Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Арнайы семинар

<<Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті>> КЕАҚ

Реферат тақырыбы:
Практикалық және семинар сабақтарының мақсат міндеттері.

Дайындаған: Ануарбекова А.Н
7М01505 мамандығы, МБЕ - 001
Тексерген: Джанбубекова М.З

Семей қаласы, 2020 жыл

Форма, оқыту формасы,
Форма - бұл белгілі бір мазмұнның сыртқы бенеленуі.
Білім берудің теориясы мен практикасында көптеген формалар жинақталған.
Ең ежелгі форма - жеке. Ежелгі заманда мұғалім бір оқушымен жеке айналысқан. Қоғам қажеттіліктерінің өзгеруіне байланысты жекелей-топтық формасы пайда болды. Жекелей-топтық форманың дамуының көрінісі ретінде класс-сабақ жүйесі енгізілді. АҚШ-та Дальтон-план формасы кең таралды. Оқу сабақтары жекеше арнайы тапсырмалар бойынша кітапханада жүргізілді.
Бригадалық-лабораториялық әдісте оқушылар бирагадаға не топқа бөлінеді. Мұғалімдер оларға тапсырма береді. Мұғалім алдымен кіріспе сабақ өткізіп, содан соң бригадалар өз бетімен жұмыстанады. Оны орындау барысында оқушылар кеңес алуларына болады. Жобалар әдісі - оқушылар мұғалімнің басқаруымен белгілі бір жобаны белгілеп, осы жобаның айналасында танымдық қызметін орындайды. Бұл әдістердің барлығының кемшіліктері болады, сондықтан олар әрі қарай дамытылмады.
Практикалық сабақ бұл студенттердің дәріс сабағынан алған білімдерін бекіту, пысықтау, жынақтау мақсатында өткізілетін сабақтың бір түрі.
Оқыту әдістемесі - оқыту үдерісі барысында оқытушы мен студенттің өзара әрекетттестік формасын көрсететін әдістер мен тәсілдердің бірлігі. Оқытудың негізгі үш әдісін көрсетуге болады: енжар, белсенді және интербелсенді әдістер.
Енжар әдіс - оқытушы мен білім алушының өзара әрекет формасы. Енжар әдісте оқытушы белсенді ролде болып, студенттер енжар тыңдаушы роліне енеді. Енжар әдісті ұстанғанда оқытушы мен студенттің арасындағы байланыс сұрақ-жауап, өзбетінше жұмыс, тест тапсырмаларын орындату т.б. формалар түрінде өткізіледі.
Қазіргі жаңа технологиялар тұрғысынан қарастырған енжар әдіс ең тиімсіз әдістеме ретінде қарастыралады. Дегенмен де енжар әдістің де өзіндік тиіміді тұстары бар. Яғни шектеулі уақыт аралығында студентке көптеген мәліметті, ақпаратты жеткізу. Бұл көп жағдайларда дәріс сабақтарында кеңінен қолданылады.
Жалпы енжар әдіс төмендегі сызба негізінде іске асырылады.

Оқытушы
Білім алушы
Білім алушы
Білім алушы

Белсенді әдіс - сабақ барысында оқытушы мен студенттің белсенді өзара әрекет формасы негізінде анықталып, студент тыңдаушы емес, белсенді қатысушы роліне еніп, оқытушымен бірдей деңгейде сабаққа атсалысады.

Оқытушы
Білім алушы
Білім алушы
Білім алушы

Белсенді әдіс пен интербелсенді әдіс арасында айырмашылық бар. Интербелсенді әдіс белсенді әдіске қарағанда ауқымы кеңдеу, бұл әдіс тек қана оқытушы мен студент арасында белсенділікке ғана студент пен студент арасындағы өзара пікірталасқа, ой бөлісуге, өзара бірлесіп негізгі мәселелерді шешуге бағытталған. Интербелсенді әдіске негізделген сабақта студенттерді сабақ мақсатын шешуге бағыт беріп отыру, ал оның белсенді орындаушылары студенттер. Интербелсенді әдісті төмендегі сызбаға негіздеуге болады.

Оқытушы
Білім алушы
Білім алушы
Білім алушы

Интербелсенді әдістерді қолдану бүгінгі күннің талабы себебі қазіргі қоғам талабына сай, тұлғаның ой-өрісін дамыту, біліктері мен шеберліктерін қалыптастыру, оны өз тәжірибесінде, жаңа жағдайларға байланысты қолдана алу, ой дербестігін кеңейту, заман сұранысына сай ізденімпаз, шығармашыл тұлғасын қалыптастыру қажет. Жалпы, жаңарған оқыту құрылымы мен ұйымдастырылуы студенттердің қызығушылығы мен қабілеттеріне, рухани дамуына, олардың өмірлік жоспарларының жүзеге асырылуына бағытталған, көпвариантты және икемді болуы қажет.
Демек, практикалық сабақ барысында жаңа білім беру парадигмасына сай интербелсенді әдістерді қолдануға болады?
Компьютерлік технологияларға негізделген әдіс <<оқытушы-компьютер-студент>> жүйесінің арасында әр түрлі оқыту бағдарламаларының (информациялық, тренингтік, бақылау жасайтын, дамытушылық және т.б.) көмегімен жүзеге асырылады.
Диалогтық технологияларға негізделген әдіс (коммуникативті) ортаның болуымен және оқу-танымдық тапсырмалар мен шешімінің барысында <<оқытушы-студент>>, <<студент - студент>>, <<оқытушы-туындыгер (автор)>>, <<студент-туындыгер (автор)>> деңгейінде бірлесе қызмет істеу кеңістігінің кеңеюімен байланысты шешіледі.
Тренингтік технологияларға негізделген әдістер - бұл оқыту барысында оқу-танымдық әрекеттер мен типтік тапсырмаларды шешу тәсілдерінің белгіленген алгоритімдерін жасаудағы іс-әрекеттер жүйесі (тест, практикалық жаттығулар).
Жоба әдісі әлемдік педагогикада жаңа әдіс болып саналмайды. Ол осы ғасырдың 20-жылдарында А.Қ.Ш.-та пайда болды. Оны, сонымен қатар, ділгерлік әдіс деп те атайды және оны американ философ және педагогы Джон Дьюи мен оның студентсы В.Х.Килпатриктің жетілдірген философиядағы, білім берудің гуманистік бағыттағы идеяларымен байланыстырады. Джон Дьюи оқытуды белсенді түрде, студенттің іс-әрекетінің мақсаттылығы арқылы, оның осы білімге деген жеке қызығушылығын ескеріп құруды ұсынды. Бұдан студенттер үшін алатын білімдеріне өз қызығушылықтарын көрсету маңызды нәрсе болып табылады. Бірақ бұл не үшін және қашан керек? Бұл жерде нақты өмірден алынған, студенттің әлі де алатын білімдері мен алған білімдерін жинақтауға қажет шешім үшін балаға таныс маңызды нәрсе бар. Қайда, қандай мақсатпен деген сұрақ туады. Оқытушы жаңа ақпарат көздеріне түсіруі мүмкін және студенттің өз бетінше ізденуі үшін керек, оны бағыттап жіберуі керек. Нәтижесінде студенттер жан-жақты білімдерін қолданып мәселені өз беттерінше, бірігіп отырып шешуі және маңызды, нақты нәтижеге жетуі тиіс. Осылайша бүкіл мәселе жобасы іс-әрекеттің нұсқасын жасайды. Уақыт өте жоба әдісі кейбір өзгерісті (эволюцияны) басынан өткерді. Еркін тәрбиелеу идеясынан (әдісінен) туындаған бұл әдіс қазіргі кезде толық жасалған және құрылған білім жүйесінің маңызды компоненті болып табылады.
Бірақ оның мағынасы бұрынғыша қалады - студенттердің белгілі бір мәселеге қызығушылығын арттыру және бір не бүкіл мәселенің шешімін қарастыратын жобалы іс-әрекет арқылы алған білімдердің тәжірибелік қолданылуын көрсету. Басқа сөзбен айтқанда теориядан практикаға, академиялық білімдердің прагматикалық білімдермен және оқытудың әрбір кезеңіндегі тиісті байланыстардың орындалуымен бірігуі.
Жоба әдісінің негізіне студенттердің танымдық дағдының дамуы, өз білімдерін өз бетінше құру икемділігі, мағлұматты кеңістікке бағдар алу икемділігі, қиын, күрделі ойларды дамыту жатады. Жоба әдісі әрқашанда студенттің, жеке, жұбымен не тобымен, өз бетінше іс-әрекетіне бағытталған. Бұл әдістеме топтық оқу әдістемесімен ұйымдасқан түрде байланысады. Жоба әдісі әрдайым бір жағынан әр түрлі тәсілдерді қолданып, екінші жағынан ғылымның, техниканың, технологияның шығармашылық білімдердің әртүрлі облыстарындағы білім мен икемділіктің бірігуін, қосылуын қарастыратын қандай да бір мәселенің шешімін жобалайды, болжайды. Орындалған жобаның нәтижесі нақты болу керек, яғни, егер бұл теориялық мәселе болса, қолдануға дайын, дәл нәтижесі болу керек.
<<Миға шабуыл>>
<<Миға шабуыл>> әдісі - қойылған проблеманы студенттердің шығармашылық белсенділігіне сүйене отырып шешуге бағытталған, студенттерге проблеманы шешуде жауап нұсқасын таңдауға еркіндік беріліп, оны шешудің неғұрлым көп жолдарын көрсетуге негізделген. Кейін ең жақсы идеялар, шешімдер таңдалынып алынады.
<<Бастамашылдар мен сыншылдар>>
Педагог студенттер алдына көп ойлануды қажет етпейтін, шешімі жеңіл мәселе қояды. Студенттер 2 топқа бөлінеді: бастамашылдар мен сыншылдар.
Бастамашыл топтың мақсаты: мәселені шешудің бірнеше нұсқасын ұсыну.
Сыншылдар тобының мақсаты: берілген ұсыныстардың ішінде сәйкесін табу, мәселені шешудің тиімді жолын таңдап алу.
Студенттердің бір-бірін сынауына тыйым салынады. Бұл тәсіл дәріс және семинар сабақтарында қолданылуы мүмкін.
Кез-келген практикалық сабақтарды ұйымдастыру барысында келесі ұстанымдарды ескерге жөн:
Жүйелілік ұстанымы - жоспарлау субъектілерінің оқыту үрдісін өзара байланысты және өзара әрекеттес компоненттер жиынтығынан құралған күрделі жүйе ретінде қарастыруын білдіреді. Олар: оқытушылар мен студенттердің жеке және ұжымдық мүдделері, қажеттіліктері, қызығушылықтары, бірлескен әрекеттерінің мазмұны, ұйымдастыру формалары мен амалдары, оқу-тәрбие процесінің жай-күйі, талдау, бағалау өлшемдері мен көрсеткіштері.
Нақтылық ұстанымы - студенттер ұжымда жүргізілген, немесе үлгі бойынша ғана тапсырмаларды айнытпай көшіріп алудан аулақ болуды көздейді. Жоспарлау бойынша оқытушы топтың өзіндік ерекшелігін, қызығушылығын, қажеттілігін, даму деңгейін есепке алуы тиіс. Өйткені оқу-танымдық іс-әрекет формалары мен әдістерін дұрыс таңдау нақтылы бір топтағы педагогикалық жағдайдағы өзіндік ерекшелігін саналы түсінуіне тікелей байланысты болады.
Оңтайлылық ұстанымы - оқу үрдісіндегі оқу-танымдық іс-әрекетті белсендіру үш маңызды жағдаймен байланысты: біріншіден, оқытушы студенттердің оқу-танымдық белсенділігін арттырудың ең оңтайлы әдістерін табуы тиіс; екіншіден, осы бірлескен әрекет нәтижесі оқыту мен тәрбие үрдісін құрудың ең оңтайлы модель болуы керек; үшіншіден, оқытушы студенттер тобының жағдайына сәйкес, оқу-танымдық іс-әрекетті белсендірудің перспективалық бағдарына сай нұсқасын таңдауы тиіс.
Даралық ұстанымы - әр остуденттің жеке басының дамуы - басты міндеттердің бірі екенін, сонымен қатар ұжымдық іс-әрекетте студенттердің даралық ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін есепке алуды білдіреді.
Ғылымилық ұстанымы - оқытушының жоспарлауында студент дамуы мен оқытудың мәні, заңдылықтары, танымдық процестері туралы ғылыми білімге, қазіргі педагогикалық тұжырымдарға, Отандық және шет елдік ғалымдардың технологияларына сүйенуін талап етеді.
Үздіксіздік ұстанымы - оқытушы жоспарлай отырып, студенттердің қызығушылықтары мен қажеттіліктері, талап-тілектері мен құндылық бағдарға сәйкес жұмыс мазмұнын үнемі жаңартып, жетілдіріп студент жеке тұлғасының қалыптасуына оңды өзгерістер енгізе отырып, ізгілікті қарым-қатынас жасауын қарастырады.

Семинар- оқу процесін ұйымдастырудың күрделі және көп еңбектенуді талап ететін нысаны, себебі оның нәтижелі өткізілуі тек қана оқытушыларға ғана тәелді емес, көбінесе студенттердің сабаққа өзінше дайындалу дәрежесі мен зор ынта қоюына және олардың белсенділік көрсетуіне тығыз байланысты болды.
Семинардың негізгі мақсаты- шығармашылық ойлауды дамыту және етуденттің ғылыми көзқарасын танытуда қиындық туғыатын мәселелерде және пікір айтуға тәрбелеу.
Семинар сабақтарында оқытушы студенттермен өзара үнемі қарым- қатынасты болады, оның өзара ғылыми және тәрбиелік тұрғыдан студенттерге ықпалы және жемісі зор.
Семинар жұмыстарына жүйелі дайындықтардың арқасында студент жеке жұмысты жүргізуде қиналмайды.
Оқыту формасы ретінде семинар сабақтары ежелден пайда болған. <<Семинар>> сөзі латынның <> - егу дегенді береді. Білімді <<егуші>> мұғалім өз оқушыларына пікірін, білімін береді деп ауыспалымағынада қолданылған. Ежелгі грек және римдік мектептерде семинарлар пікірталас, оқушылардың баяндамасы, оқытушылардың қорытындысы түрінде қолданылған. XVII ғ. бастап оқытудың бұл формасы Батыс Европада, ал XIX ғ.-дан ресейлік және қазақстандық университтетерінде таралған. Семинар сабақтары практикалық сипатта болып келген, олар белгілі бір ғалымның мектебі болып саналған. Бүгінгі ЖОО-нда семинар гуманитарлық және техникалық ғылымдар бойынша практикалық сабақтардың негізгі түрі болып табылады. Бұл студенттердің ғылыми ойлауын дамыту құралы. Семинар пәнді терең зерттеуге, ғылыми танымның әдіснамасын меңгеруге арналған. Семинар сабақтарының басты мақсаты - студенттерге зерттелетін саланың ерекшеліктеріне сәйкес теориялық білімді қолданудың іскерлігі мен дағдыларын меңгеру мүмкіндігін беру.
Семинарда мынадай педагогикалық міндеттер шешіледі:
кәсіби шығармашылық ойды дамыту;
танымдық мотивация;
оқу жағдайларында білімді кәсіби қолдану:
сәйкесінше ғылымның тілін меңгеру;
түсініктерді, ұғымдарды, анықтамаларды қолдану дағдылары;
интеллектуалды проблемалар мен міндеттерді қою және шешу, өз пікірін қорғау, басқа пікірді жоққа шығару іскерліктері мен дағдыларын меңгеру.
Сонымен бірге оқытушы семинар барысында мынадай жеке міндеттерді де шешеді:
білімді қайталау және бекіту;
бақылау;
педагогикалық қарым-қатынас.
Қазіргі жоғары мектепте семинар сабақтарының үш типі бар: просеминар, кәдімгі семинар, арнайы семинар.
Просеминар - семинарға дайындау үшін бірінші курста өткізілетін сабақ. Мақсаты - студенттерді өздік жұмыстың спецификасымен, әдебиет тізімімен, негізгі ақпарат көздерімен, жұмыс жасау әдістемесімен таныстыру. Тәжірибе көрсеткендей, бірінші курс студенттері ақпарат көздерімен жұмыс жасауды біле бермейді, әдебиеттер тізімінен қажеттісін таңдап ала алмайды. Сондықтан әдебиетпен жұмыс жасау дағдысын дамытуға, материалды шығармашылықпен өңдеуге ерекше назар аударған жөн. Просеминарда жұмыс жасаудың екінші кезеңі - белгілі бір тақырыптарға реферат даярлау, оны оқу және талқылау, қорытындылау. Маңызды оқу және тәрбиелік міндеттер 2-3 курстарда және әсіресе 4 курстардағы арнайы семинарларда шешіледі.
Жоғары мектепте семинарлардың үш типі қолданылады:
1. Белгілі бір курсты терең зерттеу мақсатында өткізілетін семинар.
2. Курстың маңызды тақырыптарын не бір күрделі әдіснамалық сипаттағы тақырыптың жан-жақты өңдеу үшін өткізілетін семинар.
3. Ғылымның жеке проблемаларын терең зерттеу мақсатында нақты тақырып бойынша зерттеушілік типіндегі семинар.
Семинар сабақтарының формалары:
a) алдын-ала белгіленген жоспар бойынша әңгіме;
b) студенттердің шағын баяндамалары, кейін оны семинарға қатысушылар талқылайды.
Арнайы семинар. Жоғары курстардағы семинар студенттерді арнайы семинарға біртіндеп даярлайды. Арнайы семинар - бұл зерттеушілерге арналған белгілі бір ғылыми пролема бойынша пікір алмасу мектебі болып табылады. Арнайы семинардың нәтижелілігі оның жетекшісіне байланысты. Беделді маман жетекшілік жасайтын арнайы семинар ғылыми мектептің сипатына иеленеді, студенттерді ұжымдық ойлауға және шығармашылыққа үйретеді.
Семинар сабақтарында талқыланатын мәселелер:
1. курстың негізгі тақырыптары, оларды меңгеру кәсіби дайндықтың сапасын анықтайды;
2. түсіну және меңгеруде қиын болатын сұрақтар. Оларды әрбір студенттің қатысуын қамтамасыз ететін ұжымдық жұмыста талқылаған жөн.
Семинар - қатысушылардың өзара әрекеттесуі және қарым-қатынасы. Семинар сабағының дәстүрлі ұйымдастырылуы төмендегідей (топтық форма):
1. Оқытушы тұтас топпен әрекеттеседі.
2. Бұнда оқытушы қарым-қатынастың топтық тәсілін сақтайды.
Кемшіліктері:
1. Жауап беретін студент жеке білімін көрсететін болғандықтан, бұнда қарым-қатынас жоққа жақын.
2. Ынтымақтастық пен өзара көмек жоқ. Жауап беріп тұрған студентке көмектесу тәртіп бұзушылық, тыйым салынған тәсіл ретінде қабылданады.
3. Оқу әрекетіне студенттердің тұлғалық қатысуы жоқ.
4. Студенттердің интеллектуалдық белсенділігіне кедергі келтіреді.
5. Оқытушы мен студент арасындағы қашықтық қарым-қатынасқа, өзара әрекеттесуге тосқауыл болып табылады.
6. Студенттерге үндемей отыру, семинарға қатыспай басқа жұмыспен айналысу мүмкіндігі беріледі.
Семинарды ұйымдастыру формасы студенттерді енжар позицияға қояды, олардың сөйлеу белсенділігі барынша төмен дәрежеде болады. Кәсіби қарым-қатынас жасау және әрекеттесу дағдыларын қалыптастыру мүмкіндігі жоқ. Осылайша, сабақтағы топтық оқыту формасы ұжымда, өндірісте адамдар қарым-қатынасының тиімді моделіне жатпайды, бүгінгі таңда мамандарды даярлау қажеттілігін қанағаттандырмайды.
Тиімді форманы іздестіру нәтижесінде <<дөңгелек үстел>> принципіне негізделген семинар сабағының ұжымдық формасына әкелді. Бұл форма қазіргі өндірістегі кәсіби қарым-қатынастың ерекшеліктерін көрсетеді. Бұндай семинарда ынтымақтастықпен жұмыстану және өзара көмекке келу жүзеге асырылады. Әрбір студенттің интеллектуалдық белсенділікке хұқығы бар, семинардың жалпы мақсатына бағытталған, ұжымдық шешім қабылдау және қорытындылар жасауға қатысады. Біріккен жұмыста студент белсенді позицияға иеленеді. <<Дөңгелек үстел>> принципі, әсіресе, пікірталас-семинарда толық сақталады.
* Пікірталас-семинар - курстың теориялық және практикалық проблемалары біріккен жұмыс арқылы талқыланып, шешілетін қатысушылардың диалогтық қарым-қатынасы. Талқылауға курстың ең өзекті деген мәселелері шығарылады. Пікірталаста әрбір қатысушы баяндамасында өз пікірін нақты білдіруі, қорғауы, дәйекті түрде қарсы шығуы, қате пікірді жоққа шығара білуі тиіс. Нәтижелі пікірталас болуы үшін студенттердің дәріс және өздік жұмысы барысында жинақталған жеке білімі қажет. Студенттерді қарым-қатынас және өзара әрекеттесу мәдениеті үйрету өте маңызды. Пікірталас-семинардың бөлігі ретінде <<миға шабуыл>>, <<іскерлік ойын>> әдістерінің элементтерін қолдануға болады.
Бұл семинарда оқытушының ролі ерекше:
1. Талқыланатын проблемалар мен сұрақтар аясын белгілеу.
2. Семинар тақырыбы бойынша баяндамашылар мен қатысушыларға арналған негізгі және қосымша әдебиеттер тізімін жасау.
3. Студенттердің ұжымдық жұмысқа қатысу формаларын және функцияларын белгілеу.
4. Студенттерді таңдап алған рольдеріне даярлау.
5. Семинар жұмысын басқару.
6. Пікірталасты жалпы қорытындылау.
Семинар сабақтарының ерекше формасы бар: әдетте, арнайы курстың оқылуы барысында пайдаланылатын семинар-зерттеу. Семинар басында студенттер оқытушының ұсынысымен 7-9 адамнан тұратын шағын топтар құрайды. Шағын топтар сабақтың тақырыбы бойынша проблемді сұрақтар тізімін алады. 5-15 минут ішінде студенттер пікір алмасады, сөз сөйлеуге даярланады. Топша баяндама оқушыны белгілейді. Басқа студенттер оқытушы не басқа топтың студенттері қоятын сұрақтарға жауап береді. Сабақтың соңында оқытушы қорытынды жасап, студенттердің жұмысын бағалайды.
* Семинар сабағын бағалау критерийлері және мақсатқа бағытталуы: проблема қою, болашақ кәсіби қызметтің материалын пайдалана отырып, теорияны практикамен байланыстыру.Жоспарлау: профильдік пәндермен байланысты негізгі сұрақтарды белгілеу, әдебиет тізімінде жаңа оқулықтардың болуы.
* Семинарды ұйымдастыру: пікірталасты тудыру және оны өрбіту іскерлігі, барлық жауаптар мен баяндамаларды талдау, оқу уақытының пікірталаспен толықтырылуы, оқытушының өз іс-әрекеті.
* Семинарды өткізу стилі: қызу пікірталас тудыратын ұтымды сұрақтар қою, ойды да, қызығушылықты да оятпайтын пікірталас.
* <<Студент-оқытушы>> қарым-қатынастары: құрметпен қарайды, талап қоятындай, бейтарап.
* Топты басқару: студенттермен байланысты тез орнатуы, топта өзін сенімді ұстауы, студенттермен әділ және орынды әрекеттесуі, керісінше, өктем дауыс, жұмыста көшбасшыларға сүйенуі, басқа студенттерді енжар қалдыруы.
* Оқытушының ескерту жасауы: білікті, жалпы немесе ескертулер жасамайды.
* Студенттердің семинарда жазып алуы: күнделікті, сирек, жазбайды.
* Лабораториялық жұмыстар Лабораториялық жұмыстар студенттердің теориялық-әдіснамалық білім мен дағдыларын біріктіруге бағытталған. Мысалы, эксперимент инженерлерді даярлауда өзектілікке ие. <<Лаборатория>> латын тілінен <> сөзін аударғанда - еңбек, жұмыс, қиындық дегенді береді. Оның мәні ежелден-ақ адам өмірінде болатын ғылыми және өмірлік міндеттерді шешу үшін ақыл-ой және дене күштерін пайдаланумен байланысты. Оқу мамандығына орай лабораториялық жұмыстар белгілі бір айқын спецификаға ие. Сондықтан әрбір нақты жағдайға түрлі әдістемелік нұсқаулар қажет.
* Жалпы педагогикалық нұсқаулар: біріккен топтық әрекет - ең тиімді формалардың бірі. Оның бағыты оқытушыға байланысты. Оқытушы практикалық міндеттерді студенттердің әрі қарай өз бетімен ізденуіне мүмкіндік беретіндей, студенттердің ақыл-ойын белсендендіретіндей, практикалық жұмыстың әдістерімен қаруландыратындай қойылуы тиіс.
* Кез-келген практикалық сабақ формасының маңызды бөлігі жаттығулар болып табылады.Жаттығудың негізі - дәрісте берілген теория позициясынан талқыланатын мысал. Әдетте, нақты дағдыны қалыптастыруға басты назар аударылады. Бұл студенттер іс-әрекетінің мазмұнын (есеп шығару, графикалық жұмыстар, ғылымның ұғымдары мен категорияларын нақтылау) құрайды. Студенттермен жаттығуды орындау барысында ұғыну және түсіну қабілеттерін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлген жөн.

Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі:
1. Әлімов А. Интербелсенді әдістерді жоғарғы оқу орындарында қолдану: оқу құралы. - Алматы, 2009.
2 Селевко Г.К. Современные образовательные технологии. - М.:Народное образование.-1998.
3 Мынбаева А.К., Садвакасова З.М. Инновационные методы обучения, или как интересно преподавать: учебное пособие: 4-е изд., доп. - Алматы, 2010.
4 http://www.rusnauka.com/8_NMIV_2013/Pedagogica/5_129998.doc.htm

Ұқсас жұмыстар
Тіл білімі салаларын оқыту
Заманауи сабаққа қойылатын талаптар
Кезеңдеп оқыту технологиясы
Банктік қызметтер. 9сынып
Цитология
Отбасы тәрбиесінде баланың жас және дербес ерекшеліктерін ескере отырып тәрбиелеу
Математиканы оқытудың жалпы әдістемесі
Болашаққа үміт, жастарға сенім
Сабаққа қойылатын талаптар
Дамыта оқыту
Пәндер