Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Қазақ тілі сабағында мәтіндерді сыни талдау арқылы оқытудың әдістемелік негіздері

Хакім Абай оныншы қара сөзінде <<Малды сарып қылып, ғылым табу керек. Өзіңе табылмаса, балаң тапсын. Ғылымсыз ахирет те жоқ, дүние де жоқ>> дейді. Ғасыр өтсе де өзекті мәселе. Ендігі мәселе мынау - ғылым жолы мектептен басталатынын ұмытпауымыз керек. Мектептің жүрегі - ұстаз, ал сабақ - білімнің негізін қалаушы уақыт. Сабақ әсерлі, қызық болса, білім алушы оқу процесіне толық қатысады. Демек, оқу процесін дұрыс ұйымдастыра білу - мұғалімнен кәсіби шеберлік пен тәжірибені талап ететін аса маңызды шара.
Қазақстан Республикасының Конституциясында қазақ тілі мемлекеттік тіл деп бекітілген. Ендеше жалпы білім беру мекемелерінде қазақ тілін оқыту мен қазақ тілінен сабақ беретін мамандардың оқыту әдістемесіне баса назар аудару керек. Себебі дәл осы ұстаздар - еліміздің ертеңін құратын ұлт жанашырларын, мемлекет қайраткерлерін тәрбиелейді. Кез келген мемлекеттің егемендігінің тұтқасы - тіл, тілі жоқ ұлт - жойылған ұлт. Сондықтан да мектеп қабырғасынан бастап мемлекеттік тіл мәртебесі бар қазақ тілін педагогикалық әдіс-тәсілдерді тиімді пайдаланып оқыту зор маңызға ие.
Сабақты мәтін талдау арқылы оқытудың орны ерекше. Бұл - сөздік қорды байытудың бірден-бір жолы. Құндылықтар ауысып, оқушы кітапты емес, түрлі гаджет пен интернет ойындарын таңдаған уақытта қазақ тілі сабағында мәтінді сыни талдау арқылы оқытудың әдістемелік негіздерін білу өзекті болып отыр.
Қазіргі жаңартылған білім беру мазмұны бойынша қазақ тілі пәнінде оқушының тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын дамыту керек. Осы төрт дағдының бірін де мәтінсіз қалыптастыру мүмкін емес. Сонымен мәтін дегеніміз не?
Мәтін - мазмұны жағынан өзара байланысты екі не одан да көп сөйлемдердің тізбегі. Мәтіннің мынандай түрлері бар - әңгімелеу, сипаттау, пайымдау. Жоғары сыныптарда берілген мәтіндерді талдағанда мәтіннің жанры, мақсаты, стилі, мазмұны, тілі, оқушының жасы - бәрі де ескерілуге тиіс. Қазақ тілі пәнінен берілген мәтіндерді оқушы тек оқып қана қоймай, сыни талдай алуы керек. Ал сыни талдау арқылы оқыту сауат қалыптастырудың айрықша құрамдас бөлігі болып саналады және оқу сапасы мен баланың оқуға деген ынтасының артуына ықпал етеді. Оқулықта берілген мәтінді сыни талдау арқылы оқытудың әдістемелік негіздері оқушы бойында мына дағдыларды қалыптастырады:
* Мәтіндегі кез келген ақпаратты екшеу;
* Мәтін тілінің сауат деңгейін бағалау;
* Берілген ақпараттың артықшылығы мен кемшілігін саралау;
* Мәтіндегі оқиға желісіне баға беру;
* Мәтіндегі логикалық сабақтастықтықты тексеру;
* Берілген жұмыс қойылған талаптарға сай келе ме анықтау.
Көріп отырғанымыздай, мәтінді сыни талдау білім алушының, яғни мектеп оқушысының сыни ойлау дағдыларын дамытып, оларды мектеп пен үйден жырақта туындайтын мәселелерді өздігінен шешуге бағыттайды. Интернет кеңістігінде кездесетін толассыз ақпараттың ақ-қарасын ажыратуды үйретеді.
Өз тәжірибеме келсек, сабақта сыни оқытудың және мәтінді сыни талдаудың жаңа әдіс-тәсілдерін көбірек пайдалануға тырысамын.
<<Топтастыру>> әдісі. Жаңа сабақта берілген мәтінді оқушыларды <<Неге?>>, <<Қашан?>>, <<Не мақсатпен?>> деген шағын топтарға бөліп алып барып сыни талдау жасау жақсы нәтиже көрсететінін байқадым. Маужырап, ұйқысы келіп отыратын бала болмайды, барлық бала сабаққа толық қатысады. Әсіресе, үлгерімі төмен оқушылар топтық жұмыс кезінде сабаққа қызыға қатысып, өздерін үздік оқушылармен тең дәрежеде ұстайтынын байқап жүрмін. Сыни сұрақтар берілген сабақта олар өздері де дәл сол үздік оқушы сияқты сұрақ қоя алатынын түсінеді де сыныпта теңдік орнайды. Оқушылар жұптасып немесе топтасып ойланады, өзара ой бөліседі, пікір алмасады, оқиғаны талқылайды. Демек сабақ мақсаты орындалды деген сөз.
<<Венн диаграммасы>>. Бұл әдіс бойынша оқушылар мәтінді оқып қана қоймайды. Кейіпкерлердің әрқайсына жеке тоқталып, салыстырмалы талдау жасайды. Салыстырмалы талдау мен сыни талдау қатар жүретіндіктен, бұл әдісті қолдану мейлінше жақсы нәтиже береді.
<<Миға шабуыл>> әдісі. Оқушылар жаңа сабақта берілген мәтінді оқып, алдыңғы сабақ мәтінімен байланыстырады, осылайша өткен сабақты еске түсіреді. Сұрақтар екі сабаққа да қатысты болады, сыни ойлауды дамыту үшін екі мәтіндегі берілген ақпаратты қатар талдайды. Мәтіннің жанры, стилі, тілі, сюжет желісіне назар аударады.
<<Шың>> әдісі. Оқушылар мәтіндегі кейіпкерлерді бөліп алып, олардың мықты және әлсіз жақтарын жан-жақты талдап, мінездеріне сипаттама береді. Жағымсыз мінезді қандай жағымды мінезбен алмастыруға болатынын талқылайды. Мысалы, зұлымдықты - мейірім, қызғанышты - ақ пейілге ауыстыру сияқты. Бұл әдіс балалардың сөздік қорын дамытуға ғана әсер етіп қоймай, сыни ойлауды да дамытады. Бала сөз іздеп отырып, оқу процесіне қалай сүңгіп кеткенін аңғармай қалады. Әдістің мақсаты үлгерімі жақсы және үлгерімі нашар баланы теңдей сөйлету. Себебі тіл - басты қатынас құралы, кез келген жұмыс бірінші коммуникация орнатудан басталатынын ұмытпағанымыз жөн.
<<Болжау>> әдісі. Оқушылар мәтінде баяндалған оқиғаны басқаша аяқтайды, я болмаса шығармадағы кейіпкердің белгілі бір әрекетін өз оңтайларына қарай өзгертеді, осыдан келіп шығарманың мазмұны өзгереді. Оқушы өзін автордың орнына қойып көріп, шығарманың кемшін тұсын немесе мықты жерін анықтай алады. Бұл әдіс оқушыға үлкен өмір жолында кездесетін сан түрлі жағдайларды суық санамен саралап, сыни қорытынды жасауға көмектеседі деп сенемін.
Тағы бір тиімді тәсіл, сыныптағы барлық оқушыны тең дәрежеде сөйлететін әдіс - <<Кейіпкермен кездесу>>. Бұл әдісті пайдаланғанда сабақтан тысқары қалатын бала болмайды. Шығармашылықпен шендескен әдіс болғандықтан, барлық бала қонаққа келген мәтін кейіпкерлерімен пікір алмасып, ой бөлісуге тырысады. Жай ғана пікір алмаспайды, мәтінге сыни талдау жасайды, сыни ойлауы дамыған оқушы анлитикалық ойлау жүйесін де меңгереді. Кейіпкерлерді әр сабақта әр бала сомдаса, сабақ соғұрлым қызық өтеді.
Қазақ тілі сабағында берілген мәтіндерді сыни талдау әдістемелеріне толығырақ тоқталсам, 7-сынып оқулығындағы (Қазақ тілі. Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық. Қосымова Г., Рахметова Р., Алматы: Атамұра, 2017 ж.) <<Ұлы адамдардың ұлы достығы>> мәтініне балалар сыни талдау жасады. Мәтінде Абай, Шоқан, Шәкәрім, Мұхтар сияқты ұлылардың достығы баяндалады. Оқушылар <<Топтастыру>> әдісі бойынша шағын 5 топқа бөлінді. Бірінші топ - Абай мен Михаэлис, екінші топ - Шоқан мен Достоевский, үшінші топ - Шәкәрім мен Толстой, төртінші топ - Шаханов пен Айтматов, бесінші топ - Мағжан мен Горькийді алды. <<Венн диаграммасы>> бойынша әр топ өз ұлыларының достығын талқылап, әдебиеттегі жетістіктерін салыстырды. <<Шың>> әдісі бойынша ұлыларға мінездеме беріп, Абайды абызға, Шоқанды аққан жұлдызға теңеді. Осылай теңеу келтірулерінің себебін түсіндіріп берді. Топтық жұмыс кезінде оқушылар <<Болжау>> тәсілін пайдаланып, бір-біріне <<Егер Шоқан Кадет корпусына түспесе ше?>>, <<Абай Михаэлиспен таныс болмаса, оның шығармашылығы басқа бағытта дамыр ма еді?>>, <<Мағжан атылып кетпегенде не болар еді?>> деген сияқты сұрақтар қойып, түрлі жағдайларға сыни талдау жасау мен оқиғаны басқаша аяқтау жолдарын көрсете білді.
Жалпы сабақ барысында еңбек жолын жаңа бастаған жас мамандар, тіпті кейде тәжірибелі ұстаздар да осындай сыни сұрақтар қоюды, мәтіндегі келтірілген деректерге сын көзбен бағалай қарауды, ақпаратты елеп-екшеуді көрсетуді ұмытып кетіп отырады. Керісінше сабақты тәптіштеп ұзақ түсіндіруге, үйге тапсырма беруге немесе баға қоюға көбірек уақыт бөліп, уақыт жоғалтып аламыз. Бастапқы бағытымыздан ауытқымас үшін сыни ойлай мен мәтінді сыни талдауға арналған әдістерді басты назарда ұстаған абзал.
Оқыту процесі тек қана жаңа білімді меңгеруден тұрмайды. Оқушылар алдыңғы сабақта өткен тақырыпты жаңа тақырыппен ұштастыра алуға тиіс. Сондықтан да оқыту процесінде жаңа сабақ пен өткен сабақ арасында үнемі сабақтастық болғанын жіті қадағалаймын. Кез келген сыни талдау әдісін пайдаланғанда алдыңғы мәтіндегі ақпарат пен жаңа мәтіндегі мәліметті салыстырып, ұқсастығы мен айырмашылығын бірге анықтаймыз. Өткен сабақты еске түсіру үшін тақырыпқа қатысты бір-екі сұрақ қоямын немесе оқушылар топтық жұмыс кезінде бір-біріне қояды. Бұл қадам баланы енжарлықты жеңуге және белсенді әрекетке шақырады. Бұл кезеңді жаңа сабақты өту алдындағы миға арналған кішкентай жаттығу десек те болады. Себебі оқушылар өткен сабақты еске түсіріп, қайталап, оны топтасып не жұптасып талқылайды. Осыдан кейін ми белсенді күйге ауысып, жаңа ақпарат қабылдауға дайындала бастайды. Демек оқушылар жаңа сабақта берілген мәтінді оқуға және сыни талдауға дайын. Сабақ барысында оқушыға өз бетімен жеке жұмыс істеуге де мүмкіндік беру керек. Жаңа сабақты мұғалім түсіндіргеннен кейін оқушы тапсырма орындайды, өз бетінше жұмыс істей алады. Яғни балаға ақпаратты өз бетінше қорытуға мүмкіндік бере отырып, баланың қабылдау деңгейін анықтауға да болады.
<<Климаттық өзгерістердің алдын алу>> мәтінін сыни талдау кезінде оқушылар осы уақытқа дейін алған білімдерін ортаға салды. Балалардың қоршаған ортадағы өзгерістерге және ақ аюлар тағдырына бейжай қарамайтыны қуантты. Экология мен жалпы ғаламдық жылыну туралы білетін балалар өз болашақтарына жауапкершілік ала алатын тұлғалар болып өсетініне сенім мол. Мәтінмен танысып шыққан соң балаларға <<Еркін ой>> әдісі бойынша жаңа сабақта не білді, бұрыннан нені білетін еді, нені пысықтау керек екенін жазу үшін уақыт берілді. Тапсырманы үш бағанға бөлінген кестеге толтырды. Уақыт аяқталған соң оқушылар жазғандарын оқып, өзара пікір алмасты. Бұл әдісті кез келген сабақта қолдануға болады. Жаңа сабақта алған білімді қорытуға, мәтінге сыни талдау жасап, объективті баға беруге үйрететін мықты тәсілдердің бірі.
Осы мәтінді талдау кезінде бір оқушының айтқан ойы көкейімде қалды. <<Ғаламдық жылынуды тоқтата алмасақ та, тым құрығанда ұялы телефонымыздың қуаттағышын токтан суырып жүретін болсақ, бұның өзі кішкентай болса да табиғатқа көрсеткен қамқорлығымыз>> деді. Артынша өз пікірін дәлелдеп шықты. Осы ой барлық балаға ұнап, топта белсенді талқыланды. Бұл да сыни ойлау мен мәтінді сыни талдаудың жетістігі. Оқушылар <<неге, қалай, не істеу керек?>> деген сұрақтар қойып, артынша өздері жауап беріп, шешімін тапты.
<<Достығы жарасқан елміз>> мәтінін талдау барысында оқушыларға мәтінде келтірілмеген мәліметтер туралы сұрақ қоямын. Мысалы, <<Қазақстанда қанша ұлт өкілі тұрады?>>, <<Корей диаспорасының Қазақстанға қоныс аударуы қай жылдары болды?>>, <<Біз тұратын аймақта қай диаспора өкілдері көп кездеседі?>>, <<Көп ұлтты мемлекет болған жақсы ма, әлде моноұлтты мемлекет пе?>>, <<Жапония мемлекеті көп ұлтты ма?>> деген сұрақтар балаларға тақырыптан, оқыған мәтіннен де көбірек мәлімет жинауға мүмкіндік береді. Ел тұтқасын ұстайтын азамат ретінде сыни ойлауға, мәтінді жай ғана оқып қоймай талқылауға баулиды. Оқушылар білмеген сұрақтарына үйде жауап іздейді. Мәтінді сыни талдау бойынша <<Төрт сөйлем>> тәсілін пайдаланып, кестені толтырады.
Пікір
Оқыған мәтін бойынша өз пікіріңді бір сөйлеммен жаз.
Дәлел
Пікіріңді бір сөйлеммен дәлелде.
Мысал
Бір сөйлеммен мысал келтір.
Қорытынды
Бір сөйлеммен ойыңды қорытындыла.
Сабақта әр оқушыны қаншалықты нақты пікір, дәлел, мысал, қорытынды келтіргеніне қарай бағалаймын. Сыни талдай білу дағдыларының дамуы оқушыны жеке пікір айтуға, өз ойын қысылмай дәлелдеп, қорғап шығуға бейімдейді. Бұл тәсілді пайдалану кезінде мәтіндегі мәлімет бала миында жақсы сақталады. Себебі бала бар зейінін жұмсап, барлық ойын бір сөйлемге сыйғызуға тырысады. Белсенді ми қызметі іске қосылады.
Жоғарыда атап көрсеткен әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, қазақ тілі сабағында мәтіндерді сыни талдаудың артықшылығы - оқушы ақпаратты қабылдаушы рөлінен ақпаратты сараптаушы рөліне ауысады. Оқушының сыни ойлауын дамыту үшін әр пән мұғалімі жан-жақты жұмыс жүргізуі керек. Бұл білім саласының басты қызметкері - мұғалімнен де үнемі дамуды, оқыту процесінде пайдаланатын әдіс-тәсілдерін әрдайым жетілдіріп отыруды қажет етеді.
Білім саласы түбегейлі өзгеріске ұшырап, мазмұны жаңарған бүгінгі күні мұғалімге де артылар жауапкершілік үлкен. Мұғалім бұрынғыдай үйретпейді, тек бағыт береді, үйренуге көмектеседі. Оқушыға ақпаратты талдауға, сыни баға беруге жол сілтейді. Оқытудың бұл жолында педагогтан әдістемелік шеберлігін ұдайы дамыту талап етіледі. Себебі 2030 жылы Азия барысына айналуды жоспарлап отырған Қазақстанға сыни ойлауы дамыған, парасатты ұл мен қыз керек.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Орфографиялық сөздік. Уәли Н., Күдеринова Қ., Фазылжанова А., Исаева Ж., Әміржанова Н., Әмірбекова А. Алматы: Дәуір, 2013.
2. Қазақ тілі. Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық. Қосымова Г., Рахметова Р., Алматы: Атамұра, 2017.
3. Анализ художественного текста. Тюпа В.И. 3-издание. Москва: Академия, 2009.
4. Лекции на занятиях творческой лаборатории <<Современные педагогические технологии>>. Ларина В.П., Ходырева Е.А., Окунев А.А. Киров: 1999 - 2002.
5. Игры - обучения, тренинг, досуг. Петрусинский В.В. Новая школа, 1994.
6. Halpern D. Enhancing Thinking Skills in the Science and Mathematics. Preface, 1992.
7. Халперн Д. Психология кртического мышления. Санкт-Петербург, 2002.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz