Өндірісті ұйымдастыру түрлері

М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚУ КОЛЛЕДЖІ

САБАҚ ЖОСПАРЫ №

Модуль /пән атауы
Салалар экономикасы
Модуль /пән атауы: Сабақ тақырыбы
Салалар экономикасы: Кәсіпорынның өндірістік құрылым, өндіріс ұйымдарының түрлері, өндіріс процесі және оны ұйымдастыру принциптері, өндіріс циклы.
Модуль /пән атауы:
  1. Жалпы мәліметтер
Модуль /пән атауы: Курс
Салалар экономикасы: Оқу жылы
Тобы
Күні
Модуль /пән атауы: 3
Салалар экономикасы: 2021ж
ТТн-18-7к
Модуль /пән атауы:
Салалар экономикасы:
Модуль /пән атауы:
Салалар экономикасы:
Модуль /пән атауы:
Салалар экономикасы:
Модуль /пән атауы: Сабақ типі
Салалар экономикасы: Теориялық
Модуль /пән атауы: 2. Мақсаты, міндеттері
Модуль /пән атауы: Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі
Салалар экономикасы:
  • « Сала бойынша өнеркәсіптік өндіріс экономикасы» курсының негізгі міндеті - болашақ мамандарды, саладағы кәсіпорынның тиімді даму жолын қалай анықтауды, өндіріс өсуінің қарқынын үдету мен өнім сапасын жақсартуды, өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатуды, еңбек өнімділігі өсуінің резервтерін табилдеуді, айналым шығындары мен өнімнің өзіндік құнын азайтуды және осы негізде өндіріс тиімділігін көтеру мәселелерін көтеру мәселелерін шешуге үйрету болып табылады. Сала бойынша өнеркәсіптің өндіріс экономикасы, ғылым ретінде, объективті экономикалық заңдардың қызметі мен олардың байқалуының формаларын зерттейді.
  • өндірісті техникалық дайындаудың мазмұны мен міндеттері толығымен қамтылған. өндірісті техникалық дайындаудың кезеңдері қарастырылған. өндірісті техникалық жетілдіру жолдары талқыланады. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру туралы толық мәліметтер ашылады. өндірісті ғылыми-технологиялық дайындау (өҒТД) жөнінде қарастырылады. өнімнің сапасын жақсарту үшін сапа жөніндегі мәселені жан-жақты талқыланады.
Модуль /пән атауы: 3. Сабақты жабдықтау
Модуль /пән атауы: Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер
Салалар экономикасы:

1214000- Трикотаж, тоқыма, галантерея бұйымдары технологиясы . Горфинкель В. Я. «Кәсіпорын экономикасы», М., 2001 ж.

Н1. 77-82 беттер

Модуль /пән атауы: Техникалық құралдар, материалдар
Салалар экономикасы: Ноутбук,
Модуль /пән атауы: 4. Сабақтың барысы
Салалар экономикасы: Уақыт (мин)
Модуль /пән атауы: Ұйымдастыру кезеңі
Салалар экономикасы: Білім алушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сабаққа баулу, ынталандыру, дәрісханасының дайындығын тексеру. Сабаққа дайындықтарын қадағалау.
3
Модуль /пән атауы: Үй тапсырмасын тексеру
Салалар экономикасы:

1. Ең төменгі шығындардағы басқарудың мақсаттарына жету

  1. 2. Тиімділік критерийлері
5
Модуль /пән атауы: Жаңа тақырыпты түсіндіру
Салалар экономикасы:

Кәсіпорынның өндірістік құрылым, өндіріс ұйымдарының түрлері, өндіріс процесі және оны ұйымдастыру принциптері, өндіріс циклы.

1. Өндіріс және кәсіпорынның өндірістік құрылымына түсінік.

2. Өндірістік құрылымның типтері.

3. Өндірісті ұйымдастыру түрлері.

4. Өндірістік құрылымның даму жолдары.

1. Өндіріс және кәсіпорынның өндірістік құрылымына түсінік.

Өндіріс - қоғамның өмі сүруі және дамуы үшін қажетті материалдарды өнімдерді шығаратын процесс. Өндірістің дамуын еңбек құралдарынан, еңбек заттарынан және белгілі бір мақсатпен жасалынатын жұмыс процесінен тұратын еңбек ету жағдайы анықтайды. Қазіргі заманғы өндіріс ғылыми-техникалық процесстің нәтижелерін қолдану, соның ішінде автоматизацияландыру арқылы дамиды.

15
Модуль /пән атауы: 5. Сабақ бойынша рефлексия
Модуль /пән атауы:
:
:
:
:
Салалар экономикасы: https://ds04.infourok.ru/uploads/ex/029a/00064429-de54374f/img18.jpg
Бүгінгі сабақтағы көңіл күйлерін, сабақты қаншалықты түсінгенін смайлик көрсету арқылы білдіреді.
https://ds04.infourok.ru/uploads/ex/0d0d/00010af4-2268d125/img13.jpg
Ұялы телефонға білім алушылар СМС жіберу арқылы, сабақтың қаншалықты жемісті болғанын, түсінбеген сұрағын жолдайды.
https://ds04.infourok.ru/uploads/ex/07f6/00034fcd-877475e5/img11.jpg
Білім алушыларды бағалау
10
Модуль /пән атауы:
Салалар экономикасы:
Модуль /пән атауы:
Салалар экономикасы:
Модуль /пән атауы:
Салалар экономикасы:
Модуль /пән атауы: 6. Үйге тапсырма
Модуль /пән атауы:

Бақылау сұрақтары:

1. Өндірісті ғылыми-техникалық дайындаудың мазмұны мен кезеңдері

2. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру

3. өндірісті ғылыми-технологиялық дайындау

4. өнімнің сапасын бақылауды ұйымдастыру

Салалар экономикасы: 2
Модуль /пән атауы: Дайындаған педагог
Салалар экономикасы:
Модуль /пән атауы:

Т. А. Ә.

Алменова Ф. Б.

Салалар экономикасы: тел. :8 7028126464
Модуль /пән атауы:

е-mail:

afb_t_kz@mail. ru

(қолы)

18 Кәсіпорынның өндірістік құрылым, өндіріс ұйымдарының түрлері, өндіріс процесі және оны ұйымдастыру принциптері, өндіріс циклы.

1. Өндіріс және кәсіпорынның өндірістік құрылымына түсінік.

2. Өндірістік құрылымның типтері.

3. Өндірісті ұйымдастыру түрлері.

4. Өндірістік құрылымның даму жолдары.

1. Өндіріс және кәсіпорынның өндірістік құрылымына түсінік.

Өндіріс - қоғамның өмі сүруі және дамуы үшін қажетті материалдарды өнімдерді шығаратын процесс. Өндірістің дамуын еңбек құралдарынан, еңбек заттарынан және белгілі бір мақсатпен жасалынатын жұмыс процесінен тұратын еңбек ету жағдайы анықтайды.

Қазіргі заманғы өндіріс ғылыми-техникалық процесстің нәтижелерін қолдану, соның ішінде автоматизацияландыру арқылы дамиды. Әрбір өндірістік кәсіпорын - цехтардан, учаскелерден, қосалқы шаруашылықтардан, басқару және ұйымдастыру шаруашылығы ұйымдарынан тұрады.

Өндірістік бөлімдердің жиынтығы, олардың саны мен өзара қарым - қатынастары және өндірістің көлемі мен жұмысшылардың санын кәсіпорынның жалпы құрылымын құрайды.

Кәсіпорынның өндірісіке байланысты бөлімдері: цех, участок, қызмет көрсететін шаруашылықтар бірігіп, кәсіпорынның өндірістік құрылымын құрайды. Өндірістік құрылым еңбек өнімділігінің деңгейін, өндіріс шығындарын, табиғи байлық пен техниканы қолданудың экономикалық тиімділігін анықтауға ықпал жасайды.

Кәсіпорының негізгі өндірістік құрылымының бөлігі болып цех саналады. Цех - әкімшілік жағынан оқшауланған, жай өндіріс процесінде белгілі бір жұмысты атқаратын буын.

Цехтардың 3 түрі болады:

- негізгі;

- көмекші;

- қосалқы және т. б.

Негізгі цехтарда сатуға әзірленген дайын өнімдер шығарылады. Көмекші цехтарға - құрал - жабдықтар, жөндеу жұмыстары, энергетикалық, көлік цехтары жатады. Қосалқы цехтарға - қайта өңдеу цехтары, шығарылғагн өнімді безендіретін қораптар мен басқа да жұмыстар жатады (орау, жүктеу, таысмалдау, түсіру) .

Цехтар - учаскелерден тұрады. Учаскелер 3 түрге бөлінеді:

  • негізгі;
  • қосымша;
  • қосалқы.

2. Өндірістік құрылымның типтері.

Өнеркәсіптік кәсіпорындардағы өндірістік құрылымның 3 түрі (типі) бар.

  1. Заттай.
  2. Технологиялық.
  3. Аралас.

Заттай құрылымды қолданған кезде кәспорынның негізгі цехтары мен учаскелерінің әрқайсысы белгілі бір өнімді, не болмаса белгілі бір бөлшектерді өндіруге маманданады. Заттай құрылымының көптеген пайдалы көрсеткіштері болады. Өйткені ол цехтардың арасындағы байланысты дамытады, өндіріс циклын азайтады, жұмысшылардың өнім сапасын көтеруге деген көзқарасын жақсартады. Соның арқасында өнім өндіру ұлғаяды, өндіріс шығындары азаяды.

Технологиялық құрылым қолданылғанда технологиялық процесстің ретіне байланысты жұмыс орындалады. Өндірістік құрылымның бұл типі цехты не болмаса учаскені басқаруды оңайлатады және өндірістің бір номенклатуралы өнім шығарудан келесі номенклатуралы өнім шығаруына ықпал жасайды. Кемшіліктері: цехтардың арасындағы өндірістік қарым-қатынастардың күрделенуі, жоғарғы өнімді құрал-жабдықтар мен құралдар қолданудың мүмкіншілігінің жоқтығы жатады. Бұлардың бәрі еңбек өнімділігінің төмендеуіне, шығындар көлемінің өсуіне әсерін тигізеді.

Ал өндірістік құрылымының аралас түрі болса, заттай құрылымның да, технологиялық құрылымның да элементтерінен тұрады және бұл тип цехаралық тасымалдардың көлемінің азаюына, өнім өндірудің өндірістік циклының қысқаруына, еңбек жағдайын жақсартуға еңбек өнімділігін арттыруға, өнімнің өзіндік құнын азайтуға әсерін тигізеді.

3. Өндірісті ұйымдастыру түрлері.

Өндірісті ұйымдастырудың түрі дегеніміз - өнеркәсіптік кәсіпорынды ұйымдастыру ерекшеліктері мен техникалық жағдайының жалпы сипаттамасын беру. Өндірісті ұйымдастырудың түріне көптеген факторлар әсер етеді:

  • мамандар деңгейі;
  • өндіріс көлемі;
  • шығарылатын өнім номенклатурасының күрделілігі және төзімділігі, т. б.

Өндірістің негізгі үш түрі болады:

  1. Жеке - дара өндіріс
  2. Сериялық өндіріс.
  3. Жаппай өндіріс.

Жеке-дара өндіріс - алуан түрлі және тұрақты емес номенклатуралы өнімдерді жекелеп шығарумен сипатталатын өндіріс үлгісі. Мысалы: ірі трибуналар, кемелер, металлургиялық, кен жабдығы және т. б. Сондай-ақ жеке тапсырыстар бойынша жеке тұтыну заттарын шығаратын тәжірибелік заводтар, кәсіпорындар жеке дара өндіріске жатады.

Ерекшеліктері:

  • әртүрлі номенклатуралы өнімдердің шығарылуы;
  • жұмыс орындарын технологиялық мамандандыру бойынша ұйымдастыру;
  • әмбебап құрал-жабдықтар мен технологияларды қолдану;
  • қолмен жинау жұмыстарының үлкен көлемі;
  • жоғарғы білікті әмбебап жұмысшылардың санының көп болуы;
  • өндіріс циклының ұзақтығы;
  • аяқталмаған өндіріс көлемінің көп болуы.

Сериялық өндіріс түрі кең номенклатуралы, біртектес өнімдерді бір уақытта сериялармен шығаруды көздейді. Сериялы өндіріске партиялармен енгізілген, конструкциялары бірдей өнімдерді бір уақытта шығару жатады.

Негізгі ерекшеліктері:

  • біртектес өнімдердің үлкен номенклатурасының тұрақты шығарылып тұруы;
  • жұмыс орнының тек қана партиямен орындауға мамандануы;
  • бөлшектер мен өнімдерді партиямен шығару;
  • мамандандырылған құралдар мен технологиялық жабдықтардың көп қолданылуы;
  • қолмен жинау еңбегінің аз мөлшері;
  • орташа білікті жұмысшылар санының көп болуы;
  • өндіріс циклының ұзақ еместігі;
  • өнім сапасының бақылау процесінің автоматтандандырылуы.

Ұқсас жұмыстар
Экономикалық өсу
Сабақ типі аралас сабақ
Оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру
Бизнес ұйымдастыру түрлері
Датчиктердің сипаттамалары
Жай - күй анықтау және автомобильдердің техникалық жағдайын басқару
Отын энергетикалық кешен
Табиғи қорлар және өндіріс
Ағаш өңдеуге арналған қазіргі заманғы технологиялық машиналар
Түс датчиктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz