Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Алма ағашы

Пән:Өзін-өзі тану Сынып 6 Сабақ:22 Мерзімі:
Мұғалім:Маликова Т.М.
Оқушылар саны:
Тақырып: <<Мен және қоршаған орта>>
Құндылық: Қиянат жасамау
Қасиеттер: қамқорлық,жауапкершілік,табиғатта аялау
Мақсаты:. Оқушыларға<<қоршаған орта>>, <<үндестік>> ұғымдарын түсіндіру арқылы қиянат жасамауқұндылығының мәнін ашу
Міндеттері
1. 1. Оқушыларға өзімен,өзгемен,қоршаған әлеммен және табиғатпен үйлесімділік туралы ұғындыру;
2. Қоршаған ортаға қамқорлық,жауапкершілік қасиеттерін дамыту.
3. Табиғатты аялауға,қамқор болуға баулу.
Ресурстар: (құралдар, мәліметтер)
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, түгендеу.
Тыныштық сәті. Орманға ойша серуен.
(Ескерту: егер бұл сабақ ашық алаңда өткізілсе, онда серуенді сыныпта емес, бақтағы бір орыннан бастау керек).
Мұғалім: Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайыннеғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады).
Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз!

Ескерту
Әдістемелік нұсқаулық

Үй тапсырмасын тексеру.
Серік Үсенұлы <<Есею>> оқып әңгімелеу
Айдардың қырға баруының мәні неде?
Ейсен Айдарға қандай кеңестер берді?
Айдар көкесімен еріп кетерде қозысын қимауының себебін қалай түсінесіңдер?
Қоршаған ортаға қызмет ету адам бойында қандай қасиеттердің артуына ықпал етеді? Қалайша?
Баланың ақбас қозыға деген қамқорлығынан жалпыадамзаттық қандай құндылықтар көрінеді?
Өзің қоршаған әлем дегенді қалай түсінесің және оны қалай қабылдайсың?
Өзің отбасыңнан алыстар шығып көрдің бе? Әңгімелеп бер.
6 сыныптың <<Өзін-өзі тану>> оқулығы
Дәйексөз
Адамзаттың табиғатсыз - күні жоқ,
Табиғаттың оны айтарға - тілі жоқ.
Қадыр Мырза Әли
Мағынасын қалай түсінесіңдер?

Оқиғаларды әңгімелеу. Мұғалім сыйы.
Алма ағашы
Ерте-ерте-ертеде әдемі үлкен алма ағашы болыпты. Бір кішкентай бала сол алма ағаштың көлеңкесінде үнемі келіп ойнағанды жақсы көретін. Ағаштың ең басына шығып, нәрлі жемісін жеп, көлеңкесінде ұйықтайтын еді. Ағашты жақсы көретіні анық еді. Ағаш та баланы жақсы көретін. Уақыт өте, бала ержетіп ағаштың көлеңкесінде ойнамайтын болды. Бір күні келеді, бірақ көңіл күйі жоқ болады.
<<Менімен ойнашы!>>, - деп сұрайды ағаш.
<<Ағаштың көлеңкесінде ойнайтын кішкентай бала емеспін енді>>, - деп жауап береді жігіт.
- <<Қазір мені басқа заттар қызықтырады, бірақ оларды сатып алуым үшін ақшам жоқ>>.
<<Қап, менде де ақшажоқ... Бірақ сен барлықалмаларымдыжинапалып,олардысатсаң, ақшажасайаласың>>.
Жігіт қуанып, ағаштың барлық жемісін жинап алады да, қуанып сол жерді тәрік етеді. Қайтып ол жерге оралмады. Ағаш көңілсіз болады. Бір кезде ол қайтып келеді - кешегі жігіт енді ер болды! Ағаш оны көріп қатты қуанады.
<<Менімен ойнашы!>>, - деп, сұранады ағаш...
<<Ойынға еш уақытым жоқ. Жұмыс істеуім керек, бала-шағамды асырауым керек. Үй керек, жай керек. Көмектесе аласың ба?>>
<<Кешір... Менің үйім жоқ. Бірақ бұтақтарымды кесіп, солардан үй жасауыңа болады...>>
Адам қуана келіседі де, ағаштың бұтақтарын кесіп алады. Адамның қуанғанын көріп, ағаш та қуанады. Содан адам ұзақ уақыт көрінбей кетеді.
Көп жылдардан соң адам қайтадан ағаштың алдына келеді.
<<Балам, кешір. Саған беретін ешнәрсем қалмады. Алма да жоқ...>>
<<Керегі де жоқ. Алма жейтін тісім да қалмады..>>
<<Үстімешығарыпойнатайындесем, бұтақтарым да жоқ...>>
<<Ойынүшінтымкәрімін...>>, дейдіадам.
<<Саған ешбір нәрсемен пайдалы бола алмайтыным мені қатты мұңайтады .Барым -
кәрі, өліп бара жатқан тамырларым ғана>>, деді ағаш көзге жас алып. <<Маған көп нәрсенің керегі жоқ. Демалатын бір орын болса болғаны. Өткен жылдар шаршатыпты...>>
<<Кәрі ағаштың тамырлары - демалу үшін жақсы жер, жантайып демала ғой...>> - дейді ағаш қуанып. Кәрі адам ағаштың түбіне отырып, жанына тыныштық тапқандай болады. Ағаш болса адамның бақытын көріп қуанады...
Ағаш - біздің бақытымыз үшін барын беруге даяр ата-анамыз...

* Табиғат анамыздың адам баласына беріп жатқан сансыз байлықтарын атап беріңіздер.
* Баланың өтінішін алма ағашы қалай орындап жүрді?
* Адам өсе келе өмірге деген көзқарасы, қызығушылығы қалай өзгереді екен?
1. Біреудің өзіңізге жасаған жақсылығын ұмытып кетуге бола ма?

Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс.
1-тапсырма: Жағдаяттардың шешімін табыңдар.
А) Айдын қаладан келген жақын туысы Айқынға ауылдың көркем табиғатын көрсетпек болып өзен жағасына ертіп барды. Айдынның анасы Айгүл: <<Ұзап кетпеңдер>>, - деп ескерткен болатын. Бірақ Айдын анасының ескертпесін тарс есінен шығарып алды. Айқын мен Айдынның кешіккенінен алаңдап, Айгүл өзі оларды өзен жағасына іздеп барды. Сонда ғана анасының ескертпесі есіне түскен Айдын анасына әлденені түсіндіре бастады. Айдын анасына не туралы айтты? ..............
Ә) Сыныптастарыңмен табиғат аясына шығып, таза ауамен тыныстадыңдар. Асыр салып ойнадыңдар. Көркем табиғаттың ғажап сұлулығына таңқалып тамсандыңдар. Кенет бір сыныптасың жайқалып өсіп тұрған көк шөпті жұла бастады. Сенің әрекетің ..............

2-тапсырма: Төмендегі өлең жолын оқып, табиғат пен қоршаған әлем туралы өзара пікір алмасу жүргізу.
Табиғат әсемдік төркінісің,
Ән саламын бір сенің көркің үшін.
Жан-жануар табынып бір өзіңе,
Сенен алып тұрғандай бар тынысын. Ж.Жабаев.
Сенің өміріңде табиғаттың алатын орны қандай? .....
3-тапсырма. Өзің жақсы көретін табиғат бұрышының суретін сал. Бұл жер туралы төмендегі сұрақтарды басшылыққа алып шағын әңгіме құрастыр: Бұл жерде қандай ағаштар, гүлдер өседі? Жылдың әр мезгілінде бұл жердің көрінісі қандай болады?Сен ол жерде жиі боласың ба? Ол жерде не істейсің? Табиғат аясында нені армандайсың немесе не туралы ойлайсың? Егер сен қаланың бас көгалдандырушысы болсаң, бұл жерді одан әрі көркейту үшін не істер едің?

4-тапсырма. Табиғат құбылыстарын жете түсіну үшін <<Қоршаған әлем және адамзат баласы>> тақырыбында сыныптастар арасында сауалнама жүргіз. Сауалнама нәтижесі бойынша табиғат пен барлық тіршілік иесінің тығыз қарым-қатынасы мен өзара үйлесімі туралы қорытынды жасап жаз.
5-тапсырма. Төмендегі суретті мұқият қарап, жағдаят жаз.
Ватман, түрлі түсті қалам Интернет желісі
Топпен ән айту
Алтынбек Қоразбаев Үшқоңыр

Үй тапсырмасы
Елбасы туралы Мырзатай Жолдасбековтың <<Кемеңгер немесе Елбасы туралы тебіреніс>>мақаласын оқып әңгімелеу

Сабақтың соңғы тыныштық сәті.
Балалар тыныштық күйінде бүгінгі сабақтан алған әсерлерін жүректеріне түйіп алады.

Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту
Мөлдір бұлақ - жасыл құрақ
Ана-отбасы жүрегі, мейрімділік тірегі
Тренинг тақырыбы
Математикадағы жеті түсті гүл
Білімді тиянақтау. 2-сынып
Паскаль программалау тілінде геометриялық фигураларды салу
Саябаққа саяхат
Қасқырдың бірінші тапсырмасы
Дыбыс
Пәндер