Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Қайсар тобы
<<Өнерлі елдің өнегесі>>.
Тақырыбы: <<Өнерлі елдің өресі биік>>.
Мақсаты: Оқушылардың ой-өрісін, білімін жан-жақты кеңейту. Жас ұландардың өнерге қызығушылығын ояту, шығармашылық қиялын, қабілетін, көркемдікке деген бейімділігін дамыту.
Көрнекілігі: Плакаттар: <<Өнерлі елдің өресі биік>>, <<Өнерлі өрге жүзер>>, <<Өнерден қуат алмаса, тіршіліктің шырағы өшеді>>, Ребус, таулы аймақ, құрлық және судың суреті салынған плакаттар, техникалық құралдар.
Түрі: Сайыс.
Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі біздің <<Өнерлі елдің өресі биік>> атты тақырыбындағы сайысымызды ашық деп жариялаймыз. Сабағымыздың эпиграфы ретінде <<Өнерден қуат алмаса, тіршіліктің шырағы өшеді>> деген М.Әуезов атамыздың қанатты сөзін алып отырмыз. Бұл сабақты өткізудегі мақсатымыз оқушылардың музыкалық білімін, ой-өрісін жан-жақты кеңейту, өнерге қызығушылығын ояту, шығармашылық қиялын, қабілетін, көркемдікке деген бейімділігін дамыту.
Ол қарапайым алты шарттан тұрады.
1. Сәлемдесу (қатысушы екі топ өздерін таныстырады).
2. Тақырыпқа байланысты сұрақ-жауап.
3. Қатысушы екі топ өздерінің үйден дайындалған бір ұлттық бұйымдарын таныстырады.
4. Өнер сайысы <<сурет салу.>>
5. Тапқырлар сайысы. (киім пішу).
6. Қорытынды:
Қатысушы топтар:
1. <<Қайсар>> тобы; <<Жігер>> тобы.
І. Сәлемдесу (қатысушы екі топ өздерін таныстырады).
Сәлемдесу шарты.
<<Қайсар>> тобы.
Біз қайсрмыз, адал ниет бауырмал,
Біз қайсармыз, серілікпен танымал.
Біз қайсармыз, қарсыласқа жақсылығын тілеген,
Қазақ өзі дана халық танып ал.
Қазақ елі, байтақ ел, жазиралы,
Біздер сол еліміздің ұландары
Қайсармыз деп мақтанып, жарсаламыз,
Тобымыз да <<Қайсар>>деп аталады.
Жүргізуші: Ендігі кезекті <<Жігер тобына>> береміз.
<<Жігер>> тобы.
Қонақ болып Қайсарға еніп едік,
Қанша жыл достыққа да берік едік.
Күн астында ұзақ жыл өмір сүріп,
Мәңгілік мекен етіп тұрып едік.
Алыстан, ыстық жақтан ат арытып,
Жігертіп өздеріңе келіп едік.
Бүгінгі сайысымыз сәтті өтер
Сол сеніммен сайысқа бізде келдік.
Осымен бірінші шарт аяқталды. Қазылар алқасынан екі топтың бағаларын сұраймыз.
Бес асыл іс көнсеңіз, -- деп ұлы Абай атамыз жырлағандай, келесі сұрақ-жауап шартына көшеміз, яғни тақырыпқа байланысты екі топқа ортақ сұрақтар қойылады.
ІІ. Тақырыпқа байланысты сұрақ-жауап.
Жүгрізуші: Қазылар алқасы сұрақ-жауап шарты бойынша бағасын беремін дегенше, музыкалық сәлемдемемізді қабыл алыңыздар.
Жүгрізуші: Міне, осымен біз екі топтың қолөнер бұйымдарымен танысып, тамашалап болдық, ендігі кезекті әнге берейік.
Құлақтан кіріп, бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй.
Жүргізуші: Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі де ақымақшылық, -- деп Абай атамыз өзінің нақыл сөзінде келтіргендей, біздің сайысқа түсіп отырған мықтыларымыз қаншалықты, осы бүгінгі <<Өнерлі елдің өресі биік>> деген тақырыбымызға байланысты мақал-мәтелдер немесе нақыл сөздер біледі екен, соны сынап көрейік.
Екі топ та мақал-мәтелдер айтады.
ІҮ. Өнер сайысы <<сурет салу.>>
Жүгрізуші: Мінекей, құрметті сайыскерлер, біз өнер сайысына да келіп жеттік.
Бейнелеу өнерінің бір түрі <<матрица үлгісінде сурет салу>>өнерлеріңізді ортаға салуға әбден болады.
Сонымен, бірінші <<Қайсар>> тобы. Екінші: <<Жігер>> тобының жетекшілерін немесе бір мүшелерін ортаға шақырамыз.
Жүргізуші: Құрметті қазылар алқасы, өздеріңіз куә болғандай, екі топ та өздерінің тамаша өнерлі екендіктерін көрсетті. Сіздерден сұрайтынымыз, олардың әділ бағаларын берсеңіздер.
Жүргізуші: Осымен, сайыскерлер, өздеріңіз асыға күтіп отырған сайысымыздың соңғы шарты <<Тапқырлар>> деп аталады. Біздің білімді де өнерлі екі топтың мүшелеріне қоятын келесі шартымыз өздеріңің топтарыңның бір мүшесіне киім пішіп кейгізіп таныстыру.
Қазылар алқасы <<Тапқырлар>> сайысы бойынша екі топтың бағасын береді.
Жүргізуші: Сонымен, біздің <<Өнерлі елдің өресі биік>> тақырыбындағы сайысымыз өз мәресіне жетті. Қазылар алқасы жалпы қорытындысын шығарғанша ән тыңдайық.
Қазылар алқасының мүшелеріне қорытынды сөз беріледі.
Мұғалім: Осымен біз бүгінгі сайысымызды қорытындылайтын болсақ, мен ұлы Абай атамыздың 7-ші қарасөзінде айтып кеткен нақылын мысалға ала отырып, аяқтағым келеді. Яғни, жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі - ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар - тәннің құмары, бұлар болмаса тән жанға қонақ үй бола алмайды. Біреуі - білсем екен деп тұрады. Не көрсе, соған талпынып, жалт-жұлт еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, сырнай-керней болса дауысына ұмтылып, өзі соған еліктеп, ыңылдап ән салып, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі - жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен дегендік>>, -- дейді.
Бұл орайда менің оқушыларға айтарым ешқашан ерінбей, өнер, білім қу және де <<жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл>>, -- дегім келеді.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz