Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Жүріс дөңгелектері

өндірістік оқыту сабақ жоспары
І.Тақырыбы: Жүріс бөлігін, бұрылысты басқару механизімін және тежеуішті,тексеру жөндеу.
ІІ.Сабақтың мақсаты: Білімалушыларға жүріс бөлігінің ақауын анықтау, және жою жұмыстарын жүргізу

ІІІ. Жұмыс орнының жабдықтары: Трансмиссия, арнайы киім, сақтандырғыш көзілдірік, арнайы балға, кілттер жиынтығы және т.б.
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ
Жүріс дөңгелектері.Жүріс дөңгелектері автомобильді жол бетімен байланыстыратын торап болып табылады. Олар атқаратын қызметтеріне қарай жетекші және басқару дөңгелектері болып бөліңнеді. Осы екі түрі де автомобильдің салмағын жол бетіне таратады. Осыған қосымша, жетекші дөңгелектер двигательден трансмиссия арқылы келген моментті автомобильді тарту күшіне айналдырады, ал басқару дөңгелектері машинаның жүріс бағытын өзгертеді. Егер автомобильде жетекші дөңгелек алдыңғы дөңгелектер болатын болса, онда алдыңғы дөңгелектер әрі жетекші әрі басқарушы дөңгелектердің қызметін атқарады. Ол кезде артқы дөңгелектер тек ұстап тұрушы дөңгелектер ғана болады.
Автомобильдердің жүріс дөңгелектері үшін пневматикалық дөңгелектер қолданылады. Оның құрылысы тұғырдан, құрсаудан, екеуінің аралығын жалғастыратын дискіден және пневматикалық шинадан тұрады.Мұндағы пневматикалық шинадан басқа бөлшектері қатты металлдан жасалып, машина белдемесіне бекітіледі. Ал пневматикалық шина ішіне ауа толтырылған қуыс тәрізді. Олар камералы немесе камерасыз болып екі түрлі жасалады. Камералы шиналарда ауа арнаулы бітеу жасалған камера ішіне қысыммен үрленеді де ол шинаны берік етіп ұстап тұрады. Ал камерасыз шиналарда ол өзі дөңгелек құрсауымен тығыз беттесіп, ішіндегі қысыммен айдалған ауаны ұстап тұрады.
Пневматикалық шинаның негізгі міндеті, жол бетінде кездесетін ойлы - қырлы жерлердің әсерінен пайда болатын күштерді автомобиль тұғырына жұмсартып беру болып табылады. Яғни ол өзі сол күштердің әсерінен майысып, олардың әсерін азайтады. Пневматикалық шиналардың құрылыстары өте күрделі болады және қолданылатын автомобиль түрлеріне қарай бірнеше түрлі болып жасалады.
Автомобидь жүріс дөңгелектерінің жұмысы олардың орналасу жағдайларына тікелей байланысты. Егер орналасу жағдайлары алғашқы жасаушы завод қойған мөлшерден алшақтап кететін болса, онда олардың жүріске көп зияны тиюі мүмкін. Сондықтанда, әрбір техникалық күтім кезінде, сол дөңгелектердің жағдайын қарастырып, тексеріп отырады.
Дөңгелек аспалары.Дөңгелек аспаларының негізгі қызметі жер бетінен жүріс дөңгелектері арқылы келетін күштерді жұмсартып, сол күштердің әсерінен автомобильдің тербелісін азайту болып табылады. Сондықтанда олар негізінен екі түрлі элементтен тұрады: серпімді және жұмсартқыш элементтер.
Серпімді элементтер, жол бетіне келген әсер күштерін өздеріне жинап алып, ол күштер әсерін тоқтатқан кезде қайтарып береді. Ал осы күштер серіппеге берілерде онымен қатар жұмыс істейтін жұмсартқыштар да оларды әлсіретеді, яғни оның энергиясын жұтып алады.
Дөңгелек аспаларының осы екі элементі, машина түрлеріне қарай әртүрлді жағдайларда жұмыс істейді және бірнеше түрлерге бөлінеді. Солардың түрлері 4.2 - суретте көрсетілген.

Дөңгелек аспалары жұмыс істеу принциптеріне қарай негізінен екі түрге бөлінеді: тәуелді және тәуелсіз аспалар. Тәуелді аспада (4.2 а - сурет) бір дөңгелектің жүріс жағдай өзгеруіне байланысты екінші дөқңгелектің де жағдайы өзгереді. Әрине бұл құбылыс машина жүрісіне жағымсыз әсер етеді. Сондықтан мұндай тәуелді аспалар жүріс жылдамдықтары онша жоғары емес жүк машиналарында немесе жеңіл машиналардың артқы басқару қызметін атқармайтын белдемелерде пайдаланылады.
Көпшілік жағдайда, әсіресе басқарылатын дөңгелектердің аспасы үшін тәуелсіз аспалар қолданылады. Олардың өзі бірнеше түрге бөлінеді. Солардың ішіндегі бір рычагты немесе ұзындықтары әртүрлі екі рычагты тәуелсіз аспаларда (4.2 б, г - суреттер) дөңгелектер бір - біріне тәуелсіз қозғалғанымен, қозғалған дөңгелектің өзі әрі l - бұрышына бұрылып, әрі көлденең бағытта - қашықтығына жылжиды. Осындай өзгерістер ол дөңгелектің жұмысына жағымсыз әсерін тигізеді. Ұзындықтары бірдей екі рычагты тәуелсіз аспада (4.2 в - сурет) дөңгелек бұрылмаса да, көлденең - жылжуы болады. Ондай жылжуды болдырмайтын телескоптық тәуелсіз аспа (4.2 д - сурет). Бұл кезде дөңгелек бұрылса да, көлденең жылжу болмайды. Ал көлденең жылжуды ұзындық бағытына ауыстыратын ұзындық бойында орналасқан екі рычагты тәуелсіз аспа (4.2 ж - сурет) басқаларына қарағанда жұмысы едәуір жақсарады. Бірақ бұл кезде машинаның құрылысы күрделірек болады. Кейбір кездерде серпімді элемент үшін, цилндрлі серіппелер мен жазық рессорлардың орнына, торсионды біліктер қолданылады (4.2 д - сурет). Ол кезде тек аспаның құрылысы қарапа>>йымды болады, ал жұмыстар алғашқы аспалармен бірдей.
Осы көрсетілген аспалардың барлығында да еекі түрлі элемент болады. Олардың бірі серіппелі элемент, ал екіншісі жұмсартқыш элемент. Серіппелі элементтердің негізгі міндеті жол бедерінің әсерінен пайда болған күштерді бірден машина тұғырына бермей, өзіне қабылдау болып табылады. Сонда өзі майысып, машина тұғырына күштің біразы ғана беріледі. Ал жол бедерінің әсерінен пайда болған күш әсері тоқтаған кезде ол қайтадан жазылып, өз бойында жинақталған энергияны қайтарып машина тұғырына береді. Осылайша машина тұғырында тербеліс пайда болады.

Серіппелі элементтің әсерінен пайда болған тербелісті тоқтату үшін жұмсартқыш элементтер қолданылады Олардың міндеті осы тербелістің кинетикалық эннергиясын өзінне қабылдап, әрі қарай қоршаған ортаға таратып жіберу болып табылады.
Өткен сабаққа шолу жасау.
Рульдік басқарудың жұмыс істеу принципі
Рульдік басқарудағы сұйықтықты ауыстыру жиілігі

Сабақ мазмұны
Ұйымдастырулық нұсқаулар.
Қорытындылау сұрақтары:

1. Жүріс дөңгелектері
2.Дөңгелек аспаларының түрлері

ТЕХНИКАЛЫҚ НҰСҚАУ КАРТАСЫ №
Жұмыс орны №
Уақыт көлемі __ сағ.
Сабақ тақырыбы:
Жүріс бөлігінің ақауын анықтау, және жою.

Жұмыс мақсаты:
Білімалушыларға жүріс бөлігінің ақауын анықтау, және жою жұмыстарын жүргізу
Материалдық жабдықталу:
Трансмиссия, арнайы киім, сақтандырғыш көзілдірік, арнайы балға, кілттер жиынтығы және т.б.
Техникалық қауіпсіздіқ
ережелері:
Жұмыс орнын дайындау кезіндегі қауіпсіздік ережелері,



Тапсырманың мазмұны және орындау реті

ГАЗ - 53А автомобилінің жүріс бөлігін бөлшектеу жұмыстары

ВАЗ - 2106 автомобилінің жүріс бөлігін бөлшектеу жұмыстары

Арнайы киімді киіп, жұмысорнын дұрыс ұйымдастырғаннан соң құрал-сайман, керек-жарақтарды түгендейміз

Тапсырманы орындау соңында
Білу тиіс
Жасай білу тиіс
Қауіпсізлік ережелерін
Дөңгелек аспаларының түрлері

Ұқсас жұмыстар
Автокөлік мұзды, қарлы немесе ластанған сырғанақ жол жабынында қозғалғанда басты ереже - дөңгелектердің тоқтап қалуына жол бермеу
Рульдік басқарудың ақауы
Студенттердің тапсырма жауаптары бойынша баға қою
Механикалық трансмиссияның жалпы құрылысы
Минералдық тыңайтқыш дайындайтын машиналар
Қызылша жетілдіру және жинау машинасы
Сұрақтар мен тапсырмаларға жазбаша және электронды түрде жауап беру
Тұқым себетін аппараттар
Тұқымды тыңайтатын жәшіктер
Бос жиынның белгіленуі
Пәндер