Альцгеймер ауруы

Сабақ жоспары

Пәні Геронтологиялық мейіргерлік күтім

Топ
М-19у-1
Топ: Күні
М-19у-1: 28. 01. 2021

І. Сабақтың тақырыбы: Қартаю және нейропсихиатриялық бұзылулар. Науқастар мен отбасы мәселелері. Мейірбикенің және мейірбике қызметінің міндеттері.

ІІ. Сабақтың мақсаттары:

Білімділік - студенттерге, қартаю және нейропсихиатриялық бұзылулар, науқастар мен отбасы мәселелері, мейірбикенің және мейірбике қызметінің міндеттері жайлы түсінік беру.

Дамытушылық: әрбір шәкірттің жеке тұлға ретінде белсенділік қабілетін дамыту, танымдық ойлау, қиялдау қабілеттерін арттыру, өздігінен ізденуге талпындыру .

Тәрбиелік - студенттерді адамгершілікке, өз ісіне жауапкершілікке тәрбиелеу

Сабақтың көрнекі құралдары: . сүреттер

Оқыту тәсілі: Түсіндіру, оқып-үйрету, ақпаратпен жұмыс істеу, сұрақ-жауап, пікірталас

Пән аралық байланыс: медицина

ІІІ. Сабақтың барысы мен мазмұны:

1. Ұйымдастыру кезеңі: (сәлемдесу, түгелдеу, студенттердің зейінін сабаққа аудару)

2. Үй тапсырмасын тексеру:

  • 3. Жаңа сабақты түсіндіру:

Қарттардың психикасының өзгеруі. Альцгеймер ауруы. Психикалық статусты зерттеудің экспресс-әдісі, бағалау. Стрессті азайту. Ұйқысыздықпен күресу. Инсульт. Күтімі

Альцгеймер ауруы

Жасы ұлғая келе кейбір адамдар ұмытшақ бола бастайды. Қартая келе тіпті бала сияқты болып кететіндер де кездеседі. Қариялардағы бұл құбылысты біз «алжыды» деп жатамыз. Ал медицинада ол Альцгеймер ауруы деп аталады.

Адамдардың неге алжитыны туралы ең алғашқы анықтаманы 1906 жылы дәрігер Альцгеймер жариялаған екен. Дәрігердің құрметіне оның ғылыми жаңалығы өз атымен аталыпты. Ал алжудың басты себебі деп мидың шаршауы мен есте сақтау қабілетінің төмендеуі көрсетіледі. Туылғаннан бастап әр күн, сағат, тіпті секунд сайын адам миына түрлі ақпарат жинала бастайды.

Бұл ақпараттар басымызда сақталып қала береді. Осылайша бастағы «сандықша» біртіндеп тола бастайды да, елу жыл шамасында адам есінде артық ақпарат сақтау қиынға түседі. Осы кезде адамда ұмытшақтық пайда болады екен. Өйткені «сандықшаға» сыймай қалған ақпараттар адам жадынан өше бастайды. Шаршаған ми да бұрынғыдай жұмыс істемейтіндіктен қариялар ұмытып қалған ақпаратын қайта есіне түсіре алмай әлек болып жатады. (Ағза да бұл кезде қартая бастайды) . Алжудың қартаюмен тығыз байланысты болатыны сондықтан.

Альцгеймер ауруының тағы бір қызық жағы - білімге, көп білуге құштар адамдардың тез алжып, ал ештеңеге қызықпайтын, жалқау жандардың 80-90 жасқа дейін алжымауында. Өйткені «сандықшасы» толмағандардың милары онша шаршай бермейді. Көп жағдайда адамдар Альгеймер ауруы мен ұмытшақтықты шатастырып алады. Егер осы екеуінің аражігін дұрыс ажырата алса және уақтылы емделсе, алжудың да, ұмытшақтықтың да алдын-алуға болады екен. Ал оны қалай ажыратады?

Ең алдымен адамның іс-әрекетін бақылау керек. Ұмытшақ адам затты қайда қойғанын білмей, кешегі оқиғаны есіне түсіре алмай қиналады, адамдардың атын шатастырады. Альцгеймер ауруында адам өзімен-өзі сөйлесуі, елес көруі, бірнеше жыл бұрынғы өмірмен өмір сүруі мүмкін.

Күнделікті қызмет барысында адамның психикалық қызметі туралы түсінік алу үшін науқасқа келесідей сұрақтар беруге болады:

• Ұйқыңыз қалай?

• Тәбетіңіз жақсы ма?

• Әдетте күні бойы немен айналысасыз?

• Тез шаршайсыз ба?

• Бір нәрсеге зейін қоюыңыз қиын ба?

• Сіз өзіңізге ұмытшақ болып қалғандай көрінбейсіз бе?

Шұғыл еске түсіру

• Есте сақтау қабілетіңізді тексеріп көрейік (мен қазір айтатын үш сөзді есте сақтап, қайталаңыз, мысалы, көйлек, Мәскеу, жасыл) .

Зейін және есеп

• дауыстап 1-ден 20-ға дейін санаңыз;

• бұдан кейін кері ретпен санаңыз;

• «құм» сөзін жеке дыбыстары бойынша оқыңыз;

• осы сөзді әріптері бойынша кері бағытта оқыңыз.

Кештетіп еске түсіру

• Бірнеше минут бұрын мен есте сақтап қалыңыздар деген үш сөзді қайталаңыздар. Егер науқас жауап беруге қиналса, жетелейтін сұрақтар қойыңыз, мысалы: «Қандай қала?», «Киімнің қандай бөлігі?», «Қандай түс?»

Сөйлеу

• заттардың атауын ұмытқан кездеріңіз болған ба?;

• өтініш, осы заттарды (қалам, сағаттың бауы, тіс щеткасы т. б. ) атаңыз;

• осы қағазда жазылған сөйлемді оқып, орындаңыз. Парақта "Көзіңізді жұмыңыз" деп жазылған;

• құрамында бастауыш пен баяндауышы бар мағыналы кез келген сөйлем жазыңыз;

• конвертті сол қолыңызға алыңыз, ортасынан бүктеңіз. Оны еденге қойыңыз.

Оқу

• мына әріптерді оқыңыз;

• мына (үйреншікті) сөздерді оқыңыз;

• мына (сирек кездесетін) сөздерді оқыңыз;

• мына сөздерді оқыңыз және қатесін табыңыз.

Бағдар беру

• өтініш, конвертке мекен жайыңызды: ел, қала, көше, үй нөмірін жазыңыз;

• өтініш, қағаз бетіне бүгінгі күнді, ай, жыл, апта күнін, жыл мезгілін жазыңыз.

Интеллектуалдық үдерістер

• қарапайым әңгіменің мазмұнын айтып беріңіз;

• қарапайым арифметикалық тапсырманы шешіңіз;

• өтініш, сөз орамын аяқтаңыз;

• мағыналары қарама-қарсы сөздерді табыңыз (үлкен - …, қымбат - … және т. б. ) ;

• мақалдың мағынасын түсіндіріңіз;

• ұқсастарын таңдаңыз (раушан - гүл, ит - түбіт, ұстара - …, әмиян - … т. б. )

Стрессті жою әдістері

Стрессті жою әдістері толық физикалық және психикалық қалпына келтіруге ықпал етеді. Олар заманауи адамды босаңсып, дене қысымынан арылуға үйретеді, соның нәтижесінде адам анағұрлым еркін, толыққанды және ашық тұлғаға айналады. Эмоционалдық тұрғыдан тыныштану, мазасыз ойлардан, қажетсіз бақылаудан арылып, ми жарты шарының қызметін реттеу үшін үш жаттығу жеткілікті.

  1. Миллиметр сайын миллиметр

Тік тұрыңыз, аяқты иық деңгейіне қойыңыз, денеңізді босаңсытып, көзіңізді жұмыңыз. Енді өте баяу, мүмкін болғанша оң қолыңызды көтеріңіз. Миллиметр сайын баяу көтеріңіз. Кейін сол қолыңызбен де осындай әрекет жасаңыз. Соңында дәл осылай екі қолыңызды да көтеріңіз. Нәтижесінде сіз қолдарыңыз салбырап тұрғандай сезінуіңіз керек.

  1. Тынысты реттеу

Жаттығуға бірнеше минут кетеді. Ыңғайлы орналасыңыз, өзіңіздің тыныс алу ырғағына назар аударыңыз және демді ішке тартқанда «ауа» сөзінің бірінші әрпін айтып, тынысты сыртқа шығарғанда сөздің соңғы әрпі шығатындай болсын. Бірнеше рет қайталағаннан кейін тыныштыққа шомып, жайланғаныңызды сезінесіз.

  1. Өзіңізді қолыңызға алыңыз

Стрессті жоюдың бұл әдісін дәрігер-психиатр Хасай Алиев құрастырған. Әдіс үш кезеңнен тұрады. Дайындық кезеңі. Алдымен дайындаламыз (көзімізді жұмып) : баспен, иықпен, жамбаспен, тіземен өте баяу қимыл жасап, мейлінше аз күш жұмсап, мейлінше көп ұнамды сезімге бөлену. Енді өзіңізді екі қолыңызбен құшақтап, басыңызды біраз бүйірге қарай еңкейтіңіз. Алға және артқа қарай қимылдатыңыз.

Негізгі кезең. Қолдарыңызды алға қарай көтеріңіз. Және ешнәрсе жасамастан, қолдарыңызға тарқауды бұйырыңыз. Кеңістіктің ұлғайып, қолдарыңызды жан-жаққа итеріп, ал білезіктеріңізді біреу тартып жатқандай елестетіңіз. Қолды түсіріп, қайталаңыз. (Психологиялық реттеудің бұл әдісін дәрігерлер, психологтар, спортсмендер, әртістер мен басқа да шығармашылық адамдары өз жұмысында қолданады) .

Релаксациялық-тұрақтандыру кезеңі. Соңғы кезеңде жай ғана отырып, он минут көзіңізді жұмып үнсіз отырыңыз. Осы сәтте сіз «бос бас» әсерін сезіне аласыз - яғни, басыңызда ешқандай ой болмайды. Дәл осы уақытта сіздің ойыңызға қандай да бір күрделі мәселенің шешімі, қызықты идея келуі мүмкін. Күтілмеген еркіндік жағдайында көп нәрсені бастан кешіруіңіз мүмкін!

Ұйқысыздықпен күресу ережелері

Ұйқы - адам денсаулығының құрамдас бөліктерінің бірі. Ұйқыңыз жақсы болу үшін қарапайым әрі оңай ережелерді сақтау керек. Ең алдымен күн тәртібін сақтау керек. Күнделікті, тіпті демалыс күндері де бір уақытта жатып, таңертең бір уақытта тұру керек. Кешке ұйықтау қиын болса, күндіз ұйықтамаңыз. Төсекте жатқанда өз проблемаларыңызды ойламаңыз. Жатын бөлме немесе ұйықтауға арналған бөлме жақсы желдетілген болуы керек. Жастық пен матрац ыңғайлы, дұрысы ортопедиялық болғаны жөн. Жатын бөлменің қабырғалары мен терезелері дыбыс өткізетіндей болуы керек. Ұйықтар алдында жарты сағат жаяу серуендеген пайдалы. Алайда денеге көп күш салуға да болмайды. Түнге қарай тамақтануға болмайды. Кемінде ұйқыдан екі сағат бұрын тамақтану керек, кешкі ас ауыр болмағаны дұрыс. Түнге қарай алкоголді, қоздыратын (кофе, қою шай) және газдалған сусындарды ішуге болмайды, ұялы телефонды да өшірген абзал. Ұйықтататын дәрілерден гөрі, түнге қарай жылы сүт, шөптерден қайнатылған бал қосылған шай ішу немесе босаңсытатын ванна қабылдаған дұрыс. Егер мұндай қарапайым ұсыныстардың ұйқыңызды реттеуге көмегі болмаса, маман дәрігердің көмегіне жүгінуіңіз керек. Ұйқыңыз толыққанды болмаса, денсаулығыңызға кері әсерін тигізуі мүмкін.

Альцгеймер ауруына шалдыққан науқастарға үй жағдайында күтім жасау

ДДҰ сарапшылары тарапынан Альцгеймер ауруы қоғамдағы маңызды әлеуметтік, экономикалық және психологиялық проблемалардың бастау көзі болып танылған. Сондықтан да науқастар медициналықәлеуметтік қызметкерлердің ерекше назарына мұқтаж болады. Ал мұндай қызметкерлерде сыпайылық, шыдамдылық, науқасқа деген құрмет сезімі болуы керек.

Науқасқа сапалы жәрдем көрсетіп, оның азап-қайғысын мейлінше жеңілдету үшін, қызметкерлер Альцгаймер ауруының бастапқы және соңғы сатысындағы негізгі сиптомдары мен белгілерін білуі шарт.

Альцгеймер ауруына шалдыққан науқастардың күтімі кәсіби біліктілікті қажет етеді, ал егер бұл міндет туысқандарға жүктелсе, бұл науқасты үлкен эмоционалдық стреске алып келуі мүмкін. Туысқандар өзінің жақын немесе сүйікті адамының кері кетіп жатқанына қиналады, бірақ көмектесе алмайды. Ал жақын адамдардың әлсіздігі тек науқастың ғана емес, олардың өздерінің де денсаулығына кері әсерін тигізуі мүмкін. Осыған байланысты мейірбикелер мен әлеуметтік қызметкерлер науқасқа үй жағдайында күтім жасаушыларға психологиялық жәрдем көрсетіп, көптеген қиындықтардың алдын алу амалдарын үйрету керек. Науқастың үйінде күтім жасаушы туысқандары үшін арнаулы нұсқаулық әзірлеп, онда орындалуы қажет әрекеттер мен нұсқауларды ретретімен көрсету керек.

Күн тәртібін орнату

Науқастың өмірін ұйымдастырып, реттеу арқылы сіз оны өзі үшін қиын шешімдерді қабылдаудан арылтасыз. Күн тәртібі адам үшін қалыпты әрекеттерден тұруы керек: таңертең ояну, таңғы гигиеналық шараларды орындау, гимнастикалық жаттығулар жасау (тұлғаны айналдыру, қолдарды айналдыра қимылдату сияқты жеңіл жаттығулар болса да жаман емес), дәрі қабылдау, таңғы ас ішу, серуендеу, дәрі қабылдау, түскі ас, күндізгі ұйқы, бесіндік ас, өзіне күтім жасау немесе жеңіл үй шаруаларымен айналысу (аурудың бастапқы кезеңінде) сияқты әрекеттерді қамтитын еңбек терапиясы, дәрі қабылдау, кешкі ас, кешкі гигиеналық шараларды орындау, ұйықтау.


Ұқсас жұмыстар
Электромагниттік толқындардың ағзаға тигізер әсері
Иондалған сәуленің адам ағзасына әсері. Жіті сәулелік ауру
Генотип, қоршаған орта және адам денсаулығы. адамның тұқым қуалайтын аурулары
Қаназдық ауруы
Бұршақ дақылдарының аурулары
Обамен ауырған түйеден сақтану шаралары
Тағдырды улаған түтін
Адыраспан-дәрілік өсімдік
Тақырып Тыныс алу мүшелерінің аурулары
Тері аурулары. 8 сынып
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz