Жарақаттың түрлері

Мамандығы: 0101000-«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»

Тобы: МДБ-Т-19

Пәні: Технология және оқыту әдістемесі

Өтілетін күні: 17. 10. 2020ж

Оқытушы: Ысқақова А. Н.

Сабақ жоспары

Жарақат кезіндегі алғашқы көмек көрсету

(сабақ тақырыбы)

Модуль /пән атауы: «Педиатрия негіздері»

Дайындаған оқытушы: А. Ысқақова

«17» қазан 2020 ж.

  1. Жалпы мәліметтер

Курсы 4 оқу жылы 2020-2021 ж. ж. Топ МДБ-Т-19

Сабақ типі: Жаңа білімді меңгерту

  1. Мақсаты, міндеттері
  • Білімділік:
- Студенттерге жарақат кезіндегі алғашқы көмек көрсету туралы түсінік қалыптастыру; Балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқыту мен тәрбиелеудің нақты міндеттерін анықтау; кәсіптік құзыретін қалыптастыру.
Білімділік::
  • Тәрбиелік:
-Студенттерге жарақат кезіндегі алғашқы көмек көрсету туралы түсінік қалыптастыру; Балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқыту мен тәрбиелеудің нақты міндеттерін анықтау; кәсіптік құзыретін қалыптастыру.:

-Оқушыларды өзара бір-бірінің пікірін тыңдауға, өз пікірін ашық айта білуге тәрбиелеу;

-мамандықтың ерекшелігі негізінде болашақ мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі ретінде жеке тұлғаға деген сүйіспеншіліктерін арттыру; ынтымақтаса қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу.

Білімділік::
  • Дамытушылық:
-Студенттерге жарақат кезіндегі алғашқы көмек көрсету туралы түсінік қалыптастыру; Балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқыту мен тәрбиелеудің нақты міндеттерін анықтау; кәсіптік құзыретін қалыптастыру.:

-Ой қозғау әдістері арқылы оқушылардың шығармашылық

ізденістерін арттыру. Қазіргі оқыту әдістерін пайдалана отырып өзіндік ізденісті дамыту, шығармашылықпен жұмыс жасау қабілеттерін дамыту негізінде салыстыра білуге, қорытынды жасай білуге үйрету.

-Салыстыра білу, талдай білуге үйрету негізінде олардың логикалық ойлауын, шығармашылықпен жұмыс жасау дағдыларын, өзіндік ізденісті дамыту, қорытынды жасай білуге үйрету.

3. Сабақты жабдықтау

Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер

1. -Ж. Ж. Жонкарбаева, Т. С. Есқалиева, Н. С. Редько, А. С. маметекова Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі «Кəсіпқор» Холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы «Көркемдік білім беру теориясы мен технологиясы»

2. 0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім жүйесі үшін өзектендірілген үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламалары бойынша оқу құралы ретінде әзірленген Нұр-Сұлтан, 2019

3. Сакулина Н. П., Комарова Т. С. Бейнелеу іс-әрекеті мен конструкциялауды үйрету методикасы Алматы «Мектеп» 1985

4. Қ. Дәулетова, М. Сүлейменова, Л. Жайманова. Еңбекке баулу әдістемесі «Фолиант» Астана 2010ж

5. Ш. Жиенбаева Еңбекке баулу «Фолиант» Астана 2010ж

6. М. Мұқашев, А. Сейтімов, Н. Хамзин Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі Астана, 2008ж.

4. Сабақтың барысы

СӘЛЕМЕТСІЗДЕР МЕ, ҚҰРМЕТТІ МДБ-Т-19 ОҚУ ТОБЫНЫҢ БІЛІМ АЛУШЫЛАР!

Білім алушылардың көңіл-күйін білу, топта жағымды эмоциялық ахуал қалыптастыру. Сабақтағы қызығушылықты ояту мақсатында «Данышпан мен адам» атты аңызды әңгімелеп беру.

Ертеде бір данышпан өмір сүріпті. Ол бәрін біледі екен. Ал бір адам оны көре алмапты. Елдің көзінше оның да бірдеңені білмейтінін дәлелдегісі келіпті. Бірде көп адамадар отырған жерде әлгі адам алақанына бір көбелекті қысып ұстап тұрып, данышпаннан «-Айтшы данышпаным, менің қолымдағы қандай көбелек тірі ме? Өлі ме?» - деп сұрайды. Ол өз ішінен «Егер тірі десе-мыжып жіберемін, ал егер өлі десе - онда қоя беремін. » деп ойлап тұрады. Данышпан болса сәл ойланып тұрып «бәрі сенің қолыңда» депті. Аңызда айтылғандай білім алушының өзін табысты, алғыр сезінуінің бәрі біздің қолымызда екен. Кері байланыс парағы толтырылады.

Бүгінгі сабақта бастас бұрын мына тапсырмаға зер салып қарасаңыз

-«Аяқталмаған сөйлем» диагностикасы (1, 2- бөлігі ұйымдастыру кезеңінде жүргізіледі)

1. Сабақта қол жеткізетін мақсатым- . . .

2. Сабақтан менің күтетін нәтижем- . . .

3. Сабақта мен үшін пайдалы ақпарат- . . .

4. Жаңа білімді . . . пайдаланамын.

Енді бүгінгі сабағымызға келер болсақ

Тақырыбы: Жарақат кезіндегі алғашқы көмек көрсету

Дәріс жоспары:

1. Жарақат туралы түсінік

2. Жарақаттың түрлері

3. Жарақаттың белгілері

Үй тапсырмасына шолу

1. Бала киіміне қойылатын гигиеналық талаптар

2. Бала киім тігілуіне арналған мата түрлері

Балалар киіміне баға беру үшін, санитарлық-гигиеналық экспертизаға балалар киімін даярлауға арналған - киімнің сыртқы қабатына, ортаңғы қабатына және ішкі астарына арналған маталардан әрқайсысының размері 1м2 алынған бір бумасын және даяр болған өнімдерді жібереді.

Мата жасалатын талшықтар табиғи (мақта, кендір, жібек, жүн т. с. с. ), жасанды немесе синтетикалық болуы мүмкін. Талшықтардан жасалған жіптер иірілген, қатты немесе бос, үлпілдек болуы мүмкін. Маталар құрылысы бойынша маталық және тоқыма-трикотаждық болып бөлінеді.

Маталардың түрлерін балалар киімінің өндірісінде пайдалану, олардың физикалық-гигиеналық көрсеткіштеріне: қалыңдығы, массасы, көлемдік массасы, кеуектілігі, ауа- және буөткізгіштігі, гигроскопиялылығы, ылғалсақтағыштығы, гидро- және липофильділігіне және жылуөткізгішітігіне байланысты болады.

Ең алдымен бейнелекцияны көріп алсаныңыз бүгінгі сабақ түсінікті болады деген сенімдемін!

https://www. youtube. com/watch?v=uhbHpbjFTdw

Жарақаттар - бұл адам ұлпалары мен органдарының зақымдануы, сыртқы себептерден аяқ-қолдың сынуы мен буынның шығуынан, жұмсақ ұлпаның жаралануы мен дененің сыдырылуынан, органдардың зақымдануынан және көптеген басқа жайттардың әсерінен ұлпалар мен органдар тұтастығы мен қызметінің бұзылуы.

Алғашқы көмек - зардап шеккен адамның жарақатын асқындырмай, оған әртүрлі медициналық көмек шараларын дұрыс көрсетіп, оның өмірін сақтап қалуға бағытталған іс-әрекет. Сондықтан да жарақаттанған адамның өмірі мен патологиялық процестердің одан арғы салдары көбінесе апат болған жердегі алғашқы көмектің көрсетілген уақыты мен оның сапасына тығыз байланысты. Ашық зақымдалу, немесе жара, кілегейлі қабықша мен тері жамылғысының тұтастығының бұзылуы - бұл сыртқы жара, ал ішкі жара қан кетумен сипатталады (көкірек, құрсақ қуысы, ми сауытында) .

Алғашқы көмек - адам өміріне немесе денсаулығына кенеттен қауіп төнгенде оның өмірін сақтап қалу үшін немесе апаттың зиянды әсерін азайту үшін қолданылатын қарапайым шаралар. Апаттың қатарына әр түрлі жарақаттар, сынық, буынның шығуы, улану, суға бату, күю, үсу, электр тоғы соғу, т. б. жатады. Алғашқы көмектің негізгі шаралары: апатқа түскен адамды апат әсерінен құтқару (өрттен, судан шығару) ; апаттың зиянды әсерін тоқтату (адамды жылыту, иіс тисе таза ауа жұтқызу) ; қан тоқтату, жараны байлау, сынған аяқтың немесе қолдың қозғалысын тежеу; жасанды дем алдыру, жүрекке жабық массаж жасау, апатқа түскен адамды тезірек емдеу мекемесіне жеткізу немесе жедел медициналық көмек көрсететін дәрігерлер тобын шақыру.

Жарақаттанушылықтың түрлері:

1) транспорттық (автокөліктік, темір, әуе, су жол көліктік),

2) өндірістік (өнеркәсіптік, ауылшаруашылық),

3) балалық,

4) тұрмыстық,

5) спорттық,

6) көшелік,

7) әскерлік,

8) жасандық (суицидтік) жарақаттанушылық.

Жергілікті белгілері: дененің зақымданған бөлігінің ауырсынуы, бозаруы, ісінуі, қан кетуі, қызметінің бұзылуы.


Ұқсас жұмыстар
Бетпе - бетпе соқтығысу
Кеуде жарақаттары
Жараланған кездегі алғашқы медициналық көмек
Салауатты өмір – денсаулық негізі
Сұрақтар мен тапсырмалар. Сабақтың тақырыбы
Алғашқы жәрдем
Жарақаттанудың алдын алу. сабақ жоспары
Үшінші дәреже
Тірек - қимыл жүйесі
Қан кету түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz