Шамалардың арасындағы тәуелділік

Шамалар арасындағы тәуелділіктерді берілу тәсілдері: аналитикалық (формула арқылы), кестелік, графиктік тәсіл
6. 5. 2. 5 шамалар арасындағы тәуелділікке есептер шығару;
6. 5. 2. 6 шамалар арасындағы тәуелділіктердің берілу тәсілдерін білу;
6. 5. 2. 7 сипаттамасы бойынша тәуелділіктің формуласын жазу.
- Аналитикалық, кестелік, графиктік тәсілдер арқылы берілген есептерді шығаруды үйренеді;
- Шамалар арасындағы тәуелділіктердің берілу тәсілдерін меңгереді;
- Сипаттамалары бойынша тәуелділіктердің формулаларын жазады, есептер шығаруда қолданады.
Оқушылар:
- Тәуелділіктердің берілу тәсілдерін біледі, тақырыпқа байланысты есептерді шығарады;
- Сипаттамасы бойынша тәуелділіктің формуласын жазады.
Шамалар арасындағы тәуелділіктерге түсіндірме сипаттайды, шығарған есептерді талдайды.
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминология:
- Формула
- Шамалардың арасындағы тәуелділік
- Жылдамдық, уақыт, жүрілген жол
- Тәуелді айнымалы, тәуелсіз айнымалы.
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:
- … тәуелділігін формула арқылы береміз;
- … шамасын тәуелділіктің формуласынан … арқылы өрнектейміз;
- . . . тәуелділігін көрсететін формуланы жазамыз.
« Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық идеясының «Тарих, мәдениет және тілдің ортақтығы» құндылығы.
Сабақта жауапкершілікке, ынтымақтастыққа және бір-бірінің пікірлерін тыңдауға, өз ойларын ашық айтуға дағдыландыру.
Сабақтың басы
(5 мин)
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, түгендеу. Психологиялық ахуал туғызу, сабақ мақсатымен таныстыру.
Топқа бөлу: аралас топ
Саралау тәсілі: жіктеу
Белсенді оқыту әдісі: «Ұлттық дәстүрлер» арқылы
Ортаға ұлттық дәстүрлерге байланысты сөздер тақырып бойынша жазылып қорапшаға салынады(«Ұлттық тағамдар», «Ұлттық киімдер», «Ұлттық ойындар», «Ұлттық салт-дәстүр») . Әр оқушы берілген сөзді таңдап, тақырыбына сай топтасады.
Үй тапсырмасын тексеру
Оқушылар дәптерлерін көршілерімен алмастырады. Интер белсенді тақтада көрсетілген дұрыс жауаптар арқылы көршісін тексеріп бағалайды.
Белсенді оқыту әдісі (БОӘ) : «Көршіңді тексер»
Саралау тәсілі (СТ) : Диалог және қолдау көрсету
ҚБ: «Бағдаршам» әдісі бойынша бағаланады. Егер үй тапсырмасы толық дұрыс болса, жасыл түсті жоғары көтереді.
Егер 2-3 қате болса сары түсті жоғары көтереді
Егер 4-5 қате болса қызыл түсті жоғары көтереді
Қосымша материалдар
Слайд 1
Сабақтың ортасы
(32 мин)
Өткен тақырыпты қайталау
Топтық жұмыс ( 7 мин)
(БОӘ) : «Түйінді сөздер»
(СТ) : Дереккөздер
Ойлау дағдыларының деңгейі: білу және түсіну
Бағалау критерийі: Білім алушы
- Тәуелділіктердің берілу тәсілдерін біледі
Оқушыларға өткен тақырыпты қайталау мақсатында әр топқа түйінді сөздер беріледі. Оқушылар топ болып бірігіп сол сөздердің мағынасын ашып топ ішінде талқылайды, постер құрады. Сынып алдында постерді қорғайды.
1-топ: Шамалар арасындағы тәуелділіктер.
2-топ: Шамалар арасындағы тәуелділіктің формуламен берілуі.
3-топ: Шамалар арасындағы тәуелділіктердің кестемен берілуі.
4-топ: Шамалар арасындағы тәуелділіктің графикпен кескінделуі.
Дескриптор: Білім алушы:
- берілген тірек сөздердің көмегімен топта постер әзірлейді;
- постердің мазмұндылығы және безендірілуі;
- постерді басқа топ алдында қорғайды.
ҚБ: «Жапондық бағалау» әдісі арқылы топтар бірін-бірі бағалайды.
Бір саусақ - дұрыс келісемін
Екі саусақ - толықтырамын, қосарым бар
Жұдырық - менің сұрағым бар
(БОӘ) : «Поезд» құрау (17 мин)
(СТ) : Тапсырма
Әр топқа поездың бірнеше вагондары беріледі. Вагонның артындағы тапсырмаларды орындап, тақтаға вагондарды іледі. Вагондарды бірінші болып құраған топ жеңіске жетеді. Бұл әдіс оқушыларды шапшаңдыққа баулиды.
1-тапсырма: (5 мин)
6. 5. 2. 5 шамалар арасындағы тәуелділікке есептер шығару мақсатына сәйкес тапсырмалар(топтық жұмыс)
Дескриптор: Білім алушы
1. Есептің сипаттамасы бойынша тәуелділіктің формуласын жазады;
2. Белгісіз элементтерді толтырады;
3. Жауабын жазады.
2-тапсырма: (5 мин)
6. 5. 2. 7 сипаттамасы бойынша тәуелділіктің формуласын жазу мақсатына сәйкес топтық жұмыс
Шаршы қабырғасының ұзындығы а см. Қабырғасының ұзындығы берілген шаршының қабырғасының ұзындығынан 5 см кем екінші шаршының периметрін және ауданын табу формулаларын жазыңдар.
- а= 7 см:
- а= 20, 5 см
болғанда екінші шаршының периметрі мен ауданын есептеңдер.
Дескриптор: Білім алушы
- Есепті жұпта талқылайды;
- Сипаттамасы бойынша шаршының периметрін табу формуласын жазады;
- Шаршының ауданының формуласын жазады;
- Формуланы қолданып шаршының периметрін табады;
- Формула арқылы шаршының ауданын табады.
3-тапсырма: (7 мин)
6. 5. 2. 6 шамалар арасындағы тәуелділіктердің берілу тәсілдерін білу мақсатына сәйкес топтық жұмыс
Дескриптор: Білім алушы:
- Тәуелділіктердің берілу тәсілдерін біледі;
- Сипаттамасы бойынша тәуелділіктің формуласын жазады;
- Сипаттамасы бойынша тәуелділіктің кестесін құрады;
- Тәуелділіктің графигін дұрыс салады.
ҚБ: «Түрлі-түсті билеттер»
Сергіту сәті: «Қызықты фигуралар» (3 мин)
Оқушылар ауада аяқтарымен, қолдарымен геометриялық фигуралар салады.
Жеке жұмыс
(БОӘ) : «Үшіншісі артық»(5 мин)
(СТ) : Қорытынды
Ойлау дағдыларының деңгейі: талдау
Әр оқушыға 4-5 шама жазылған А4 қағазы үйлестіріледі. Оқушылар олардың арасындағы тәуелділік бойынша топтастырып, артығын табады. Интербелсенді тақта арқылы жауаптарын тексереді.
Дескриптор: Білім алушы
- Берілген шамалар арасынан артығын табады;
- Шамалар арасындағы тәуелділікті формуламен жазады.
ҚБ: «Бас бармақ» тәсілі
Қосымша материалдар
А. Е. Әбілқасымова, Т. П. Кучер, З. Ә. Жұмағұлова. Математика 6 -сынып 2-бөлім
Дорофеев Г. В., Петерсон Л. Г. Математика. 6 класс. Часть 2. - Изд. 2-е, перераб. /Г. В. Дорофеев, Л. Г. Петерсон. - М. : Издастельство «Ювента», 2010. -128с: ил.
А4 қағаз
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz