Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

САБАҚТЫ ЖАБДЫҚТАУ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ТАЛДЫҚОРҒАН СЕРВИС ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ КОЛЛЕДЖІ

САБАҚ ЖОСПАРЫ №3-4
Күні
Топ

Пән: Келушілерге қызмет көрсетуді ұйымдастыру
Сабақ тақырыбы: Даяшы жұмысын ұйымдастыру тәсілдері
Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақтың мақсаты
Білімділік: Студенттерге басқару құрылымы жайлы баяндап, даяшы жұмысын ұйымдастыру тәсілдерін оқып-үйрету.

Дамытушылық: Білім, білік дағдыларын, ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Студенттерді ұқыптылыққа, тазалыққа, пән сүйгіштікке тәрбиелеу.

САБАҚТЫ ЖАБДЫҚТАУ

Көрнекті құралдар: компьютер, интерактивті тақта, слайд, логикалық сұрақтар
Қолданылатын әдебиеттер: 1.Богушева В.И. Обслуживание посетителей в ресторане.-М.,2002. 2.Ермакова В.И. Обслуживание посетителей в ресторане.-М.,2007
3.Барановский В.И. Организация обслуживания на предприятиях общественного питания.-М.,2004. 4.Усов В.В. Обслуживание посетителей в ресторане2002.

Сабақты жүргізу кезеңдері
(негізгі және қажетті әдістемелік түсіндірмелер мен ұсыныстар)
I. Ұйымдастыру кезеңі (3-5 мин)
Студенттермен амандасу, түгендеу, дәрісхана тазалығына назар аудару.
Сабақтың мақсатын хабарлап, студенттердің назарын сабаққа аудару, жаңа білімге деген қызығушылығын арттыру.
II. Өткен материалды қайталау (10-15 мин)
(білімді тексерудің әдістері мен түрлері)

Кафелерде жүргізілетін қызмет көрсету әдістері
Кестені толтыр

Кафе түрлері

Қызмет көрсету әдістері
Аспаздық

Өз-өзіне қызмет көрсету, қызметкерлермен қызмет көрсету
Сүтті
Өз-өзіне қызмет көрсету
Балмұздақты

Өз-өзіне қызмет көрсету және қызметкерлермен қызмет көрсету
Жастар

Өз-өзіне қызмет көрсету, қызметкерлермен қызмет көрсету
Балалар
Қызметкерлермен қызмет көрсету

III. Жаңа материалды баяндау (45-50 мин)
(сабақты жүргізудің түрі)
Кәсіпорынның басқару құрылымының негізі - құрылымының графикалық бейнесінің немесе көрсетілімінің детализациясының дәрежесі. Олар бөлінеді: басқару жүйесінің макроқұрылымы звенолары болып басқару органдары табылады (басқару субъектілері, заңды тұлға болып табылады); мезоқұрылымы, бұны құрылымдық бөлімшелер құрайды; микроқұрылым, звеноларыболып жұмыскерлер табылады (жұмыс орындары) және басқару құралдары. Мысалы, макроқұрылым масштабындағы басқару жүйесінің звенолары қонақ үй, мейрамханалар, ойын-сауықханалар орталығының - ҚР Сауда министрлігі, мезоқұрылым масштабында - сызықтық функционалдық құрылымдық бөлімшелері (директор және оның орынбасары, бөлімдер: өндірістік, жоспарлы-экономикалық, кадрлік және т.б.).
Құрылымдық бөлімшелер - мезо және микроқұрылым масштабында басқару жүйесінің звеносы, мысалы, функционалдық бөлімдер болып табылады. Звено - бұл басқару жүйесінің иерархия құрайтын элементі, подсисбема. Басқару жүйесінің құрылымының масштабына сәйкес оның звенолары: басқару органдары, құрылымдық бөлімшелер, жұмыскерлер немесе басқару жүйесінің техникалық құралдары бола алады.
Басқаратын жүйе бөлімінің звенолары басқару субъектілері болып табылады, ал басқарылатын ол басқару объектісі болып табылады.
Басқару звеносы ретінде жүйенің элементі болуға қажетті және жеткілікті шарт болып оның басқару функцияларының біреуін орындағаны болып табылады.
Звенолар арасындағы байланыс 2 түрлі болуы мүмкін: тігінен (басшылар және бағынушылар) және көлденеңінен (теңқұқылық элементтер кооперациясы). Тігінен байланыс бөлінеді:
-- сызықтық (басқарушылардың барлық сұраныстары бойынша міндетті бағыну);
-- функционалдық (кейбір мәселелер ғана бойынша бағыну).
Көлденең байланысты сипаттама беру үшін жұмыскердің жалпы санының көрсеткіші қолданылады, олармен басқару процессі кезінде байланыс орнатылады.
Кешенді құрылған жүйеде минимум ретінде басқарудың 2 деңгейі бар, ал жалпы саны басқарудың төменгі деңгейінің басқару объектісінің байланысының қиындығымен айқындалады.
Басқарудың ұйымдастырушылық құрылымына қойылатын талаптарды қарастырайық.
1. Басқарудың негізгі элементін, мақсатты, әдістерді, принциптерді, функцияларды және шешімдерді қабылдағанда кезеңдерін айқындап білу мүмкіндіктің болуы.
2. Құбылмалы басқару -- әлеуметтік-экономикалық және ұйымдастырушылық-техникалық шарттардың өзгеруін тез қабылдай білу.
3. Иерархиялық баспалдақтың минимум болуы.
4. Мәселелердің тез шешілуі, яғни минималды уақытта орындалуы.
5. Ұйымдастырушылық құрылым бөлімшелер бойынша функцияларды тиімді бөлумен қамтамасыз ету керек. Яғни, басқару звеноларына және функцияларды жетілдірудің қажеттілігін және мүмкіндігін қарастыру керек.
6. Басқару аппаратының әр бөлімшелеріне жүктемені бір қалыпты бірдей беру керек, әр звено бір-бірімен ортақ мақсат және мәселелерді шешу арқылы байланыста болу керек.
Басқару органдарының құрылымдық бөлімшелерін келесідей топтарға топтастыруға болады:
жетекшілік - бұл басқару органдарының барлық құрылым бөлімшелерінен басқаратын жұмысшылар болып табылады (басшы, оның орынбасары, коллегия);
салалық құрылымдық бөлімшелер - басқару объектісінің әр түрлі бөлімдерін басқарады;
функционалдық құрылымдық бөлімшелер - басқарудыңқандай да бір функциясын асырады;
қосымша құралдың бөлімдерін - басқару органдарының жұмысын қамтамасыз етеді.
Басқару функциялары - басқару қызметінің қатысты бағыттары болып табылады және басқарушылық ықпалды іске асыруға мүмкіндік береді.
Даяшы - мейрамханалар мен дәмханаларда келушілерді қызмет көрсететін қызметкердің бірі. Бірақ ол мейрамхана қызметкері өз талаптарын ескере отырып келушілердің жайлылық пен орнын қамтамасыз етеді. Әдетте даяшы міндеттері, мыналарды қамтиды: келушілердің тапсырысын орындау ; қызметтер үшін есептеуді қабылдау; келушілер кеткеннен кейін үстелдерді тазалау; жаңа клиенттердің келу үшін сервис орнату. Даяшы, ыдыс-аяқтарға жауапты адам. Даяшы қажет физикалық төзімділігі, жақсы үйлестіру, көрнекі еске дамыту, назар аудару қабілеті мен арифметикалық қабілетін білу қажет. Даяшылар өз жұмысынын маманы болу керек. Яғни ас мәзірін жаксы білу, әр алкогольді және алкогольсіз сусындар мен винолардын асортиментің білу қажет.
IV. Жаңа материалды бекіту (15-20 мин)
(есептеу, шығару және білімді бағалау, т.б.)
Синквейн әдісі (5 жол өлең)
<<Синквейн>> тәсілі
<<Синквейн>> тәсілі. Мұны бес жолдан тұратын өлең деп те атайды. Синквейн жазу ережесі:
1) Бірінші қатарға бір сөзбен тақырып жазылады (зат есім түрінде).
2) Екінші қатарға тақырыпты екі сөзбен келтіруі (екі сын есім түрінде).
3) Үшінші қатарға үш сөзбен осы тақырып бойынша іс -- әрекет жазылады (етістік, көсемше).
4) Төртінші қатарға төрт сөзден тұратын осы тақырыпқа қатысты сөйлем немесе сөз тіркесі.
5) Соңғы қатарға тақырып мәнін сипаттайтын бір сөзден тұратын синоним (метафора) жазылады.

V. Үй тапсырмасы (5 мин)
Конспект
VІ. Сабақты қорытындылау (5 мин)
(Баға қою, оларға комментарий беру, сабақтың жағымды, жағымсыз жақтарын анықтау)

Пән мұғалімі: Адилбек А.А.

Ұқсас жұмыстар
Сабақ жоспары. Сабақ типі
Бір қабатты тас үйлер
Сұрақтар мен тапсырмалар. Студенттердің тапсырма жауаптары бойынша баға қою
Редуктор - буландырғыштың мақсаты
Жанармай шығынын анықтау
Графикалық редактор paint: үзінділерге амалдар қолдану
Тема занятия Ұжымдық қорғану құралдары
Өлшеу құралдарының түрлері
Адамға пайдалы заттар. 7 сынып
Paint графикалық редакторында жұмыс істеу мүмкіндіктері
Пәндер