Практикант портфолиосын дайындау және педагогикалық практика жұмыс бағдарламасы

Тақырыбы: Практикант портфолиосын дайындау

Жоспар:

  1. Практиканттың жұмыс бағдарламасы
  2. Практиканың максаты

Практиканттың жұмыс бағдарламасы

1-апта. 1-кезең

  1. Факультет әкімшілігі жауапты кафедра оқытушыларымен және студент-практиканттарымен біріккен маслихат өткізіп, студенттерді педагогикалық практиканың бағдарламасымен, олардың максат-міндеттерін, кұжаттарды толтыру тәртібімен (жұмыс күнделігі, есебі т. б. ) сынақ тапсырудың ерекшеліктерімен таныстыру. Студенттердің мектептерге бекітілуін және жұмыс жоспарын тиянакты талқылап, бекіту (бұйрықтар, кұжаттармен таныстыру) .
  2. Мектеппен, мектеп әкімшілігі мен тарих пәні мұғалімдерімен, бекітілген сынып оқушыларымен, сынып жетекшілерімен танысу.
  3. Әрбір практикант студенттін белгілі бір пән мұғаліміне бекітілуі.
  4. Пән мұғалімдерінің әдістемелік жұмыстарымен танысу.
  5. Сабақ такырыптарын бөліп, аныктап, сабақ жоспарының жобасын дайындап, жоспарын жазу.
  6. Сабақтарға қатысу

2-6 апта. 2-кезең

  1. Сабак өткізу (15-18 сағат) .
  2. Педагогикалық практика күнделігін толтыру (алғашқы күннен бастап) .
  3. Сабақ жоспарын (конспект) жасау.
  4. Сынак сабағын өткізу (сабақ, тәрбие сағаты) .
  5. Студент-практиканттардың сабағына қатысу (міндетті түрде) .
  6. Сабакты талқылауга катысу.

Мектеппен танысу мақсатында педагогикалық практикаға 1- 2 курс студенттері де барады. Бұл курстарға педагогикалық практика сабақтан тыс уакытта 6 күннен 10 күнге дейін созылады . Университеттің осы төменгі курстарға арналған «мектеп күні» бағдарламасын ұсынамыз.

«Мектеп күні» бағдарламасы:

Практиканың максаты:

студенттің мұғалім қызметінің әлеуметтік мәні мен оқушы тұлғасын қалыптастыруға әсерін түсінуі.

1-курстағы үздіксіз педагогикалық практиканың міндеттері:

- студенттерді мұғалім мамандығына деген қызығушылықты және жағымды қарым-қатынасқа тәрбиелеу;

- ҚР-дың жана әлеуметтік-экономикалық жағдайында қазіргі білім беру жүйесін реформалаумен болашақ мұғалімдерді таныстыру;

- әртүрлі типтегі оқу-тәрбие мекемелеріндегі тәрбие мен ғылыми-зерттеу жұмыстарына студенттердің іскерлігі мен дағдысын калыптастыру.

2. 1-ші күні жоғары оқу орындарындағы практика алдындағы конференция (мәслихат)

  • Практиканың мақсаты мен міндеттерімен таныстыру.
  • Педагогикалық практикаға байланысты қүжаттарға койылатын талаптармен таныстыру.
  • Студенттерге арналған топтық және жеке тапсырмаларды анықтау.
  • Мектептерге бөлу.

3. Педагогикалық практиканың әрбір күні бойынша мазмұны:

Мектепте 2-ші күннен 10-шы күнге дейін (мектепте барлығы 10 күн) Мектепте 1-ші күні:

1. Мектеппен танысу, мұғалімдермен, мектеп әкімшілігімен кездесу.

2. Студенттерді сыныптарға бөлу.

3. Сыныппен, сынып жетекшісімен танысу.

4. Мектептің, сыныптың тәрбие жұмыстарының жоспарымен, пән кабинеттерімен, лабороториялық кабинеттермен т. б. танысу.

Студенттердін мектепте өз сыныбын танып білуі 2-6-шы күндері өтеді.

а) өз сыныбындағы сабаққа күнделікті қатынасу (1-ші сабақтан 4-ші сабаққа дейін) ;

б) әрбір күн бойынша өз пікірін күнделікке жазып отырылуын жүзеге асыру; с) оқушылардың іс-әрекеті қалай ұйымдастырылуын, әрбір сабақтағы мұғалімнің оқушылармен қатынасындағы кәсіби тұлға сапасының көрінуі (ұйымдастырушылық, қарым-қатынас, болжамдық жэне диагностикалық т. б. ) .

САБАҚ, САБАҚТЫ БАҒАЛАУ, САБАҚ ТАЛДАУ ҮЛГІЛЕРІ

Сабақ - бұл оқу-тәрбие үрдісінің логикалық жағынан аяқталған біртұтас, белгілі бір уақыт шеңберінде өтетін бөлігі. Онда оқу тәрбие үрдісінің барлық негізгі элементтері: мақсаты, мазмұны, құралдары, әдістері, ұйымдастыру ісі көрініс табады. Сабақтың сапалы болуы да осылардың әрқайсысын дұрыс анықтап, өзара ұштастыра білуіне байланысты. Сабақты кұраған кезде қандай білім меңгерілуі тиіс екені ғана емес, оның қай деңгейде меңгерілуі керектігін де анықтау кажет. Мектептегі сабақ уақыты 45 минутка негізделген артық не кем өткізуге болмайтыны түсінікті.

Сабақ негізінен мынадай бөліктерден тұрады:

  1. Ұйымдастыру
  2. Үй тапсырмасын сұрау
  3. Үй тапсырмасын қорытып жаңа сабақпен байланыстыру
  4. Жаңа сабақ түсіндіру
  5. Жаңа сабақты пысықтау
  6. Үйге тапсырма беру
  7. Бағалау.

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Тұрлыгұл Т. Т. Мектепте Қазакстан тарихын окытудың теориясы мен эдістемесі. - Алматы, 2003. 2. Түрсын Хазіретәлі. Мектепте тарихты оқыту эдістемесі. - Алматы, 2004. 3. Коровкин М. В., Студеникин М. Т. Практикум по методике преподавания истории в школе. - М. : Владос, 2000.


Ұқсас жұмыстар
Диплом алдындағы педагогикалық практика: Мұратқызы Ақбота (Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі) - Үшарал орта мектебі, 4 А сынып
Биологиядан олимпиадаға дайындау курсының әдістемелік бағдарламасы
Microsoft Word мәтіндік бағдарламасы: терезе элементтері, құжаттарды дайындау және форматтау
11-сыныпқа арналған Технология пәнінің ұлттық костюмді жобалау, конструкциялау және дайындау бойынша оқу бағдарламасы
Ата-аналардың педагогикалық-психологиялық сауаттылығын арттыру: баланы оқып-жазуға дайындау
Химияны оқытудағы шығармашылық жұмыс және жаңа педагогикалық технологиялардың рөлі
Дарынды және үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жүргізудің бағдарламасы
7-сынып технология пәнінің 34 сағаттық жылдық бағдарламасы: тағам дайындау, материалтану, тігін, интерьер және қолөнер
Білім - адам баласының ортақ қазынасы: педагогикалық сайыстың сценарийі мен бағдарламасы
Үйде оқытылатын мүгедек және денсаулығы жарамсыз оқушылармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс және ата-ана сауалнамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz