Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Тілге құрмет - елге құрмет

«Бекітемін»
Мектеп директоры : Б. Қайырбай

Ортағаш орта мектебі

«Тілге құрмет – елге құрмет»

Жауапты: Ш. Жүсіпбекова

2006-2007 оқу жылы

| |
Тілге құрмет - елге құрмет.

Мақсаты: «Оқушыларды өз халқын , тілін , туған жерін» сүюге
, қадірлеуге , бағалап мақтан етуге тәрбиелеу. Оқушылардың
тілін , ой - өрісін дамыту , мәнерлеп оқуға , машықтандырып
жетілдіру. Туған тілдің қадірін білу , сол жолда аз еңбек , ерлік
істемегенін ұғындыру.
Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының рәміздері туралы нақыл
сөздер.
Барысы: Жарнамалық үзіліс:
Екі оқушы мектепке келе жатады.
Біреуі ыңылдап келеді.
Екіншісі: - Сен не айтып келесің ? ~ деп сұрайды.
- Әнұранды , - дейді ол.
- Неге?
- Мен оны айтсам , өз елімді, халқымды сондай
жақсы көремін. Өз

халқыма деген мақтаныш пайда болады. Сенбесең
, кел айтып
көрейік. Кәне , бәріміз қосылып айтайық –
дейді.
1- жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Қазақстан
Республикасының « Тіл туралы » Заңының мерекесіне арналған « Тілге
құрмет - елге құрмет » атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

2- жүргізуші: « Тіл туралы тұңғыш заң 1989 жылы 22 қырқүйекте
жоғарғы кеңестің сессиясында қабылданған болатын. Ал екінші рет 1997
жылы 11 шілдеде қабылданды.
1-жүргізуші: Елбасы Н. Назарбаевтың 1998 жылғы 20
қаңтардағы Жарлығына сәйкес « 22 кыркүйек - Қазақстан халықтарының
тілдері күні» ретінде аталып келеді.
2- жүргізуші: Тіл- халықпен бірге өмір сүріп дамиды.
Себебі, әр ұлттың тілі- оның бақыты, тірегі.
1-жүр: Менің тілім біреу-ақ,
Сөйлейтін де, жазатын.
Тауып қойған тілеуі-ақ,
Қазақ деген өз атын.
Дариядай пейілі,
Тілі, ділі, жыры да
2 - жүр: Ана тілім - ана күтім арым менің

Сәулетім - сая бағым , сәнім менің
Аспаным өзіңменен арайланып,
Нұрланып атар ылғи таңым менің.
Ән: «Анамның тілі – аяулы үні»
1- жүр: Көрініс: « Менің тілім өлмейді ».
Түрме іші. Қайрат дауыстап өлең оқьш отыр.
Тергеуші екі күзетшімен кіреді.

Тергеуші: Не туралы оқып отырсың ? Бүгін жазаланатын күнің
білесің бе ?
Қайрат: білемін. Ана тілі туралы өлең оқып отырмын
Т: Айтар ақтық сөзіңді айтып қал.
Қ: Мен қазақпын мың өліп мың тірілген
Құшақ жая қарсы алдым сан тілімен
Жаман үйді қонағы билейді екен
Қала жаздап айырылып өз тілімнен
Өзге тілге еліктеп ел болмайық
Қазағымның артығы жоқ өз тілінен

Т: Әй , оңбаған , шыныңды айт!
( Қағазды көрсетіп ) Орыс тілінде жаз!
Қ: Мойныма алдым жаланы
Болсын халық алғысы.
Бөтен қолда кетпесін

Туған жердін намысы.
Т: Әкетіңдер! Атыңдар!
2 - ж: Иә, теңдік , бостандық , тәуелсіздік оңайлықпен келген
жоқ. Қаншама асылдарымыз құрбан болды. Солардың бірі --
Қайрат Рысқұлов ағамыз еді. Ағаларымызды еске алу( бір
минут үнсіздік)
1 - ж: Қасиетің ана тіл , аз ба сенің ?
Өзің барда ескірмес , тозбас елім
Сен болмасаң , ұлы Абай ақын болып,
Мұқағали отты өлең жазбас еді.
2 - ж: Енді мерекемізді ары қарай сайыс түрінде
өткізбекшіміз.
Ойын « Туға кім жетеді ? » деп аталады. Ойын барысында ең
білімді, алғыр оқушыға мемлекеттік Туды көтеруге рұқсат береміз.
Ала қоржыннан тапсырмаларды берелік (асықтың нөмірі
арқылы).
І.Сұрақтарға жауап беру.
Елімізде тіл туралы заң қай жылы қабылданды ?
Тіл мерекесі күнін қашан тойлаймыз ?
Мемлекеттік тіл қай тіл ?
Халықаралык қатынас тілі ?

Білім күні қай күн ?
Мектепте оқитын тіл пәндерінің аты ?
II. Мақалдарды жалғастыру:

Ана сүті бой өсіреді.... ( ана тілі ой өсіреді).
ПІебердің қолы ортақ, ... (шешеннің сөзі ортақ)!
Ақыл көркі тіл, ... (тілдің көркі сөз).
Бас кеспек болса да,... (тіл кеспек жоқ).
Таяқ еттен өтер ,... (сөз сүйектен өтер).
III. Нақыл сөздердің мазмұнын ашу.
Ана тілің - қазынаң .
Тіл қылыштан да өткір .

3. Тіл -кісінің абыройын арттырады , бақыт әкеледі.
Тіл-кісінің беделін түсіреді, басын жарады.
4. Сөзіңді күзет , басың кетпесін ,
Тіліңді күзет , тісің сынбасын.
5. Адам көркі - сөз.
IV. Сөзжүмбақтар шешу.
1 - ж: Әрбір тілде сөйле адамды таң қылып ,
'

Ана тілін білмеу қандай заңдылық!
Өсер балаң , байтақ далаң тұрғанда.
Хормен: Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.
Қорытынды: 2-ж: « Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту –
бүкіл ата-бабамыздың тарихын ұмыту » деген Бауыржан Момышұлы. Ана тілін
құрметтеп сүйе білейік. Бүгінгі ұрпақ ана тіліне жетік, білімді, мәдениетті
болуы шарт.
Хор: Менің Қазақстаным.
1- ж: Мейірімді мол балаға,
барлық, барлық анаға
Бәрі: Басымызды иеміз.
2- ж: Бабамыздың тілі деп,
Даламыздың тілі деп,
Бәрі: Ана тілін,
Ана тілін
Ана тілін сүйеміз.
1-ж: Құрметті қонақтар, оқушылар, ұстаздар! Тіл мерекесіне арналған
мерекелік кешімізді осымен аяқтаймыз. Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет.

1ж. Кеңес Совет Республикасы одан жоғары кеңесі Президизмінің
шешімінен 1988 жылдың 28 сәуірдегі жарлығымен ҚАЙРАТ РЫСҚҰЛБЕКОВке
кешірім жасалып,
20 жыл бас бостандығынан айырумен ауыстырды. Алайда бұл хабар
ҚАЙРАТты
Қуанта алған жоқ... мынау қайраттың анасына жазған соңғы хаты
!(қайраттың хаты сахна
сыртынан оқылады). «міне өздеріңіз естігендей ату жазасын 20 жылға
ауыстырды. Бұл әрине біреуге қуаныш біреуге азап. Өз басым бұл
үшін қуанғам жоқ, өйткені, асыл анашым, түсініңізші! Мен сорлы бұл
тас зынданда жазықсыздан жазықсыз еш отырғым келмейді. 11 ай
ішінде жүйке тамырым жұқарды. Әбден шаршадым.

Ұқсас жұмыстар
Туған тілім өркенде, бола бер күшті, көркем де
Мақал-мәтел – сөз мәйегі
Тіл – халықтың күре тамыры
Өлеңді оқушыларға оқыту
Ана тілім- ардағым Тіл- қатынас құралы
Оқушыларды ана тілін құрметтеуге шақыру және ана тілімізде ойлауға тәрбиелеу
Екінші сөз жұмбақ
Өнер алды-қызыл тіл. 3 сынып
«ұлттық мәдениеттану негіздері» курсы бағдарламасы
Тіл мәдениеті. арнайы курс. 7 сынып
Пәндер