Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Оқытудың формалары
Дамыта отырып оқыту технологиясы
Дамыта оқыту технологиясы қазіргі уақытта жаңа технологиялардың бірі деп келеді. Дамыта оқытудың негізін Ян Амос Коменский өзінің 17 ғасырда <<Ұлы дидактикасында>> айтып талдап берген. Содан кейін орыс ғалымдары К.Д.Ушинский, Л.С.Выготский еңбектерінде қарастырылып, 1969 жылдары Ресей ғалымдары Л.ВЗанков, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов көтерді. Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдовтың зерттеулері оқушыны <<субъект>> ретінде тануға бағытталды.
Ұстаздық деген киелі мамандықтың сырын ашып, қыры мол, терең дүниеге еніп кеткелі көңілдегі арман толастамай, тоқу мен қуаныш қатар аралып мектеп деген үлкен дарияда жүзіп келе жатырмыз.
Еліміздің басынан өтіп жатқан жанартаудай <<сілкіністер>> бүгінгі білім беру жүйесіне де түрлі өзгерістер енгізуде. Заман талабы <<білу аз, сол білгенінді іске қолдана білу>> дейді. <<Әркім қолда барын ұсынады>> деп немқұрайдылыққа салынсақ алдымызда отырған бейкүнә шәкірттердің тағдырына қиянат жасаған болар едік. Не ексең, соңы орасың. Мақсатымыз - алдымызда тұрған өзекті мәселелер айналасында сөз қозғау. Соның ішінде ең бастысы - әлемдік білім кеңістігіне ену жолындағы алғашқы қадамдар.
Қай заманда, қандай реформа болсын мектептің басты тұлғасы - мұғалім. Мемлекеттік білім саясаты да осы мұғалім арқылы жүзеге аспақ. Ал бүгінгі таңда мектептің, мұғалімнің қасиетті міндеті - рухани бай, жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру. Рухани байлық, ең алдымен, әр халықтың ұлттық әдет-салты, көзқарасы шыққан түп-тамырында жататыны белгілі. Сол ұлттық байлықты бүкіл адамзат өз ұрпағын тәрбиелеуге қолданып келеді.
Армансыз адам алысқа бармас. Арман бар жерде оған жетер жол даңғыл десек, қателесеміз. Көңілдегі көрікті ойдың ауыздан шығарда жоғалып кететініне, өз қиялындағы әдемі дүниенің оқушы алдында быт-шыты шыққанына талай ұстаз куә. Білім жетерлік, бірақ оны оқушыға жеткізу үлкен шеберлікті қажет етеді.
Саңқылдап айтқан үніңді оқушылар салғырт тыңдап, бей-жайлық танытқанда, ішкі дүниең түгел қаусап қалғандай күй кешесің. Мұғалімнің біркелкі кезіккендейсің. Өлі тыныштық. Осындай сабақтың пайдасы бар ма? Немесе материалдың қызықты жеріне өзі көбірек мәз болған ұстаздың әрекетінен не ұтасың? Оқушының дара тұлға ретінде жан-жақты дамуына осы сабақта жағдай бар ма? Міне, арманға жетер жол даңғыл емес, тынымсыз іс қажет.
Алдымен бала қызығушылығын ояту керек, олай болса зерттейтін объект - оқушы. Оның бойындағы қасиеттерді ескере отырып, сезімін, ынтасын оятар іс-әрекетті жоспарлап көр, әрі қарай оқушының таным белсенділігін арттыруды мақсат ет. Танымдық белсенділікті қалыптастыру көрсеткіштеріне интеллектуалдық, эмоцияналдық, жігерлілік іс-әрекетке оқушылардың белсене қатысуы жатады. Осындай нәтижеге жету үшін сабақ мазмұнының түрлерін, оқытудың амал-тәсілдерін түгелдей өзгерту қажет, қазір жалпылама баяндау, сұрақ-жауап, лекция тәрізді сабақ әдістері өз нәтижесін бере алмайды. Сондықтан сабақ процесінде оқытудың жаңа әдіс-тәсілі, дамыта оқыту педагогикалық технологиясын таңдап алдым.
Оқу - адамның психикалық дамуының формасы, элементі. Кез келген оқыту белгілі бір мөлшерде адамды дамытады.
<<Даму>> ұғымы сөздікте <<... мөлшерлік өзгерістердің белгілі бір өлшем шегінен шығып, сапалық өзгерістерге айналуы,>>-деп түсіндіріледі.
<<Даму>> ұғымының психологиялық анықтамасы-жаңарту процесі, жаңаның өмірге келіп, ескінің жоғалуы деген мағынаны береді. Барлық табиғат құбылыстары сияқты бала психикасы да үнемі диалектикалық жолмен дамып, өзгеріп, бір деңгейден екінші деңгейге өтіп отырады.
Оқыту мен дамыту арасында тығыз байланыс бар екенін психология ғылыми жеткілікті дәрежеде дәләлдеп берді деп айтуға болады. Бұл мәселені түбегейлі зерттеп, бала дамуындағы оқытудың рөлін, алар орнын анықтаған көрнекті психолог Л.С. Выготский.
Ол дамуды оқытумен тең, керісінше оқу мен даму екі бөлек процесс деген көзқарастарды қатты сынға алды. Ең алғаш рет бала дамуының төмендегідей екі аймағы болатындығы жайлы теория ұсынды.
1.Бала дамуының жақын аймағы - баланың тек үлкендердің көмегі арқылы атқара алатын істері.
2.Бала дамуының қол жеткен аймағы - баланың үлкендердің көмегінсіз істей алатын істері.
Баланың дамуы бірінші аймақты меңгеру арқылы жүзеге асады. Дамудың қол жеткен аймағы жақын аймақпен өзара қызметтесе отырып, оны игерген кезде дамуға өріс ашылады.
И.Я.Лернер <<даму>> деген ұғымды педагогикалық заңдылықтарға негіздей отырып, адамның әртүрлі қиындықтардағы мәселелерді шеше білуге дайындығы деп түсіндіреді. Мұндай анықтама интеллектуалдық іс-әрекетті жоғары орынға шығарады. Мәселе қаншалықты күрделі болса, оны шешуге жұмсалатын ақыл-ой қызметі де соншалықты кең, аумақты, демек даму деңгейі де жоғары болады.
Л.В.Занков ақыл-ой қызметінің төмендегідей көрсеткіштері дамуды іске асырады деп есептейді. Олар байқампаздық, өз ойын еркін жеткізе білу, практикалық іс-әрекеттер атқара білу.
В.В.Давыдов ақыл-ойдың дамуының көрсеткіші ретінде жинақтай, қорытындылай алу дағдысын есептейді.
Тұтас алғанда барлық авторлардың даму туралы ойлары оқыту барысында баланың психикасының жаңа сапалық деңгейге көтерілуі дегенге келіп саяды және оның басты шарты ретінде әрекет алынады.
Мектеп оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонымен бірге, баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл-ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу процесін жолға қою керектігі саналады. Оқушының шығармашылық қабілеті де оның ойлау мен
практикалық әрекеттері арқылы ғана дамиды. Ойлауға үйрететін сабақтарды дамыта оқыту сабақтары деп білеміз.
Дамыта оқытуды ұйымдастыру, балаға ақыл-ой әрекетін меңгеруге жағдай жасау деп қарастыру керек. Дамыта оқыту сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады.
<<Дамыта оқыту>> деген термин психология ғылымының қойнауында туып, баланың дамуын қарастырған (Ж.Пиаже), ойлаудың әртүрлі деңгейін, типтерін ( Л.В.Выготский, А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн) және басқа да психиканың функциясын зерттеген (Б.Г.Ананьев, Г.С.Костюк, А.А.Люблинская, Н.А.Менчинская) және т.б.іс-әрекет теориясының психологиясын жасаған (А.Н.Леонтьев, П.Я.Гальперин) еңбектерінде жан-жақты талданды. Нәтижеде дамыта оқыту проблемасына арналған екі іргелі эксперимент жасалып, оның бірін Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов, ал екіншісін Л.В.Занков басқарады.
Кейінгі жылдары дамыта оқыту психология мен педагогика ғылымдарының келелі мәселесіне айналды. Жүйенің авторлары << дамыта оқыту деп - оқыту мақсаты, міндеттері, әдіс-тәсілдері баланың даму заңдылықтарына сәйкестендірілген оқытуды>> атайды.(16.85). Оқыту арқылы баланың психикасында жаңа құрылымдар пайда болуы, яғни жаңа сапалық өзгерістер болуы тиіс деп есептейді. Жүйенің басты мақсаттарының бірі - баланы оқыта отырып жалпы дамыту, оның еркіндігін қалыптастыру, өз бетінше ізденуге, шешім қабылдауға дағдыландыру, жекелік қасиеттерін ескеру, басшылыққа алу, әрі қарай ұшқырлау, тұлғалыққа бағыттау.
Дамыта оқыту - дәстүрлі оқытуға соңғы уақыттарға дейін балама жүйе деп қарастырылды. Оның нәтижесінде әр оқушы өзін-өзі өзгертуші субъект
дәрежесіне көтерілуі көзделіп, соған оқыту барысында лайықты жағдайлар жасау үлкен нәтиже берді.
Дәстүрлі және дамыта оқыту жүйелерінің негізгі белгілерінің салыстырмалы сипаттамасы
Педагогикалық процесінің компоненттері
Мазмұнындағы басымдылық
Дәстүрлі иллюстрациялық түсіндірме әдісі
Дамыту оқыту
Мақсат
Оқушыларда білім, білік, дағды қалыптастыру
Байқампаздығын, ойлауын, практикалық әрекетін дамыту
Бастапқы мазмұн
Факторлар, мысалдар, тақырыптар, дәлелдер
Заңдылықтарды, теорияларды, ұғымдарды, ережелерді қорыту
Оқытудың формалары
Жеке, топтық, фронтальді
Бірлескен ұжымдық іс-әрекет
Оқыту әдістері
Ауызша түсіндіру, көрнекілік, практикалық
Проблемелық баяндау, ізденушілік, зерттеушілік, ойлау
Бақылау, бағалау
Оқытудың нәтижесін мұғалімнің бақылауы, бағалауы
Өзін-өзі бақылау, өзін-өзі бағалау, рефлекция
Дәстүрлі оқыту әдістемесі негізінде метафизикалық (сандық, мазмұндық) әдіснама, ал дамыта оқыту технологиясының негізінде диалектикалық (интенсивті, сапалық, мәнділік) әдіснамасы жатыр деп айтуға болады. Дәстүрлі оқыту балада білім, білік, дағды алуға қажетті ақыл, сана бар деп есептеп, сол ақылға дайын білімді құю керек деген көзқарасқа, ал дамыта оқыту бала бойындағы табиғи қабілеттерді, ойлауды, жаңа белестерге көтеруді мақсат тұтатын принциптерге негізделген. Дәстүрлі оқыту жаттауға, есте сақтауға, ал дамыта оқыту дербес жұмыс істеуге, алған білімді пайдалана білуге үйретеді.
Дамыта оқытуда баланың ізденушілік - ойлау әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып оның білім алуға деген ынта-ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді. Сабақ мұндай жағдайда төмендегідей 3 құрамдас бөліктерден тұратын болады.
1. Оқу мақсаттарының қойылуы.
2. Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру.
3. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.
Бұл - үшеуі дамыта оқытудың Д.Б.Элконин - В.В.Давыдов жасаған жүйесінің негізгі компоненттері.
Оқушы алдына оқу мақсаттарын қоюда ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім сабақ процесін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам ролінде шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын өзінше дәлелдей білуге үйретіледі. Әр оқушыға өз ойын, пікірін айтуға мүмкііндік беріледі, жауаптар тыңдалады. Әрине, жауаптар барлық жағдайда дұрыс бола бермес. Дегенмен әр бала жасаған еңбегінің нәтижесімен бөлісіп, дәлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тәжірибесін қорытындылауға үйренеді.
Мұндай көзқарасты ұлы Абай да уағыздап кеткендігіне тоқталған жөн. Қоршаған ортаның шындығын мойындай отырып, Абай ақыл мен сана еңбек барысында қалыптасатындығын айтады. Ол адамның ішкі сезімді қуаттарын
біртұтас етіп алады. Оның он жетінші сөзіндегі қайрат, ақыл, жүректің сөз таластыруында тек бірлесіп ынтымақтасқан жағдайда ғана күш алатын үш түрлі жан құбылысын әдеби-публицистикалық тұрғыдан көрсеткенін байқаймыз. Бұдан бұл мәселенің ұлттық психологиямыз бен философиямызда да ежелден көтеріліп келе жатқандығын көруге болады.
Дамыта оқыту жүйесінде оқушылардың ойларын жетілдірудің маңызы зор.
Біріншіден - дамыта оқытуда білім даяр күйінде берілмейді, оған оқушы өз оқу әрекеті арқылы қол жеткізеді. Сабақтың алғашқы ізденіс кезеңінде жаңа ақпарат жайлы не білетіндіктерін ортаға салып, мәселені өз беттерінше шешуге талпынады. Сөйтіп олар осы мәселе туралы өз білімдерінің жеткіліксіз, таяз екенін сезіну арқылы сабаққа деген қызығушылықтары оянады, ішкі түрткілері пайда болады.
Екіншіден - дамыта оқытуда оқушы жоғары қиындықтағы мәселелерді шеше отырып өзінің санасының саңылауларын ашады. Әр оқушының өзінің деңгейіне дейін дамуға қол жеткізе алады. "Жақсы оқушы", "Жаман оқушы" ұғымының болмауы, балаларды танымдық әрекеттерге ұмтылдырады, құштарлығын арттырады.
Үшіншіден - оқушының жеке басын дамытатын басты құрал - ол өзінің әрекеті. Сол себепті дамыта оқытудағы оқыту әдістері оқушыны белсенді жұмыс жағдайына қоя отырып, мәселелерді, қайшылықтарды шешу мақсатын қояды.
Төртіншіден - дамыта оқыту жүйесінің нәтижелі болуы оқушы мен мұғалімнің арасындағы жаңаша қарым-қатынасы арқасында ғана өз жемісін береді. Сол себепті дәстүрлі жүйедегі әміршілдік стиль бұл жерде тиімсіз, оқушы - "орындаушы", "мұғалімнің тасасындағы" объект емес. Ол өз пікірін ашық айта, ойын дәлелдей, дәйектей алатын, сонымен қатар басқаның да ойын тыңдап, көзқарасын құрметтей білуге үйренген жаңа сападағы тұлға болып табылады. Сабақ процесінде оқытудың жаңа әдіс-тәсілі, дамыта оқыту педагогикалық технологиясының кейбір элеменнтерін ала отырып, сабақ үлгісін ұсынғалы отырмын:
Сабақтың тақырыбы: Ұлттық ойындар 3 сынып
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларға жаңа сөздерді меңгертіп, оларды дұрыс айтуға жаттықтыру.
2. Дамытушылық: Логикалық ой-өрістерін кеңейтіп, сабақта оқушылардың сөйлеу қабілеттерін қалыптастыру.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды қазақтың салт-дәстүрлерін сақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекі құралдары: Ұлттық ойындар туралы слайд-суреттер, үлестірмелі карточкалар, интербелсенді тақта.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
2. Тіл дамыту сұрақтары.
3. Үй жұмысын тексеру: Сөздік, диалог.
4. Жаңа тақырып: Ұлттық ойындар.
Жаңа сөздер мен танысу
Ұлттық ойындар - национальные игры
тұрмыс- быт
салт - дәстүр - обычай
көбінесе - многие, в основном
байланысты - связано
сүйек - кость
құмалақ - овечьи катышки
асық - альчик
Ұлттық ойындар
Қазақ халқының тұрмысы, салт-дәстүрі, көбінесе төрт-түлік малмен байланысты болды. Олар ойынға мал сүйегін, қой құмалағын пайдаланды. Мысалы , мынадай ұлттық ойын түрлері бар: <<Асық>>, <<Тоғызқұмалақ>>, <<Ақсүйек>>, <<Аударыспақ>>, <<Қыз қуу>> т.б. Ұлттық ойындар адамды жылдамдыққа, ептілікке, ойлау қабілетін арттыруға, өнерлі болуға, күштілікке үйретеді.
Мәтіндегі сөйлемдерге сұрақ қойып, сұраққа жауап беру.
1.Қазақ халқының тұрмысы, салт - дәстүрі, ойындары немен байланысты?
2.Олар жануарлардың нелерін пайдаланды?
3.Ұлттық ойындардың қандай түрлері бар?
Сергіту сәті: <<Қыз қуу>> ойынын ойнату
(бір қыз бен бір бала кезекпен мұғалім дайындаған сұрақтарды суырып, жауап береді. Кім сұраққа көп жауап берсе, соның аты алда келіп, жеңімпаз болады).
Ұлттық ойындарға тоқталып кетейік:
<<Тоғызқұмалақ>> ойыны - шахмат сынды ежелгі ойын түрі. Ойынға екі адам қатысады. Ағаш тақтаға арнайы ұя жасап, олжа салып ойнайды. Бұл ойынның бекітілген өз ережесі бар. Ол - үлкен шеберлікті, ойлануды, айла-тәсілді қажет ететін, математикалық есепке құрылған күрделі ойын. (интербелсенді тақтада көрсетіледі)
<<Ақсүйек>> ойыны. Тойға жиналған жастар жаздың айлы түнінде <<Ақ сүйек>> ойнаған. Оның басты шарты: лақтырылған ақ сүйекті жабыла іздеп, тауып әкелу. Осы ақ сүйекті іздеу үстінде бозбала мен бойжеткен өзара сырласып, көңіл құпияларын ашатын болған. (интербелсенді тақтада көрсетіледі)
<<Қыз қуу>> ойыны кезінде ұлттық киім киіп, жүйрік атқа мінген қыз бен жігіт бірін-бірі қуған. Қыз қашып, жігіт қуып жетсе, қыздың орамалын алады, не болмаса, бетінен сүйеді. Егер жігіт жете алмаса, қыз оны қамшының астына алады. (интербелсенді тақтада көрсетіледі)
- Балалар, қазір біз ұлттық ойындар ойнау арқылы бүгінгі сабақтан алған білімдерімізді бекітеміз.
Ұлттық ойын ойнату.
Ойынның ережесі:
Асықпен ойналатын ойынның тағы бір түрі -- <<Хан талапай>>. Ойынға қатынасушы балалардың санына шек қойылмайды. Олар ойын жүргізушінің айналасына жарты шеңбер құрып отырысады. Ойын жүргізуші қолындағы асықты <<хан талапай>> деп ортаға қарай шашып жібереді. Отырғандар тез - тез жиып алулары керек. Кім аз жиып алса, сол жеңілген болып есептеледі.
Тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып жазыңдар.
А...сүй...к, ас...қ, алтыба...ан, то...ызқ...малақ, к...кп...р, жасы...ынба..., қ...з ...уу.
Бағалау.
Үйге тапсырма: жаңа сөздер.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz