпараттық технологияны енгізу арқылы сабақтың белсенділігін арттыруға, дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға, сабақты шапшаң жүргізуге, өздік жұмыстың көлемін көбейтуге болады. Тарихшы ұстаз АКТ қолдану арқылы әртүрлі сабақтарға презентациялар дайындап, интерактивті тақта мүмкіндіктерін шебер қолдана білсе сабақтың тартымды әрі қызық өтетіні анық, әрі оқушы белсенділігін арттырады.
Әр сабақта интернет, электронды почта, электронды оқулық, ғаламдық ақпарат жүйесін пайдалана білуі тиіс. Кез - келген пәндік әдістеме оқушыларға сол пәнді тереңдетіп игеруге, алған білімді практика жүзінде қолдануы мен проблемалық жағдайлардан шыға алуымен айқындалады.
Ақпараттық технологиялардың бірі - интерактивтік тақта, мультимедиялық және онлайн сабақтары. Интерактивті тақтаның мүмкіндіктері мұғалімдерге баланы оқытуда бейне және ойын бағдарламаларын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Сондықтан бұл тақтамен әр сабақты қызықты өткізуді ойластырып, жоспарлаймын, себебі қолда бар мүмкіндіктерді пайдалану арқылы оқушыларды жаңа заман технологиясын игеруге үйретеміз.
Демонстрациялық материалдар даярлау, сыныппен кері байланыс жүргізу үшін интерактивті тақта мүмкіндігі шексіз. Интерактивті тақтаға термин сөздерді жазып, сөздікпен жұмыстар жүргізу оқушылардың сөздік қорын да байытып, қажетті мәліметтерді еске сақтауына мүмкіндік береді және осы тақырыпқа деген қызығушылығын арттырады. Мен тарих сабақтарында компьютерді, интерактивті тақтаны жиі пайдаланамын. Тақырыпқа байланысты суреттер, слайдтар, сызбалар, кестелер жасау, термин сөздерді жазу сабақ жүргізудің мазмұнын кеңейтіп, оқушылардың түсінігін тереңдете түседі. Кейбір сабақтарда видеофильмдер көрсетіп отырамын. Сабақты қорыту кезеңінде сынақхаттар, сөзжұмбақтар, ойталқы сұрақтарды да компьютерді, интерактивті тақтаны қолдану арқылы жүргіземін. Барлық бақылау жұмыстарының түрлерін және қорытынды тест жұмыстарын тек қана компьютер арқылы жүргіземін. Себебі бұл әдіс уақытты тиімді пайдалану үшін өте қолайлы. Оқу процесі кезінде компьютерді тиімді пайдалану және қолдану оң тәжірибе беріп отыр. Оқушылардың өз бетімен ізденісі, пәнге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылығын дамытуға, оқу қызметінің мәдениетін қалыптастыруға дербес жұмыстарын ұйымдастыруға ерекше қолайлы жағдай туғызып отыр. Тек сабақ кезінде ғана емес сабақтан тыс кезде де оқушылар компьютермен жұмыс жасауға арналған тапсырмалар беремін [3, б. 198]
Интерактивті тақта - басқаруға мүмкіндік беретін экран, көп функционалды, сабақ барысында қолданатын қажетті құралдардың бәрі кіреді, атап айтқанда;
- Бормен тақтаға жазылған кескінді интерактивті тақтадағы түрлі - түсті, ұқыпты кескінмен салыстыруға болмайды.
-Слайдтарда, флипчартта қателер жіберілсе, тез арада түзетуге болады.
-Сабақта Aktiv Vote тестілеу жүйесі арқылы тест алу мүмкіндігін қолдануға болады, бұл программаны мен 10-11 сыныптарды ҰБТ-ға даярлаған кезде сабақта жиі пайдаланып отырамын. Сонымен бірге өз қатеңді тап, жоқ сөздердің орнын толықтыр, есте сақта, сәйкестендір деген тапсырмалар жиі беріп отырамын.
Мысалы, интерактивті тақта арқылы картамен жұмыс жасау кезінде 8-сыныпта <<Сырдария қазақтарының Жанқожа Нұрмұхамедұлы мен Есет Көтібарұлы бастаған көтерілісі>> атты тақырыпта картадан көтерісшілер өткен жерлерді шартты белгілермен бегілеп көрсет, салыстыр, және қортынды жаса. Жаңа сабақты түсіндіруде пазл жинау әдісі де өте тиімді, суреттерді кесіп оларды құрастыру, мысалы: Сырым Датұлының суретін құрастырып, ол туралы өз ойларын айту.
Өзге құралдардан компьютердің ерекшелігі - оның қатысымдық құрал бола білуі. Бұл - мәтіндерді оқу, сұхбат жасау, жазу, тыңдау әрекеттері.
Мысалы 6-сынып оқушылары тарих пәні сабақтарында презентациялар жасап тақырыпты қорғауға жаттыққан. <<Алғашқы адамдар өмірі>> тақырыбын өткен кезде слайдтар жасалды, мәліметтер берілді, тексеру жұмыстары орындалды.
Өз жұмысымда мен көптеген электрондық ресурстарды қолданамын: мультимедиялық бағдарламалар, интернетте табылған материалдар, интерактивті тестілер, бағдарламар. Олар сабақты түрліндіреді және қызықты етеді, балаларды әр турлі жаңа технологияларды пайдалануға үйретеді.
Интернетте біз оқушылармен жобаларымызға түрлі керекті ақпаратты табамыз: мұражайлар жөнінде, дәстурлі жерлерді, елдерде болып жатқан оқиғаларды. әлемдегі экологиялық жағдайларды, ұлттық мерекелерді және т.б.
Электронды оқулықты пайдаланудыңда мүмкіндіктері өте көп. Электронды оқулықтарындағы тапсырмаларды орындау, тест жұмыстары, картамен жұмыс, бейнефильмдерді көру арқылы оқушылардың өз бетінше білім алуға ынтасын, қызығушылығын байқадым.Мен <>, <> бағдарламалары арқылы 6-сыныпта өтілген <<Алғашқы адамдардың өмірі>> тақырыбына әр түрлі анимацияларды, эффекттерді пайдаланып, бейне ролик жасадым
Сонымен, электронды оқулық мынадай жағдайларда тиімді: талапқа сай құрылған, кері байланыспен лезде қамтамасыз ете алады,белгілі бір бөлім бойынша білімді тексереді; қысқа мәтінмен көрсете, айта және модельдей алады. Электронды оқулық оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және оқушының ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді. Әр оқушы қажет жағдайда үйдеде өз бетінше жұмыстана алады және аннимацияларды көре отырып меңгерілуі қиын тапсырмаларды есте сақтай алады. Өз сабақтарымда электронды оқулықтарды жиі пайдаланамын. Қазақстан тарихы бойынша барлық сыныптарға арналған электронды оқулықтар бар. 7 сыныпта <<Ұлы Жібек жолы және оның тармақтары>> тақырыбын өткен кезде <<Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихынан>> мәліметтер берген кезде электронды оқулықтан үзінді алынып, анықтама берілді. <<Ұлы Жібек жолының шаруашылыққа тигізген әсері>> тақырыпшасы бойынша берілген мәлімет, анықтамалар оқушылардың таным дағдысын қалыптастыруға ықпал етті. Сонымен қатар түрлі суреттер, кестелер мен сызбалар, слайдтар көрсетілді. Электронды оқулықты қолдану оқушылардың жоғары белсенді дүниетанымын және өзіндік жұмыс аясын кеңейтеді.
Сабақ барысында түрлі әдіс-тәсілдерді, Эдвард де Бононың <<Ойлаудың алты қалпағы>> технологиясын, СТО элементтерін, Пирамида әдісін қолданамын. 6-сыныпта <<Жизнь древнейших людей>> атты саяхат сабағын <>, <> программаларын интерактивті тақтаны қолдану арқылы өткіздім. 7-сыныпта СТО әдісін қолдану арқылы <<Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы>> тақырыбына өткізілген ашық сабақта Смарт білім беру технологиясы қолданылды.
Менің тарих мұғалімі ретінде алдыма қойған басты мақсатым: мәдениетті түрде білімді, іскер, жеке тұлғаны дамыту, ұлтымыздың рухын көтеру, осы мақсатқа жететіндей тиімді жол іздеу. Сол себепті сабақты идеялық жағынан ғылыми негізде, өмірмен байланысты ұйымдастыру оқушының қызығуын, білім құмарлығын таныту, әр сабақта оқушыларды ойлануға, өздігінен ізденіс жасауға баулып, ойын ауызша, жазбаша жинақтап баяндай білуге, мәдениетті сөйлеуге үйрету - әрбір ұстаздың абыройлы борышы. Қазіргі кездегі оқытушының басты мақсаты - білім мазмұнын игеруге және оны өзінің жеке білімдік капиталына енгізуге арналған ақпараттық ортадағы берілген мүмкіндіктерді қолдану болып саналады. Тарихты оқыту - өзара байланыста және үнемі қозғалыста болатын құрауыштардың басын біріктіретін өте күрделі үрдіс. Қазір білім беру саласында түрлі технологиялар енгізілуде, бірақ олардың ішінде қажеттілігін таңдап, сабақтың әр кезеңінде тиімді қолдану - басты талап. Бұл ретте өзім тарих сабағымда оқытудың көптеген әдістерінен құралған интерактивті оқыту технологиясының тиімді әдістерін қолданамын. Интерактивті оқыту әдістері тұлғааралық қарым - қатынасқа негізделе отырып, <<жеке тұлғаны дамытуға бағытталатын>> қазіргі білім беру парадигмасын қанағаттандырады. Сонымен бірге, сапалы білім алудың алғышарттары болып табылатын таным белсенділігі мен ізденіс дербестігін қалыптастырып қана қоймай, ары қарай дамытады.
Интерактивті әдіс - бұл: Баланың жеке өздігінен ізденуіне мүмкіндік беру;
Топтасып оқып үйренуге жағдай жасау
Өздерін - өздеріне бағалату
Іс - әрекет барысында білім алу
1.Диагностика сәті. - <<Миға шабуыл>> - жаңа сабақты өтілген тақырыптармен байланыстыру үшін бірнеше сұрақ беру арқылы мұғалім студенттердің білгендерін ортаға салдыртады.
2. Ізденіс тенденциясы сәті - Мұнда оқушылар жұппен немесе топпен жұмыс істей отырып <<миға шабуыл>> әдісі арқылы жинақтаған түсініктерін кеңейтіп өз беттерінше оқулықпен немесе басқа қосымша әдебиеттермен жұмыс жасайды.
3. Тұсау кесер - әрбір топ белгілі бір сұрақтар бойынша өз мәліметтерін қорғайды. Осыдан кейін барып мұғалім әлі де жетіспей жатқан жағдайлардан ақпарат береді.
4. Сабақты қорыту - пікірсайыс, рольдік ойын, сөзжұмбақ шешу әдістері арқылы бекітіледі.
Бұл әдісте мұғалім 5 - 7 минут уақыт алады, қалған уақыттың бәрінде оқушылардың өздері ізденіп танымдарын арттыруға жағдай туады. Бұл әдіс бойынша оқушылар өз білімін өздері бағалайды. Жаңа әдіс - тәсілдердің бірі - СТО технологиясы. Бұл технология элементтерін де сабақта жиі қолданып отырамын. Қазақстан тарихынан <<Жоңғар шапқыншылығы>> тақырыбының қорытынды кезеңінде Венн диаграммасын қолдандым. Бұл оқушылардың білімін тереңдетіп қана қоймай, материалды жан - жақты меңгеруге, деректермен дәйектерді салыстыру, жүйелеу, талдау дағдыларын дамытуға негіз болды. Әр сабақта тапсырмаларды алдын ала беру арқылы студенттерге қосымша материалдарды табудың жолын көрсетіп отырамын. Жаңа сабақ барысында оқушылардың әкелген, оқыған, меңгерген материалдары негізінде оқушылар ақпараттық құзыреттілігі дамиды, пәнге деген қызығушылықтары артады, ақпаратпен жұмыс істеуді меңгереді. Нақты мәліметтер мен деректерге сүйеніп, материалды талдауға, сараптауға, дәлел келтіруге, ақпарат көздерімен ғылыми тұрғыдан жұмыс жүргізе білуге дағдыланады. Жалпы тарих пәні мұғалімі ретінде сабақтан тыс оқушылар арасында әртүрлі тақырыптарда конференциялар, дөңгелек үстелдер, зияткерлік ойындар, тарихи оқиғаларға байланысты кештер өткізіп отырамын. Бұл шараларды ұйымдастыруда мен оқушыларға тек қана бағыт беріп отырамын, ондағы мақсатым оқушылардың жан - жақты шығармашылық, терең ізденіс, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Барлық шараларды өткізген кезде ақпараттық технологиялар - интерактивті тақта, компьютер, видеокамера қолданылды.

Қорытынды
Қорыта айтқанда, ақпараттық технологияларды тарих сабағында қолдану келесі нәтижелерге жеткізеді:
-Оқушыларға еркін ойлауға мүмкіндік береді;
-Сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі;
-Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады;
-Жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауға, өзіне деген кәсіби сенімін қалыптастыруға көмектеседі;
-Тіл байлығын дамытады;
-Өз ойын жеткізуге, жан-жақты ізденуге үйретеді;
-Шығармашылық белсенділігін арттырып, ұжымда бірігіп жұмыс істеуге тәрбиелейді.
-Өз бетімен білім алатын, ақпараттық технологияларды жақсы меңгерген, білімді жеке тұлғаны қалыптастырады.
Бүгінгі шәкірт ертеңгі күнгі әр түрлі саланың маман иесі. Мұндай сабақтарда оқушылардың тапсырылған жұмыстарға іскерлігі қалыптасады. Болашақ өмірінде белгілі бір кәсіби мамандықты таңдап алуға септігін тигізеді.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың <<Біздің міндетіміз- бәсекелестікке лайық ұрпақ тәрбиелеу>>- деген ойын басшылыққа ала отырып жаңа заман форматындағы құзіретті тұлғаны тәрбиелеу ұстаз міндеті деп есептеймін.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1.С.Т. Мұхамбетжанова, Ж.Ә. Жартынова, Интерактивті жабдықтармен жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдері. Алматы, 2008 ж.-301бет
2.Ақылдың кені /Ұлағатты сөздер/-Алматы, 2008 жыл.-213бет
3.Қисымова.Ә.К.Оқыту технологиялары. - Алматы, 2007 жыл.-270бет
4. http://tak-to-ent.net/load/259-1-0-17303
5. http://bilim-all.kz/
6. http://www.bsh.kz/news/1316766022.html
7. http://kazustaz.kz/lessons/1009-stazdara.html

Ұқсас жұмыстар
Тарих сабағында ойын элементтері арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру
Мектепте тарих сабақтарында сын тұрғысынан ойлауды қолдану арқылы тарихты меңгерту
Бейнелеу өнері пәнін оқытуда оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру
Кітапхана сабақтарында ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану
Тарих сабағында оқушылардың топтық ізденіс жұмыстарын ұйымдастырудың тиімді жолдары
Математика сабақтарында мультимедиялық презентацияны қолдану арқылы оқушылардың біліктіліктерін қалыптастыру
Өзекті бағыт
Қазақ халқының шығармашылық дәстүрі
Ақпараттық -коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың пәнге қызығушылықтарын арттыру
Сабақ кезеңінің негізгі мақсаттары
Пәндер