Барлығын анықтап тұрады жолыңда

Тақырыбы: Жол тәртібін білейік, аман есен жүрейік!

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру; жол белгілерін толық үйрету мақсатында жұмыстар жүргізу,

Тәрбиелік мақсаты: оқушыларды жолда жүру ережесін мұқият сақтауға көшеде жүру ережесін білу арқылы жолда жүру мәдениетін үйретіп, сақтыққа тәрбиелеу; Отанын сүйіп қорғай білуге тәрбиелеу;

Дамытушылық мақсаты: есту, көру арқылы өз бетінше логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Көрнекілігі: бағдаршам макеті, жол қауіпсіздігі туралы суреттер, нақыл сөздер, т. б Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі Оқушыларды үш топқа бөлінеміз. Түстерін ажырату арқылы «ҚЫЗЫЛДАР», «САРЫЛАР», «ЖАСЫЛДАР» -Ой қозғау -Үш түс ненің белгісін білдіреді?-Бағдаршамның. Олай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбы неге байланысты өтеді деп ойлайсыңдар. «Көшеде жүру тәртібіне» --Ендеше КЖТ дегенді қалай түсінесіңдер?-Көшеде жүру тәртібі деген түсінікті қалай түсінесіңдер?

тротуар

жаяу жүргінші жол белгілері

көліктер КЖТ

бағдаршам инспектор

Дұрыс, балалар бүгінгі сабағымыздың

Тақырыбы: «Жол тәртібін білейік, аман есен жүрейік!»

Ұраны: «Ұлы сөзді тыңдаймыз, жол тәртібін саөтаймыз!»

Мұғалім: Біздің елімізде әртүрлі көліктер жылдан жылға көбейіп келеді. Жаяу адамдар мен жолаушы адамдардың саны да көбейіп келеді. Жол көлік оқиғаларының қауіпі арта түсуде. Сондықтан да жүргізуші мен жаяу адамдар көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпке және мұқият болуы қажет. Жол көлік оқиғаларының зардабын балалар тартады. Оның себебі көптеген мектеп оқушылары жолда жүру ережелерін нашар біледі. Міне осы мақсатта біздің сыныбымызда да «Жол тәртібін білейік, аман есен жүрейік!»ашық тәрбиелік шараны өткізбекшіміз.

Жұмбақ: Жоқ өзінде бас та, ауыз да, құлақ та, Бақырайған үш көзі бар бірақта. (Бағдаршам) «Бағдаршам-жол атасы» Бағдаршам туралы не білеміз?Бағдаршам бізге жол қиылыстарынан өтуге көмектеседі. Жаяу жүрушілерді жол апатынан сақтайды. Жолдан өтерде өте мұқият болу керек. Бағдаршамның үш көзі - үш түрлі. Бағдаршам бар қиылыс жолдарда адамдар өтетін ақ жолақтар болады. Бағдаршамның қызыл көзі жанғанда көліктер тоқтайды, ал адамдар жаяу жүрушілер ақ жолақтармен өтеді. Ал, ортадағы сары көзі жанса, көліктер дайындалады. - Ал жасыл көзі жанса, жол ашылады, көліктер жүреді. Бағдаршамның үш көзі жаяу жүргіншілерге және көлікпен жүруге де өте қолайлы, адам өміріне орасан зор. Бағдаршам болмағанда көліктер соқтығысып, жол апаты көп болар еді. Біздің өмірімізді сақтайтын осы бағдаршам. Олай болса, көшеден өткенде арнайы ақ жолақтардан өту керек. Жол қиылысында аса абай болған жөн. Көшелерде, жолдарда доп ойнауға, шанамен сырғанап ойнауға болмайды.

Мадина: Бағдаршам жанса қызыл боп, Өтуге жолдан болмайды Егер ол жанса жасыл боп, Өтсін дер сені қолдайды Әрбір жүргінші, әр бала жол бойында аса сабырлықпен жүріп түруы тиіс

Санжар: Мен білемін бәрін мен деме, Отырған жоқсын бөлмеде. Машина өтіп кеткесін, Жолаушы алға беттесін, Ұшқалақ болма, ұрыншақ Ойлалық соны ұғынсақ, Машина өтіп кеткесін Балақай алға беттесін.

Жазира: Көшеде бағдаршам болмаса, Кісі жоқ өзіңе жол сілтер Кідірме абыржып онда аса, Сенгейсің өзіңнің көзіңе. Көшеден ортаға жеткенше, Әуелі көз сал сол жаққа Балақай ортадан өткен соң. Мойныңды сал сол жақтан оң жаққа

Мұғалім: Сонымен қатар қосымша толықтыратын оқушылардың мәліметтерін тыңдалады. (Нұржан, Рамазан, Инаят)

Викториналық сұрақтар 1. Жаяу жүргінші жолдан қалай жүріп тұруы тиіс? (Жиек жолдың оң жақ шетімен) 2. Қандай көліктің түрлеріне қызыл жарығына жүруге рұқсат етіледі?(жедел жәрдем, өрт сөндіру, полиция) 3. Велосипедке неше жастан жүруге рұқсат етіледі?(14-жастан) 4. Жолаушы таситын қоғамдық көлікті қай жерден күтеді?(аялдамадан) 5. Жол көлік оқиғасына ұшыраған адамдар қандай әрекет жасайды? (жедел жәрдем шақырып, полиция шақырады, номерін жазып алады. ) 6. «Тротуар»деген сөз нені білдіреді ? 7. Көшеден, жолдан қай жерде өтуге болады?(жаяулар өтпесінен ) 8. Жол белгілері қандай топтарға бөлінеді?(тыйым салу, міндеттеу белгісі, ескерту белгісі, көрсеткіш белгісі) 9. Бағдаршамның сигналдары қалай орналасқан? (қызыл, сары, жасыл)

Мұғалім: Олай болса «Жол белгілеріне»тоқталсақ

Инаят: Біз жол белгілеріне байланысты да көптеген мағлұматтар алдық. Өзіміздің бағымызды сынап көрсек қайтеді?(жол белгілері көрсетіледі соны әңгімелеу) Эльдар: Ауылдық жерлерде жиек жол жоқ. Ондай жағдайда жолдың бір шетімен келе жатқан машинаға қарама-қарсы жүру керек


Ұқсас жұмыстар
Сұранысты құру жолдары
Қызыл, сары , жасыл шам Көшеде тұр бағдаршам
Жолда жүру ережесін сақтаймыз. мектеп алды даярлық тобы
Жол және мен
Оқушыларды жол жүру ережесімен таныстыру
Жол апатының алдын алу
Абайла, бағдаршам!
Бағдаршам
Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру
Жолда жүру ережелерін ойда сақтай білуге үйрету
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz