Тотығу дәрежесі жоғары атомдар

Қысқа мерзімді жоспар
-Маңызды тотықтырғыштар мен анықтау
-Тотығу-тотықсыздану реакцияларының түрлерін білетін боламыз
Барлық оқушылар:
-Маңызды тотықтырғыштар мен анықтайды
Көпшілік оқушылар:
-Тотығу-тотықсыздану реакцияларының түрлерін білетін болады
Кейбір оқушылар:
-Тотығу-тотықсыздану реакцияларының түрлерін ажырата білетін болады
-Жауапкершілікке үйрету, әрбір берілген тапсырманы тиянақты орындауға бағыттау;
-Оқушының белсенді ақыл-ой ізденістерін ынталандыру;
-Серіктестікті қалыптастыру
-Маңызды тотықтырғыштар мен анықтайды
-Тотығу-тотықсыздану реакцияларының түрлерін білетін болады
-Тотығу-тотықсыздану реакцияларының түрлерін ажырата білетін болады
Сабақтың басы
0-5минут
5-9минут «Жылы лебіз!»
(Сергіту сәті )
9-12 минут
« Кім жылдам?»» әдісі
Түсіндіру әдісі:
12-18минут
Сабақтың ортасы
18-26минут
26-30минут
30-33минут
Қалыптастырушы бағалау
33-36 минут
Сабақтың соңы
36-38минут
Рефлекци
Үйге тапсырма
38-40 минут
1 . Ұйымдастыру кезеңі
-Оқушылармен амандасу;
-Оқушыларды түгендеу
Сабақтың басында мұғалімдер:
- Оқушының назарын сабаққа аудара алады;
-Оқушылармен оқу мақсатын талқылау
-Оқушылармен өткен тақырыпты қайталау
«Жылы лебіз!»
Шарты: шеңбер болып тұрып, оқушылар сабақ басында бір-бірлеріне деген өздерінің жылы лебіздерін жеткізеді
1. Тотығу дәрежесі +4 ке тең
а) CO 2 ә) K 2 O б) HF в) H 2 O
2. Қай қосылыста элементтің тотығу дәрежесі нольге тең ?
а) FeS ә) F 2 б) CaF 2 в) Ca 3 (PO 4 ) 2
3. Қосылыстардағы хлордың +7 тотығу дәрежесін анықта
а) KClO 3 ә) HClO 4 б) HCl в) Cl 2
4. Қосылыстағы металл атомдарының тотығу дәрежесі
а) үнемі оң б) бірде оң, бірде теріс
ә) үнемі теріс в) нольге тең
5. Күкірттің төменгі тотығу дәрежесі неге тең?
а) -6 ә) -4 б) -2 в) 0
Дескриптор
-Тотығу дәрежесі +4 ке тең қосылысты біледі
-Тотығу дәрежесі нольге тең элементті біледі
- Қосылыстардағы хлордың +7 тотығу дәрежесін анықтайды
-Қосылыстағы металл атомдарының тотығу дәрежесін біледі
Күкірттің төменгі тотығу дәрежесін анықтайды
Жауабы:
1 а
2ә
3ә
4а
5б
Қандай заттар тотықтырғыш, ал кандай заттар тотықсыздандырғыш болуы мүмкін ? Бұл заттың құрамына кіретін элементтердің тотығу дәрежелерінің мәніне байланысты. Көптеген күрделі заттардың құрамына кіретін кейбір элементтердің тотығу дәрежесі тұрақты болады. Бұл элементтерге тотығу дәрежелерінің өзгеруі тән емес . Сондықтан заттардың құрамында бұл элементтердің болуы, олардың қасиеттеріне әсерін тигізбейді . Тотығу дәрежелері ауыспалы элементтер электрондарды беру немесе қосып алу процестеріне қатысады . Сондықтан күрделі заттардың қасиеттері олардың құрамында тотығу дәрежесі ауыспалы элементтердің болуына байланысты . Тотығу - тотықсыздану реакцияларында тотығу дәрежелері жоғары атомдар тек қана тотықтырғыш, тотығу дәрежелері төмен болса, тек қана тотықсыздандырғыш, ал тотығу дәрежелері ауыспалы атомдар реакция типіне және оның жүру жағдайына байланысты тотықтырғыш та, тотысыздандырғышта болуы мүмкін.
Тотығу дәрежесі ауыспалы атомдарына салыстырмалы сипаттама(күкірт атомына)
Маңызды тотықтырғыштарға : оттек, озон . галогендер, азот қышкылы, концентрлі күкірт қышқылы, сутек пероксиді және т. б. жатады .
Маңызды тотықсыздандырғыштар : сутек, металдар, көміртек, көміртек ( ІІ ) оксиді және т. б.
Тотығу - тотықсыздану реакцияларының тектотықтырғыштар ( мысалы : HNО 3 , және Н 2 SO 4 ) арасында немесе тек тотықсыздандырғыштар ( H 2 S және НІ ) арасында жүруі мүмкін емес .
Тотығу - тотықсыздану реакцияларының 4 түрі бар .
1. Молекулааралық тотығу - тотықсыздану реакциялары . Реакция барысында әртүрлі бастапқы заттардың құрамына кіретін элемент атомдарының тотығу дәрежелері өзгереді :
Fe 2 -3 O 3 + 3C -2 О = 2Fe 0 + 3С +4 О 2 2. Молекулаішілік тотығу - тотықсыздану реакциялары . Реакция барысында бастапқы бір заттың құрамындағы әртүрлі элемент атомдарының тотығу дәрежелері өзгереді :
4Fe 2 +2 S +6 O 4 -2 = 2Fe 2 +3 O 3 + 4S +4 O 2 + O 2 0
3. Өздігінен тотығу, өздігінен тотықсыздану реакциялары . Бұл процестерде тотықтырғыш пен тотықсыздандырғыш рөлін бір ғана элемент атомы атқарады . Өздігінен тотығу . өздігінен тотықсыздану реакциялары 2 түрге бөлі неді : диспропорциялану және конпропорциялану . 4. Диспропорциялану ( дисмутация ) процесс нәтижесінде бір элементтің тотығу дәрежесі жаңа екі тотығу дәрежесін алады . Пайда болған тотығу дәрежелерінің мәні бастапқыдан үлкен немесе кіші болады .
Мысалы : CI 2 0 + H 2 + О 2- = H + CI - О -2 + H + CI -
Конпропорциялану. Бұл процесс барысында бір элементтің әртүрлі тотығу дәрежесіндегі атомдары бір тотығу дәрежесіне де болады. Пайда болған тотығу дәрежесі бастапқы тотығу дәрежелеріне аралық болады. Мысалы
S +4 O 2 + 2H 2 S=3S 0 +2H 2 O
Есептер шығару
1. Бром мен күкірт диоксиді арасындағы тотығу-тотықсыздану реакциясының сызбасы берілген
SO 2 +Br 2 +H 2 O= H 2 SO 4 +HBr
2. Концентрлі күкірт қышқылы мен марганец диоксиді арасындағы тотығу-тотықсыздану реакциясының сызбасы берілген
MnO 2 +KI - +H 2 SO 4 2- =Mn 2+ SO 4 +I 2 +K 2 SO 4 +H 2 O
a) сызбадағы әр элементтің тотығу дәрежесін анықтаңдар
ә) сызбадағы тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышты көрсетіңдер
б) реакция сызбасына коэффиценттер қойыңдар
Дескриптор
-сызбадағы әр элементтің тотығу дәрежесін анықтайды
-сызбадағы тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышты көрсетеді
-реакция сызбасына коэффиценттер қойындар
1-Жауабы
S +4 O 2 -2 +Br 2 0 +H 2 + O -2 = H 2 + S +6 O 4 +H + Br -
2Br 0 +2e=2Br - тотықсыздандырғыш
S +4 -2e=S +6 тотықтырғыш
SO 2 +Br 2 +2H 2 O= H 2 SO 4 +2HBr
2-Жауабы
Mn +4 O 2 +I - +H + +SO 4 2- =Mn 2+ +I 2 +HSO 4 - +H 2 O
Mn +4 +2e=Mn +2 тотықсыздандырғыш
2I - -2e=I 2 0 тотықтырғыш
MnO 2 +2KI - +2H 2 SO 4 2- =Mn 2+ SO 4 +I 2 +K 2 SO 4 +2H 2 O
Сәйкестендіру
Дескриптор
-Тотығу - тотықсыздану реакцияларын сәйкестендіру
Жауабы:
1-3
2-1
3-4
4-2
«Ой-талқы»әдісі
-Тек қана тотықтырғыштарға мысал келтіру
-Тек қана мысал келтіру
-Қандай заттар әрі тотықтырғыш, әрі тотықсыздандырғышға мысал
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz