Сабақ жоспары :: Өзін-өзі тану
Файл қосу
Бақыт құшағында. 7 сынып, Өзін-өзі тану
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Шығыс Қазақстан облысы
Күршім ауданы
Маралды ауылы
Маралды орта мектебі
[pic]
Сабақтың тақырыбы:
«Бақыт құшағында»
Пән: Өзін-өзі тану
Сынып: 7 сынып
Мерзімі: 17.11.2012 жыл
Мұғалім: Масалимова Э.Б.
2012-2013 оқу жылы
Пән: Өзін-өзі тану
Сынып: 7
Мерзімі: 17.11.2012.
Сабақтың тақырыбы: «Бақыт құшағында».
Сабақтың мақсаты: оқушыларға бақыттың құндылық ретіндегі мағынасы туралы
түсінік беру.
Сабақтың міндеттері:
-оқушыларға адам өміріндегі қуанышты сәттер, істеген игі істерден
рахаттану, барды қанағат тұту және жалпы адам бақыты туралы түсіндіру.
-оқушылардың рухани-адамгершілік қағидаларды өз бақыты үшін дұрыс қолдана
білуге, өмірді бағалай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес сабақ
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, шығармашылық жұмыс.
Көрнекіліктер: теледидар, караоке диск, интерактивтік тақта, релаксациялық
әуен.
Жоспары:
1.Шаттық шеңбері.
2. Ойланайық пікірлесейік (әңгімелесу).
3. Оқып үйренейік (мәтінмен жұмыс).
4. Жаңа ақпарат.
5. Шағармашылық жұмыс. Үй тапсырмасымен жұмыс.
6. Шығармашылық жұмыс.
7. Дәйексөз.
8. Шығырмашылық жұмыс. Үйге тапсырма.
9.”Ата-ана бақыты” бейне-сюжет.
10. Назар аударыңдар!.
11. “Менің түйгенім” пікір жазу.Рефлесия.
12. Жүректен жүрекке.
Сабақтың барысы:
[pic]Шаттық шеңбері. Оқушылар шеңберге тұрып, Т.Молдағалиевтің сөзіне
жазылған Ш.Қалдаяқовтың «Бақыт құшағында» әнін караокеда орындайды.
[pic]Ойланайық, пікірлесейік!
Әңгімелесу жүргізу:
1.Бақытты болу дегенімізді қалай түсінесіңдер?
2. Өмірдегі ең қуынышты сәттің мәні неде?
3. Бақытқа жетуі үшін адам не істеуі керек?
Сонымен, бақыт дегеніміз- алға қойған мақсатың мен көксеген арманыңның
орындалуы.
[pic]Оқып үйренейік.Оқулықтан “Бақыттың көйлегі” ертегісін оқу.
“Бақыттың көйлегі” мәтіні бойынша сұрақтарға жауап беріңдер:
1. Патшаның мазасын алған қандай ой еді?
2.Неліктен уәзірлер бақытты адамды таба алмады деп ойлайсыңдар?
3. Қойшының бақыты неде екен?
4. Бақытты болу дегенді қалай түсінесіңдер?
Жаңа ақпарат айдарымен берілген жаңа мағлұматтарды оқып, талдау.
Бақыт әркімнің өзіне, өмір сүрген ортасына, жағдайға байланысты.
“Бақыттымын” деп таңданып, аяғын еріне басып жүрген көп кісілердің бақытсыз
екенін өздері сезбеген. Тарихта дәулетке, атаққа таңданып, мәз болып,
өмірін ақымақтықпен өткізгендер аз емес. Бақыт дегеніміз-өмірді өз орнында,
өз қалпында шамасы келгенше үлгілі сүру, адал болу, майдалықтан,
іштарлықтан қашық болу. Мұршасы, әлі жеткенінше өз заманын түcіне білу,өз
қоғамымен бірге алған мақсатқа қопарыла шын көңілмен адал қызмет істей
білу. Өмірде кедір-бұдыр толып жатыр. Олар әр адым сайын ұшырасады. Олардан
именбеу, жасқанбау, азаматтық міндетін қоғам алдында адал ақтай білумен
кететін бақыт. Өз қамын ойлағандар толып жатыр. Олардың онысы жай
әурешілік.
Біреу бақытты оттан, біреу судан табады. Күйем-ау, тереңге батып
кетемау деп қорықпастан барады. Ар-намысты қорғау-бақыттың шыңы.
Қиыншылықтармен санаспастан, азаматтық міндетті орындап, шығу-ол да
бақыттың шыңы.
Жеңсең-БАҚЫТ!
Б.Момышұлы.
[pic]Шығармашық жұмыс. Үй тапсырмасымен жұмыс.
1-тапсырма.(Мағынаны тауып жазыңдар)
1. Бақыт қонды-...
2. Бақыт құшағында-...
3. Бақыт таңы атты-...
4. Бақытқа бөленді-...
5. Бақыты жанды-...
[pic]Шығырмашылық жұмыс.
2-тапсырма:
М.Мақатаевтың “Бақыт деген...”өлеңін оқып, өздерің бақыт жайлы өлең шығарып
көріңдер. (өлең слайдта даярланған, инретактивтік тақтадан өлеңді оқи
аласыңдар немесе оқулықтан да оқуға болады).
[pic]Шығармашылық жұмыс. Үйге тапсырма.
Оқулықта ұсынылған Ж.Нәжімеденовтың “Жаманыңды көрмесем” өлеңін және
қазіргі ұсынылатын бейне-сюжетке орай “Ата-ана бақыты” тақырыбында ой-
толғау жазыңдар. (Бейне-сюжет интерактивтік тақтада ұсынылады)
Назар аударыңдар! Қорытындылау.
Тұманбай Молдағалиевтің мына өлең жолдарына назар аударып, сабағымызды
қорытындылайық.
Жасасаң өз еркіңде кімге құрмет,
Мейірім кең пейілді болу міндет.
Таңертең ояна сап Күнге қара,
Амандас, аманыңа шүкірлік ет.
Сонымен, біз әрқашан әрбір атқан таңымызға, осынау өмірде өмір
сүргенімізге, өмірде бар екендігімізге шүкірлік етейік.Осының өзі Бақыт
екендігіне тәубе етейік!
Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңді дәптерлеріңнің пікір жазу парағына
толтырыңдар.
Менің сабақтан түйгерім:
Сабақ маған ұнады, себебі:..............
Сабақ маған ұнамады, себебі:.................
Сабақтан үйренгенім.........
[pic]Жүректен жүрекке.
Шеңберге тұрып, бір-бірінің қолдарынан ұстап, жылы лебіз, тілектерін
айтумен сабағымызды аяқтаймыз.
Менің сабақтан түйгерім:
Сабақ маған ұнады, себебі:..............
Сабақ маған ұнамады, себебі:.................
Сабақтан үйренгенім.........
Менің сабақтан түйгерім:
Сабақ маған ұнады, себебі:..............
Сабақ маған ұнамады, себебі:.................
Сабақтан үйренгенім.........
Менің сабақтан түйгерім:
Сабақ маған ұнады, себебі:..............
Сабақ маған ұнамады, себебі:.................
Сабақтан үйренгенім.........
Менің сабақтан түйгерім:
Сабақ маған ұнады, себебі:..............
Сабақ маған ұнамады, себебі:.................
Сабақтан үйренгенім.........
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz