Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Дүниетанымның логикалық аспектісі

Пәні: қоғамтану
Сабақ тақырыбы: Адамның дүниеге танымдық көзқарасы.
Сабақ түрі: теориялық
Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың
мақсаты
Білімділік:
Студенттерге адамның дүниеге деген көзқарасы мен мәнін, маңызын аша отырып, түсіндіру. Адам өмірінде маңызды орын алатын дүниетанымның ерекшеліктері туралы мағлұмат беру. Әлеуметтік таптарды жіктей және мағынасын ашып талдай білуге үйрету; Қоғамның әлеуметтік таптарына студенттердің көзқарасын білу.

Дамытушылық:
Дүниеге деген көзқарасын қалыптастыру, дүниетанымның ерекшелігін көрсету. Дүниетанымдық білімдерін, ойлау қабілеттерін, белсенділігін дамыту.

Тәрбиелік:
Дүниетанымдық көзқарасы дұрыс қалыптасқан, көзі ашық, білімді азамат тәрбиелеу. Негізгі мәселелерге талдау жасай отырып, шығармашылыққа, танымдылыққа тәрбиелеу.

САБАҚТЫ ЖАБДЫҚТАУ
Негізгі әдебиет:
1. Адам.Қоғам.Құқық, авторлары: Жүкешев Қ., Сапарғалиев Ғ., Асанбекова Г., Мектеп баспасы, 2009,
2. Қоғамтану. М.Сәбит, М.Изотов, Ә.Нысанбаев. Оқулық 11 сынып 2014ж
3. Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілері

Сабақты жүргізу кезеңдері

I. Ұйымдастыру кезеңі (3 мин)

1. Білім алушылармен сәлемдесу;
2. Білім алушыларды түгендеу;
3. Білім алушылардың сабаққа дайындығын тексеру;
4. Білім алушылардың назарын сабаққа аудару (ой ашар)

ІІ. Үй тапсырмасы (10 мин)

1. Дүниетанмының ерекшеліктеріне жатады?
2. Миф дегеніміз не?
3. Қазақ мақалаларында не туралы айтылады?

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру (35 мин)

Дүниеге көзқарас (менің көз алдымдағы дүние) - қоршаған дүние туралы, адам туралы метафизикалық ойлаудың жалпы жиынтығы немесе әлемді біртұтас формада тану. Метафизикалық көзқарастың құрамына, біріншіден, ғасырлар бойы қалыптасқан нәсілдік, ұлттық, халықтық кәдімгі табиғи қоғамдық дәстүр-салттары, әдет-ғұрыптары, күнделікті өмірге деген көзқарастары; екіншіден, бірер жүйеге келтірілген ілімдік (миф, дін, философия) көзқарастар; үшіншіден, барлық ғылыми жетістіктердің өмірге, табиғатқа деген жалпы көзқарастары жатады.

Дүниеге көзқарасқа жалпы адамзаттың білімі жата бермейді. Оның пәні білімге философиялық тұрғыда қарастыратын көзқарасты айтамыз. Егер де, Аристотельдің айтуынша метафизика "бірінші философия" десе, ал философия дүниетанымның өзегі (ядросы) деп айтамыз. Дүниетанымдық көзқарастың өзіндік объектісі, сол адамды қоршап тұрған дүние мен адамның ара қатынасынан шығатын негізгі сұраулар жауабы. Атақты философ П.В. Копниннің айтуынша: "дүниеге көзқарастың пәні, "адам, оны қоршаған дүние" арасында, адамдар мен табиғат ара-қатынасындағы жалпы заңдылықты біле отырып, адам мәселесін шешуге болады" - деді [1].

Дүниетаным бөлшек-бөлшектен тұратын жинақтаушы көзқарас емес, ол біртұтас жүйелілік көзқарас болғандықтан, оның негізі адам мәселесі. Адам мәселесі рухани дүниеге тығыз байланысты болғандықтан дүниетанымның ішкі құрылымы (структурасы) өте күрделі. Ондай құрылымға (категориялық ұғымдарға) кіретіндер: болмыстық түсінік, материя, табиғат, қоғам, идеялар, ақиқат, рух, әлем рухы, бостандық, мәңгілік өмір, құдай, өмір, қуат және т.с. дүниеге көзқарастық ұғымдар.

Қандай бір адам болсын оның өмірі үш дүниенің бірлігінде өтіп жатады:

1. Бізді жасаған дүние - табиғат.

2. Ғасырлар бойы өзіміз жасап жатқан дүние - қоғам.

3. Адамның ішкі рухани дүниесі - екі дүниенің жемісі (өзіндік сана). Осы "үш дүниенің" әсер-бейнелерін аспектілік бейне ретінде қарастырамыз. Ондай аспектілерді өздерінің бейнелену жағымен философиялық категориялармен көрсетсек онда: онтология, гносеология және логика аспектілері деп айтамыз. Әрбіреулеріне жеке-жеке тоқталып өтейік.

"Бірінші сананың" онтологиялық аспектінің көлемдік және мазмұндық жағынан дүниетанымның үш компоненті арқылы толығынан көрсетуге болады деп ұйғарамыз. Ол компоненттердің әр қайсысы өмір бейнесін айқын формада суреттейді, олардың әр қайсысы өздері "кіші дүниелік" көзқарас. Сондықтан, әрбір аспект өздерінің функциялық жақтары, өзіндік компоненттермен жүріп жатады. Онтологиялық аспект өзінің негізіне ең болмағанда үш компонентті біріктіреді, олар: дүниені қабылдау (мировосприятие), дүниені пайымдау (аңдау) - (мироощущение) және дүниені түйсіну (миросозерцание). Осы дүниетанымдық үш компонент онтологиялық "бірінші сананы" жан-жақты, толығырақ негізі мен мазмұнын көрсетеді.

Дүниені қабылау (мировосприятие) - жалпы дүниетанымның бірінші қадамы немесе қайнар көзі. Дүниені қабылдау - субъект және объект ара қатынасынан пайда болатын образдық, ұғымдық идеялизациялық объект. Оның ерекшелігі айқын аффектілік-эмоционалдық образдың түрлік жағы. Ондай "қабылдау" адекватты немесе иллюзорлы болады. Дүниемен тікелей немесе жанама қатынастағы жағымен тығыз байланысты болғандықтан, "ақиқаттық" жағынан жеңіл тексеруге болатындығын айтамыз. Тағы бір ерекшелігі, бұл компонент адамның шығармашылық актісімен байланысты бола отырып, оны "процесс" есебінде қабылдаймыз. Дүниені қабылдау компоненті - "процесс" ретінде объект және субъект арасында тоқтамай өтіп жатады.

Дүниені түйсіну (миросозерцание) компонентін "алғашқы сананың" анықтауышы ретінде қарастырамыз. Бұл компонент арқылы сананың, ақылдың терең еместігін байқаймыз. "Алғашқы сана" алғашқы дәуірде өмір сүрген адамдардың санасына сәйкес немесе кәзіргі сәбилердің санасына сай көзқарасты айтамыз. Бұл компоненттің ерекшелігі: бір нәрсенің қасиетін, қатынасының асты және үсті жағын терең емес көрсету, табиғатты, ғарышты гармониялық, "шеңберлі тұйықталған" тұрғыда қабылдауы. Дүниені түйсіну көзқарасы терең емес ақыл-естің негізі бола тұра, интуициялық, әдеби, эстетикалық көзқарастың қайнар көзі. Дүние түйсіну компоненті дүниені әйгілі, көрнекті етіп санада бейнелейді. Сондықтан, жас сәбилердің дүниетанушылығы сәулелі, көркемді, фантазиялы болып келеді. Бұл компоненттік көзқарасқа логикалық ойлаудан гөрі сандық немесе математикалық тұрғыда ойлау маңызды. Мысалы, "алғашқы санада" әрдайым 2+2=4 болса, ал ақиқаттық жағынан орындары ауысуы мүмкін.

Егерде дүние қабылдау компоненті субъект және объект арасында тоқтамай жүріп жататын процесті бейнелесе, компонент дүние түйсіну тұрақтылықты, өзіндік жүйелілік көзқарасты байыптайды. Сондықтан дүниені түйсінуді акт есебінде қарастырамыз.

"Алғашқы сананы" толықтыратын компонент дүниені пайымдау дейміз.

Дүние пайымдау (мироощущение) компоненті қоршаған дүниенің негізінен гөрі формасын, түрлілік белгісін пайымдайды. Бұл компонент арқылы "дүние" мен адам арасындағы байланысты "жеңіл" немесе көрнекті жолдармен бейнелелейді. Себебі, пайымдау адамның сол қоршаған дүниесімен тығыз байланысты сезімдік, эмоциялық, көркемдік жақтарымен тығыз байланысты. Ондай сезімдік түсінікте адамға әр алуан көрнекті түсініктер туылып, қарапайым образдар шығады. Саналық жағынан қарапайым санамен байланысты болғандықтан, бұл аспектімен "алғашқы сана" құрастырылады.

Бұл компонентті өзіндік тұрақтылығы болғандықтан акт есебінде қарастырамыз.

Осы көрсетілген үш компонент онтологиялық аспектіні меңзейді десек, келесі аспектіні гносеологиялық (таным теориясы) аспектісі дейміз. Бұл аспекті адамның дүниеге деген танымдық қатынасының мәнін, оның басқы және жалпы негіздерін зерттейді. Ондай зерттеу ең болмағанда үш компоненттік аспектіде жүріп жатады дейміз.

Олар: дүниені байыптау, дүниені елестету және дүниені аңғару компоненттері, осы аспектіні толығынан, жан-жақты негізін ашып көрсетіп, олардың біртұтастығы "өзіндік сана" түсінігін береді. Себебі, осы аспектіде адамды қоршаған дүниені танумен қатар, адам өзінің кім екендігін түсінуге тырысады. Таным теориясында ең шын мәніндегі мәселе "адам деген кім?" деген сұрақтан басталады да, сол сұраққа жауап іздеу жолында барлық гносеологиялық мәселелермен аяқталады.

Дүниені байптау (мироосмысление), онтологиялық аспектіге сүйене отырып оның мәндік және мағыналық жақтарын тереңірек қарастыру немесе онтологиядан алынған "ақпаратты" қорыту мен тұжырымдау. Дегенмен, дүниені байыптау адам санасында тоқтамай жүріп жататын процесс болғандықтан бұл компонентті "процесс" феномені ретінде қабылдаймыз. Онтологиялық образдық қабылдаудың мәні мен маңызын білу үшін байыптау арқылы оның қасиеттерін, қатынастарын ажырата білу керек. Сондықтан бұл компонентте логикалық ойлау формаларының рольдері өте жоғары. Дүниені пайымдау әрдайым жалпы біліммен тығыз байланысты. Неғұрлым адамның білімі терең де жоғары болса, соғұрлым пайымдау ақиқаттылығы жоғары деңгейге көтеріледі. Білім мен дүниені пайымдаудың арақатынасы адамның дүниетанымдық деңгейін жоғары көтереді. Бұл компоненттің ерекшелігі онтология аспектісінен алынған ақпаратты талдайды, таңдайды және ондай ақпараттарды тұрақты системалық көзқарасқа айналдырады. Ондай "айналдыру" процесін акт деп қарастырамыз. Ондай актылық процесті дүниені елестету компоненті дейміз.

Дүниені елестету (миропредставление) компоненті эмпирикалық тұрғыдан тануға келе бермейтін, абстрактілі деңгейде рационалды немесе иррационалды образдар тудырады.

Бұл компонент елестету мен естеліктің қайнар көзі. "Өзіндік сана" - естелікпен тығыз байланысты. Адамды "адам" деп оның естелік қабілетін айтамыз. Бұл компонент арқылы объективтік образдар субъективті елестету образы арқылы жүріп жатады. Бұл компоненттің мүмкіндігі әр түрлі абстрактылы образдардың шығуын, жай немесе ғылыми жорамалды туғызуды, ғылыми фантазия шығаруды, ұғымды классификациялауды және т.б. логикалық операциялар жасауды бейнелейді. Дүниені елестету дүниені біртұтастық, жалпылама тұрғыда айқындап көрсету функциясын орындайды. Бұл деңгейде ғылыми теориялық заңдылықтарын көрсету қаблетін айтамыз. Бұл компонентті тұрақты идеалдық образдарды тудыруына байланысты акт феномені ретінде қарастырамыз. Дүниені елестету де жеке адамдардың тікелей білімдік деңгейліктерімен тығыз байланысты. Образдық елестету адекваттылығы тікелей рационалды немесе иррационалды ойлаулармен тығыз байланысты болғандықтан, қабылданған "информацияны" қорытып түсіну актысына көшеді. Ондай мәндік аңғаруды - дүниені аңғару компоненті дейміз.

Дүниені аңғару (миропонимание) - адамның дүниені қабылдау мен дүниені елестетудің кәмілдігіне, ақиқаттылығына сену. Оның негізіне түйсіну жатады.

Дүниені аңғару жеке және "шашылып жатқан" ұғымдық түсінікті бірер қалыпқа келтіріп, себеп-салдарлық байланыстармен жалпы системалық ретке келтіру. Бұл компоненттердің ерекшелігі, басқа адамдардың дүниеге деген көзқарастық мақсаттарын түсіну (аңғару), ондай түсінік арқылы өзінің де бұл дүниедегі орнын, мақсатын аңғару. Сондықтан осы аспектіні "өзіндік сана" деп айтамыз. Өзіндік сана әрдайым логикалық ойлау заңдылықтарымен тығыз байланысты. Қандай да бір заңдылық ойлау тұрақтылығын қажет етеді. Дүниені аңғару компоненті ұғымдық тұрғыда "өзіндік сананың" қорытындысын шығарады. Бұндай тұрақтылықты түсінік акт ретінде қарастырамыз. Дүниені аңғару компоненті де келесі аспектілік компоненттермен тығыз байланысты болады.

Дүниетанымның логикалық аспектісі. Бұл аспектіні дүниеге көзқарастың жалпы логикалық қорытындысы деп те айтамыз. Оның негізгі мақсаты - ойлау жүйесінде ақиқат қорытындыларға жетудің қажетті шарты болатын заңдарды, принциптерді тұжырымдау.

Дүниетанымның логикалық аспектісі негізінен бұдан кемінде үш компоненттік көзқараспен жүріп жатады: дүние қатынастық, дүние бағалау және дүние нұсқаулық.

Дүние қатынастық (мироотношение) компоненті адамның қоршаған дүние қатынастығының заңдылық тұрақтылығын шығару процесі ретінде қарастырамыз. Мұндай қатынастықтың негізін, жалпы қатынастық жағын көрсетеді. Дегенмен, дүние қатынастық компоненті бұл аспектіде алғашқы компонент ретінде болғандықтан, қалған екі компонентке қарағанда, қатынастық тоқталмай жүріп жататын процесс болғандықтан, бұл компонентті "процесс" ретінде қарастырамыз. Мұндай көптеген түрлілік қатынасты топтап бір системалық қатынастар шығарылады. Ондай қатынастар философиялық тұрғыда себеп пен салдар, сан мен саналық, детерменизм және индетерменизм және т.с. қатынастар өздерінің іштік логикалық заңдары байқалып, тұрақты логикалық заңдар шығуына демеу болады.

Дүние бағалау (мирооценка) - компоненті адам мен адамдардың әлеуметтік қатынаста мінез-құлық реттеуші фактор есебінде бейнеленеді. Реттеуші мен бағалау тұрақтылықты меңзейді, сондықтан дүниені бағалауды акт түсінігімен белгілейміз. Ол арқылы өмірдің жақсы және жаман, әсемдік пен көргенсіздік ұғымдарын терең танимыз. Дүниені бағалау арқылы өмірге деген қатаң бағалық көзқарас құрастырылады, ол арқылы стереотипті мінез-құлық қалыптасады (керек болса фанаттық көзқарас та қалыптасады). Өмірді бағалау: ақиқаттық, адамгершілік, әдептілік, бауырмалдық және т.б. ұғымдық түсініктер кең бағалық жолында көрсетіліп, мызғымас идеалға айналады. Идеал адамға мән және мағына беріп, оның ой-өрісін жаулап алады. Адамның бағалық идеалы неғұрлым биік болса, оның рухани ішкі дүниесінің деңгейі биік болады. Ондай жағдай соңғы компонентке өтуіне жол ашады. Ол компонент дүниенұсқаулық көзқарас.

Дүниенұсқаулық (мироустановка) компонентін дүниеге көзқарастың бастамасы және соңы деп қарастырсақ артық болмайды. Себебі, барлық ілімдік (дін, философия), ғылымдық көзқарастар өздерінің мызғымас ақиқатқа ие болуға ұмтылады. Дүниенұсқау компоненті сондай "ұмтылуды" бейнелеп көрсетеді. Оның ішкі тұрақтылық актісіне мынандай ұғымдық көзқарастар кіреді: адам мәселесі, өмір сүру мәселесі, әр түрлі діни тұрғыдағы мәселе, атеизм мәселесі, рух, жан және т.с. мәселелер. Дүниенұсқаулықтың ең бір ерекшелігі "кәміл" шындыққа сену. "Кәміл шындық" түсінігі көзқарасқа айналғанда әрбір адамның рухани ішкі дүниесімен тығыз байланысты. Ондай тұрғыда адамда бұлжымас көзқарастық сенім мен наным қалыптасады. Ондай жағдай адамды фанаттық көзқарасқа да жеткізеді.

Келешекте, дүниетанымдық компоненттер ерекшеліктерін және қатынастарын пайдалана отырып, формальды және символикалық логиканың заңдылықтары мен жеке адамдардың ойлау деңгейлік сапаларын "есептеп" шығару деңгейіне де жетуіміз мүмкін.

ІV. Жаңа тақырыпты бекіту: ( 30 мин)

Мына сөздерді сәйкесінше кестеге толтырып жаз:

Дүние бағалау (мирооценка)
Дүниені аңғару (миропонимание)
Дүние пайымдау (мироощущение)

V.Сабақты қорытындылау ( 10 мин)

1. Дүниені түйсіну?
2. Дүние қатынастық?
3. Дүниені бағалау?
4. Дүниетанымның логикалық аспектісі?

VІ. Бағалау (1мин)
VІІ. Үйге тапсырма (1 мин)

31-40 беттер. Сұрақ жауап.

Ұқсас жұмыстар
Химиялық тіл
Компьютерлік іс-қағаздармен жұмыс жүргізі
Студенттердің ақпараттық мәдениетін қалыптастыру
Сабақ мақсаттары. Сан аралықтары
Республикамызда салауатты өмір салтын қалыптастыру
Шығыстың ұлттық діндері
Жеке тұлғанаң қалптасуына мұғалім мен ата-ананың атқаратын рөлі
Бала әрекеті
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Тарих философиясы
Пәндер