Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Қиял түрлері

Күні:
Топ: ББМ-02
Пән: Психология
Сабақтың тақырыбы: Қиял түрлері
Сабақтың мақсаты:
Қиял түрлері тақырыбын толық жан-жақты ашып түсіндіре отырып,теориялық жағын практикамен байланыстыра отырып оқушыларға меңгерте білу.
Білімділік мақсаты:
Әрбір оқушыны өздігінен білім алуға үйрету, және оқыту. Білім алудағы негізгі талаптарды іске асыру,білімді терең толық жүйелі саналы түрде игерту.
Дамытушылық мақсаты:
А) Оқушының сөйлеу қабілетін, сауаттылығын дамыту,сөздік қорын арттыру,ойлау қабілетін арттыру,өз ойын нақты ,дәл жеткізе білуге үйрету.
Ә)Оқушының дүниетанымын және ғылымға деген қызығушылығын тудырып ,дамыту.
Тәрбиелік мақсаты:
Халықтық салт сана мен халықтық тәлім тәрбие беру.Өз Отанын ,ұлтын, туған жерін сүйе білуге,ерлікке ,адамгершілікке ,тіл өнеріне тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі:баяндау, әңгіме, түсіндіру, жаттығу, кітапты пайдалану, салыстыру,жүйелеу, ауызша және жазбаша шығармашылық жұмыс.
Көрнекі құралдар:тақта,бор, кітап, кеспе карточкалар,техникалық құрал жабдықтар.
Пән аралық байланыс:анатомия, физиология,педагогика.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Жарықбаев Қ. Б. Психология негіздері: Оқулық. Алматы: Эверо, 2010.
2.Жарықбаев Қ. Жантану негіздері. Алматы -2002.-250 бет
3.Зимняя И.А. Педагогикалық психология. Оқулық.Алматы-2005.- 359 бет
4.Намазбаева Ж.И. Психология, оқулық Алматы-2005.- 430 бет
5.Алдамұратов А. Жалпы психология,Алматы,1996. - 300 бет
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
А)Оқушылармен амандасу.
Ә)сабаққа даярлықты тексеру, тақта тазалығы, жоқ оқушыларды белгілеу.
Б)Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.
А) топ бойынша үй тапсырмасының орындалуын тексеру.
Ә)үй тапсырмасы бойынша оқушылардың білім деңгейін анықтау.
Б)Оқушылар назарын сабаққа аудару.
3.Білімді жан-жақты тексеру.
Бұрынғы өтілген материалды қайталау.
4.Оқушыларды жаңа сабақты саналы,белсенді түрде қабылдауға даярлау кезеңі.
А)жаңа сабаққа назарын аударту.
Ә)жаңа сабақтың тақырбын мақсатын, міндетін хабарлау.
5.Жаңа сабақ. Тақырыпты сұрақ - жауап түрінде түсіндіріп өту.
Тақырыбы: Қиял түрлері.
Жоспар:
Қиял актив, пассив болып екіге бөлінеді. Қиялдық бүтіндей пассивтік түрінің шегі - түс көру. Түс көрудің физиологиялығын жан-жақты түсіндіріп берге И. П. Павлов болды.Ұйқы кезінде ми клеткаларының бәрі тежелмейді, кейбір бөлімдері қозу жағдайында болып жүмыс істей береді. Мидың мүндай бөліктерін <<күзетші пункт>> деп атайды. Осы <<күзетші пункттердең біздің бүрын қабылдаған, көрген, естіген, қолға үстап, дәмін татқан заттарымыздың бейнелері мида қайтадан <<тіріледі>>. Түсте небір ақылға сыйымсыз образдардың жасалатыны белгілі.
Өйткені бүл кезде мидағы сигнал жүйелерінің арасындағы байланыс әлсірейді, мүнда негізінен бірінші сигнал жүйесі ғана қызмет істейді. Екінші сигнал жүйесінің қызметі толық тежелуге үшырайтындықтан, адамның ойлау қабілеті өте төмен болады. Сөздік сигаалдардың әсер етпеуі мида кездейсоқ образдардың пайда болуына жағдай жасайды да, соның нәтижесінде түске қайдағы <<кереметтер>> кіреді. И. М. Сеченов осындай түстерді <<болған әсерлердің болып көрмеген қиысулары>> деп сипаттаған. Түсте реалдық образдар мен нәрселердің фантастикалық түрде қосылуынан ғажайып образдар жасалады.
Үйқы кезіндегі осындай ғажап фантазиялық бейнелер де өмірде бар нәрселердің жиынтығынан қүралған. Бұлардың негізі -- адамның ояу кезіндегі басынан кешкен оқиғалары, ойы мен мақсаты, тілегі мен арманы, естіген-көргендері, істеп жүрген қызметі, басқалармен қарым-қатынасы т. б. үйқыдағы адамның түс көруіне себепші болатын фактілердің есебі жоқ. Мәселен, ми клеткаларына көшедегі транспорттың тарсылы да, ағаш жапырағының сылдыры да, иттің шәуілдеп үргені де, есіктің ашылып-жабылуы да әсер етіп отырады. Тіпті организмнің ішкі мүшелерінің (жүрек, өкпе, асқазан т. б.) жүмысына бір жайсыздық түссе, бүл да адамның түсіне қай-қайдағы бірдеңелерді кіргізеді. Мәселен, үйқыдағы адамның жүрегіне бір салмақ түссе, оның жүрегі қатты соға бастайды. Осыған орай адам мынадай түс көреді. Өзін қуған біреуден қашады, бүдан ол ентігіп, булығады да.
Түс көрудің мазмұны адамның, көбінесе, қызығуына, талғамына орайлас келіп отыратындығы да шындықпен жанасымды факт. <<Егер иттің түсіне сүйек кірсе, саудагердің түсіне ақша кіреді>> деген мақал да біздің осы пікірімізді қуаттайды. Өмірде ешбір естімеген, көрмеген нәрселер түске кірмейтіндігін ғылым дәлелдеп отыр. Мәселен, іштен соқыр болып туған адамның түсіне көзге көрінетін <<бейнелер кірмейді, оның басқа сезім мүшелері арқылы (иіс, дәм, есіту т. б.) қабылдаған нәрселері еніп отырады. Егер соқырлық кейінірек пайда болса, онда сол адамның түсіне бүрын көзімен көрген заттарының бейнелері кіре береді.
<<Барлық адамдардың түсі, -деп жазды И. П. Павлов, -- бірінші сигналдардың бейнелі, нақты және эмоциялық түрде жандануы>>.
Творчестволық қиял деп өзіндік жаңа образдар жасау арқылы өрекетте, жаңа продуктылар беруде көрінетін қиялды айтады. Жазушының, суретшінің, галымның, композитордың т. б. қиялы творчестволық қиялга жатады. Творчестволық қиял -- қайта жасау қиялына қарағанда, әрі күрделі, әрі қиын. Абай мен Қүнанбайдың образдарын жасау, оларды сипаттап жазған шығарманы оқып, елестетуден әлдеқайда ауыр. Творчестволық қиял ақын-жазушылардың, суретшілердің, артистердің т. б. осы секілді өнер қайраткерлерінің іс-әрекеттерінде үлкен орын алады. Өнер қайраткерлері өздерінің идеясын көркем образ арқылы береді. К. С. Станиславский: <<Артистің көкірегінде өзі бейнелеп түрған адамның ой-толғаныстары туғанда ғана шынайы өнер туады, нағыз жанды сезім еш уақытта зорлағаннан, қолдан жасағаннан келмейді>>, -- дейді. Мәселен, Чехов спектакліндегі Раневскаяның рөлін орындаушы Ольга Книппер -- Чехова шие бағын сатады деп хабарлағанда шын көңілімен көзіне жас алады екен. Мұндайда актер сахнада ойдан шығарылған нәрсеге шындықтың өзіндегідей көзқараспен қарайды. Бүл - творчестволық қиялы өте бай адамның қолынан келетін касиет.
Ақын-жазушылар қиялы арқылы өзінің келешек кейіпкерлерін <<көреді>>, олардың мінез-құлықтарын <<елес етеді>>, сөзін <<естиді>>. Сонымен қатар, ақын-жазушылар өз геройларымен бірге өмір сүреді, олардың ойын, көңіл күйін <<сезіп>>, қоян-қолтық араласып жүргендей болады. Мәселен, француз жазушысы О. Бальзак егер жеңі жыртық біреудің көшеде кетіп бара жатқанын көрсе, өзін сол адамға үқсататындығы соншалық,- өз жеңім де жыртық емес пе екен деп, еріксіз өз қарына қолын жүгіртіп, тесікті жаппақшы болады екен.Бақылағыштық, жеке өмірінің эмоциялық байлығы, алдын-ала орасан зор жүмыстар істей білуге қабілеттілік (мәселен, Л. Толстойдың айтуынша, <<Соғыс және бейбітшілік>> романын жазу үшін жинаған материалдары <<бүкіл бір кітапхана>> болған) адамның творчестволық қиялының самғауына күшті әсер етеді. Өмірден түйгені шамалы, творчестволық қиялы жетілмеген адамнан жақсы ақын шығуы мүмкін емес. Ғалым үшін де творнестволық қиял аса қажет. Творчестволык қиял ғалымның творчестволық ойына аса қажетті материал береді. Мәселен, ғылыми жорамал жасағанда, эксперимент жүмысын үйымдастырғанда, тапқан жаңалықтарды тексеріп сынауда ғалым өз қиялына үнемі сүйеніп отырады. Бірақ нағыз ғылыми жүмыс көп еңбектенуді қажет етеді, ол еріккеннің ермегі емес, ғы-лымның жолы ауыр. Қажымай, өнімді еңбек ете білушілік, шыдамдылық, іске мейлінше берілушілік -- нағыз ғалымға тән қасиеттер. К. Маркс айтқандай, ғылымның <<сәулетті шыңына шаршап-шалдығудан қорықпайтын, оның тасты соқпақтарымен тырмысып өрлей беретін адам ғана шыға алады>>.Творчестволық қиял әрекеттің кез-келген саласында орын алып отырады. Қоғамға пайда келтіретін нәтижелі еңбекте творчестволық қиялдың болмауы мүмкін емес. Қиялдың бүл түрі, әсіресе, мүғалімдік қызметте ерекше орын алады. А. С. Макаренко айтқандай: <<жеке адамның келешегін жобалауда>> мүғалім творчестволық қиялсыз әрекет етсе, жақсы нәтижеге ие бола алмас еді.Актив қиялдың ерекше бір түрі -- арман. Арман дегеніміз өз қалауымызша жаңа образдар жасау. Мұның творчестволық қиялдан ерекшелігі мынада: арман өзіміздің тілеген келешекке бағытталған қиял процесі. Арман творчестволық әрекетпен тікелей байланысты емес, ол творчестволық қиялдың бірінші дайындық сатысы.
6.Жаңа материал бойынша дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.Жаттығулар мен жағдаяттарды орындату.Жаттығулар жүргізу
1-тапсырма.Жақшадағы сөздер ішінен берілген созге үлгіде көрсетілгендей сәйкес келетінін табыңыз.
1.Үлгі: Зейін-шоғырлану.
Қиял:(қызығушылық, заттылық, жаңа бейне, әсерлік,қабілет)
2.Үлгі: Әрекеттілік-ойын.
Қиял:(қабылдау, шығармашылық, естің тұрақталуы, ырықсыз зейін).
2-тапсырма
1-тәжрибе.Қиял дамуын зерттеуге арналған әдістеме.
Мақсаты;Сөз түрінде қолданылатын шығармашылық қиялерекшелігін зерттеу.
Нұсқау:Студеттер әңгіменің басынтыңдайды да, соңын өз бетімен аяқтайды.
<<Қаранғы бола бастады. Жаңбыр дамылсыз жауып тұр.Автобус аялдамасында екі қыз ақырын әңгімелесіп тұр. Бір кезде...>>
Әнгімені аяқтауға он минут беріледі.
2-тәжрибе.Берілген сөздерді пайдалана отырып, логикалық әнгіме құрастырыңыз:кілт, қалпақ, қайық, күзетші, бөлме, жол, жаңбыр.
Қорытынды:
Бұл әдісте қиялдың даму дәрежесі төмендегі шамалар бойынша бағаланады:
* Әңгімені ойлан жылдамдығы.
* Әңгіменің өзіндік құрылымы, ерекшелігі.
* Әңгіме мазмұнының шытырмандығы, күтпеген оқиғалардың болуы.
* Әңгімеде кездесетін бейнені түрлендіру.
* Әңгімеде кездесетін бейненің сенімділігі, әсерлілігі.
3-тапсырма. Төмендегі сынып оқушыларының қиял ерекшелігін зерттеу әдістемесі.
Мақсаты:Оқушылардың қиял деңгейін анықтау.
Орындалуы:Әнгіме құруға 1 минут, оны қайталап айтуға 2 минут уақыт беріледі.
Қорытынды:
Бұл әдістемеде бала қиялының даму деңгейі төмендегі көрсеткіштер бойынша бағаланады:
1.Әңгімені ойлану жылдамдығы.
2.Әңгіменің өзіндік құрылымы, ерекшелігі.
3.Әңгімеге пайдаланған бейнені түрлендіру.
4.Әңгімеде алынған бейнені анықтауы және талдауы.
5.Әңгімеде алынған бейненің сезімділігі,әсерлілігі.
Әрбір көрсеткіш бойынша төмендегі тәртіппен 0,1не 2 ұпай қойылады;
1-көрсеткіш бойынша:
А.Егер бала әңгіме құрауға 30секунт жұмсаса -2 ұпай;
В.30секунттан 1 минутқа дейін уақыт жұмсаса-1 ұпай;
С.1 минут ішінде әнгіме ойлап таба алмаса- 0 ұпай;
2-көрсеткіш бойынша:
А. Егер бала бұрын көргенін не естігенін жай жаттанды түрде айтса -0ұпай;
В.Бұрын көргеніне не естігеніне өз ойын қосса - 1 ұпай;
С.Әңгіменің құрылымы мен ерекшелігін түгел өзі ойлап тапса -2 ұпай.
3-көрсеткіш бойынша:
А. Егер бала әнгіменің басынан аяғына дейін бір кейіпкердің (жағдайын, затын) мінез-құлқын жалаң түрде қайталап айта берсе -0 ұпай;
В. Әңгімеде әр түрлі бейне қолданылып 2-3 кейіпкер кездессе және оларға түллі мінездеме берілсе -1 ұпай;
С. Әңгімеде 4 және оданда көп кейіпкерлер болса, әңгімелеуші оларға әр түрлі бағытта мінездеме берсе-2 ұпай.
4-көрсеткіш бойынша:
А. Егер бала әңгімеде кейіпкерді атап, бірақ оған қосымша мінездеме бермесе-0 ұпай;
В.Әңгімеде кейіпкерді атаса және басқа 1-2 белгі көрсетсе -1 ұпай;
С.Әңгімеде айтылған зат үш не одан да көп белгімен сипатталса -2 ұпай.
5- көсеткіш бойынша:
А. Егер әңгімеде бейне таңдаушыға ешқандай әсер қалдырмаса , әңгімелеуші өз тарапынан ешқандай сезім тудырмаса -0 ұпай;
В.Әңгімелеуші өз сезімін жеткізе алмаса , тыңдаушы оны әсерсіз қабылдаса-1 ұпай;
С.Әңгімелеуші әнгімесін үлкен сезіммен, мәнерлеп жеткізсе және тыңдаушыларға жақсы әсер қадырса -2 ұпай.
Қиял деңгейінің жалпы көрсеткіші:
10ұпай- өте жоғары
8-9 ұпай- жоғары
4-7 ұпай- орташа
2-3 ұпай-төмен
0-1ұпай-өте төмен
4-тапсырма.
1.Мектепте тәжрибеден өту кезінде екі оқушының қиял ерекшеліктерін осы әдістеме бойынша зерттеп , талдау жасаңыз.
2.Қиял тақырыбы бойынша сөз жұмбақ құрастырып келу.
5-тапсырма. Қиялды дамытуға арналған жаттығу.
Сипаттамасы :
Қажетті материалдар: гуашь, сия, акварель бояуы.
Қатысушыларға бетіне қағаз, гуашь, сияны немесе қою араластытырыл- маған акварель бояуын тамызау ұсынылады.Тамшы тиген жер бүктеледі, бірнеше секунд қысылады , сосын тағы да түзетіледі. Нәтижесінде күрделі формадағы сия дағы пайда болады.
Қатысушылар өздері жасаған сия дағын кезекпен көрсетіп, тез арада оны атаулары қажет үш жануарға және үш жансыз затқа ұқсатып.
Талқылау:
Қандай нұсқалар есте қалды, қайсысы несімен қызықты болады?

7. Бекіту сұрақтары.
1.Қиялдың дамуына барынша ықпал ететін әдістемелер қандай?
2.Қиял және басқа психикалық құбылыстар арасында қандай байланыс бар?
3.Қиял түрлері және оның сипаттамасы.
4.Адам сауықтыру мақсатында қиялдың қандай әдістері қолданылады?
5.Шығармашылық қиял маңызы.

8.Үй тапсырмасын беру. Қиял түрлері тақырыбын оқып келу.Терминдермен жұмыс.
9.Оқушыларды бағалау: біліміне, сабақта берген жауабына қарай бағалау

Талқылауға арналған сұрақтар:
1. Кіші мектеп оқушыларының қиялын дамыту жолдары қандай?

Әдебиеттер:
1.Психология: Адамзат ақыл-ойының қазынасы.- Алматы.2005. 6 том.
2. Қ.Ж.Жарықбаев. Психология,-Алматы. 2002.
3.Сәбит Бап-Баба. Жантану негіздері, -Алматы. 2001.
4 .Н.М.Итбаев. Жалпы психология; Лекциялар курсы,- Ақмола, 1992.
5.Мақпалов А.Г. Общая психология. - Москва, 2003.
6. Қоршунова Л.С. Воображение и его роль в полнании,- Москва,м1986.

Ұқсас жұмыстар
Қиял - ғажайып ертегілер
Ауыз әдебиет түрлері
Мұқағали мақатаев «фантазия» өлеңі
Сүйікті ертегі
Зерттелмеген арал
"байлық пен ақыл" ертегісі
Құрақ құрау технологиясы. Сабақтың мақсаты
Ертегі кейіпкерлерін бейнелеу
Негізгі объектілері
Ертегілер әлемінде
Пәндер