Балабақшада экология негіздері: Құстарды аялайық тәрбие сағаты

Құстарды аялайық

  • Балабақшадағы тәрбие сағаттар
  • sirina0787
  • 14. 02. 2018
  • 0
  • 0
  • 3379

Лебяжі ауданының Малыбай ауылдық округі әкімі аппаратының Малыбай ауылының "Гүлдәурен" балабақшасы МҚКК

Тәрбиеші Рымгожина Айнур Асылгазыкызы

Ортаңғы топ

Экология негіздері

Сабақтың тақырыбы : «Құстарды аялайық»

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: 1. Балаларды қоршаған ортамен таныстыру

Дамытушылығы: 2. Үй құстары мен дала құстарына балаларға мәлімет беру.

Тәрбиелігі: 3. Құстарға қамқоршылық жасауға дағдылау

Көрнекіліктер: Үйлестірмелі м атериалдар, Құстар туралы кітаптар. Фото карточкалар, үлгі сурет, құстың үйшігі

Сабақ түрі: аралас

Әдісі: сұрақ-жауап

Қажетті құралдар:

Түрлі-түсті қағаздар, желім, ақ қағаз, сүлгі, қайшы, үлгі сурет.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезені :

а) Сәлемдесу;

ә) Сабаққа дайындықты тексеру

-Балалар қазір қандай мезгіл?

-Көктем мезгілінің қандай ерекшеліктері бар?

- Балалар жылы жақтан бізге нелер ұшып келді?

- Құстардың қандай түрлерін біз білеміз?

-Балалар сендер білесіндер құстар 2 топқа бөлінеді, олар-үй құстары және жабайы құстар.

Жабайы құстардың тіршілігі жайында кішігірім бейнесюжет қарайықшы.

-Балалар сендер ештеңе байқаған жоқсындар ма?

-Ал мен бір нәрсе байқап отырмын, жан-жағымызға қарап не екенін айтындаршы.

- балалар қарайықшы жерде жатқан не?

- ненің іздері екен білесіндер ме(құстар) ?

- Енді балалар көрейікші іздердің астарында не бар екен(балаларға арналған тапсырма) ?

-Балалар бізге құстар тапсырма қалдырып кетіпті соны оқыймыз: «Балалар сендер біз туралы не білетіндерінді тексеру үшін мына тапсырманы орындандаршы:

1-тапсырма : Біз туралы не білетіндерінді апайға айтып беріндер.

2-тапсырма: Қазір көктем мезгілі ғой біздің үйшіктер сынып қалыпты, енді біз үйсіз қалып қойдық, бізге үйшік істеп беріндерші.

I I. Негізгі бөлімі:

Балалар 2 топқа бөлінеді:

1-топ балалары : Балалармен құстар жайлы әңгімелесу:

Балаларға Аққу туралы өлеңін оқу, дүрбі әдісін қолданып, өлең жолдарын жаттау:

Күн құшқан айдын көлде жалғыз аққу

Қаңқылдап қанатымен сабслап су

Таранып қаранады жан-жағына

Сұлуды тасалама, көк торғын бу.

-Бұл өлең кім жайында екен?

­-Аққу құсы қандай болады?

­-Түсі қандай?

-Ол қайда жүзеді?

-Өлең жолдарын қандай тәсілмен жаттап алдық?

Балаларға құстың денесі бейнеленіп тұрған суретті көрсету.

-Құстың денесі қандай пішін?

-Басы қандай пішіннен жасалған?

-Құстардың қандай түстері болады?

Жұмбақ шешейік:

Үйде отырады, жатпайды,
Көзін терімен қаптайды.
Жазда бекер тұрса да,
Бергенді қыста ақтайды. \ Бүркіт

Бір мақұлық түспейді екен мұнарадан,
Бір күнде тағам татар әр қарадан.
Басында қара жылтыр кепесі бар,
Белінде белбеуі бар күлпарадан. \ Сауысқан

2-топ:

Балалар түрлі түсті қағаздан құстарға үйшік жасайды. Ең алдымен жұмысты бастамай жатып, қайшы, желім, сүлгі, түрлі-түсті қағазбен жұмыс жасау техникасын еске түсіру.

-Біз кімге үйшік жасаймыз?

-Алдарында жатқан қағаз түрлерін атап беріндерші?

-Біз үйшікті не үшін жасаймыз?

Сергіту сәті:

Ұзын құлақ сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды,
Ойлы-қырлы жерлермен,
Ытқып-ытқып секірді.

1. Балалардың өз бетімен жұмыстары: Балалар құстарға ұя жасағанда ұқыптылықтарын қадағалау. Желімді сыртқа шығармай жасауын тексеру. Түрлі түсті қағаздың көмегімен балалардың қызығушылығы артады.

IV. Қорытынды:

Балалардың жұмыстарын талдау. Ең жақсы салынған жұмыстарын таңдап, бәріне көрсетіп баға беру. Сұрақ-жауап арқылы балалардың сабақты менгергенін білу. Сабаққа жақсы қатысқан үшін балаларға сыйлықтар тарату.


Ұқсас жұмыстар
3-сыныпқа арналған ашық тәрбие сағаты: Табиғатты аялайық - экологиялық тәрбие
Бастауыш сыныпқа арналған тәрбие сағаты жоспары: Аналарды аялайық
9-сыныпқа арналған тәрбие сағаты: Экология - өмірдің жүрегі
Аялайық ананы: 8 Наурызға арналған тәрбие сағаты - анаға құрмет пен мейірімділікті тәрбиелеу
Балабақшада жыл мезгілдерін оқытуға арналған экология сабақ жоспары
10-сыныпқа арналған Экология негіздері таңдаулы курс бағдарламасы
Технологиялық карта: Әр түрлі жапырақтар (Экология негіздері)
Балабақшада сәлемдесу мәдениеті бойынша ашық тәрбие сағаты: Сәлем сөздің анасы
Балабақшаға арналған экология негіздері: Ауа туралы технологиялық карта
Бастауыш сыныптарға арналған тәрбие сағаты: Табиғатты қорғау және құрметтеу негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz