Оқушылар жетістіктері

Оразбай атындағы №115 негізгі орта мектеп

«Математика» пәндері бірлестігінің 2020-2021 оқу жылының І жарты жылдық жұмыс есебі

Бірлестік жетекшісі: Садырбаева К. С.

Оразбай атындағы № 115 негізгі орта мектебінің «Математика» пәндері бірлестігінің 2020-2021 оқу жылының І жарты жылдық жұмыс есебі.

Педагогикалық кадрлар жайлы

Математика пәндер әдістемелік бірлестігінде 4 мұғалім жұмыс жасайды.

Базалық білімі бойынша педагогтардың сандық және сапалық құрамы

Сапалық құрамы
Оқу жылы
2020-2021
Сапалық құрамы: Жалпы мұғалімдер саны
Оқу жылы: 4
Сапалық құрамы: Жоғары санатты мұғалімдер
Оқу жылы: -
Сапалық құрамы: І білікті санатты мұғалімдер
Оқу жылы: 2
Сапалық құрамы: ІІ білікті санатты мұғалімдер
Оқу жылы: 1
Сапалық құрамы: Санатсыз мұғалімдер
Оқу жылы: 1

Пән мұғалімдері өз мамандықтары бойынша сабақ береді

Мұғалімдердің сапалық құрамы

Математика пәндері бойынша педагог кадрлардың жас құрамы

Оқу жылдары

30 жасқа

дейін

31 жастан

40 жасқа

дейін

41 жастан 50 жасқа

дейін

51 жастан

60 жасқа

дейін

60 жастан

жоғары

Зейнеткер жасында
Оқу жылдары: 2020-2011
30 жасқадейін: 1
31 жастан40 жасқадейін: 2
41 жастан 50 жасқадейін: 1
51 жастан60 жасқадейін: -
60 жастанжоғары: -
Зейнеткер жасында: -

Математика пәндері бойынша педагог кадрлардың еңбек өтілі бойынша құрамы

Оқу

жылы

Педагог қызметкерлердің еңбек өтілі

3 жылға

дейін

3 жылдан

5 жылға

дейін

6 жылдан

8 жылға

дейін

9 жылдан

16 жылға

дейін

17 жылдан

20 жылға

дейін

20

жылдан

жоғары

Оқужылы: 2020-2021
Педагог қызметкерлердің еңбек өтілі: 1
-
-
1
1
1

Деңгейлік курсын аяқтаған мұғалімдер саны

Оқу жылы
Барлығы

І негізгі

деңгей

ІІ негізгі

деңгей

ІІІ базалық
Оқу жылы: 2020-2021
Барлығы: -
І негізгідеңгей: -
ІІ негізгідеңгей: -
ІІІ базалық: -

Педагог кадрлардың шығармашылық тақырыбтары

Мұғалімнің аты-жөні
Шығармашылық тақырыбтары
№: 1
Мұғалімнің аты-жөні: Садырбаева Клара
Шығармашылық тақырыбтары: Дарынды балдармен жүргізілетін жұмыс жолдары
№: 2
Мұғалімнің аты-жөні: Нурокова Зағипа
Шығармашылық тақырыбтары: Ойынның белсенді түрлерін пайдалана отырып дамыта оқыту
№: 3
Мұғалімнің аты-жөні: Киргизбаева Раушан
Шығармашылық тақырыбтары: Үлгерімі төмен балалармен жұмыс жүргізу жолдары
№: 4
Мұғалімнің аты-жөні: Сайпова Жанна
Шығармашылық тақырыбтары: Оқушылардың өзіндік ізденістері арқылы шығармашылығын арттыру

Мектептің әдістемелік жұмыс тақырыбы:

«Педагогикалық жаңа әдіс тәсілдерді оқушылардың танымдық деңгейін дамыту негізінде пайдалану»

Міндеттері: 1. ҚР «Білім туралы» Заңын жүзеге асыру

2. ҚР Білім беру стандартына сәйкес білім беру

3. Оқушылардың Математика пәндерінен білім сапасын арттыру және оқушыларды ОЖСБ-ға сапалы дайындау

Мақсаты:

  • Адамгершілігі мол, шығармашылық қабілеті жоғары тұлғаны тәрбиелеу;
  • Оқушылардың білім сапасын арттыру;
  • Пәнді оқытудың әдіс тәсілдерін жетілдіру ;
  • Мұғалімнің құзырлылығын арттыру және шеберлігін шыңдау;
  • Жас мамандардың кәсіби тұлғасын қалыптастыру;

Жыл басында 2020-2021 оқу жылының жылдық жоспары түзіліп және бекітілді, жүктемелер бөлініп берілді. Әрбір мұғалім өз жұмысына жауапкершілікпен қарап, сабақтарын өз деңгейінде өткізіп келеді. Пән мұғалімдері өз сабақтарында көрнекі құралдарды тиімді пайдалануға дағдыланған. Математика пәні бойынша дарынды және үлгерімі төмен оқушылармен қосымша жұмыстар жүргізіліп, оларға арнайы жоспарлар дайындалған.

Бірлестік мұғалімдері бүгінгі ұрпақты ұлтжандылық пен ізгілікке тәрбиелеу және оқушыларға сапалы білім беруде озық технология мен үрдістерді пайдалану барысында төмендегідей сабақтан тыс ашық сабақтармен сыныптан тыс семинар, конференция, дөңгелек үстелдер өткізді.

2020-2021 оқу жылында әдістемелік бірлестік «Сабақты дамыта оқыту әдістерін пайдалана отырып оқушылардың белсенділігін арттыру» мәселесі бойынша жұмыс жасады.

Мектептің өзекті мәселесін іске асыру үшін жұмыс жасайтын әдістемелік бірлестік педагогтардың әдістемелік қызметін жетілдіруіне, ынталандыру, жағдай жасауға бағытталған жылдық жоспар құрып, сол бойынша біршама жұмыс атқарылды.

Мұғалімдердің бүгінгі күнгі оқыту үрдісінде болып жатқан жаңалықтар мен өзгерістерден дер кезінде хабардар болып отыруы-сапалы білім берудің кепілі. Сондықтанда мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру курстарынан уақытылы өтіп отыруы-мектептегі әдістемелік қызметтің маңызды саласы.

2020-2021 оқу жылындағы «Математика» пәндер бойынша оқушылардың жетістігі туралы мәлімет

1. Облыстық, қалалық байқаулар, сайыстар, олимпиадалар, т. б.

Оқушылар жетістіктері:

Оқу жылы
Оқушының аты-жөні
Сыныбы
Байқаудың аты
Жетістігі
Жетекшісі
Оқу жылы:
№: 1
Оқушының аты-жөні: Қалдыбек Әмирхан
Сыныбы: 6 А
Байқаудың аты: «Ақбота»
Жетістігі: ІІ
Жетекшісі: Сайпова Ж.
Оқу жылы: 2
№: Қалдыбек Арайлым
Оқушының аты-жөні: 9 А
Сыныбы: «Ақбота»
Байқаудың аты: І
Жетістігі: Садырбаева К.
Оқу жылы: 3
№: Қалдыбек Алихан
Оқушының аты-жөні: 7 Ә
Сыныбы: «Ақбота»
Байқаудың аты: І
Жетістігі: Садырбаева К.
Оқу жылы:
№: 4
Оқушының аты-жөні: Қанабек Ақбаян
Сыныбы: 9 А
Байқаудың аты: «Ақбота»
Жетістігі: ІІ
Жетекшісі: Садырбаева К

Оқушылардың жарияланған материалдары:

Оқу жылы
Оқушының аты-жөні
Жарияланған сайттың аты
Материал тақырыбы
Марапаты
Жетекшісі
Оқу жылы:

2020-2021 оқу жылы

№: 1
Оқушының аты-жөні: Қалдыбек Алихан
Жарияланған сайттың аты: Ustaz tilegi
Материал тақырыбы: Ғылыми жоба: «Математиканың өмірге қажеттілігі»
Марапаты: Сертификат
Жетекшісі: Садырбаева К.
Оқу жылы: 2
№: Қалдыбек Арайлым
Оқушының аты-жөні: Ustaz tilegi
Жарияланған сайттың аты: Ғылыми жоба: «Квадрат теңдеулерді шешу әдістері»
Материал тақырыбы: Сертификат
Марапаты: Садырбаева К.
Оқу жылы: 3
№: Қалдыбек Әмирхан
Оқушының аты-жөні: Ustaz tilegi
Жарияланған сайттың аты: Ғылыми жоба: «Арифметикалық амалдарға берілген есептерді шешу і»
Материал тақырыбы: Сертификат
Марапаты: Сайпова Ж.

Мұғалімдердің жарияланған материалдары:

Оқу жылы
Мұғалімнің аты жөні
Жарияланған сайттың аты
Материал тақырыбы
Марапаты
Оқу жылы: 2020-2021 оқу жылы
№: 1
Мұғалімнің аты жөні: Садырбаева Клара
Жарияланған сайттың аты: UST. kz
Материал тақырыбы: Ашық сабақ: «Екі өрнектің кубтарының қосындысы мен айырмасының формуласы» оқу әдістемелік материалын жариялағаны үшін
Марапаты: Сертификат

Мұғалімдер жетістіктері:

Оқу жылы
Мұғалімнің аты-жөні
Байқаудың аты
Жетістігі
Ескерту
Оқу жылы: 2020-2021 оқу жылы
№: 1
Мұғалімнің аты-жөні: Саипова Жанна
Байқаудың аты: «Ең білімді педагог-2020»
Жетістігі: Диплом
Ескерту: ІІІ орын

«Математика» пәндер бірлестігінің

«ӘЛЕМ НАҚТЫ ҒЫЛЫМДАР ТІЛІНДЕ - МАТЕМАТИКА» апталығының

ЖОСПАРЫ

Жұмыс мазмұны
Пәні
Мерзімі
Сыныбы
Жауапты
№: 1
Жұмыс мазмұны: Апталықтың ашылуы
Пәні:
Мерзімі: 12. 10. 2020
Сыныбы:
Жауапты: Бірлестік мүшелері
№: 2
Жұмыс мазмұны:

Ашық сабақ

«Көпмүшелерге амалдар қолдану»

Пәні: Алгебра
Мерзімі:

12. 10. 2020

2 сабақ

14:15

Сыныбы: 7 Ә
Жауапты: Садырбаева К. С.
№: 3
Жұмыс мазмұны:

Ашық сабақ

«Аралас сандарды қосу және азайту»

Пәні: Математика
Мерзімі:

13. 10. 2020

1 сабақ

13:30

Сыныбы: 6 Б
Жауапты: Киргизбаева Р. Ж.
№: 4
Жұмыс мазмұны:

Ашық сабақ

«Жай бөлшек. Жай бөлшектерді оқу және жазу»

Пәні: Математика
Мерзімі:

14. 10. 2020

1 сабақ

13:30

Сыныбы: 5 А
Жауапты: Сайпова Ж. Д.
№: 5
Жұмыс мазмұны:

Ашық сабақ

«Ең үлкен ортақ бөлгіш. Өзара жай сандар. Ең кіші ортақ еселік»

Пәні: Математика
Мерзімі:

14. 10. 2020

3 сабақ

15:00

Сыныбы: 5 В
Жауапты: Нурокова З. Б.
№: 6
Жұмыс мазмұны: Сайыс сабақ: «Ойла, ізде, тап» (Мақал-мәтелден сөзжұмбақ құрастыру)
Пәні: Математика
Мерзімі: 15. 10. 2020
Сыныбы: 5-9
Жауапты: Бірлестік мүшелері
№: 7
Жұмыс мазмұны: Сайыс: «Өтірік өлең - математикалық терминдермен»
Пәні: Математика
Мерзімі: 16. 10. 2020
Сыныбы: 5-9
Жауапты: Бірлестік мүшелері
№: 8
Жұмыс мазмұны: Қорытынды
Пәні:
Мерзімі: 17. 10. 2020
Сыныбы:
Жауапты: Бірлестік мүшелері

Апталықтың мақсаты мен міндеттері нақтыланған соң, аптаның әр күні нақты бір тақырыпта аталып, сол бағытта жаңаша жұмыс үлгісі жүзеге асырылып отырды. Әрине бұл пән мұғалімдері тарапынан өте үлкен ізденіс пен шығармашылықты талап етеді. Біздің пән бірлестігінің әр мүшесі осы талап үдесіне шыға біліп, өз шығармашылықтары мен шеберліктерін көрсете білді.

Енді апталықтың әр күніндегі

іс-шаралардың талдауы:

  1. 12. 10 күні дүйсенбі Апталықтың ашылуы
  2. 12. 10. 2020 күні «Көпмүшелерге амалдар қолдану» Алгебра, білім бекіту сабағы, танымдық- зерттеу сабағын математика пәні мұғалімі Садырбаева К. С. 7 Ә сыныпта өткізді. Қазіргі таңда елімізде орын алып отырған, карантинге қарамастан жаңа технологияны, яғни ойын түрін танымдық зерттеумен ұштастырған бұл сабақта балалар алған білімдерін зерттеу арқылы жаңа білімге ұштастыра білді. Әр оқушы өз бағытында нәтижелі жұмыс көрсетті. Әсіресе, есептерді шығару барысында тақырып бойынша оқушылар білімінің терең екенін дәлелдеді.
  3. 13. 10. 2020 күні. «Аралас сандарды қосу және азайту»- тақырыбында Киргизбаева Раушан 6 Б сыныбында сабақ өткізді. Бұл сабақ та өте жоғарғы дәрежеде өтті, бірлестік мұғалімдері және мектеп директорының орынбасары Ахтаева Ж. Б. қатысып талдау жасады. Сабақта толық жоспар жүзеге асырылып, мақсатына жетті. Оқушылардың математикалық тілдерін дамытуда да мұғалім жақсы жұмыс көрсете білді.
  4. Келесі сабақты 14. 10. 2020 күні «Жай бөлшек. Жай бөлшектерді оқу және жазу» математика жаңа білім игеру сабағы, топтық - танымдық сабақ, 5 А сыныпта Саипова Жанна апай өткізді. Сабақта балалар тиянақты теориялық білімді есептер шығаруға қолдана білді. Мұғалім сұрақ - жауап арқылы оқушылардың сабақтағы білімдерін жинақтай алды. Оқушылардың математикалық тілдерін дамытуда да мұғалім жақсы жұмыс көрсете білді.
  5. 14. 10. 2020 күні «Ең үлкен ортақ бөлгіш. Өзара жай сандар. Ең кіші ортақ еселік» математикадан қайталау сабағы, танымдық сабақ, 5 В сыныпта Нурокова Загипа апай өткізді. Мұғалім сабаққа бейне сабақ даярлап, оқушыларды жаңа сабақ мазмұнымен таныстыра алды. Сабақта балалар тиянақты теориялық білімді есептер шығаруға қолдана білді.
  6. 15. 10. 2020 күні «Ойла, ізде, тап» (Мақал-мәтелден сөзжұмбақ құрастыру) сайыс сабағы өткізілді. Мұнда мектептің 5-9 сынып оқушылары қатысты. Оқушылар мақал-мәтелден сөзжұмбақтар құрастырып сайысты. Жақсы шыққан туындыларды мектептің фейсбук парақшасына салып отырдық.
  7. 16. 10. 2020 күні «Өтірік өлең - математикалық терминдермен» сайысы өткізілді. Мектептің 5-9 сынып оқушылары жаппа қатысты. Оқушылардың жақсы бейне роликтерін мектептің фейсбук парақшасына жарияладық. .
  8. 17. 10. 2020ь күні сенбіАпталықты қортындылау

Ұқсас жұмыстар
Кеңес дәуіріндегі қазақ тілінің ахуалы
Тың және тыңайған жерлерді игерудің жетістіктері мен зардаптары
Робот техникасының негіздері, пайдалану салалары, түрлері
РобоҚол роботын құрастыру
Бастауыш сынып оқушыларының портфолиосы
Қазақстандағы индустрияландырудың жетістіктері мен кемшіліктерін талдау
Қазақстан тәуелсіздігінің дара жолдары
Оқушылардың бойында отансүйгіштік - патриоттық сезімдерін тәрбиелеу
Тақырыпты оқу, сұрақтарға жауап беру
Карл линнейдің эволюциялық көзқарасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz