Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Алтын сақа елінде

№25-26 Практикалық жұмыс
7-8 сынып оқушыларына сыныптан тыс ұйымдастырылатын географиялық ойындар, жарыстар мазмұнын, жоспарын құрастыру
1 тапсырма: 6 сынып бойынша ауызша ойналатын ойын түрін құрастырыңыз

"Үздік жас ғалым" сайыс ойыны

Мақсаты: Оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп,сабақта алған теориялық білімдерін дұрыс пайдалана білуге дағдыландыру мақсатында 6 сыныптар үшін <<Үздік жас ғалым>> ойынын өткізу. Ойын барысында география пәндерімен қатар экология пәндеріненде қосымша сұрақтар қою арқылы пәнаралық байланыстар ұйымдастыру.Сонымен қатар,топта жұмыс істей білуге,ынтымақтастыққа,ізденпаздыққа өз бетінше еңбектенуге тәрбиелей отырып,экологиялық тәрбие беру.

Ойын төрт кезеңнен тұрады:
І. Бәйге
ІІ. Адасқан әріптер ойыны
ІІІ. <<Түймедақ>> ойыны
ІҮ. Капитандар сайысы

І. Бәйге
1. Қазақстан қай материкте орналасқан?
2.Желдің бағытын анықтайтын құрал?
3.Қазақтың тұңғыш географ-ғалымы.
4.Экватордың ұзындығы.
5.Жер шарын тұңғыш айналып шыққан саяхатшы?
6.Ең алғаш градус торымен карта жасаған ғалымды ата.
7.Жердің белгілі бір затпен солтүстік бағыт арасындағы бұрышы?
8.Жерді бір нүктеде кескіндеу?
9.Жанартаудың мойыны қалай аталады?
10.Маңғыстау облысының орталығы қай қала?
(2-топқада сұрақтар бірге қойылып,дұрыс жауап берген топқа 2-ұпайдан беріледі)

ІІ.. Адасқан әріптер
1-топ
1.АВЗРЯИАЛ - ЛАВРАЗИЯ 2.ЛАМГЕЛНА- МАГЕЛЛАН 3 ТАРКА- КАРТА 4.МТУЗИА - АЗИМУТ 5.ҰШҢЫҒМА- ШҰҢҒЫМА 6.ТСААШМБ - МАСШТАБ
2-топ
1.ТВОЭРАК- ЭКВАТОР 2.СЛОГБУ- ГЛОБУС 3. ТАОКРОИДАН- КООРДИНАТА 4. ИАНМЕДРИ- МЕРИДИАН 5. АЛЛЬЛЕПРА- ПАРАЛЛЕЛЬ 6. ЯМИТАН- МАНТИЯ

(дұрыс жауап берген топқа 2-ұпайдан беріледі)

ІІІ. <<Түймедақ>> ойыны
Оқушыларға әр түрлі ұғымдар беріледі, соларды саралап қарап қандай географиялық ұғымды білдіріп тұрғанын табулары керек. Ойлануға 30 секунд, әрбір дұрыс жауапқа 5 ұпай. Әр топ өз түймедақ гүлін құрастырады. Ойынға шақырылған топтың мүшесі бір күлтесін алады да, сұрағын дауыстап оқып сол бойда жауап береді, жауап бере алмаса, топ басшысы көмекке келеді. Оқушы өзі тапса 10 ұпай, көмекпен тапса 5 ұпай алады.

1-топ
1.Толқын, қауіп - қатер, жылдамдық, апатты құбылыс, жер сілкіну. Цунами
2. Гренландия, Отты Жер, Мадагаскар, Хонсю Аралдар
3.Атлас, Аппалач, Анд, Карпат. Таулар
4.Мұхит, мұз, тау, "Титаник", қауіп-қатер Айсберг
5. Гольфстрим, Солтүстік Атлант, Бразилия Жылы ағыстар
6.Тынық, Атлант, Үнді Мұхит

2-Топ
1.Тау, су, гүрілдеу, ғажайып көрініс, жыра Сарқырама
2.Гвинея, Бискай, Парсы. Шығанақтар
3.Ганг, Евфрат, Хуанхэ, Дунай Өзендер
4.Ла-Манш, Беринг, Гибралтар Бұғаздар
5.Игуасу, Анхель, ВикторияСарқырамалар
6.Байкал, Балхаш, Зайсан Көлдер

ІҮ Капитандар сайысы
1. Жердің ішкі құрылысы неден тұрады?
2.Дүние жүзін тұңғыш айналып шыққан саяхатшы?
3. Көлемі бойынша ең үлкен материк?
4. Мұхиттық жер қыртысында қандай қабат болмайды?
5.Жердің тіршілік қабаты?
6.Дүние жүзіндегі ең кіші материк?
7. Қай жылы Христофор Колумб Американы ашты?
8. Тау жыныстары нешеге бөлінеді? 4. Дүние жүзінде неше материк бар?
9.Жердің тас қабаты?
10. Географияның атасы?
(2-топ капитанына сұрақ бірден қойылады,әр дұрыс жауапқа 2-ұпайдан беріледі)

2 тапсырма: 7 сынып бойынша ролдік ойын құрастырыңыз
<<Алтын сақа>> ойыны
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың бойында салт-дәстүрге деген сүйіспеншілікті одан әрі дамыту, оны әрқашан құрметтеуге баулу.
Жас ұрпақтың ұлттық сана сезімін қоғамдық саяси ой өрісін дамыту.
Ойлау, сөйлеу, қабілеттерін шындау,балалардың қығушылығын арттыруға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, асық, қоржын
Сабақтың мазмұны:
Ұйымдастыру бөлімі <<Алтын сақа>>
Уа, халайық, халайық,
Бәріне жар салайық,
Бүгінгі күн төрінде
<<Алтын сақа>> елінде.
Мақал айтып, жарысып,
Жауап беріп, аңдысып,
Шабыт тасып шалқысып,
Көңілді кеш жасайық
Ат салысып аянбай,
Бар өнерге басайық
Құрметті ұстаздар, оқушылар бүгінгі <<Алтын сақа>> ойынына қош келдіңіздер! Сайысымызды бастамас бұрын мектебіміздің директоры Е.М.Айшуаковқа сөз беріледі.
Әділ қазылармен таныс болыңыздар
Ертеден бері келе жатқан ұлттық ойынның бірі-асық. Асық - қой малының асық жілігінде болады .Біз бүгін халық ойынын асық ойнау арқылы <<Алтын сақа>> ойыны негізінде өткізілгелі отырмыз. <<Алтын сақа>> ойыны қазақ халқына тән ойын. Асық жинау арқылы ұпай (баға) жинаймыз.Бұл ойынның тәрбиелік мәні өте зор.Әрбір халықтың мәдениетіне оның спорттық жаттығулары мен ойындары кіреді.Ұлттық ойындар балалар мен үлкендердің күнделікті өміріне тікелей қатысты болып келеді.Олар өмірге аса қажетті төзімділік, күштілік, ептілік, шапшаңдық сияқты қабілеттерді жетілдіреді.Адамның бойында адалдық, әділдік, адамгершілік сияқты жақсы қасиеттер дарытады.
Бүгінгі <<Алтын сақа>> сайысы 5 кезеңнен тұрады.
1.Таныстыру
2. <<Кім зерек?>>
3.Мақал- мәтел жалғасы
4.Шығармашылық жұмыс
5.Ойлан, тап!
(Алтын сақа сұрақтары)
Балалар сақаларды тандап, топқа бөлінеді.

Сайысымыздың 1-кезеңінде топ басшы тандалып, өз топтарын таныстырады.
Балауса: Таныстырып тобыңды,
Көрсетсеңші, топ басшы
Білімді, озат тобыңмен
Қанеки, бүгін топ жаршы.
Топқа бөлу: <<Болашақ>>
Ұраны: Біз жастармыз болашақ
Алда бізге жол ашпақ
Қадірлейміз бәрінді
Үлкен, кіші, кәрінді.
<<Бейбітшілік>>
Ұраны: Бейбітшілікті қолдаймыз,
Ақ көгершін қасында
Еркіндікке тоймаймыз,
Ашық аспан астында.

Малика: <<Алтын сақа>> ойынымыз аталады.
Біз боламыз <<Алтын сақа>> қатарлары
Ұлттық ойын ойнайық, үйренейік
Арайлансын болашақ атар таңы.
<<Алтын сақа>> көрінісінен үзінді.

Алтын сақа
Өткен заманда бір бай болыпты, ол бір перзентке зар болыпты, зарыға жүріп перзентті болыпты.Бай бір күні жылқысын суара көлге келсе, көлдің ішінде бір қып-қызыл өкпе жүзіп жүр екен.Байдың айдап келген жылқылары көлдегі жүзіп жүрген өкпеден үркіп суға жуымайды.Әлгі жерде бай жылқыларын қанша айдаса да, суға жаба алмайды.
Сол кезде бай тұрып судағы жүзіп жүрген өкпені құрықпен түртіп көреді.Өкпе суға батып кетіп, әлден уақыттан соң жалмауыз кемпір болып судан шығады да, байдың жағасынан ала түседі.Бай көзі алақандай болып қорқып кетеді.Ол жалмауыз кемпірге:
-Ат басындай алтын берейін, қоя бер, -дейді.
Жалмауыз кемпір жібермейді.
-Осы жылқыларымның бәрін берейін, қоя бер,-дейді.Кемпір көнбейді.
Кемпірден сасып:
-Енді не берейін?-дейді.
Кепмір:
-Жалғыз балаңды бер, жіберейін,-дейді.
Бай жалғыз баласын бермек болады, кемпір байды қоя береді.ъ
Кемпір байға:
-Балаңды қай жерде бересің?-дейді.
Сонда бай:
-Ертең көшемін, сонда баламның алтын сақасын жұртқа тастап кетейін, сен жұртта сол сақаның жанында отырарсың,-дейді.
Сонымен бай жалмауыз кемпірге уәдесін беріп, жылқыларын айдап кетіп қалады.
Ертеңінде көшеде, жалғыз баласының алтын сақасын ұмыттырып жұртқа тастап кетеді.Ауыл жаңа қонысқа көшіп барады.Асық ойнамақ болған бала алтын сақасын жоқтап жылайды.
Сонда әкесі:
-Кеше көшіп жүргенде жұртта қалыпты.Барып алып қайта ғой,-дейді.
Бала бармақшы болады да әкесінен:
-Әке, қандай тайға мініп барайын?-деп сұрайды.
Қай тай бетіңе қараса,сол тайға міндейді.
Бала қуанып тайдың үстіне қарғып мінгенде тұлпар болып, көзді ашып-жұмғанша жұртқа жетіп келеді.
Жұртқа келсе алтын сақасы ошақ басындағы тезек түбінде жатыр екен.Сақа жанында бір кемпір отыр.Бала кемпірге жақын келіп:
-Шеше, анау жатқан сақамды алып берші!-дейді.
Сонда кемпір:
-Шырағым, өзің түсіп ал.Кәріліктен отырсам тұра алмаймын, тұрсам отыра алмаймын, -дейді.
Сонда бала:
-Мен жастықтан түссем міне алмаймын, мінсем түсе алмаймын,-дейді.
Сонда баланың тайы сақаның жанына жата қалады.Бала үзеңгіден аяғын суырмай сақаны іліп алады.Тай тұра қашады.Жалмауыз кемпір қуады.Балакемпірге жеткізбей, қашып құтылады.
Балалар, Неге Кенжебек << алтын сақасын>> жоқтады?
Себебі:ол кішкентайынан сол сақамен ойнады.
Ерназар бай - Дарын, Мыстан кемпір- Інкәр, Кенжебек- Ершат.
Сайысымыздың 2-кезеңінде <<Кім зерек?>>Бұл кезеңде екі топқа сұрақтар қойылады.Біз осы уақытқа дейін алған білімдерімізді көрсетіп,ортаға салайық.
Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік
Сөз кезегін сайыскерлерге берейік.
Арамызда тапқыр достар көп екен
Солардың енді жауаптарын көрейік.
Дильназ: Әрқашан да білім көптік етпеген
Талапсыз жан мұратына жетпеген
Сәлем бердік ұландарға талапкер
Дос көңілден, адал, аппақ ниетпен
<<Болашақ>> тобына сұрақтар.
1.Бір өркешті түйе (Нар)
2.Жеті қазынаның бірі, үйді қорып жүретін досы (ит)
3.Мәтіннің неше түрі бар? (3 түрі)
4. Қазақ даласында мектеп ашқан ұлы ағартушы кім? (Ыбырай Алтынсарин)
5.Бір ғасырда неше жыл бар? (100)
6.Киіз үйдің төбесі қалай аталады? (Шаңырақ)
7.Қыс мезгілінің екінші айы (Қаңтар)
8.Рәміздерді ата. (ту, елтанба, әнұран)

<<Бейбітшілік>> тобының сұрақтары
Ершат: Білім деген биік шың
Бақытқа сені жеткізер
Білім деген ақылшың
Қиындықтан өткізер.

1.Столдың төрт бұрышы бар.Егер бір бұрышың кесіп тастаса неше бұрыш қалады? (Бес бұрыш)
2.Тоқтар Әубәкіров кім? (ғарышкер)
3. Адамдардың есімдері қандай әріппен жазылады? (Бас әріп).
4.Қазақтың ұлы ақыны (А.Құнанбаев)
5.Тудың авторы кім? (Шәкен Ниязбеков)
6.Көкжиектің неше тұсы бар? (төртеу).
7.ҚР-ның Мемлекеттік тілі қай тіл? (қазақ тілі).
8.Қазақстанда неше облыс орталығы бар? (14)

Сайысымыздың 3-кезеңінде мақал-мәтел жалғасын табу.
Ләззат: Халқымыздың бір ойыны <<Алтын сақа>>
Шығады жеңімпазы, жеке дара
Ендеше, бізде ойнап көрейікші
Қандай ойын екен бұл <<Алтын сақа>>
Асық иіріледіОйыншылардың номері анықталады.
Алшы 1 Шік 3
Табан 2 Бүк 4

<<Болашақ>> тобына сұрақтар.
1.Оқу- білім бұлағы, ... (білім - өмір шырағы)
2.Отан... (оттан да ыстық).
3.Отансыз адам- (ормансыз бұлбұл)
4.Күлме досыңа- (келер басыңа)
5. Жүз теңгең болғанша- (100 досың болсың)
6. Досы көпті жау алмайды- (ақылы көпті дау алмайды)
<<Бейбітшілік>> тобының сұрақтары
1.Туған елдей , ел болмас (туған жердей, жер болмас)
2. Еңбектің наны тәтті, (жалқаудың жаны тәтті)
3. Әкеге қарап ұл өсер, (анаға қарап қыз өсер)
4. Жері байдың - (елі бай)
5. Мектеп- кеме, (білім- теңіз)
6.Оқусыз білім жоқ, (білімсіз күнің жоқ)

Сайысымыздың 4 - кезеңі шығармашылық жұмыс.
Бұл кезеңде балалар постермен жұмыс жасайды.Екі топқа өз топтарының аттарына сай суреттермен жұмыс жүргізу.

Қорытынды.Әділ қазыларға сөз беру.
Балалар бүгінгі ойын сендерге ұнады ма? Әр дәйім асықтарың алшысынан түсіп, жолдарын ашық болсың .Өмірде қаққан қанаттарың талмасын.

3 тапсырма: 8 сынып бойынша іскерлік ойын құрастырыңыз
<<Географиялық бәйге>> ойыны
Сайыстың мақсаты: Оқушылардың география пәнінен алған білімдерін қайталау, қорытындылау, материалды меңгеру дәрежесін тексеру, пәнге қызығушылығын, ойлау қабілетін дамыту.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, жарты шарлардың физикалық картасы, тақырып слайдтары.
Әдісі: Сайыс
Жүрісі:
1-ұйымдастыру кезеңі
2-таныстыру кезеңі ( сайысқа 2 топ қатысып, сан алуан сұрақтарға жауап беру арқылы білім сайысына түседі)
3-сайыс
Барысы: -Қайырлы күн, бүгінгі <<Географиялық бәйге>> ойынының құрметті қонақтары. - Бүгін біздің <<Географиялық бәйге>> атты ойын сайысын бастаймыз. - Бүгінгі ойын сайысқа 8 <<а>> сыныбы қатысады, яғни әрбір топтан 4 оқушы шығады. Сонымен бізде екі топ қатысады.
І топ - <<Меридиан>> тобы
ІІ топ - <<Параллель>> тобы
Әділқазылар алқасы бес балдық жүйемен оқушылардың білім дәрежесін бағалайды. Жіберілген кемшіліктерді ескертіп отырады.
- Енді ойын шарттарымен таныстырып өтелік.
І кезең - Таныстыру
ІІ кезең - Топ басшылар сайысы
ІІІ кезең - Жұмбақ жасыру, оның шешуін үш тілде айту.
ІV кезең - Адасқан әріптер, берілген сөздердің орнын табу.
V кезең - <<Апатқа ұшырағандарға көмекке ұмтылу>>.
VI кезең - <<Менен баста>> ойыны
VIІкезең - <<Жасырын сөз>> ойыны
- Ойынымызды бастамас бұрын осы география ғылымы туралы айтып өтейік. География ғылым ретінде ежелгі Грекияда туған. Біздің заманымыздан бұрын өмір сүрген грек ғалымы Эратосфен өзінің Жерді сипаттауға арналған еңбегін <<география>> деп атаған екен. Және, ұзақ уақыт бойы география жаңа жерлерді ашып сипаттаумен ғана айналысатын ғылым деп есептелініп келді. ХІХ ғасырдың басында бүкіл Жер шарында ашылмаған жер қалмаған екен.Осыған орай географияның міндеті де өзгерді. Ендігі жерде ол Жер бетіндегі денелер мен құбылыстардың таралуын сипаттап қана қоймай, олардың себебін түсіндіретін ғылымға айналды. Сондықтан қазіргі жарысқа түскен оқушылар өздерінің физикалық география курсынан алған білімдерін көрсетеді. Ал енді ойнымызды бастаймыз. 1-ші команданы шақырамыз. (команда өздерін таныстырып өтеді, белгіленген орындарына отырады.). Ортаға 2-ші команданы шақырамыз (команда өздерін таныстырып өтеді, белгіленген орындарына отырады). Командаларға сәттілік тілейміз.
I бөлім. <<Таныстыру>> екі команда ортаға шығып, өздерін таныстырады.
1. <<Меридиан>> тобы
2. <<Параллель>> тобы .II бөлім. <<Бәйге>> топ басшылар сайысы. <<Меридиан>> тобының басшысына сұрақ
1. Экватордың ұзындығы (40 000км)
2. Жер бетінің ауа қабаты (атмосфера)
3. Белгілі бір жерге тән жыл сайын қайталанып отыратын ауа райының жиынтығы
( климат)
4. География ғылымының дамыған жері .... (Ежелгі Грекия)
5. Су қабығының латынша атауы (гидросфера).
6. <<География ғылымының атасы>> атанған грек оқымыстысы ... (Эратосфен)
7. Дүние жүзіндегі ең терең шұңғыма (Мариан).
8. Жан-жағынан материктермен шектелген орасан зор су алқабы (мұхит).
9. Азимуты 90˚ болатын көкжиек тұсы ... (шығыс)
10. ... ең ұзын параллель (экватор)
<<Параллель>> тобының басшысына сұрақ
1. Солтүстік бағытты көрсететін жұлдыз. (темірқазық)
2. Биіктігі бірдей нүктелерді қосатын сызықтар. (горизонтальдар)
3. Салыстырмалы биіктікті ... құралымен өлшейді. (деңгейлегіш)
4. Жердің сыртқы қатты қабығы (литосфера).
5. Жердің ішкі құрылысы ... тұрады. (жер қыртысы, мантия, ядро)
6. Ең терең көл (Байкал).
7. Тау жыныстарын құрайтын табиғи заттар (минералдар)
8. <<Жол>> деген мағынаны білдіретін араб сөзі (азимут)
9. Масштабтың неше түрі бар? (үш)
10. Жердің терең қойнауында жоғары температура мен үлкен қысым жағдайында түзілетін, газға бай, балқыған отты қоймалжың зат (магма).
III бөлім. Жұмбақ жасыру, оның шешуін үш тілде айту. <<Меридиан>> тобы

Ешбір тірексіз күмбез,
Жылт-жылт еткен,
Ешбір сүйексіз күмбез.
Жылғадан өткен.
Ешкім көтере алмайтын күмбез,
(су, вода, water)
Ешкім төңкере алмайтын күмбез.
(Аспан, небо, the sky)
Тұрғыны жоқ елдер,
үйі жоқ қалалар
Ағашы жоқ ормандар,
суы жоқ теңіздер
(карта, карта, map)
Бетін адам ашады, Білім нұрын шашады.
(кітап, книга, book)
<<Параллель>> тобы Көтеріліп теңізден,
Ол келсе орман шулайды,
Аспанға биік барамын.
Толқын теңіз тулайды.
Биіктен қайта түскенде,
Қуса өзін қуады,
Өңі кірер даланың.
Ешкім оны қумайды.
(жаңбыр, дождь, rain)
( жел, ветер,wind)
Ай үстінде асыл тас,
Алайын десем табылмас.
(жұлдыз, звезда, star)
Қолы да жоқ, көзі жоқ,
сурет салар өзі кеп
(аяз, мороз, frost)
IV бөлім. Берілген сөздердің орнын табу <<Меридиан>> тобына
1. Л п о ю с - полюс
2. Т а р к а - карта
3. И а н м е д р и - меридиан
4. М т у з и а - азимут
5. Е ф а м о т а с р - атмосфера
<<Параллель>> тобына
1. Ф р е а с д и г о р - гидросфера
2. И о н г з т ь л а р о - горизонталь
3. С п м а о к - компас
4. Қ л ы й о б - бойлық
5. Ғ д а а р у а л б - бағдарлау
V бөлім. <<Апатқа ұшырағандарға көмекке ұмтылу>>. <<Меридиан>> тобына тапсырма
1. Еуропадан Австралияға келе жатқан кемеде өрт болды. Кеме координаты 80° ш.б пен 40° о.е еді. Кемеге көмекке бару үшін, ол қай жерде екенін анықтаңыз.
<<Параллель>> тобына тапсырма
2. Теңізшілер ішінде хаты бар шөлмек тауып алды. Апатқа ұшырағандар көмек сұраған. Шөлмекке кірген су кейбір әріптер мен сандарды өшіріп жіберген, онда тек 42 е. және 173 б. Жаңа ...... аралы деген үзінділер қалған. Кеме қай жерде апатқа ұшыраған?
VI бөлім.. Тақтада әліпбидегі кейбір дауыссыз дыбыстар бойынша сұрақтар берілген. Бұл сұрақ жауаптарының басқы әріптері алфавитпен байланысты болады. Дұрыс жауап - 5 ұпай.
Б
В
Г
Д
Ж
З
К
Қ
Л
М
Н
П
Ш
С
Т
Ф
1. Б - Көкжиек тұстарын, бақылаушының тұрған жерін, қозғалыс бағытын анықтау.(Бағдарлау)
2. В - Машина маркасымен аттас өзен. (Волга)
3. Г - Жер бетіндегі нүктенің экватордан градуспен алынған қашықтығы. (географиялық ендік)
4. Д - Шөп басқан,батпақсыз жазық жер (Дала)
5. Ж - Жер бетінің біршама тегіс және белесті алқабы (Жазық)
6. З - Жануарлардың жер бетінде таралу заңдылықтарын зерттейтін ғылым (Зоогеография)
7. К - Қазақстан қаласы (Көкшетау)
8. Қ - Таудағы қар жыл бойы ерімейтін биіктікті көрсететін сызық (Қар жиегі)
9. Л - Жер бетіне шығып, газынан айрылған магма (Лава)
10. М - Жер бетінде өлшенген қашықтықты қағаз бетіне түсіру үшін кішірейту дәрежесі (Масштаб)
11. Н - Салыстырмалы биіктікті өлшейтін құрал (Нивелир)
12. П - Күнді айнала қозғалып жүретін және Күн жарығымен жарқырап көрінетін аспан денесі (Планета)
13. Ш - жер қыртысында су, жел, т.б күштер әсерінен пайда болатын тау жыныстары (шөгінді тау жыныстары)
14. С - Жер сілкіну қайталанып тұратын аймақ (Сейсмикалық аймақ)
15. Т - Бір - бірімен өзара байланысты табиғат кешендерінің біртұтас жүйесі ( табиғат кешені)
16. Ф - Географияның бір саласы (Физикалық география)
VII. Жасырын сөз. Мына сөздердің ішінен артық әріптерді алу арқылы, географияға қатысты терминдерді табу.Щгкартаенглобусыцжерьтимеридианвяфэкваторцуебағдарлауэхъпланмслитосфераглнетаудлөзенбсымуссонэрнклиматнавкаспийэжютасқынукпнілд.Жауаптары: карта, глобус, жер, меридиан, экватор, бағдарлау, план, литосфера, тау, өзен, муссон, климат, каспий, тасқын, ніл
VIIІ. Марапаттау. Ұпайлар саны есептеліп, жеңімпаз топ анықталады, жеңген топ марапатталады.

Ұқсас жұмыстар
Алтын сақа ойыны
Шоқан кім
Ұйымдастыру бөлімі Алтын сақа
Мен туған елімді сүйемін
Бүгінгі Алтын сақа ойынында Керқұла атты Кендебай ертегісі талданбақ
Практикум. аралас құжаттарды құру
Алтын оймақ үйірмесінің ұйымдастыруымен Алтын сақа ертегісінің желісімен қойылған өнерімізді бастауға рұқсат етіңіздер
Ауыз әдебиет түрлері
Ойын әлеміне саяхат
Алтын сақа
Пәндер