Мектеп оқушыларына арналған Мен таңдаған өмір: эмоционалдық реттеу, шиеленісті басқару және сенімділікті қалыптастыру тренингі

Мектеп психологы: Масалимова Э. Б.

« Мен таңдаған өмір» тренинг

Мақсаты: оқушыларды шиеленіс жағдайдан шыға білуге үйрету, жағымсыз эмоцияны шығару, жою.

Керекті құралдар: плакат, түрлі-түсті қағаздар, тапсырмасы бар балықтар, интерактивті тақта.

Барысы: І. Амандасу рәсімі.

Мақсаты: оқушылардың қарым-қатынас жасауын жақсарту.

Шарты: қатысушылар ортаға шығып, бір-бірімен емін-еркін жүріп амандасады.

ІІ. «Ойлануға арналған балықтар»жаттығуы.

Бір-бірімізді жақын тану үшін әрбіреулеріңе балық аулауды ұсынамын.

Топтың әр қатысушысы «балық аулайды», өзенде жүзіп жүрген аяқталмаған сөйлемі бар үлестірмелі балықтарды алады да, өз сөздерімен аяқтайды.

Үлестірмедегі сөйлемдер:

Ең үлкен қорқыныш-бұл . . .

Мен мынадай адамдарға сенбеймін . . .

Мен ренжимін, егер . . .

Егер мен сенімді болсам, . . .

Психолог: Сөйлемді аяқтағанда қандай сезімде болдыңдар? Әрине әрқайсымыз қорқыныш, сенімсіздік, сәтсіздік сезімдерінен өттік. Ренжіген, нашар көңіл-күй немесекөңілсіздік болған шығар. Бұл сәтте қолдау мен сүйенішті қажет етеміз. Ежелгі кезде адамдар өздеріне бойтұмарлар ойлап табатын.

ІІІ. «Өзіңді теңей біл» жаттығуы.

Мақсаты: қатысушылардың көңіл-күйін көтеріп, өмірге көзқарасын кеңейту.

Психолог: Сендер өздеріңді бір затқа немесе табиғат жаратылысына теңейсіңдер. Ол «МЕН» деп есептейсіңдер.

Қатысушы: Мен өзімді бұлаққа теңеймін. Өйткені мен бұлақпын.

Психолог: Не үшін бұлақсың?

-Мен жануарларды, адамдарды қоректендіремін. Менің бұл өмірге пайдам көп. Өйткені мен өмірге қорекпін.

ІV. Ертегі терапиясы арқылы әңгіме құрастырып, талдау жасалады. «Бақытты адамның көйлегі» еретігісін жалғастырады.

V. Слайд көрсету. (Осы сүрген өміріңді қанағат тұт, өмірді ұға біл)

VI. «Биіктік» жаттығуы.

Мақсаты: оқушылардың өмірлік жетістіктеріне жету мақсатына талпындыру, сенімділігін нығайту.

Жаттығу барысы: қатысушылардың біреуі шығады. Оған мынадай нұсқау беріледі. «Қабырғаға жақын тұр, сосын секір. Қай жерге дейін секіргенін белгілеу. Енді барынша жоғары секір. Төбеге дейін жетуге тырыс. Секіріп жеткен жеріңді белгіле».

Талдау: 1-ші және 2-шә белгі салысытырылады. Қатысушылар төмендегі сұрақтарға жауап береді:

-Белгі қойылған биіктіктердің айырмашылығы болды ма?

-Бұл айырмашылыққа не әсер етті?

-Қойылған талап пен мақсат нәтиежіс жақсарды ма, әлде нашарлады ма?

-Қалай ойлайсыңдар, өмірде де осындай жағдайлар кездесе ме?

VII. «Сенімділік» жаттығуы.

Мақсаты: оқушыны стресстік жағдайдан арылтып, сенімділікке үйрету.

Шарты: оқушыларға бос ақ парақ таратылады. Сол парақты теңдей етіп екіге бөлу ұсынылады. Ол бөліктерді 1, 2 деп белгілеп, 1-ші бөлікке жағымды қасиеттерін, 2-ші бөлікке жағымсыз қасиеттерін жазуы керек. Жағымды қасиеттерін өздерінде қалдырып, жағымсыз қасиеттерін жыртып, қоқыс жәшігіне салады.

Рефлексия: бүгінгі тренингтен алған әсерін және достарына, өздеріне арналған тілектерін жазып, «тілек» ағашына апарып жапсырады.


Ұқсас жұмыстар
7-9 сыныптарға арналған Өзің таңдаған өмір: өзін-өзі тану мен эмоционалдық реттеу сабақ жоспары
11 сынып оқушыларына арналған ҰБТ-ға психологиялық дайындық бағдарламасы: өзін-өзі реттеу, мазасыздықты басқару және сенімділікті арттыру
Мектеп түлектеріне арналған ҰБТ-ға эмоционалды дайындық және сенімділікті арттыру тренингі
ОЖСБ-ға дайындыққа арналған сенімділік пен эмоционалдық реттеу тренинг-сабағы
Психологиялық өзін-өзі реттеу тренингі: мақсаттар, міндеттер және практикалық жаттығулар
Мен өзімді мақтан етемін: мектеп оқушыларына арналған өзін-өзі бағалау және сенімділікті дамыту психотренингі
Мен өмірді таңдаймын: өзін-өзі тану және эмоцияларды реттеу тренингі
Көңіл-күйдің факторлары және эмоционалдық реттеу: инклюзивті сыныпқа арналған тренинг
Мектеп оқушыларына арналған АҚТҚ және ЖҚТБ-ның алдын алу тренингі
Мен таңдаған жол: 9-11 сынып оқушылары мен ата-аналарына арналған кәсіптік бағдар психологиялық тренингі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz