Нұрға бөлену талдау

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

№28 ортам мектеп 3. 09. 2018

Тақырып: Өзіңді тану - өмірді тану

Құндылық: Ақиқат

Қасиеттер: Шынайылық, адалдық, әділдік,

Мұғалiм: Ералиева Феруза

Сабақ мақсаты: Оқушыларға адам өмірінде ақиқаттың маңызды екендігін ұғындыру.

Міндеттері:

  • Оқушыларға адам өмірінде ақиқаттың маңыздылығы жайлы түсінік беру.
  • Оқушылардың бойында рухани - адамгершілік қасиеттерді дамыту.
  • Оқушыларды шынайылыққа, адалдыққа, әділдікке, шыншылдыққа тәрбиелеу.
Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер, оқулық, проектор)
Сабақ мақсаты:Оқушыларға адам өмірінде ақиқаттың маңызды екендігін ұғындыру.Міндеттері:Оқушыларға адам өмірінде ақиқаттың маңыздылығы жайлы түсінік беру.Оқушылардың бойында рухани - адамгершілік қасиеттерді дамыту.Оқушыларды шынайылыққа, адалдыққа, әділдікке, шыншылдыққа тәрбиелеу.:

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi. «Нұрға бөлену»

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ- қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ой мен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті. Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте- бірте қарқынды және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан- жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз. Олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан- жануарларға, өсімдіктерге, тірі жанға таралсын . . . Ғаламның барлық түкпір- түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын . . . Нұр менің ішімде . . . Мен Нұрмын »

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз . . .

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет!

Қандай сезімде болдыңыздар? Ойларыңызбен бөлісіңіздер.

  1. Үй тапсырмасын тексеру

№ 2 сабақ 18 бет

«Өмірдің мәні» атты ертегіні оқып, мазмұнын талдау». Сахналау

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру

  1. Тархан патша қандай тосын шешім қабылдады?
  2. Үміткерлер өмірдің мәнін қалай түсіндірді?
  3. Сізге қай үміткердің жауабы ұнады?
  4. Ел неге қуанды?
  5. Өмірдің мәні неде деп ойлайсыздар?
Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер, оқулық, проектор): Сабақ барысын талдау:
Сабақ мақсаты:Оқушыларға адам өмірінде ақиқаттың маңызды екендігін ұғындыру.Міндеттері:Оқушыларға адам өмірінде ақиқаттың маңыздылығы жайлы түсінік беру.Оқушылардың бойында рухани - адамгершілік қасиеттерді дамыту.Оқушыларды шынайылыққа, адалдыққа, әділдікке, шыншылдыққа тәрбиелеу.:
  1. Дәйексөз. «Ар - ождан алдындағы адалдық - өз қадір қасиетіңе, ізгі іс әрекетіңе байланысты»

Халық нақылы

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіздер?

(дәйексөзді бірнеше рет айтқызу, мағынасын ашу)

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер, оқулық, проектор):
Сабақ мақсаты:Оқушыларға адам өмірінде ақиқаттың маңызды екендігін ұғындыру.Міндеттері:Оқушыларға адам өмірінде ақиқаттың маңыздылығы жайлы түсінік беру.Оқушылардың бойында рухани - адамгершілік қасиеттерді дамыту.Оқушыларды шынайылыққа, адалдыққа, әділдікке, шыншылдыққа тәрбиелеу.:
  1. Әңгiмелеу:

ӨМІР СҮРУДІҢ ЕҢ ЖАҚСЫ ЖОЛЫ

Шағын ғана бір ауылда орта жастағы бір кісі дүкен ашып сауда жасамақ болады. Сөйтіп алға қойған жоспарын бастап та жібереді. Ол ақ көңіл, жайдарлы болғандықтан, ауылдың адамдарының бәрі оны жақсы көретін. Оның дүкеніне барып сауда жасайтын. Ауылдың тұрғындары тамыр-таныстарын да сол адамнан сауда жасауға кеңес беретін. Шаруасын кішігірім дүкеннен бастаған адам, бір жылдың ішінде Американың түкпір-түкпірінен сондай шағын дүкендер ашып тастайды.

Бір күні ауыр науқастанып, бұл дүниеден өтерін сезген адам, артында қалған үш ұлын қасына шақырып:

- Үшеуіңнің біреуі барлық дүкендерімнің иесі болады. Мирасымды соған қалдырамын. Менің арттағы дүние-мүлкіме қайсысың лайықты екенін білу үшін үшеуіңе де бір-бір доллардан беремін. Осы долларға бір нәрселер алыңдар. Кешкісін келгенде алған нәрселерің менің осы бөлмемді толығымен толтыруы керек. Шартым осы.

Ұлдары үлкен компанияны басқару мүмкіндігінен айырылып қалуды ойлап, не істерлерін білмей қатты абыржиды. Қалаға барып үшеуі де долларын жаратты. Кешкісін әкелерінің қасына келген кезде, үлкен баласы:

- Досымның шаруашылығына барып екі қап сабан сатып алдым - деді де, қаптарды ашып сабанды әр тарапқа шаша бастады. Алайда көп ұзамай сабандар еденге түсіп, бөлмені толтыра алмады.

Екінші баласы:

- Дүкенге барып екі жастық алдым - деді де, жастықтарды сөгіп, ішіндегі жүнін бөлменің ішіне шашып тастады. Бірақ жүн де көп ұзамай жерге түсіп, бөлмені толтыра алмады.

Үшінші ұлы:

- Долларды ұсақтап, 50 центін мешітке бердім, 20 центін қайырымдылық қорға бердім, 20 центін де садақа ретінде тараттым. Қалған 10 центке екі нәрсе алдым - деді де, қалтасынан сіріңке мен шырақты шығарды. Бөлменің жарығын сөндіріп, шырақты жақты. Сабан мен жүнге толмаған бөлме, аз уақыттың ішінде шырақтың нұрына бөленді.

Әке баласына риза болып:

- Мирасымды саған қалдырамын. Өйткені өмір сүрудің ең жақсы жолы - айналаңа жарық тарату!

Мәтін бойынша сұрақ:

  1. Үлкен кісінің мінезіне сипаттама беріңдер
  2. Ол мұрагерлеріне қандай сауал қойды?
  3. Сізге қай ұлдың іс әрекеті ұнады?
  4. Сіздің ойыңызша өмірдің жақсы жолы неде?
Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер, оқулық, проектор):
Сабақ мақсаты:Оқушыларға адам өмірінде ақиқаттың маңызды екендігін ұғындыру.Міндеттері:Оқушыларға адам өмірінде ақиқаттың маңыздылығы жайлы түсінік беру.Оқушылардың бойында рухани - адамгершілік қасиеттерді дамыту.Оқушыларды шынайылыққа, адалдыққа, әділдікке, шыншылдыққа тәрбиелеу.:
  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

«Өмір жайлы бейне баянкөрсету»

  1. Мына бейне баяннан өмірдің қандай сәттерін байқадыңыздар? Несімен ұнады?
  2. Сыныпты екі топқа бөлеміз.
  1. топқа «Өзің жайлы»
  2. топқа «Өмір жайлы» - өлең

Ұқсас жұмыстар
Қуаныш-жан шуағы
Өмір - өзен
Ата сөзі санамда, Жасы үлкенге жол берем
Адам-ғалам, ғажайып жеке дара
Тақырып Жақсылықтан жақсылыққа
Оқушыларды ұқыптылыққа тәрбиелеу
Тақырып Атамекен - алтын бесік
Жұлдызым менің жоғары
Ұқыпты бала үлгілі бала
Сабақ соңындағы тыныштық сәті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz