Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Қамажайдың қонақжайлылығы

Ақтөбе гуманитарлық колледжі
Шаматова В.К. қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Тобы: БК -101
Күні: 11.11.2020ж.
Сабақ мақсаты: 1. Д. Исабековтың «Әпке» драмасының мазмұнын
меңгерте отырып тақырыбы мен идеясын ашу, Әпкенің бейнесін
таныту;
2. Білім алушылардың әдеби дүниетанымын
кеңейту арқылы драмалық шығармаларға қызығушылықтарын арттыру, ой-
өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін
арттыру;
3. Кейіпкерлер іс-әрекетін үлгі ете отырып
бауырмалдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақ әдісі: СТО, талдау.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес.
Сабақ көрнекіліктері: 1. Видео үзіктер
2. Драмадан үзінді
3. Слайд
Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі
Білім алушылардың сабаққа қатысын, дайындығын тексеру. Білім алушыларды
топқа бөлу.
2.Үй тапсырмасын сұрау.
I.Видео үзік көрсету.
II.Топтастару.
Білім алушылардың топқа бөліп отырғызу
1-топ «Зерттеуші»
Міндеті: басты кейіпкердің мінезін сипаттау, шығарманың тақырыбы мен
идеясын ашу.
-Шығарманың тақырыбы-Адамгершілік,жан жылуы. Жетім балалардың өз
беттерінше өмір сүруі.Жанұя мүшелерінің бір-бірімен байланысы.Жастар
махаббаты.
-Шығармадағы басты кейіпкер,отбасының тірегі-Қамажай. Ол - үйдің үлкені.
Бауырларының бақыты үшін жүмысқа араласпай жағдайларын жасады. Олардың
оқып, азамат болуын, өмірден өз орындарын табуына ықпал жасады. Ана орнына
ана, әке орнына әке болды. Өзінің жеке өмірінен, махаббатынан бауырлары
үшін бас тартты. Қамажайдың мінезі өте жайлы, өзі қарапайым, бауырмал,
тәуекел, мейірімді, ақкөңіл жан.
2-топ «Баяндап беруші»
Қысқаша мазмұны.
1.Қамажайдың қонақжайлылығы.
Келгендерді қарсалу жағдайы, ақша жетіксіз,бірақ көңілдері ашық.
2.Адамның білімді жастардың пікір қағысы.
3.Бақыт деген...
4.Жақсы отырысты бұзған-арақ
5.Жанұя жиналысы
6.Үлкен махаббаттан бас тарту немесе
жеңіл қоштасу
7.Гауһардың таңдауы
8. Жанұядағы жаңа қуаныш
9. Қамажайдың Тимурдың көңілін жібітуі
10.Бауырлардың қайта табысуы
11.Омардың диссертацияны қорғауы
12.Бауырлардың өмірден орнын табуы
13.Анасының мерей тойы немесе күту
3-топ «Бейнелеуші-суретші»
Міндеті: шығармадағы кейіпкердің немесе оқиғаның бір сәтін салу.
4-топ «Дәнекер»
Міндеті:болған оқиғаға автордың көзқарасын айту, негізгі идеяларды
немесе оқиғаларды бүгінгі өмірмен байланыстыру.
5-топ «Сұрақтар құрастырушы»
Міндеті: негізгі оқиғаларды қамтитын немесе әнгіменің жалпы мазмұны
бойынша сұрақтар дайындайды.
1.Қамажай өзінің інілері мен сіңлісінің болашағы үшін басын бейнетке
тігіп, бар қиындыққа төзеді. Мұның сыры неде?
2.Анасының аманатын орындады ма?
3.Адамның бақыты дегеніміз не ?
4.Пьесадағы қай кейіпкер ерекше ұнады ? Себебі?
5. «Бақыт деген-жеңіс немесе жеңіске апарар күрес» кімнің сөзі?
6.Драмалық шығарма дегеніміз не ?

II. Көрініс тамашалау.Екінші акт, 3-4-бөлімдер
Рөлдерде: Әпке Қамажай – Табусова Аққу
Назила - Садырбек Гүлсезім
Ермек - Жандырбай Бекет
Көрші әйел - Омар Нина

III.Рефлексия.
«Әпкеге» хат. Білім алушыларға хат жаздыру.
«Әпке» сөзін ассоциациялау

Үйге тапсырма беру:
«Маған ұнаған кейіпкер» ойтолғау жазу
Бағалау.

-----------------------
ӘПКЕ

Ұқсас жұмыстар
Оқушының әрекеті. Оқушылардың назарын сабаққа аудару
Қазақстан халқы
Қазақтың ұлттық тағамдары
Ж.Аймауытов. Әнші әңгімесі
М.әуезов атындағы №6 жалпы білім беретін орта мектептің 6 класс оқушылары арасында өткізілген i «халықтар достығы - тірегіміз» фестивалі
Қорғалжынның көркі-қоқиқаз
Имандылық жарасады ұл-қызға
Құтты қонақ
Қорғалжын қорығы туралы терең насихаттау
Ж.аймауытов."әнші" әңгімесіндегі әмірқан бейнесі. 7- класс
Пәндер