Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Кезеңдеп оқыту технологиясы

1. Жаңа технологиялар
Педагогикалық технология - мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы және сатыланып жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс-әрекеттер көзі. Мұның өзі ақпараттық технологияларды пайдаланудың екі бағыты бар екендігін анықтауға мүмкіндік береді. Бірінші бағыт тұрғысынан алып қарасақ, ақпараттық технологиялар білім, білік, дағдыны игеру үшін қажетті ресурс болып табылып, оқушылардың саналы тәрбие, сапалы білім алуына жағдай жасайды, ал екінші бағыт тұрғысында ақпараттық технологиялар оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру тиімділігін арттырудың қуатты құралы болып табылады.
<<Технология>> ұғымы соңғы кездері педагогикалық әдебиеттегі ең көп қолданылатын ұғымдардың біріне айналды. Технология ұғымының дидактикалық ұғымдармен байланысы сан алуан: оқытудың технологиясы, педагогикалық технология, білім беру технологиясы.
Жаңа технологияны қолдануды іске асыру кезеңдері:
оқып-үйрену;
меңгеру;
өмірге ендіру;
дамыту.
Жаңа педагогикалық технология мақсаты - оқытуды ізгілендіруі, яғни оқу құралдары оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай болуы керек. Жаңа педагогикалық технология түрлері өте көп.
Ойын технологиясы. Педагогикалық ойындар технологиясы дегеніміз педагогикалық жұмысты ойын түрінде ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерінің жиыны. Ойын түріндегі жұмыстар сабақ үстіндегі қолайлы деген жағдайларда пайда болып, оқушыларды қызықтырушы құрал ретінде қолданылады.
Проблемалы оқыту технологиясы. Проблемалы оқыту - мұғалім басшылығы мен қиын мәселелерді туғызу және оқушылардың белсенді түрде өз беттерімен мәселелерді шешу. Қорытындысында олардың ойлау қабілеттері дамып, шығармашылық іскерліктері мен дағдылары қалыптасуына жағдай жас айды .
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы. Информатиканы оқытуда тәжірибені шыңдай түсуде көп жеңілдік ашқан техно логиялардың бірі - осы технология. Мақсат пен міндеттердің о рындалуы мынадай ұзақ жоспарлар арқылы іске асады:
:: ассоциация;
:: бірлестік қызмет;
:: көзқарасын талдау мен дәлелдеу түрінде қорғау. Бұл технология бойынша:
:: оқу үрдісінде қызығушылық артады;
:: оқушының өз бетімен білім алуына мүмкіндік беруі туады;
:: оқушының ақпараттық тіл байлығы жетіледі.
Деңгейлік саралау технологиясы. Саралап оқыту технологиясы, оқыту процесінің белгілі бөлігін қамтып, ұйымдастырудың шешімдері, оны оқыту құралдарының жиынтығы түрінде көрінеді. Сыныпты, топтарды оқытуға әртүрлі қолайлы жағдай туғызуды қажет етеді; әдістемелік педагогикалық-психологиялық және ұйымдастыру-басқару шаралары біріктіріледі.
Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді.
1. Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді;
2. Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балаларға, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
3. Деңгейлеп-саралап оқыту құрылымында білімді игерудің бірнеше деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей (базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей сондықтан әрбір оқушы меңгеруі тиіс.
Жекелеп оқыту технологиясы . Жекелеп оқыту - оқу процесін ұйымдастырудың мына түрлері мен үлгілерін қарастырады.
:: мұғалім бір ғана оқушымен жұмыс істейді;
:: оқушы тек оқу құралдары мен өзара қатынаста (оқулықтар, компьютер, т.б) болады.
Жекелік оқудың басты жетістігі баланың қабілетімен оқу қызметінің желісін әдісі мен мазмұнын өз қабілетіне қарай бейімдеуіне мүмкіндік береді.
Оқытудың ұжымдық әдісі (ОҰӘ). ОҰӘ - оқу процесінде адамдарды өзара және жұптық еңбек әрекеттерін орындауы.
ОҰӘ принциптері:- жоғары жетістікке талпыну;
:: алынған мәліметті бір-біріне лезде кідір іс с із жеткізу;
:: оқушылар арасындағы өзара көмек және ынтымақтастық;
:: әр түрлі деңгейлік; тақырып пен тапсырмалардың әр түрлілігі;
Топтық технология. Бұл сыныпта оқу жұмысын ұйымдастырудың үшінші және төртінші деңгейі. Бұндай жұмыс белгілі-бір тапсырманы бірлесіп шешуі үшін сыныпты уақытша топтарға бөлуді қажет етеді. Оқушылардың өзіндік ерекшеліктерін ескеріп, бірлесіп үйренуге мүмкіндік береді.
Оқытудың компьютерлік технологиясы. Бұл технология - оқытудың бағдарламалық көзқарастарын дамытады, мүлдем жаңа технологиялық жолдар ашады.
Оқытудың компьютерлік технологиясы - мәліметтерді компьютер көмегімен даярлау және беру әрекеттері. Бұл технология материал мазмұнын кейбір үлгілерді пайдалануға негізделеді. Қазіргі кезде компьютердің көмегімен тек белгілі бір аудиторияларда ғана емес, сонымен бірге қашықтан оқыту үрдісі де дамып отыр. Ол үшін Интернет желісіне қосылған компьютер керек. Қашықтан оқыту кезінде тапсырманы және онымен бірге ұсынылған оқулықтарды қарап отырып білім алғысы келетін адам өзі ізденіп, жауаптарын салып жібереді. Немесе бірлескен телеконференцияларға қатысады. Оқытудың бұл түрі анағұрлым арзан, әрі қалаған уақытыңда оқуыңа, тапсырмаларды орындауыңа мүмкіндік береді.
Кезеңдеп оқыту технологиясы. Ойлау қызметін кезеңдер бойынша қалыптастыру, мақсаттың бағытталу технологиясы - бағдарлық білім, шеберлік және дағдыны әсерлі меңгеру. Бұл технология әрбір оқушының жұмыстарды, әрбір қадамын мұғалімнің бақылауын қажет етеді. Сабақмеңгерудің барлық кезеңдерінде бақылап отыру - техноло гияның ең маңызды құраушыларының бірі болады. Ол оқушыны қателесуден сақтандыруға бағытталады.
Жеке пәндік педагогикалық технология. 1. Ерте және ыждағатты сауаттылыққа оқыту технологиясы.Технология мазмұны оқу процесі бала миының танымдық қуатын жан-жақты жандандыра отыра, қызметі мен қатынастары арқылы баланың табиғи ойлауына негізделген.
Өзіндік дамыту технологиясы (М. Монтессори) Мақсаттық бағыты:
:: жан-жақты дамыту;
:: жекелікті тәрбиелеу;
:: бала санасында ойлау қызметі мен пәндер түз гіштерін біріктіру.
Дамыта оқыту технологиялары. В.Занковтың дамыта оқу жүйесі әртүрлі қызметтерге тарту, дискуссия, дидактикалық ойындарда оқытуда, пайдалану, сол сияқты есті, ойлауды, елестетуді, сөйлеуді байыту бағытындағы оқыту әдісі.
Д.Элькони - В.Давыдовтардың дамыта оқыту технологиясы ең алдымен оның мазмұны, теориялық білімге негізделе отыра құрылған. Білімнің теориялық негізі терең түрдегі жинақтаудан тұрады. Дәстүрлі технологиялардан өзгешелігі дамыта оқыту оқу қызметін басқаша бағалайды. Оқушының орындаған жұмыстары мен сапасы оқушыға білімнің жетімділігі мен қабілетінің жететіндігін мұғалімнің көзқарасы бойынша бағаланбай, оқушының өз мүмкіндігі тұрғысынан қаралады.
Жеке бас шығармашылығын дамытуға бағытталған дамыта оқыту жүйесі. Іздену, ойлап табу қызметтері процестері оқытудың негізгі мазмұны болады.
Дамыту мазмұны жақыннан орташаға, сонан кейін қашықтағы мақсаттық келешекке көшуден тұрады. Бұл технологияда ұжымдық жұмыс әдісі кеңінен қолданылады; ойға шабуыл, ұйымдастыру - қызмет ойыны, еркін шығармашылық пікірталасы.
Авторлық мектептер педагогикалық технологиялары. Мектеп - парк (М.Балабан) - түрлі жастағы балалар бірлестігіне негізделген - ашық студиялар. Ашық студияның сыныптан айырмашылығы, сабаққа келген бір топ оқушылар емес, немесе бір деңгейдегі даярлығы барға жататын оқушылар тобы емес. Ашық студияда топ басында тұратын лидер - мұғалімі бар аға және кіші оқушылардың құрылымы. Оқытудың негізгі әдісі - одақтасудың сөзбен қарым-қатынасы, кезексөз. Нәтижесін бағалау - өзіндік бағалау деңгейінде әркімнің қалыпты өсуін сезінуді қамтамасыз ету.
Модульдік оқыту технологиясы. Модуль дегеніміз - қандайда бір жүйенің, ұғымның нақтылатын, біршама дербес бөлігі. Оқу модулі қайта жаңғыртушы оқу циклі ретінде үш құрылымды бөліктен тұрады. кіріспеден, сөйлесу бөлімінен және қорытынды бөлімнен тұрады. Әр оқушы оқу модулінде сағат саны әртүрлі болады. Бұл оқу бағдарламасы бойынша сол тақырыпқа, тақырыптар тобына немесе тарауға бөлінген сағат санына байланысты.
Сонымен жалпылап айтқанда оқу үрдісінде оқушының тұлғасының дамуына, ықпал жасайтын жаңа технология түріндегі сабақтар үлгісінің бәріне жүктелетін міндеттер жүйесі төмендегідей:
Жаңа технологияны қолдануда оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, үлкен ізденіспен, шығармашылыққа жетелеуге де болады. Нәтижесінде оқушы:
:: Компьютерде еркін жұмыс жасайды;
:: Оқыту процесінде жаңа технологияларды қолдана отырып білімін шыңдайды;
:: Жаңа оқыту үрдісін қалыптастырады;
:: Өздігінен ізденімпаздық қабілеті артады;
:: Ақпараттық сауаттылығы мен ақпараттық мәдениеті қалыптасады.

2. Дәріс түрлері
Жоғары оқу орнындағы дәріс - оқытудың дидактикалық циклінің басты негізі. Оның мақсаты - студенттердің оқу материалын қабылдауларын қалыптастыру болып табылады. Заманауи жоғары мектептер үшін дәріс өте өзекті. <<Дәріс>> латынның <> - оқу сөзінен шыққан. Дәріс ежелгі Грецияда пайда болып, көне Римде және орта ғасырларда өз жалғасын тапты.
XIX ғ. орта тұсынан бастап бүкіл әлемдегі ғылыми және техникалық білімдердің дамуына байланысты дәрістерді студенттердің жеке және белсенділік қасиеттерін жандандыратын практикалық сабақтармен толықтырудың қажеттігі дами түсті. Танымал орыс хирургі және педагог Н.И.Пирогов егер дәріс оқушы жаңа ғылыми материалдарды игерген немесе ерекше сөз құдіретіне ие болса ғана дәріс оқу керектігін мәлімдеген болатын. Н.Г.Чернышевский, Н.А.Добролюбов, Д.И.Писарев студенттердің өзіндік жұмыстарына үлкен мән берді, сондай-ақ педагогикалық қарым-қатынас үдерісіндегі дәрістің эмоционалдық әсерін де басып көрсетті. 1896 ж. Техникалық және кәсіби білім беру жөніндегі орыс қайраткерлерінің екінші съезі дәріс оқуды қолдады, олар жанды сөзді ғылыми білімді хабарлаудың күшті құралы ретінде таныды.
Дәріске қатысу және талқылау барысында оқытушы мен оның әріптестерінің арасында дәрістің сапасын бағалау қажеттілігі туындайды. Бұл сапаларға: мазмұн, әдіс, студенттердің жұмысына жетекшілік, дәрістің нәтижелігі кіреді. Аталмыш сапалардың әрқайсысына тоқталып өтейік:
Дәрістің мазмұны дегеніміз дәрістің ғылымилығы, ғылымның қазіргі даму деңгейіне сәйкестігі, дүниетанушылық жағы, әдістемелік мәселелердің болуы, олардың дұрыс баяндалуы.
Дәріс оқу әдістемесі бұл дәрістің нақты құрылымы және мазмұндау логикасы. Жоспардың болуы, оған сүйеніп отыру.
Дәріске қатысты әдебиеттерді беру. Жаңа терминдер мен ұғымдарды түсіндіру. Дәлелдік пен дәйектілік.
Студенттердің жұмысына жетекшілік студенттерден конспектілеуді талап ету және оның орындалуын бақылау. Оларды жазу әдісіне үйрету.
Дәрістің нәтижелігі дегеніміз дәрістің ақпараттық құндылығы, тәрбиелік аспектісі, ең бастысы дидактикалық мақсаттарға қол жеткізу.
Білім беру жүйесінің дамуы, оны ізгілендіру (гуманизация), жеке адамға бағыттау үрдісі, студенттердің шығармашылық мүмкіндіктерін жүзеге асыру мәселелік дәріс, екеу аралық дәріс, визуалды дәріс, пресс-конференция дәрісі сияқты жаңа дәріс формаларының пайда болуына түрткі болды.
Мәселелік дәріс жөнінде оқытудың белсенді әдістерімен байланысты айтатын боламыз. Ал қазір оның мазмұндық және процессуалдық сипаттамасына тоқталамыз. Дайын ақпарат айтылып, түсіндірілетін ақпараттық дәріске қарағанда мәселелік дәрісте жаңа білім <<ашуға>> тиісті беймәлім ақпарат ретінде алға тартылады. Оқытушының міндеті - мәселелік жағдаят тудыра отырып, студенттерді мәселенің шешімін табуға жетелеу болып табылады. Бұл үшін жаңа теориялық материал мәселелік міндет түрінде беріледі. Мәселені оқытушымен бірлесе отырып шешу барысында студенттер жаңа қажетті білім алады.
Визуалды дәріс көрнекілік қағидатының жаңа мүмкіндіктерін жүзеге асыру нәтижесінде пайда болды. Психологиялық-педагогикалық зерттеулер көрсеткендей, көрнекілік оқу материалын барынша жақсы қабылдау мен есте сақтауға ғана емес, сондай- ақ құбылыстардың табиғатын терең түсінуге ықпалын тигізеді.
Екеу ара дәріс - бұл дәрістің түрі екі оқытушының диалогіндегі материалды мазмұндаудың жалғасы мен дамуы болып табылады. Бұл жерде теориялық және практикалық мәселелерді екі маман талқылайды. Мұндай дәрістің төмендегідей артықшылықтары бар:
· студенттердің бойындағы білімді өзектендіреді;
· мәселелік жағдаяттар туындатады, дәлелдемелік жүйелер ашады;
· екі дереккөз қорының болуы әртүрлі көзқарастарды салыстыруға, таңдау жасауға, қандай да біреуіне қосылуға, өз көзқарасын айтуға мәжбүрлейді;
· педагогтің кәсібилігі көрінеді, оның тұлғасы тереңірек ашыла түседі.
Пресс-конференция дәрісі. Бұл дәрісте оқытушы тақырыпты айтқаннан кейін студенттерден аталмыш тақырып жөнінде сұрақтарын қағазға түсіріп берулерін сұрайды. Екі-үш минуттың ішінде студенттер өздерін барынша қызықтырған сұрақтарын құрастырып, оқытушыға береді. Үш-бес минуттың ішінде сұрақтар іріктеліп, олардың мазмұны бойынша дәріс басталады. Дәріс сұрақтарға жауап ретінде емес, керісінше біртұтас мәтін ретінде баяндалады, мазмұндау кезінде сұрақтардың жауаптары да ашылып жатады.

3. Лекция және семинар
Лекция дегеніміз - колледжде немесе университетте оқытушының тақырып ұғымын түсіндіруге арналған ресми презентациясы. Семинар - бұл адамдарға білім беру үшін қолданылатын ұқсас ұғым, бірақ мұнда мұғалім немесе сот ісін жүргізуге сеніп тапсырылған адам шектеулі рөл атқарады және студенттер арасында көп талқылау жүреді. Бірақ семинарлар тек білім беру деңгейімен шектелмейді, сонымен қатар семинарлар бизнес ортада да ұйымдастырылады. Семинарлар мен лекциялар білім беруде қолданылады, бірақ көптеген айырмашылықтар бар, олар осы мақалада айқындалады.
Дәрісте оқытушы (әдетте оқытушы немесе профессор) үлкен бөлмеде отырған студенттерден бөлек қашықтықта тұрады. Оқытушы қара тақта алдында тұрып, оқушыларға ұғымдарды түсіндіру үшін бормен жазады. Қазіргі уақытта қара тақтаны қолдану қысқарып, оның орнын проектор мен слайд алды. Бұл мұғалімге слайдтарды рет-ретімен ұйымдастыруға және экранға түсірілген слайдтардың көмегімен тақырыпты түсіндіруге мүмкіндік береді. Егер сіз дәріске қатысқан болсаңыз, оның қалай жалғасатынын білесіз. Оқушылар көп жағдайда үндемейді, мұғалімнің осы тақырыпта айтқанын жазумен айналысады. Кейбір дәрістер интерактивті бола алады, мысалы мұғалім топтар құрып, осы топтарға тапсырмалар берген кезде. Оқу негізінен пассивті, өйткені мұғалім түсіндіреді және студенттер алады. Алайда, дәрістер көптеген студенттердің тақырып принциптерін тез түсінуіне мүмкіндік беретін арзан әдіс ретінде қарастырылады.
Семинар көбінесе білім беру жағдайында қолданылатынына қарамастан, коммерциялық ұйымдар ұйымдастыратын семинарлар жиі кездеседі. Бұл белсенді қатысу және көзқарастар, пікірлер мен білім алмасу бар нұсқаулықтарды беру әдісі. Семинар өткізуге тура келетін адам болса да, ол дәріс беруші емес, фасилитатор рөлін орындайды және қатысушылардың барлығын семинарға таңдалған тақырыпқа назар аудара отырып, белсенді қатысуды сұрайды.
Қатысушылар үнсіз және білімі жоқ дәрістерге қарағанда, семинарға қатысушылар бастаушы болмайды деп күтілуде. Оларға сұрақтар қоюға және басқа қатысушылардың сұрақтарын шешуге шақырылады. Осылайша, студент зерттеуге ұқсас әдістеме алады.
Семинар - болашақ мұғалімдердің теориялық алған білімдерін практикалық тұрғыда қолдану мақсатында өткізілетін сабақ түрі.
А.М.Матюшкиннің пікірінше, семинар сабақтары оқу жағдайында студенттердің кәсіби шығармашылық әрекетін, танымдық мотиві мен білімін кәсіптік тұрғыда қолдана білуге бағытталуға тиіс. Студенттер баяндамашы, оппонент ролінде мәселе, міндеттерді шешуде біліктілігі мен дағдысы арқылы дәлелдеме келтіруге, өз көзқарасында тұруға, теориялық дайындық деңгейін көрсетуге үйренуі керек. Басқа да жеке мақсаттар мен міңдеттер, яғни оқытушының семинар сабақтарының алдына қойған міңдеті: қайталау, бекіту, бақылау-негізгі мақсатқа бағытталуы тиіс. Семинар сабақтары оқытушының басшылық ролі негізінде болашақ маманның өзіндік ізденімпаздығын дамыту тұрғысындағы оқытудың тиімді формасы болып табылады. Семинар барлық оқу үрдістерімен, әсіресе лекциямен және студенттердің өзіндік жұмыстарымен байланысты. Сондықтан семинар сабақтарының мән-мазмұны лекцияның сапасы мен студенттердің өзіндік дайындығына негізделеді.
Оқу пәндері бойынша семинар сабақтары оқытушының ұйымдасты-рып, бағыттауы арқылы пікірталас түрінде өтеді. Семинарда оқу бағдарламасының маңызды тараулары мен тақырыптары талданады. Сондай-ақ, студенттердің дайындаған бағдарламалары мен рефераттары талқыланады. Реферат тақырыптарын оқытушы студенттердің дайындық деңгейі мен ізденімпаздық ерекшеліктеріне қарай дайындайды. Кейде студенттердің өздерін қызықтыратын тақырыптарын таңдауға мүмкіндік беріледі.
Жоғары педагогикалық оқу орындарында арнайы семинарларкең тараған. Бұл - лекция тақырыбына байланыссыз зерттеу негізіндегі, болашақ маманға қажетті, жеке ғылыми-практикалық мәселеге бағытталған, терең білім алу мақсатындағы семинар түрі. Арнайы семинар тәжірибелі маманның басқаруымен өтіп, ғыдыми сипатқа ие болады. Ол студенттердің бірігіп жұмыс істеуіне, ұжымдық ой-өріске, шығармашылыққа үйретіп, танымдық және кәсіби мотивтерін қалыптастырады.
Семинар сабақтарына кәсіби дайындықты анықтайтын, күрделі және қиын игерілетін тақырыптар алынады. Бұл тақырыптарды тек қана жеке жағдайда емес (студенттердің "кезекпен" жауап беруі, дайындығы жақсы студенттердің жауабы), керісінше әр студенттің белсенді қатысуын қамтамасыз ететін ұжымдық жұмыс. Семинар сабақтарының пәндік мазмұнымен қатар, оның дидактикалық талдауын жүзеге асыру қажет, яғни проблемалық сипатта пікірталас, талдау, білімін шығармашылық сипатта қолданудың әдістемелік негіздегі формасын табу.
Семинар - пікірталас - студенттердің өзіндік жұмыстарының белсенді ұжымдық формасы, сондай-ақ болашақ мұғалім тұлғасын қалыптастырудағы оқу-практикалық сабақтардың маңызды түрі. Семинар сабақтарының бұл түрі студенттердің өзіндік жұмысын шығармашылыққа бағыттап, ұжымдық ақыл-ой әрекетін ізденіске ұмтылдырады.
Семинар - пікірталас қалыптасушылардың диалогтік сөйлесуі ретінде ұйымдастырылып, нәтижесінде талдаудың практикалық тәжірибесі, болашақ маманның теориялық-практикалық ойы қалыптасып, теориялық мәселелер шешіледі.
Семинар сабақтарының ұжымдық теориялық формасы ретіңдегі ерекшелігі - теориялық бағыт бойынша әр студенттің талдауға белсенді қатысуына, сонымен қатар мәселені шешу жолдарын көрсетуге, оны дұрыстығы мен дәлелдемесін бағалауға мүмкіндіктің болуы. Пікірталаста ғылыми ұжымның мүшесі пәндік және әлеуметтік қатынастар моделі ретінде, студент баяндамасында өз ойларын анық айтып, көзқарасын дәлелдеуге, курстастарының қателігін түзетуге үйренуі тиіс. Мұндай жұмыста студент өз әрекетін мақсатқа бағыттап, жоғары белсенділік деңгейін көрсетеді

Ұқсас жұмыстар
Үш тілде оқыту – заман талабы
Қазіргі сабақтарда қолданылатын инновациялық технологиялар
Жаң оқыту технологиялар
Әлеуметтік мектеп технологиясы - әлеуметтік технологиялар
Ақпараттық оқыту технологиясын экология сабақтарында қолдану әдістері
Вальдорф технологиясы
Оқытудың педагогикалық жаңа технологиясы
Бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын арттыруда жаңа инновациялық технологиялардың тиімділігі
Білім беру үрдісіне жаңа технологияларды белсенді енгізу
Инновациялық технология элементтерін тарих сабағында пайдалану арқылы оқушының ынтасын арттыру
Пәндер