Күн шуағым - отбасым: отбасылық құндылықтарды қалыптастыруға арналған дәстүрлі емес сабақ

Сабақтың тақырыбы: Күн шуағым - отбасым.
Сабақтың мақсаты: оқушылардың отбасы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:

- отбасының адам үшін маңыздылығын жан - жақты ашу;
- отбасындағы жарастықты, сыйластықты қарым - қатынасының дамуына ықпал ету;
- отбасындағы сыйластыққа, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Сабақ түрі: дәстүрлі емес сабақ

Көрнекіліктер: слайд, ағаш, күн суреттері, жүрекше.
Шаттық шеңбері. «Жүректі» мұғалім оқушыларға осы сабақты бастау үшін жақсы тілектер айтып бір оқушыға береді. Оқушы келесі оқушыға өз тілегін айтып айтып жүректі ұсынады. Осылай барлығы жүректі бір-біріне ұсыну арқылы шаттық шеңберін құру.

Қызығушылықты ояту.
1. “Аялау”, “қадірлеу”, “қадірін білу”- деген сөздерді қалай түсінесің?
2. Ата - анаңа сүйіспеншілік сезімдеріңді қалай білдіресіңдер?
3. «Ана», «әке» деген сөздер қандай сезім тудырады?

Тапсырма.

«Бақытты жанұя. Ол қандай?» болады. Өз пікірлерін айту.

«Жалғасын тап» ойыны: Жалпы тапсырма:

1. Ұлға отыз үйден(қызға қырық үйден тыйым. )

2. Атаңның баласы болма (адамның баласы бол. )

3. Әке көрген- оқ жонар, (шеше көрген-тон пішер. )

4. Баланың ұяты әкеге, (қыздың ұяты шешеге. )

5. Балапан ұяда не көрсе (ұшқанда соны іледі. )

6. Ата-бәйтерек, (бала-жапырақ. )

7. Ана сүтін ақтамағанды(ешкім жақтамайды. )

8. Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да(қарызыңды өтей алмайсың. )

9. Әкесiн сыйламаған кiсiнi, (Баласы сыйламайды. )

10. Ана жақсылығын (Ауырсаң бiлерсiң. )

Сұрақ-жауап

Отбасы бір шаңырақ.
Шаңырағымыздың үстінде күн одан бетер жарқырай түсу үшін күн шуақтарын тағуымыз керек.
Шуақтардың артындағы сұрақтарға жауап беруіміз керек:
1. Отбасы тәрбиесіне ата - анаңның қайсысы көп көңіл бөледі?
2. Қиын жағдайда қайсысынан бірінші көмек сұрайсың?
3. Өзіңнен қателік кеткен жағдайда өзіңді қалай сезінесің?
4. Ата - анаңның қайсысына ұқсаймын деп ойлайсың?
5. Отбасында қандай аға, іні, қарындас, әпкесің?
6. Ата - анаң сені қалай және қандай сөздер арқылы еркелетеді?
7. Анаң немен айналысқанды жақсы көреді? Әкең ше?
8. Құрбыларың ата - анасын ренжітіп алды делік, сен қандай ақыл берер едің?
Шығатын түйін: Адамға ең қымбат - отбасы. Отбасында сүйіспеншілік, сыйластық, татулық, бауырмалдық болғанда ғана бірлік болады. Бірлік бар жерде берік отбасы болады. Бала ата-анаға қандай ыстық болса, ата-ана да балаға сондай ыстық әрі қымбат екенін естен шығармау керек.
Қорытынды.
Мұғалім: бүгін менің көзім жетті, сендер өте тату отбасынан шыққан балалар екендеріңе. Оған сендердің бүгінгі іс - әрекеттерің куә. Бүгінгі сабақ үшін сіздерге рахмет айтамын. Сабағымызды қорытындылай келе: отбасы ол шағын мемлекет. Осы мемлекеттің өз қуанышы, өз бақыты бар.

Осы сабақты қорытындылау үшін рефлексия жасаймыз.

«Екі жұлдыз, бір тілек. »

Екі жұлдыз-сабақта ұнаған екі нәрселері

Бір тілек- ұстазға тілек тілеу немесе ұсыныс айту.

Үйге тапсырма . «Менің жанұямның қызықты сәттері . . . » Фота жинақтап альбом құрастыру, немесе видео.


Ұқсас жұмыстар
Мен және менің отбасым: мектептегі тәрбиелік сағат - халықтың салт-дәстүрі мен отбасылық құндылықтарды насихаттау
Педагогтарға арналған жапсырудың дәстүрлі емес әдіс-тәсілдері: теория мен практика
2-сыныпқа арналған Сын есім тақырыбының аралас дәстүрлі емес сабақ жоспары
Өмірдің мәні мен өмірлік құндылықтарды қалыптастыруға арналған семинар-тренинг
Ойын элементтерімен дәстүрлі емес сабақ: Көпжасушалы жануарлардың тыныс алуы
7-сынып: Бауыр әңгімесін талдау және адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға арналған сабақ жоспары
Қыс ғажайыптары: мектепке дейінгі балаларға арналған дәстүрлі емес бейнелеу сабағы
Тарих пәні: Ата жұрт интеллектуалды ойынының дәстүрлі емес сабақ жоспары
Менің отбасым және математика: мектепішілік отбасылық математикалық сайыс
Тәрбие сағаты: Мен және менің отбасым - отбасы тәрбиесі мен ұлттық құндылықтарды дарыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz