Мыстың қорытпалары

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

АЛМАТЫ ЭЛЕКТРМЕХАНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ

Келісілген

ОӘЖ Әдіскер

Ордагулов И. Б

«» 2016 ж.

Бекітемін

Директордың оқу жұмысы

жөніндегі орынбасары

Байдилдаева А. Ш

«» 2016 ж.

Ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы : Мыс және оның қорытпалары

Пән: Материалтану

Кафедра жетекшісі: Асгат Р.

Пән оқытушысы: Нуртазаева А. А.

Алматы-2016

Сабақтың технологиялық картасы

Пән: Материалтану.

Мерзімі Топ 15-16

Сабақ №

Тақырыбы: Мыс және оның қорытпалары

Сабақтың мақсаты

  1. Білімділік:Білім алушыларға мыс және оның қорытпалары, олардың түрлері, қасиеттері туралы толық мағлұмат бере отырып түсіндіру.
  2. Дамытушылық:Мыс және оның қорытпалары туралы оқыта келе, студенттердің бойында логикалық ойлау, тез шешім қабылдау, шығармашылық мүмкіндігін, іздемпаздық қабілеттерін дамыту.
  3. Тәрбиелік:Студенттердің бойында өз бетімен жұмыс істеп, өз білімін өзі тексеріп, бағалай білуге үйрету. Әрбір заттарды ұқыптылықпен қолдануға, өздігінен талпынып, жауапкершілікті сезінетін саналы, өнегелі ұрпақ тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақтың қамтамасыздандырылуы

  1. Оқу - көрнекілік құралдар:Автомеханиктерге арналған материалтану негіздері (С. Скрынник, Т. Рахманов) Астана 2010ж.
  2. Үлестірмелі материалдар:сызбалар, лекциялар, текшелер.
  3. ТОҚ:слайдтар, интерактивті тақта, видео материал.

Пәнаралық байланыстар: Химия, физика, тарих, география.

Өзбетінше жұмыс: тақырып бойынша конспект, оқулықпен, текшелермен, сызбалармен жұмыс.

Сабақтың өту барысы

1. Ұйымдастыру кезеңі (2 минут )

а) сабаққа қатысуын тексеру

б) сабаққа дайындығын тексеру

Топты төрт топқа бөлемін. Ол үшін топтың аты жазылған қағазды таудау керек. Әрбір дұрыс жауапқа студенттерге Алматы қаласының символына айналған «алма» беріледі. Ойын соңында әр топқа ағаштың бейнесі салынған А2 форматты ватмон таратылады. Ағаштың үстіне жинаған алмаларын жабыстырыды. Қай топта көп алма жиналса, сол топ жеңімпаз болып есептеледі.

2. Үй тапсырмасын сұрау

3. Студенттердің біліктілігі мен дағдысын тексеру (10 минут)

Үй жұмысын сұрау үшін өткен тақырып бойынша сегіз конвертке салынған қиылған сегіз сурет дайындалады. Әр топтан топ басшылары шығып екі конверттен таңдайды. Әр конверттің ішіндегі суретті тез-тез құрастырып, ненің бейнеленгенін және оның қандай ой туғызатыны туралы жауап берулері тиіс.

Химиялық - термиялық өңдеу;

G:\2016-2017\ашық сабақ\үй тапсырмасы\цементовальная печь.jpg Цементациялық пеш;
Химиялық - термиялық өңдеу;:

http://ion-procion.ru.opt-images.1c-bitrix-cdn.ru/upload/medialibrary/13f/42.jpg?1439991138125577

Азоттану;

Цементациялық пеш;:

Диффузиялық металдану;

Химиялық - термиялық өңдеу;:

Алитирлеу;

Цементациялық пеш;:

G:\2016-2017\ашық сабақ\үй тапсырмасы\хромдау.jpg

Хромдау;

Химиялық - термиялық өңдеу;:

Силицирлау;

Цементациялық пеш;:

Борлау;

4. Жаңа тақырыптың мазмұны мен жүйесі (10 минут)

Бугінгі күннің жаңа сөздерімен таныс болайық. Жаңа сөздердің қазақша, орысша және ағылшынша аудармасын бірге қайталайық.

р/с
Қазақша
Орысша
Ағылшынша
р/с: 1
Қазақша: Мыс
Орысша: Медь
Ағылшынша: Сuprum
р/с: 2
Қазақша: Жез
Орысша: Латунь
Ағылшынша: Brass
р/с: 3
Қазақша: Қола
Орысша: Бронза
Ағылшынша: Bronze
р/с: 4
Қазақша: Никель
Орысша: Никель
Ағылшынша: Nickel
р/с: 5
Қазақша: Алюминий
Орысша: Алюминий
Ағылшынша: Aluminum
р/с: 6
Қазақша: Темір
Орысша: Железо
Ағылшынша: Iron
р/с: 7
Қазақша: Қалайы
Орысша: Олово
Ағылшынша: Tin
р/с: 8
Қазақша: Қорғасын
Орысша: Свинец
Ағылшынша: Plumbum
р/с: 9
Қазақша: Радиатор
Орысша: Радиатор
Ағылшынша: Radiator
р/с: 10
Қазақша: Карбюратор
Орысша: Карбюратор
Ағылшынша: Carburetor
р/с: 11
Қазақша: Мырыш
Орысша: Цинк
Ағылшынша: Zinc

Жаңа тақырыпты түсіндіру үшін интерактикті подиумның көмегімен мысты өндіру туралы видео материал көрсетіледі.

Мыс - бұл алқызыл түсті тұтқыр металл, тығыздығы - 8960 кг/ м 3 м^{3} , балқу температурасы - 1085ºС. Мыстың жылу және электрөткізгіштігі жақсы, ауада тоттануға ұшырайды. Мысты колчеданнан алады (CuFe S 2 S_{2} ) . Мыс кенін Орталық Қазақстанда өндіреді. Балқаш және Жезқазған комбинаттарында қорытады.

Таза мыс өте жұмсақ. Таза мыс тақталар, сымдар жолағы түрінде, электротехникалық мақсаттар үшін пайдаланылады. Мыстың қорытпалары: жездер, қолалар және мыстың никельмен қорытпасы кеңінен пайдаланылады. Жез - бұл құрамында 50%-ға дейін мырыш және басқа құраушылары бар мыстың мырышпен қорытпасы. Жездің беріктілігі, тоттануға төзімділігі жеткілікті түрде. Ол қысыммен жақсы өңделеді (штампыланады) .

ЛАЖМц 66-6-3-2 - бұл алюминий-темір-марганецті жез. Оның құрамы - 66% мыс, 6% алюминий, 3% темір, 2% марганец және 23% мырыш.

Жезді радиаторлардың, крандардың бөлшектерін жасау үшін пайдаланылады. Жезден контакторлар түйіспелерін, блоктаушы синхронизаторлардың сақинасын, нығыздаушы төсемдер, бөлу бөлшектерін, карбюраторлар мен жиклерлардың тығындарын жасайды. Рөлдік ілмек білігінің төлкесін, кіргізу клапандарының тарелкаларын жасайды. Шойын бөлшектердің газды дәнекерлері үшін шыбықтар мен сымдар даярлайды.

Қола - оның мыстан басқа да элементтері.

Қалайы - қалайылы қола. Қалайылы қола жақсы пісіріледі, дәнекерленеді.

Алюминий - алюминийлі қола.

Қорғасын - қорғасынды қола.

БРОФ10-1 қоланың құрамында 10% қалайы, 1% фосфор болады, қалғаны мыс. Қола жоғары тоттануға қарсы және антифрикциялық қасиетке ие болады.

Қоладан отын беруші аппараттардың бөлшектері, бұлғақтардың төлкелері, тісті бұрандалы тістегершіктер, көтергіштердің сомындары, бұрандалары, сырғыма мойын тіректер, саңылаусыздыққа арналған төзімді тығырықтар, қозғалтқыш бұрғының төлкелері жасалады. Берилді қоладан отындық сорғы клапандарының серіппелері, бензиндатчиктің серіппелі бөлшектері, әйнек тазалағыш реленің тоқ апарғыш серіппелері жасалады.

5. Жаңа материалды бекіту, біліктілік пен дағдыны қалыптастыру (15минут)

«Ақиқат/Жалған» атты ойын арқылы ағылшынша жазылған сөздердің аудармасының ақиқат не жалған екенін табу керек.


Ұқсас жұмыстар
Мыс қорытпалары
Металл түрлері және бөлінуі
Жеңіл түсті металдар металлургиясы. Металлургия және қоршаған орта
Машина бөлшектері
Мыс және оның қосылыстары 10-сынып
Қорғағыш газ қабаты астында пісіру
Түзеткіштер
Мыс
D-элементтерге жалпы сипаттама. мыс
Мыс және мырыш. 10 класс
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz