Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Көркем әдебиет

Сабақ жоспары
Пән аты: Әдебиет
Сыныбы: 5
Күні, айы, жылы:
Тоқсан: І
Мұғалім:
Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Әдебиет - өнердің бір саласы
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Оқушыларға өнердің бір саласы болған -
әдебиет туралы білім беру.
2.Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, достыққа тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: Оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту.
Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру сабағы.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілі: баяндау, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: <<Қазақ әдебиеті>> энциклопедиясы.
Пәнаралық байланыс: тіл, тарих.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

ІV. Жаңа сабаққа дайындық:
1.Сабақтың тақырыбын тақтаға жазу.
2. Сабақ мақсатын түсіндіру.
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Әдебиет - ол да көркемөнер. Көркем өнердің сәулет, мүсінші, сурет, музыка сияқты түрлері болады.
Көркем әдебиет адамның тілімен берілетіндіктен, өнердің барлық түрінің әсерін тудыра алады. <<Дүниенің көрінген һәм көрінбеген сырын түгендеп білмесе, адамдықтың орны болмайды>> деп Абай айтқандай, көркем әдебиет бізді адам өмірі, әлемнің сырлары, табиғат келбеті туралы көрінетін және көрінбейтін ұғымдармен сусындата алады, ішкі сезімді аңғарып, сезінуге үйретеді. Сонымен бірге көркем әдебиетте автордың өз көңіл - күй қалауы, өзіндік көзқарасы тұрғысынан жеткізетінін есте ұстаймыз.
Көркем әдебиеттің әр түрін жақсы танып - білген адамның көркем шығарманы дұрыс түсінуге дайындығы болады. Бесінші сыныпта біз оның өлең, дастан, роман повесть сияқты түрін білетін боламыз. Жанрдың еркшеліктерін аңғара отырып, шығарманы көркемөнер түрі ретінде қабылдауға үйренеміз, олардың авторлары туралы түсінік аламыз.
Сондай - ақ әдебиеттің үлкен бір түрі - ауыз әдебиетінің үлгілерімен де танысамыз. Сөйтіп әдебиеттің әр түрін біліп көркем әдебиет туралы тұтас ұғым аламыз. Көркем әдебиет үлгілерін оқу арқылы біз ішкі рухани дүниемізді байыта түсеміз, білімнің адамгершілік қасиеттердің жаңа биіктеріне шығамыз. Дұрыс оқып, сауатты жазуға одан әрі жаттығамыз. Кітап біздің ажырамас досымызға айналатын болады.
VІ. Түсінік тексеру:
Әдебиет не туралы ғылым?
Әдебиеттің өнердің басқа түлерінен айырмашылығы неде?
Көркем әдебиет туралы А.Құнанбаев не деген?
Көркем әдебиет бізді неге үйретеді?
5- сыныпта біз көрке әдебиеттің қандай түрлерімен танысамыз?
Бізге көркем әдебиеттің қандай пайдасы бар?

VІІ. Жаңа сабақты бекіту:
Топтастыру әдісі
Көркем әдебиет
Көркем әдебиет
Роман өлең повесть

дастан
поэма

әңгіме

VІІІ.Сабақты қорыту:

Бағалау
Үй тапсырмасын беру.

1 . Әдебиет - өнердің бір саласы туралы түсінік.

Сабақ жоспары
Пән аты: Әдебиет
Сыныбы: 5
Күні, айы, жылы: 1 қыркүйек
Тоқсан: І
Мұғалім: Р.Қалматаева
Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Халық ауыз әдебиеті туралы түсінік
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың халық ауыз әдебиеті туралы білімдерін кеңейту.
Тәрбиелік: Оқушыларды халық ауыз әдебиет туындыларын қастерлеуге, елжандылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың қосымша деректер арқылы әдеби дүниетанымдарын кеңейту.
Сабақтың типі: аралас сабағы.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілі: баяндау, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу
Сабақтың көрнекілігі:<<Қазақ тілі>> және <<Қазақ әдебиеті>> энциклопедиялары.
Пәнаралық байланыс: тіл, тарих.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1 . Әдебиет - өнердің бір саласы туралы түсінік.
ІІІ. Білім тексеру:
Әдебиет не туралы ғылым?
Әдебиеттің өнердің басқа түлерінен айырмашылығы неде?
Көркем әдебиет туралы А.Құнанбаев не деген?
Көркем әдебиет бізді неге үйретеді?
5- сыныпта біз көрке әдебиеттің қандай түрлерімен танысамыз?
Бізге көркем әдебиеттің қандай пайдасы бар?

ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Қазақ әдебиеті екіге бөлінеді: біріншісі - ауыз әдебиеті, екіншісі - жазба әдебиет. Ауыз әдебиеті елдің жазу өнерін білмей жүрген кезінде шыққан сөз өнері. Жазу өнері болмаған соң, елдің тарихы, өмірі, тұрмысы, салты, туған жері, өнері, арманы әдемі мәнді әңгімелерімен айтылған. Ауыз әдебиетінің шығарушыларының аты - жөні бізге белгісіз. Олар басында ауызша шығарылған және бір ауыздан екінші ауызға көшіп, ауызша айтумен сақталған. Ескіліктен қалған ондай сұлу, дәмді сөздерді жалғыз адам ғана біліп қоймайды, жалпақ ел болып үйреніп, түгелімен есінде сақтайды. Ел болып кейінгілерге көркемдеп, әсерлі етіп айтып беріп отырады. Ауыз әдебиеті осылай пайда болады. Ауыз әдебиетінен елдің даналығын, танымын, тәлімін, мінез- құлқын түгел білеміз.
VІ. Түсінік тексеру:
Қазақ әдебиеті нешеге бөлінеді?
Ауыз әдебиеті деген не?
Жазба әдебиет деген не?
Ауыз әдебиетінің үлгілері бізге қалай жеткен?
Ауыз әдебиеті қалай пайда болды?
Ауыз әдебиетінің бізге берері не?
VІІ. Жаңа сабақты бекіту:
Халық ауыз әдебиетінің түрлері:
Тұмыс - салт жырлары
Ертегілер
Мақал - мәтелдер
Жұмбақтар
Шешендік сөздер
Аңыз - әңгімелер
Батырлар жыры
Ғашықтық жыры
Ақындар айтысы.

VІІІ.Сабақты қорыту:
Бағалау
Үй тапсырмасын беру. 1. Халық ауыз әдебиеті туралы түсінік
2.Ертегілер оқу

Сабақ жоспары
Пән аты: Әдебиет
Сыныбы: 5
Күні, айы, жылы: 5 қыркүйек
Тоқсан: І
Мұғалім: Р.Қалматаева
Сабақтың тақырыбы: Тұрмыс - салт жырлары
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Оқушыларға тұрмыс - салт жырлары туралы әдеби білім беру.
2.Тәрбиелік: Оқушыларды еліміздің тарихын қастерлеуге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: Оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
Сабақтың типі: аралас сабағы.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілі: баяндау, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу
Сабақтың көрнекілігі: <<Қазақ әдебиеті>> энциклопедиясы.
Пәнаралық байланыс: тіл, тарих.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1. Халық ауыз әдебиеті туралы түсінік
2. Ертегілер оқу

ІІІ. Білім тексеру:

Қазақ әдебиеті нешеге бөлінеді?
Ауыз әдебиеті деген не?
Жазба әдебиет деген не?
Ауыз әдебиетінің үлгілері бізге қалай жеткен?
Ауыз әдебиеті қалай пайда болды?
Ауыз әдебиетінің бізге берері не?

ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Қазақ әдебиетінің үлкен бір саласы - тұрмыс - салт жырлары. Күнделікті тұрмыста өлең айту қазақтың ең қасиетті салты болған. Ондай өлеңдерді, жырларды сондықтан да тұрмыс- салт жырлары деп атаған.
Тұмыс - салт жырларында халықтың өзіне тән тұрмысы, тіршілігі салт - дәстүрі сөз болады, төрт түлік мал және басқа жануарлар туралы, наурыздағы, көктемдегі ел қуанышы туралы жырлар айтылады. тұрмыс - салт жырларының түрлері:
Бесік жыры.
Тұсау кесер жыры.
Жар - жар
Той бастар.
Беташар.
Бата-тілек.
Жоқтау.
Тұрмыс- салт жырларының төрт түлік малға, басқа жануарларға арналған түрлері көп.
Тұрмыс - салт жырларының ең көп тараған түрі - наурыз жырлары. Көктемнің келуін жаңа жылдың келуі деп түсінген халық, күн жылып, мал көкке тойынған шақты қуаныш көріп, жауын көп болсын, ақ мол болсын, елге тоқшылық болсын деп өлеңдер айтқан. Оны біз наурыз жырлары деп атаймыз.
VІ. Түсінік тексеру:
Сұрақ - жауап
Тұрмыс - салт жырлары дегеніміз не?
Оларды неген тұрмыс - салт жырлары деп атаған?
Тұмыс - салт жырларының қандай түрлері бар?
Тұмыс - салт жырларының ең көп тараған түрі қандай?
Наурыз жыры дегеніміз не?
Оқулықпен жұмыс.
<<Малдың баласын сүюі>> атты өлеңді мәнерлеп оқу
<<Төрт түлік мал туралы>> атты өлеңді тізбектеп оқу

VІІ. Жаңа сабақты бекіту:
Өлеңнен төтр түлік маоға қазақ халқының қалай қарағанын аңғарыңдар
Әрбір түлік төлінің сипатын ақындық тілмен айтыңдар.
Өлеңдегі әрбір төлдің сипатына лайықтап шағын суреттемелер жазыңдар.
Өлең шумақтарын жалғастырып жазып көріңдер.

VІІІ.Сабақты қорыту:
Бағалау
Үй тапсырмасын беру.
Тұрмыс - салт жырлары туралы түсінік.
<<Малдың баласын сүюі>> атты өлеңді жаттау
Төрт түлік мал, жан - жануарлар, табиғат құбылыстары туралы жырларды оқу.

Сабақ жоспары
Пән аты: Әдебиет
Сыныбы: 5
Күні, айы, жылы: 13 қыркүйек
Тоқсан: І
Мұғалім: Р.Қалматаева
Сабақтың тақырыбы: Мақал - мәтелдер
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Оқушыларға аңыз және Оғыз қаған жыры туралы әдеби білім беру, жырды талдауға дағдыландыру.
2.Тәрбиелік:Оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
3.Дамытушылық:Оқушылардың әдеби, тарихи дүниетанымдарын кеңейту, әдебиет пәніне деген қызығушылықтарын арттыру.
Сабақтың типі: аралас сабағы.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілі: баяндау, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу
Сабақтың көрнекілігі: Ежелгі дәуір әдебиеті
Пәнаралық байланыс: тіл, тарих.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
.ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

ІІІ. Білім тексеру:
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Мақал - мәтелдер ауыз әдебиетінің бір түрі. Мақал - мәтелдерде көбінесе нақыл, ақыл айтылады. жаманнан сақтандырып, жақсыны үлгі етеді. Мақал - мәтелдердің мәндері, тақырыптары әр алуан; еңбек пен ерлік, жақсы мен жаман, достық пен қастық, ақыл мен өнер- білім, ынтымақ пен бірлік, Отан туралы т.б. болып келеді. Халық өмірдегі өз бақылауларын қорытындылап, тұжырым жасап, ұйқасты сөздермен өнеге, үлгі боларлық мақарлад жасап отырған. Мақал - мәтелдер өлең сөз сияқты көркем, ұйқасып тұрады. Сөйлемдерді өте ықшам, басы артық сөз болмайды, сөздерді басқа сөзбен алмастыруға келмейтін тұрақты кедеді. Мәселен, <<Ақыл - жастан, асыл - тастан>> деген мақалдың сөздерінің орнына басқа сөз қойып немесе қосып, я алып тастап көрсеңдер ма,ынасының мақал ретінде қуаты да, көркі де, мәні де бұзылып, өз сипатын жоғалтатынына көздерің жетеді.
Ақын - жазушылар шығармаларының жақсы сөздері де мақалға айналып кетіп отырады. Мысалы, Абайдың жаман дос туралы << Күн жауғанда қойныңда, күн ашықта мойныңда>>, <<Күшік асырап ит еттім, ол балтырымды қанатты>> деген сияқты сөздері бүгінде мақал ретінде айтылады.
Мақал - халықтың өмірден алған тәжірибесінің ойтұжырымының қорытынды жиынтығы, айқын ойды үлгі өнеге, ақыл ретінде қысқа қайырып, көркем бейнелеп жеткізетін халықтың дана, нақыл сөзі.

VІ. Түсінік тексеру:
Мақал деген не?
Мәтел деген не?
Мақал мен мәтелдің айырмашылығы неден байқалады?
Мақал мен мәтелдің ой түйіндеу тұрғысынан қарағандағы ерекшеліктерін ата?
Мақал мен мәтелдің құрылымы жағынан айырмашылықтарын ата.

VІІ. Жаңа сабақты бекіту:
Топтастыру әдісі:
Аяқталға
сөйлем
Мақал
Мақал
ой тиянақтыдәлелді

салыстыру екі
бөлімді

сөйлем
немесе сөз
Мәтел
Мәтел
топшылаутіркесі

мағына
қортындытұспалды
пікір
дәлелдеу
жоқ

VІІІ.Сабақты қорыту:
Бағалау
2.Үй тапсырмасын беру.
1. 17-22- беттегі мақал - мәтелдерді жаттау
2. Мақал - мәтелдер туралы түсінік.

Сабақ жоспары
Пән аты: Әдебиет
2.Сыныбы:
3.Күні, айы, жылы: 12 қыркүйек
4.Тоқсан: І
5.Мұғалім: Р.Қалматаева
Сабақтың тақырыбы: Жұмбақтар
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушыларға жұмбақтар туралы әдеби білім беру, білігін тереңдету, салыстыру, ажырата білу мен оқу, талдау машықтарын қалыптастыру
2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: оқушылардың логикалық ойлауын,ой дәлдігін дамыту,сөйлеу мәдениетін жетілдіру, түрлі амал - тәсілдер арқылы іздендіре отырып шығармашылыққа баулу.
Сабақтың типі: аралас сабағы.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілі: баяндау, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу
Сабақтың көрнекілігі: қосымша әдебиеттер.
Пәнаралық байланыс: тіл, тарих.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1. 17-22- беттегі мақал - мәтелдерді жаттау
2. Мақал - мәтелдер туралы түсінік.

ІІІ. Білім тексеру:
Оқушыларды іздендіре отырып кестені толтыру.

Мақал - мәтелдер
Тақырыптары
1
Денсаулық - зор байлық
.....
2
.....
Өнер - білім
3
Досы көпті жау алмайды,...
...
4
....
Еңбек
5
Ата көрген оқ жонар,...
...
6
....
Ынтымақ, бірлік
7
Ерді намыс өлтіреді,....

Ұқсас жұмыстар
Әдебиет - өнердің бір саласы
Қазақ әдебиеті сабағында көркем шығарманы оқытудың тиімді жолдары
Көркем шығарма - әдебиеттің құндылығы
Көркем әдебиет стиліне тән ерекшеліктер
"сөз өнері" факультативінің бағдарламасы
Күнтізбелік жоспар. 10 сынып жаратылыстану- математикалық бағыт
Көркем мәтінді оқу-талдау жолдары
Қазақ тілі өлеңі
Шығарма аворы
Көркем әдебиет стилі
Пәндер