Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Қара көз қазақ қызы Әлия батыр, Орнатқан дұшпанына заман ақыр

Тақырыбы: <<Отан үшін от кешкендер>>
Мақсаты; Ұлы Жеңісті дәріптеу,өз Отанын,елін,туған жерін сүю,сүйіспеншілігін арттыру. Отанын, туған елін қорғай білуге тәрбиелеу.
Тәрбиелік мақсаты: Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата-бабаларымыздың ерлік істерін қастерлеп, рухын көтеру, үлгі-өнеге тұту, патротизмге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Нақыл сөздер, бейнематериалдар, слайдтар, суреттер.
Кіріспе сөз:
Соғыс десе қатуланам қиналам,
Рас, оны көрдік біздер кинодан.
Оққа оранып от кешкен арыстардың,
Арқасыда аман қалды бұл қалам.

Биыл Жеңістің 72 жылдығы. Осы сұрапыл жылдардың отты күндерін еске түсіріп,соғыстың тек қана азап пен қан төгіс екенін, ұлы Жеңістің бізге оңайлықпен келмегені, осы соғыста аталарымыз бен апаларымыздың ерлігін, батырлығын еске түсірсек.
ХХ ғасыр. Бұл ғасыр қай жағынан қарасақ та адамзат үшін нағыз тайталас ғасыры болды. 1941 жылдың 22 маусым күні таңғы сағат 4-те Германия фашистері ешқандай соғыс жарияламастан Кеңес Одағының территориясына баса көктеп кірді. Бұл бейбіт жатқан елге ойран салған әділетсіз соғыс еді.
Бұл соғыс қаншама азаматтың қыршындай ғұмырын әкетіп, шешені жесір, баланы жетім қалдырған сұрапыл соғыс болды. Бұл соғыста қаншама атпал азаматтардың өмірі мен арман -тілегі майдан даласында қала берді.

Дәл осындай жадыраңқы жай күні
Болса-дағы қай ғасырдың қай жылы,
Ұлы Отаным -- басын иіп 1 минут
Есіне алмақ сол бір апат қайғыны.
Отан соғысының алғашқы күндерінен бастап-ақ қатарында мыңдаған Қазақстандықтар шайқасқан кеңес жауынгерлері , барлық майданда фашистік басқыншыларға қарсы кескілескен ұрыс жүргізді. Кеңес қарулы күштері орасан зор қиыншылықты жеңе отырып төтеп берді. Өзіміздің Шығыс Қазақстан облысында 316-нші атқыштар дивизиясы құрылып, ерен ерліктің үлгісін көрсетті. Москва үшін шайқаста генерал-майор Панфилов қолбасшылық еткен атқыштар полкын аға лейтенант Бауыржан Момышұлы басқарды.
Нуртлек:
Бауыржан Момышұлы - қара басы
Халқының болған адам садағасы.
Бауыржан Момышұлв - қазақ деген,
Ғаламат, Ұлы елдің баламасы.
1-салайд:
Бауыржан Момышұлы 207 рет ұрысқа қатысқан, 5 рет қоршауда жүріп шайқасқан, 2 рет ауыр жараланған. Сонымен қатар Бауыржан Момышұлы соғыстан кейін 1946 жылы Москвадағы әскери академияны бітірген тұңғыш қазақ. 1990 жылы 11-ші желтоқсанда Бауыржан Момышұлына Совет Одағының Батыры атағы берілді.
Кеңес халқы үшін бұл Ұлы Отан соғысы болды. Бұл соғыста ол өз Отанының бостандығы мен тәуелсіздігі үшін бүкіл дүниені фашистік тепкіден құтқару үшін қасық қаны қалғанша шайқасты. Тарихи деркетерге қарағанда 1941-1945 соғыс жылдарында 1 миллион жүз тоқсан алты мың жүз алпыс Қазақстандық әскерге алынған екен. Көптеген жауынгерлер теңдесі жоқ ерліктер жасады. 518 Қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағын алды.

Асылай:
Қара көз қазақ қызы Әлия батыр,
Орнатқан дұшпанына заман ақыр.
Сұлатқан сан фашисті баудай турап,
Өнегең отаншылдық сайрап жатыр.

2-слайд:Ленинград үшін шайқасқа шығыстың қос жұлдызының бірі Әлия Молдағұлова да қатысты. Әлия Қобда ауданы Көкбұлақ деген жерде туған. Екі жасында Әубәкір деген ағасы өз тәрбиесіне алды. Кейін ағасы Ленинградқа көшіп келеді. Әлия сол қалада оқиды. Ол ерекше ұстамды, зерек, жаңалыққа бой ұрғыш болып өсті. Соғыс басталар алдында небәрі 18 жаста еді.
Мұғалім:
Еркін далада еркін өскен қазақ қызының ғұмыры сонау алапат соғыс жылдарында қыршындай үзіліп кете барды. Бірақ ұлы даласы үшін асқан ерлік көрсетті, ұмытылмас батырлық таныттыы.
Ән <<Әлия>>
3-слайд: Жас жанын пида етіп, қасық қаны қалғанша жаумен шайқасқан Әлия апамыздың есімі мәңгі есте. Ол бізбен бірге, біздің жүрегімізде. Осынау сұрапыл жылдарда майдан даласында жанкешті ғұмыр кешкен шығыстың қос жұлдызының бірі батыр жүректі қазақ қызы , небәрі 20 жасар Мәншүк Мәметова болды. 1922 жылы дүниеге келген, шын аты Мәнсия анасы еркелетіп Моншақ деп атаған. Әкесі дәрігер еді. Ол да әкесіне еліктеп дәрігер болғысы келген. Мәншүк соғысқа өз еркімен аттанғанда 19-ға жаңа толған пысық , жігерлі қыз болатын. Мәншүк тәртіпті , тапсырманы дәл орындайтын, қауіптен сескенбейтін,батыл жауынгер, пулеметші болатын. Жолдастары біздің Мәншүк деп еркелететін. Өзі қорғаған Невель қаласында батыр қызға арнап ескерткіш қойылған.
Мейрбек:
Көк мұнар, көк түтін боп майдан үсті,
Сұрапыл соғыс сонша болды күшті.
Мен көрдім пилоткалы қазақ қызын,
Қолында пулеметі "Максим" онын.
Қиратып жаудың шебін алға шықты,
Жаралы жатқан жанға көзім түсті.

4-слайд: Жасжанын пида етіп қасық қаны қалғанша жаумен шайқасқан Мәншүк апамыздың есімі тарихта өшпес із қалдырды. Мәншүк -- мәңгі маздақ! Ол бізбен бірге біздің жүрегімізде. Ол әр таң атқан сайын, әр ай туған сайын бізбен қауышпақ. Өлімге қиятын жан ба еді ол? Ер мінезді, ерлік иесі Батыр еді.
Мұғалім: -- Бәрі де майдан үшін! Бәрі де Отан үшін! Жеңіс үшін! -деген ұранмен тылда да еңбек қайнап жатты. Соғыс жылдары Қазақстан еңбекшілері майданға екі жарым миллион дан жылы киім, Отан қорғау қорына төрт миллиард сомнан астам қаржы берді. Елдің қаржысынан <<Қазақстан Комсомолы>> , <<Қазақстан колхозшысы>> атымен танк калонналары <<Советтік Қазақстан>> атты әуе эскадрильясы жасалып майданға жіберілді.Сұрапыл соғыс одан әрі созыла берді. 1943 жылы шілде айында Курск, Смоленск шайқастары болды. Дұшпанды әбден титықтата отырып Кеңес әскерлері ерекше ерлік көрсетті. Дұшпанды тықсыра қуа отырып, фашистер басып алған селолар мен қалаларды бірінен кейін бірін азат ете бастады.

Толғанай:
Соғыс салған қанша өртке оранғандар,
Қызыл қанға қаншама боялғандар.
Соғыс деген сойқанның әлегінен
Мәңгілікке қаншама жоғалғандар.

Бексұлтан:
Қанша қайғы-қасірет тереңдеген,
Қандай жан бар қайғыға бөленбеген.
Қанша жесір көз жұмды жарын күтіп,
Әр күн сайын жол тосып елеңдеген.
Мұғалім:Кеңес әскерлері Берлинге жақындаған сайын 1945 жыл соғыстың соңғы жылы болатындығы белгілі еді. 1945 жылы сәуір айында Қызыл Армия Берлинге шабуыл жасауға әзірленді. Берлин үшін қиян кескі соңғы ұрпыстар болды. 2 мамырда соғыс қимылдарын тоқтату жөнінде бұйрық берілді. Өйткені 30-шы сәуірде Гитлер өзін-өзі өлтіргені туралы мәлімет келді. 9 мамырда Германияның сөзсіз тізе бүккендігі жөніндегі шартқа қол қойылды. Бұл көптен күткен Ұлы жеңіс еді.
Видеролик:
Бұл Рейхстагтың төбесіне желбіретіп жеңіс туын тіккен қазақ жауынгері Рақымжан Қоршқарбаев еді.Адамзатты апаттан сақтап қалған, болашақ үшін, Отан үшін жанын қиған ержүрек батырлардың қаһармандық ісі еш уақытта ұмыт болмайды, ұмытылмайды. Мәңгі есте қалады.
1 минут үнсіздік
Ән: Жеңіс күні.
Ұлы Отан соғысында ағаларымыз бен апаларымыз ұлы ерлік, қайтпас қайсарлық көрсетті.Біздің болашағымыз, тыныштығымыз үшін жанын қиған ерлерді ұмытпай әнге, жырға қосып ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отыру-біздің парызымыз. Ата-бабаларымыздан қалған асыл мұрамыз туған жерімізді, халқымызды қорғау сендердің азаматтық борыштарың. Сондықтан жүректеріңнен Отанға деген шексіз сүйіспеншілдік орын алсын.
Ән: Жойылсын жалғыз сөз "соғыс" деген.
Оқ дауысы мәңгілік жойылсын
Бомбаның орнын тегістеген
Күректер музейге қойылсын.

Ән: "Әрқашан күн сөнбесін"

Ұқсас жұмыстар
Хор Жойылсын соғыс
Ұлы даланың батыр қыздары. хиуаз доспанова
Шуағы тарқамасын жер үстінің
Әлия туралы бейнематериал
Қазақстандық батыр қыздардың ерліктері
Қалайша соғысқа
Әлияның жүрегі
Шығыс шынары
Майдангерлер қуанышы-ел қуанышы
Қаһарман қызы қазақтың Мәншүк Маметованың 100 жылдығына арналған мектепішілік шара
Пәндер