Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Қыдыр ата
Наурыз- жыл басы
Мақсаты:
1.Оқушыларға қазақ халқының ежелден сақталып, атадан балаға мұра етіп қалдырған ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар жөнінде түсініктерін тереңдете түсу, Наурыз мейрамының мәнін түсіндіру, халқымыздың салтын ұмытпай жалғстыруға баулу.
2.Оқушылардың тілін, сөйлеу мәдениетін, сөздік қорын дамыту.
3.Ұлтжандылыққа, имандылыққа, инабаттылыққа, халқымыздың салт-дәстүрін қастерлеуге, сақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: ұлағатты сөздер, буклеттер, суреттер, сахналық салт-дәстүрлер.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру.
Мұғалім: -Наурыз-жыл басы, көктем мейрамы. Наурыз мерекесінде наурыз көже дайындалады, дастархан жайылады. Халық бір-бірін мерекемен құттықтайды, ән салып, би биленеді. Ойындар ойналады.
Наурыз мейрамы күн мен түн тепе-теңдікке келген сәттен бастап тойланады. Мерекеде көпшілік бұлақтардың көзін ашып, тал егеді. Бұл кезде мал төлдеп, жер көктеп, дүние жаңара бастайды.
1-жүргізуші: Халқымыздың ежелгі наным - сенімінде күн мен түн теңелер шақта <<әз>> жүреді деп есептелген. Әз - болар-болмас діріл, естілер-естілмес гуіл. Қазіргі ұғымда <<әз>> дегеніміз- ауаның жылы ағысы. Әдетте оны қой ғана сезеді екен. Қой арқылы қойшы да аңғарады. Әздің жүруімен ағаштар бүршік атып, тіршілік атаулыға жан бітеді. <<Әз болмай, мәз болмайды>>-деген мәтел содан қалған.
2-жүргізуші: Наурыз қайдан басталды? Аңыз бойынша Нұх кемесі Қазығұртқа келіп қайырылғанда, күн мен түннің теңескен мезгілі екен деседі. Сол сәт Пайғамбар да мерейленіп, қолдағы асын кемедегі тіршілік иелеріне үлестіріп берген екен. Кеме тау басына келіп тоқтаған соң, үш жүз жылдан кейін Наурыз атты адам ежелгі мерекені тойлауды қайта бастаған. Демек, осыдан 12600 жылдан астам бұрын жер бетін топан су қаптаған екен.
1-жүргізуші: <<Ұлыстың ұлы күні>>. Неге бұлай атаған? Бұл күннің басқа күндерден не айырмашылығы бар? Сол жөнінде мынадай аңыз бар. Нұх пайғамбардың кемесі Қазығұрт тауына келген сәтте, жердің бетін жайлаған топан су кері қайтады. Сол сәт жер бетіне табаны тиген барлық тіршілік иелері көк аспаннан түскен қасиетті қазаннан дәм татады. Содан бұл күнді <<Ұлыстың ұлы күні>> деп жариялайды.
2-жүргізуші: Наурыз неге жыл басы? Жеріміз Күнді бір айналып шығатын мерзім жылдың шартты түрде үш үш айынан бөлінетіні баршамызға аян. Көктем наурыздың 22-сінен , жаз маусымның 22-сінен, күз қыркүйектің 23-інен, қыс желтоқсанның 23-інен басталады. Ендеше жаңа жылымыздың дәл 22-наурыздан басталуы жыл мезгілдерінің астраномия заңдылығымен дәл келеді.
І. Наурызды қарсы алу (көрініс)
1-жүргізуші: Наурыздың 21-інен 22-сіне қараған түнінде даланы Қызыр ата аралайды. Қызыр атаның назары жерге түссе, оның тоңын жібітеді, ал тасқа түссе тасты ерітіп жібереді.
2-жүргізуші: Халқымыз наурыз айында <<Көрісу күнін>> атап өтеді. Араз болған адамдар татуласады.
Көрініс:
- Ассалаумағалейкум! Бұрынғы өкпе-ренішіміз ескі жылмен, кетсін.
-Уағалейкумассалам! Кел, ендеше, төс қағыстырып көрісейік!
ІІ. Наурызды қарсы алу (көрініс)
1-оқушы:
Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!
Ұлыс тойы басталды!
Наурыз туын көтеріп,
Жар салайық әлемге!
2-оқушы:
Көрмегендер көріңдер,
Естімегендер, естіңдер!
Дабылын оның қағайық,
Шақырамыз бәріңді,
Ұлыстың ұлы күніне!
Бірге:
Қыдыр ата, Қыдыр ата келеді,
Қыдыр ата бізге бата береді!
Қыдыр ата:
Ау, аман бол, жарандар!
Алтын таңға қараңдар!
Ерте жайнап атты таң,
Естіліп тұр шаттық ән.
1-жүргізуші: Армысың, әлемнің алтын шырағы, Күн ана! Төрлетіңіз! Атар таңға, батар күнге тәу-тәу!
-О, қасиетті жер ана! Алла-тағаланың әмірін қалт жібермей орындап, адамзат үшін саған бас иемін. Зарыға күткен Жаңа жылым да, Наурызым да келді-ау!
Жаңа жылым жарылқа, ескі жылым есірке.
Ұрпақтарымды аман ет. Жамандық әрі кет, әрі кет, Алас, Алас!
Бар бәледен қалас.
Сәлем ата-аналар!
Айналайын балалар!
Қыдыр ата, аман ба?
Құтты болсын мерекең!
Наурыз айы туыпты.
Әне, Наурыз келеді,
Әсемденіп Жер енді!
2-жүргізуші:
-Бүгін Ұлыстың Ұлы күні! Ата-бабаларымыздың сөзімен айтсақ <<Ақ түйенің қарны жарылған күн>>. Ендеше, Наурыз мейрамының салтанаты Наурызды шақырайық.
1-жүргізуші:
Наурыз келсе,құт келгені халайық!
Есік ашып шын жүректен,
Ел болып қарсы алайық!4.<<Тұсау кесу>>
Сәби еңбектеуден өткен соң қаз-қаз басады. <<Тәй-тәй>> жүре бастайды.
Сол кезеңде сәби жығылмай, сүрінбей жүріп кетсін деген тілекпен тұсауын ала жіппен кеседі. Мұның мәні мынада: Халықымыз баланы тәрбиелегенде ұрлыққа, зорлыққа, жаман іске, бұзақылыққа әуестенбе деп, дұрыс жолға салады.
<<Біреудің ала жібін аттама!>> деп үлкендер айтады. Оның мәні: аяқтағы ала жіптің болуы біреудің бір құлаш бас жібіне жолама, ал оның кесілуі-баланың келешегіне жол ашу, ақ жол тілеу. Сол кезде <<Тұсау кесер>> жыры айтылады.
Қаз-қаз балам, қаз балам,
Қадам бассаң мәз болам.
Күрмеуіңді шешейін,
Тұсауыңды кесейін.
Қаз баса ғой қарағым
Құтты болсын қадамың.
Өмірге аяқ баса бер
Асулардан аса бер.
1-жүргізуші:
Ұйқы ашар дегеніміз не?
Жауап:
Ұйқы ашар дегеніміз, асау тайыншаға ашамай ерттеп, үстіне қуыршақ мінгізіп, мойнына қоңырау тағып, түнде жібереді. Ол қорадағы малды үркітіп, елді ұйқыдан оятады.
2-жүргізуші:
Селт еткізер дегенімізді қалай түсіндіресіңдер?
Жауап: Ағам түнде дәм татқан <<Ұйқы ашарының>> қарымтасына <<Селт еткізер>> қайтарады. Сыйға әсем тарақ пен айна ұсынылады.
1-жүргізуші:
Күлейік те ойнайық біз,
Бал қызыққа тоймайық біз.
Күн шуақты көктем тойын
Күндей күліп тойлайық біз.
Біздің сіздерге арналған концерттік бағдарламамызды қабыл алыңыздар!
Сабақты қорыту.
Келген қонақтарға сөз беріп, бата-тілектерін айту.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz