Екінші сөз жұмбақ

Сабақтың тақырыбы:: Сабақтың тақырыбы:
«1001 мақал, 101 жұмбақ»: «1001 мақал, 101 жұмбақ»
Сабақтың тақырыбы::

Сабақтың мақсаты

«1001 мақал, 101 жұмбақ»: Оқырмандарды “Сөз мәйегі-мақал” дегендей ата -бабамыздан қалған өсиет сөздері арқылы адамгершілікке, ойын нақты дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге, салмақты ой айтуға үйрету, ана тілінде сөйлеу шеберлігін арттыру, сөздік қорың молайту. Мақалдап, мәтелдеп сөйлеу мәнеріне дағдыландыру.
Сабақтың тақырыбы:: Пәнаралық байланыс
«1001 мақал, 101 жұмбақ»: Танымдық, әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы:: Көрнекіліктер
«1001 мақал, 101 жұмбақ»: Интербелсенді тақта, слайд, сөзжұмбақ суреттері, тапсырмалар, карточкалар, фишкалар, музыкалық сергіту сәті, сыйлықтар.
Сабақтың тақырыбы::

Қолданған

әдіс - тәсілдер

«1001 мақал, 101 жұмбақ»: СТО, АҚТ, топтық жұмыс, сұрақ-жауап, ойын
Сабақтың тақырыбы:: Сабақтың түрі
«1001 мақал, 101 жұмбақ»: Сайыс
Сабақтың тақырыбы::

Сабақтың барысы

«1001 мақал, 101 жұмбақ»: Мұғалімнің әрекеті

Оқушының

әрекеті

Сабақтың тақырыбы::

І. Ұйымдастыру кезеңі:

«1001 мақал, 101 жұмбақ»:

Амандасу Сәлеметсіздерме!

Карточкалар арқылы 3- топқа бөл у

Сөзжүмбақ шешу( суреттерін көрсету арқылы шешу)

Бірінші сөзжұмбақ МАҚАЛ Оқу құралды ҚАЛАМ(сурет) Мұғалім ҰСТАЗ Біздің ұлтымыз ҚАЗАҚ Есеп шығаратын пән МАТЕМАТИКА Ешкі төлі ЛАҚ

Екінші сөз жұмбақ; ЖҰМБАҚ жыл мезгілі ЖАЗ Аспандағы бейне БҰЛТ Жыл мезгілі КӨКТЕМ Баланың сүікті тәтті тағамы, әрі мұзда БАЛМҰЗДАҚ Тәтті жеміс АЛМа Туымызда бейнеленген құс: Қыран

Мінекей балалар бүгінгі біздің сайысымыздың тақырыбы: « 1001 мақал, 101 жүмбақ» Сайысымызды бастамас бұрын сайстың кезеңдерімен таныстырып өтейін

Оқушылар мұғаліммен амандасып, кызыл, жасыл, көк карточкаларды алып 3 топқа бөлінеді

Сөзжүмбақты шешеді

Сабақтың тақырыбы::

ІІ Қызығушылықты

ояту .

«1001 мақал, 101 жұмбақ»:

Сайс шарттары:

3 топ жұмыс жасайды:

Сайыс 5 бөлімнен тұрады.

1 бөлім. «Сөз мәйегі -мақал»

2-бөлім. «Жылдам жауап»

3-бөлім. . «Кестедегі мақалдың жалғасын тап»

4-бөлім. «Жасырдым жұмбақ»

5-бөлім. «Берілген мақал-мәтелдерді дұрыс құрастыр»

1. Бөлім «Сөз мәйегі -мақал».

Шарты: Әр топтан 2 оқушы шығып тоқтамастан 5 мақал айтады. Мақал қайталанбау керек, және дұрыс әрі жылдам айтылуы тиіс. Әр мақалға 1 ұпай беріледі.

2-бөлім. ”Жылдам жауап”.

Шарты: әр топқа мақалдың бірінші жартысы беріледі, екінші жартысын балалар өздері табады.

Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.

  • Кітап-білім бұлағы, …. …… …. . (білім-өмір шырағы)
  • Өз елім . . . (өлең төсегім)
  • Балапан ұядан не көрсе . . . (ұшқанда соны іледі)
  • Ананың көңілі балада . . . (баланың көңілі далада)
  • Батыр туса ел ырысы . . . (жаңбыр жауса жер ырысы)
  • Оқу- білім бұлағы . . . (білім-өмір шырағы)
  • Тіл тас жарады . . . (Тас жармаса, бас жарады)
  • Қоянды қамыс өлтіреді, . . (батырды намыс өлтіреді)
  • Дос жылатып айтады, …. (дұшпан күлдіріп айтады)
  • Еңбек етсең ерінбей, …(тояды қарның тіленбей)
  • Баланың тілі бал, . . (ананың сүті бал)
  • Анаға қарап қыз өсер, . . (әкеге қарап ұл өсер)
  • Дос бергеннің . . . (түсіне қарама)
  • Егін екпей . . . (жерге өкпелеме)
  • Дос басқа қарайды, . . . ( дұшпан аяққа қарайды. )

3-бөлім. «Кестедегі мақалдың жалғасын тап»

Шарты: Кестенің біірінші бағанындағы мақалдың бірінші сыңары, екінші бағандағы екінші сыңарын дұрыс тауып сәйкестендіру керек. ( әр топқа кесте беріледі. ) Әр дұрыс жауап 1 ұпай

4-бөлім. «Жасырдым жұмбақ»

Шарты: жұмбақты шеш

  1. Үй ішінде 32 батыр,

кіргендерді отап, турап жатыр. (тіс)

  1. Бетіңді тырыстырады,

арқаңды құрыстырады.

Ыңғайына көне берсең,

досыңмен де ұрыстырады. (ашу)

  1. Көрегендер көрші отырып

Бірін-бірі көрмейді. (көз)

  1. Иесі оның -сәби

Әрі төсек, әрі үй (бесік)

  1. Орақ болып туады,

Табақ болып тұрады (ай)

  1. Үсті тас, асты тас,

Ортасында піскен ас (нан)

  1. Жалт-жалт етер

Жалмап кетер (от)

  1. Қабат-қабат қаттама

Қаттамадан аттамада

Ақылын оның ала бер

Айтқан сөзін жаттада (кітап)

  1. Ұрып қалсаң кері атып, оралады өзіңе

Көрсе досың бері атып, қайтып барар өзіне (доп)

  1. Кигізіп ап ұзын жіпті көзіне

Киім тігіп береді ол өзіне (ине)

  1. Аппақ қардай тоны

Күдірейген жоны

Көзі қызыл моншақ

Білесіңбе оны? ( қоян)

13. Аспанда бір ана бар,

Маңы толған балалар. (жұлдыз )

14. Көзге ілінбейді

Жұтсаң білінбейді. (ауа)

15. Тиіп кетсе ән салған,

Даусына ел тамсанған. (домбыра )

5. бөлім « Берілген мақал-мәтелдерді дұрыс құрастыру». Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.

Бұрысы :

1 -топ

1. Құрмет, тілге, құрмет-елге.

2. Жерде, тіл, жоқ ұлт, жоқ.

3. Тас жарады, тас, тіл жармаса, бас жарады

4. Бір, өледі, ер, мың, өледі, қорқақ.

5. Саудың, дені, жаны, сау.

2 -топ

1. Тілін біл, жеті түрлі, жеті жұрттың, білім біл.

2. Ұяда, ұшқанда, соны іледі, не көрсе

3. Мектеп, білім- теңіз кеме .

4. Сөз, көп, көмір, алтын, сөз, аз.

5. Қылыштан да, өткір, тіл.

3-топ

1. Мыңды жығады, білекті, жығады, бірді, білімді.

2. Ыстық, отан, оттан да.

3. Жау алмайды, досы көпті, ақылы көпті дау алмайды.

4. Ажарың, жолдас, дос, базарың.

5. Етсең, тояды, қарның, ерінбей


Ұқсас жұмыстар
Сөз маржаны
Көрермендерге жұмбақ айту
Мақал сөздер
Ағылшын тілі үйірмелері арасында Полиглот балалардың шеберлік шығармашылық сайысының сценарийі
"елім менің" танымдық ойыны
Асыл тобына
Атадан қалған асыл сөз
Дауыссыз к мен г туралы
Балалар бөлмесінде
Математикалық ринг (7 және 8 сыныптар)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz