Ас қорыту мүшелерінің құрылысы мен қызметі: бастауыш мектепке арналған сабақ жоспары

Сабақ жоспары

Оқытушы: Нұрұлдаева Л. Қ

Пән: Бастауыш мектеп жасындағы балалардың анатомиясы, физиология және гигиенасы

Топ: БМ-29 Ш-29 К-29

Тақырыбы: Ас қорыту мүшелерінің құрылысы мен қызметі.

Күні:

Сабақтың түрі: жаңа сабақ,

Сабақтың мақсатттары: .

Білімділгі: Ас қорыту мүшелері құрылысы мен қызметі бөлімдерімен таныстыру. Бастауыш мектеп оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып, айту арқылы оқушылардың білім дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылығы: Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, танымдық белсенділігін, өз бетінше білім алу, саралау, қорытынды жасау дағдыларын дамыту

Тәрбиелілігі: Салауатты өмір сүруге, денсаулықты күтуге, спортпен шұғылдануға тәрбиелеу;

Әдістері: сөздік, көрнекілік

Сабақ жабдығы:

Пән аралық байланыс: биология

Әдебиет:

Қосымша: интернет ресурстары. Биология пәнінен терминдер жинақ кітапшасы

Сабақтың барысы

Сабақ

кезеңдері

Кезең мазмұны
№: 1.
Сабақкезеңдері: Ұйымдастыру кезеңі
Кезең мазмұны: Амандасу. Білім алушыларды тексеру, сабаққа дайындығын тексеру, сабақты жүргізу жоспары
№: 2.
Сабақкезеңдері:

Білімдерін

Тексеру

Білімді бағалау өлшемі

Кезең мазмұны:

Іс - әрекет түрлері: жеке жұмыс, топпен жұмыс, диалогтік әңгімелесу, оқулықтағы суреттерді, кестелерді пайдалана отырып жұмыс дәптерлеріне тірек сызбанұсқаларын құру.

Сұрақ -жауап алу.

№: 3.
Сабақкезеңдері: Жаңа тақырыпты жеткізу
Кезең мазмұны:

1 Тапсырма төменде берілген лекция бойынша келесі тапсырмаларды орындау:

  1. «Ас қорыту жүйесі» тақырыбында презентация 10-15 бет
  2. «Ас қорыту жүйесі» суретін салу

Лекция Ауыз қуысы, ондағы мүшелер жұтқыншақ, өңеш, асқазан, жіңішке ішек, ток ішек, бауыр, ұйқы безі, асқорыту мүшелері болып табылады. Бұл мүшелердің атқаратын қызыметі: асты шайнау, қорыту, ұсақтану, сору, сіңіру. Ас қорыту мүшесі бас, мойын, көкірек, құрсақ, жанбас бөліктері жатады. Адамның бас және мойын бөлігінде ауыз қуысы, жұтқыншақ өңештің біраз бөлігі орналасқан, ал қалған бөлігі көкірек бөлігіндегі өңештің негізгі бөлігі, ол құрсақта асқазан, ұлтабар, құрсақ қуысында ас ішек, бауыр, ұйқы безі, ол жамбас қуысында тік ішек орналасады.

Ауыз қуысы - ас қорыту жолының алғашқы бөлігі. Ауыз (грекше stoma) осындай стомотология деген ұғым білдіреді. Ауыз қуысының қабырғалары сүйекті және бұлшық еттерінен құралған. Ауыз қуысының жоғарғы жағын таңдай, төменгі жағын тіл және жақ сүйек бұлшық еттері, екі бүйірінен ұрт бұлшықеттері, алдыңғы жағынан ауыз қуысының саңылауын жабатын ерін, ол арт жағынан жұтқыншақ қуысы немесе тамақ тесігі шектейді.

Ac қорыту жолы. Ұзындығы 25 см, бұлшық еттік түтікше өңеш пен қарынды (асқазан) жалғастырады. Сақиналы бұлшық еттердің толқынды жиырылуынан ас жентегі жылжиды. Ac қорыту жолының жоғарғы қабырғасы көлденең жолақты бұлшық еттен, ал ортаңғы және төменгі жағы тегіс бұлшық еттен тұрады.
Қарынның құрылысы және астың қорытылуы

Қарын - көлемі 2-3 метр болатын қап тәрізді ұлғайған ас қорыту мүшесі. Қарынның (асқазан) пішіні мен мөлшері тұрақты емес, ең бірінші адам конституциясына байланысты болады. Қарынның қабырғасы үш қабаттан (сілемейлі, бұлшықетті және сероздық қабықшадан) тұрады. Ішкі қабатта (сілекейлі) қарын сөлі бөлетін көп мөлшердегі бездер бар. Адам күніне 1, 5-2л қарын сөлін бөледі. Қарында ас 3-10 сағат аралығында қарын сөлінің әсерінен қорытылады. Онда ең алдымен белок қорытылып, ыдырауға түседі. Қарын сөлінде белокты ісіндіріп, оны қорытатын ферментті белсендіретін тұз қышқылы бар. Белокты ыдырататын пепсин ферменті үшін қышқылдан басқа қарындағы қызу 38-39°С-қа тең болуы қажет. Сондықтан тамақтану гигиенасын сақтамаса, астың қорытылуы өзгеріп, қарында қыжылдау сезіледі. Қарында ас қорытудың өзгеруі өне бойы ыстық немесе өте салқын және кұрғақ тағамдарды жиі ішуден болады. Қарын сөлі бөлінуінің реттелуі жүйке жүйесі және гуморальды жолмен іске асады.

Шартсыз рефлекстік қарын сөлін бөлу орталығы мидың сопақша бөлігінде орналасқан. Шартты рефлекторлық қарын сөлінің бөлінуі бас миы сыңарларының (тәбетті сөл) қатысуымен болады. Қарын сөлінің рефлекггорлық бөлінуін И. П. Павлов «алдамшы қоректендіру» тәжірибесі арқылы дәледдеді. Иттің қарны түбін кесіп, одан кішкентай қарынша жасады. Ішкі сілекейлі қабықшасы бүтін қалпында сақталғандықтан, ас үлкен қарында қорытылған кезде кіші қарыншада («Павлов қарыншасы») сөл (астың сапасына байланысты) мөлдір таза қалпында иттің денесінде жабыстырылған тұтікке тамшылап ағады. Яғни ит қоректі жұтқанда қарынға түспесе де, қарын сөлінің бөлінуі байқалды.

Қарын безінің физиологиялық белсенділігі (ұзақтығы, сөл бөлінуі, әрекетшіддігі) қоректің химиялық құрамына (белок, май, көмірсулар), оның консистенциясына, температурасына, қарынның сілемейлі механикалық тітіркенісіне байланысты. Ішек-қарынның ең басты гормондарының бірі - қарын сілемейі өндіретін гастрин. Гастрин клеткалардың тұз қышқылын өндіруіне әрекет жасайды.
Аш ішектің құрылысы және астың қорытылуы. Қоймалжың ас ботқасы қарыннан оқтын-оқтын ас қорыту жолының келесі бөлігі - ішекке өтеді. Қоректік заттар аш ішекте одан әрі едәуір жай заттарға ыдырап, қан мен лимфаға сіңеді.

Аш ішектің астары кедір-бұдырлы бүртіктермен қапталған. Бүртіктердің астында қылтамырлар мен лимфа орналасады. Бүртіктердщ аш ішектегі асты сіщріп (сорып) алатын көлемі 4-5 м2-ден 400-500 м2-ге дейін болады. Аш ішектің ұзындығы 3-3, 5 м. Оның бастапқы бөлімі-ұлтабар ұшы. Ұлтабар ұшының орташа ұзындығы 12 еліге тең. Ұлтабар ұшына бауыр мен ұйқы безінің шығару өзектері ашылады. Ұйқы безі сөлінің ферменттері сілтілі ортада ғана әсер етеді және оның қызметін өт күшейтіп отырады. Ac қорыту сөлі ферменттерінің әсерінен белок, май, көмірсулар ұлтабар ұшында ыдырайды.

Бауыр - денедегі ең ірі без (салмағы 1, 5 кг) . Ол оң жақ қабырға астында орналасқан. Бауырда өт пайда болады. Адамның бауыры бірнеше бөліктерден (500 мыңға жуық) тұрады. Әрбір осындай бөлік өт түзетін бауыр клеткасының гепатоцитінен пайда болған.

Бауырдың қызметі:
- улы заттарды залалсыздандырады (кедергі қызметі) ;
- көмірсу, май және белок зат алмасуына қатысады;
- өтті өндіреді (күніне 1, 5 л) .

Өттің қызметі:
- ұйқы безі және ішек сөлдері ферментін белсендендіреді;
- майларды ұсақ тамшыларға (оның бетін ферменттермен әрекеттесуін күшейту) бөлшектеу;
- май қышқылдарының ерітілуін күшейту;
- аш ішек қабырғасының жиырылуын белсендендіру;
- ішектегі шіру процесін тоқтатады.
Ұйқы безі - ішкі және сыртқы бездердің ең ірісі. Бұл бас, дене және құйрық бөлімдерден тұрады. Басы ұлтабармен жанасады. Без екі типті клеткалардан тұрады: біреуі гормондарды (инсулин, глюкагон), басқалары ішекке ұйқы сөлін бөледі. Оның құрамына маңызды ас қорыту ферменттері, оның ішінде трипсин, липаза, амилаза және т. б. трипсин белоктар мен пептидтерді аминқышқылдарға дейін ыдыратады, липаза майларды глицеринге және май қышқылына


Ұқсас жұмыстар
Биология пәні: Ас қорыту мүшелерінің құрылысы - сабақ жоспары
8-сынып биологиясы: Ас қорыту мүшелерінің құрылысы - сабақ жоспары
Ас қорыту мүшелерінің құрылысы: орта мектеп биологиясы бойынша сабақ жоспары
Ас қорыту мүшелерінің құрылымы мен қызметі және тамақтану гигиенасы
Сабақ жоспары: Асқорыту мүшелерінің құрылысы мен қызметі
Асқорыту мүшелерінің құрылысы мен қызметі: сабақ жоспары
Тынысалу мүшелерінің құрылысы мен қызметі: сабақ жоспары
Ас қорыту жүйесін пысықтауға арналған тренинг сабақ жоспары
Ауыз қуысындағы ас қорыту: тістің құрылысы, қызметі мен күтімі; крахмалға сілекей әсері (зертханалық жұмыс №13)
Ас қорыту мүшелері: құрылымы, қызметі және адам өміріндегі маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz