Сынып деңгейі

Түгелтаев Айболат Бердіғалиұлы

№47 жалпы орта білім беретін мектебінің

жоғары санатты информатика пәнінің мұғалімі

«Қазіргі замандағы сабақ - білім беру сапасының негізгі факторы» тақырыбындағы облыстық он-лайн семинар.

  1. Сабақты жоспарлау және оған дайындалу кезеңдері;
  2. Сабақты талдау және өз сабағына талдау жасау;
  3. Қорытынды жасау, ұсыныстар әзірлеу.

Сабақ - логикалық аяқталған, толық, шектеулі бағандармен негізделіп қамтылған оқу - тәрбие үрдісі.

Сабақты жоспарлау - нақты оқу уақыты барысында оқытушы мен оқушы әрекеттесулерін құрастыру. Негізі оқытушының оқу-тәрбие іс-әрекетінің және оқушылардың оқу материалының мазмұнын меңгеруі, дамуы және тәрбиеленуі бойынша оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетінің мақсаттары, міндеттері, принциптері, әдістері және мазмұны болып табылады. Сабақ жоспары конспект түрінде жүзеге асады. Сабақ конспектісінің құрамына тақырыптың аты, сабақтың міндеттері, кезеңдері, құрал-жабдықтар, әрбір кезеңдегі оқушыларға арналған тапсырмалар, тапсырмаларды орындау алгоритмдері, мұғалім сөзінің үзінділері немесе жаңа материалдың толық мәтіні енеді.

Жоспарлаудың міндетті құжаттарына:

  1. Оқу сабақтарының кестесі;
  2. Бағдарламалар, күнтізбелік сабақ жоспары жатады.

Оқу сабақтарының кестесі оқу жұмысының режимін белгілейді. Ол оқытушылардың болатын сабақтарға алдын ала даяр болып келуін қамтамасыз етеді. Оқу мезгіліне байланысты әрбір апталық сағаттардың мөлшері оқу жоспарында анықталады. Мектептің ерешеліктеріне, таңдап алынған бадарламаларына сәйкес сол мектептің оқу жоспары құрастырылады. Оқу кестесі мұғалімдер санына қарай, олардың педагогикалық еңбегін тиімді түрде ұйымдастыру үшін керек. Әсіресе жиі кездесетін жағдай бос уақыттың болмағаны дұрыс. Педагогикалық жүктемені дұрыс үйлестіру апта бойына мұғалімдердің еңбек қабілетін сақтауға, сабақтарды тиімді өтуге жағдай жасайды.

Білім беруді дамыту үшін оқу - тәрбие жұмыстарын жетілдіру керек. Оқытудың негізін құрайтын сабақ болған соң, әрбір мұғалім өз сабағының сапасын жақсартуға аса зор көңіл бөлуі тиіс. Әр сабақтың сапасы оның жоспарлануына, алдын ала даярлануына, қажетті көрнекі құралдармен жабдықталуына байланысты. (2 слайд) . Сондықтын әрбір материалды үйлестіру, сабақтың түрін және оны өткізу тақырыптың мақсатына сәйкес келгені дұрыс.

Ұйымдастыру - техникалық даярлық әрбір тақырып бойынша дидактикалық оқу құралдарын жүйелеуді, оқу кабинаттерін жабдықтауды, щеберхана құрал - саймандарын түгендейді.

Сонымен қатар мұғалімдердің жекелей дайындығы қажет. Ол жаңа әдістемелік және техникалық әдебиеттермен танысады, басқа оқыту - әдістемелік тәжірибелерді талдайды, білім беру оқу орындарының жаңа стандарттарын қарастырады, әдістемелік кеңестер жұмысына ат салсады, озық тәжірибе жинақтайды және оны тарату жұмыстарын үзбей, үнемі жүргізеді. (3 слайд) .

Оқыту сабақтарының сапасы сабақ жоспары арқылы анықталады. Әрбір оқу жылында оқу топтарының өзгерістеріне байланысты түрлі сабақ жоспары құрылады.

Сабақ жоспары - педагогтың жеке жұмыс құжаты. Дұрыс құрылған сабақ жоспары арқасында ғана оның тиімділігі артады. Сабақ жоспары оның түрін анықтайтын барлық компоненттерді қамтиды, яғни сабақ тақырыбы, мақсаты, жұмыс әдістері, тәсілдері қарастырылады.

Сабақ жоспарын құруда төмендегідей нұсқаулар беріледі: (4 слайд) .

  • белгілердің бірыңғай жүйесін қолдану, сабақтың құрылымды элементтері рим цифрларымен /І, ІІ, ІІІ, ІҮ/ оны ашатын бөліктері араб цифрларымен /1, 2, 3/ одан әрі қарай көбіне кіші әріптермен белгіленеді.
  • сабақ жоспарына арнаулы бір дәптер басталады, ондағы әрбір жаңа сабақ жаңа беттен басталады.
  • мұғалімнің міндетіне кіретін кейбір элементтерді толықтай жазу қажет емес, мысалы оқушылардың сабаққа қатысуы, үлгерімі, жүріс - тұрысы, киінуі сияқты мәселелер жалпы түрде дәптерге жазылмай-ақ қарастырылады.
  • егер паралелль сыныптарға ортақ бір тақырыптағы материал өтілсе, онда оларға ортақ бір ғана сабақ жоспары жасалады, жеке -жеке сабақ жоспарының жасалуы қажет емес.

Сабақты жоспарлау және мұғалімнің оны
дайындау кезеңдері (5-6 слайд)

1. Бөлім немесе тақырып бойынша сабақтар жүйесін жасау, құрастыру;

2. Бағдарлама негізінде, әдістемелік құралдар, оқулық және қосымша әдебиеттер бойынша сабақтың үш мақсатын анықтау;

3. Сабақтағы оқу материалының тиімді мазмұнын анықтау, оны бірқатар тірек бөлімге бөлу, дидактикалық өңдеу;

4. Сабақта оқушы түсініп, есте сақтауы тиіс негізгі материалды бөліп алу;

5. Сабақ құрылымын жасау, оның типін, тиімді әдістер мен тәсілдерін анықтау;

6. Пәнаралық байланыс пен сабақта оны пайдалану әдістерін анықтау;

7. Сабақтың барлық кезеңдеріндегі, әсіресе стандартты емес жағдайларындағы оқушы мен мұғалімнің барлық іс - әрекетін жоспарлау;

8. Сабақтың дидактикалық құралдарын таңдау;

9. Техникалық оқу құралдары мен құрал - жабдықтарды тексеру;

10. Мұғалімнің тақтаға сызып, жазатындары мен оқушылардың тақтада немесе дәптерлерінде орындайтын ұқсас жұмыстарын жоспарлау;

11. Сабақтағы оқушылардың өзіндік жұмысының түрі мен тиімді көлемін анықтау;

12. Үйде және сыныпта алған білімді бекіту, білімді жинақтау және жүйелеу түрі мен әдісін таңдау;

13. Білім, білік, дағдысы олардың қалыптасу деңгейіне сәйкес әдістермен тексерілетін оқушылардың тізімін жасау, үй тапсырмасының түрі мен көлемін анықтау;

14. Сабақты қорытындылау түрін ойластыру;

Сабаққа дайындық барысындағы мұғалім әрекетінің алгоритмі төмендегіше: (7-8 слайд)

1. Сынып оқушыларының ерекшелігін есепке алу. Сынып деңгейі. Оқушылардың пәнге қызығушылығы. Сыныптың жұмыс қарқыны. Білім, білік, дағдының қалыптасуы, әр түрлі жұмыс әрекетіне қарым - қатынас, оқу жұмысының әр түріне, сонымен қатар дәстүрден тыс жұмыс түрлеріне қатысы, оқушылардың жалпы тәртібі.

2. Жеке ерекшеліктерді есепке алу: тіл табысушылығы, көңіл - күйінің өзгеруі, эмоционалдығы, оқушылардың жаңа материалды қабылдауына басшылық жасауы, көңіл - күйдің төмендеуін жеңе білуі, өз білімі мен біліктілігіне сенімділігі, .

3. Сабақты жақсы өткізуге мүмкіндік беретін ережелерді сақтау.

1) Сабақтың тақырыптағы, тақырыптың жылдық курстағы орнын анықтау, сабақтың жалпы міндеттерін бөлу;

2) Сабақ тақырыбына қатысты түрлі: ғылыми, ғылыми - көпшілік, әдістемелік кітаптарды таңдап алу, олардың мазмұнымен танысу;

3) Оқу бағдарламасын қарап шығу, түсіндірме хатты қайта оқу, берілген тақырып бойынша стандарт талаптарын оқып шығу, сабаққа байланысты мұғалімнен не талап ететінін анықтау;

4) Оқулық материалын еске түсіру, білім, білік, дағдыны бөліп алу;

5) Сабақ міндеттерін нақтылау, басты міндетті бөліп алу, оны оқушыларға түсінікті, олар қабылдай алатындай етіп тұжырымдап жоспарға жазу;

6) Сабақта оқушы нені түсінуі керек, нені есте сақтау керек, нені біліп, сабақтан нені үйренуі керектігін анықтау;

7) Оқушыларға қандай оқу материалын, қандай көлемде, қандай мөлшерде баяндау керектігін, жетекші идеяларды дәлелдейтін қандай қызықты деректерді келтіруге болатынын анықтау;

8) Сабақ міндеттеріне сәйкес сабақ мазмұнын жіктеп алу, жаңа білім, білік, дағдыны қалыптастыратын, жаңа материалды игертетін тиімді тәсілдерді таңдап алу;

9) Оқушылардың дәптерлері мен тақтада не және қалай жазылатынын ойластыру;

10) Сабақты тұтас құбылыс ретінде қарастыра отырып, көзделген сабақ барысын сабақ жоспарына жазу.

2. Сабақты талдау және өз сабағына талдау жасау

Сабақты талдау алға қойылған мақсаттардың дұрыстығын, оқушыларды қорыту және тәрбиелеу тәсілдерінің тиімділігін, олардың кеңестік дидактика көзқарасына, мазмұны мен мақсаттарына, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай болуын бағалаудан басталады.

Сабақ талдауға ғылыми көзқарас - психологиялық-педагогикалық ғылым мен озық педагогикалық тәжірибеге сүйенеді.

Талдаудың жан-жақтылығы мен тереңдігі - сабақ құрылымындағы кезеңдердің байланыстылығын, дидактикалық қабысуы мен логикалық жүйелілігін ескере отырып бағалау. Жаңа тақырыпты өткен сабақ тақырыбымен байланыстыра қарастыру. Талдау барысында оқу материалдарының меңгерілу дәрежесін, білім сапасының тереңдетілу жағдайын, оқушылардың танымдық дамуын анықтайтын сабақтың басты жақтарына көңіл бөлінеді.

Сабақты талдау және өзіндік талдау түрлері

(9-10 слайд)

1 - қысқа талдау (анализ) (баға қоятын) - бұл сабақтың білімділік, дамытушылық, тәрбиелік мақсаттарын шешетін оқу-тәрбиелік қызметіне, олардың орындалуына жалпы баға беру;

2 - құрылымдық талдау (кезеңдік) - бұл сабақтың басым құрылысын (элементін) анықтау, олардың оқушы танымдық қабілеттерін қамтамасыз ететін қажеттілігін бағалау;

3 - жүйелі талдау - бұл сабақтың дамытушылық мақсатын шешетін дидактикалық міндетін орындауына, оқушылардың білім, білік, дағдыларын қалыптастыруды қамтамасыз етуіне, оқушылардың білім алу тәсілдерін игеруіне жағдай жасайтын бірыңғай жүйе ретінде қарастыру;

4 - толық талдау - бұл сабақ міндеттерінің іске асырылуын, оқушылардың білімді игеру деңгейі мен ой еңбегінің тәсілдері сияқты оқу іс-әрекетінің түрі мен мазмұнын, оқушылардың даму деңгейін, сабақ нәтижелілігін, дидактикалық принциптерін бағалайтын аспектілі талдау жүйесі;

5 - құрылымды-мерзімді талдау - бұл сабақтың әр кезеңінде уақытты қолдануды бағалау;

6 - құрама (комбинированный) анализ - сабақтың негізгі дидактикалық мақсаты мен құрылымдық элементтерін бағалау;

7 - психологиялық талдау - сабақтың психологиялық талаптарының орындалуын талдау (оқушылардың дамытушылық үлгідегі танымдық әрекетін қамтамасыз ету) ;

8 - дидактикалық талдау - негізгі дидактикалық категорияларды талдау (дидактика принциптерін жүзеге асыру, оқушыға білім беру әдісін, тәсілін, құралын таңдау, сабақтың оқу материалын дидактикалық өңдеу, оқушылардың өздігінен жұмысына педагогикалық жетекшілік жасау, т. б. ) ;

9 - аспектілі талдау - сабақтың бөлек бір жағын немесе мақсатын белгілі бір бұрыштан бөлшектеп, жан-жақты оқушы әрекетінің нәтижесімен байланыстыра қарастыру.

10 - комплексті талдау - сабақтың дидактикалық, психологиялық, басқа да негіздерін бірге (бір уақытта) талдау (көбіне түгел сабақ жүйесін) .

Сабаққа қатысушы сабақты талдауда төмендегіше негізгі бөлімдер қарастыруы қажет: (11 слайд)

  1. Сабақ мақсаттарын талдау. Оқу материалының ерекшелігін ескере отырып, сабаққа қойылған мақсаттары мен міндеттерінің дұрыс-бұрыстығына, осы сабақтың тақырып бойынша сабақтар жүйесіндегі орнына, сыныптың дайындығына баға беру. Сабақ идеясының қойылуы мен оқушы санасына жеткізе алуы. Сабақ мақсатына жету деңгейі.
  2. Сабақ құрылымы мен ұйымдастыруын талдау. Сабақ құрылымының мақсатына сәйкестігі. Сабақ түрінің, құрылымының, логикалық жүйелілігінің, кезеңдерінің байланыстылығының ойластырылғандығы. Уақытты үнемдеп қолдануы. Оқыту түрлерінің тиімділігі. Сабақ жоспарының болуы және мұғалімнің оны орындауды ұйымдастыруы. Сабақта қолданылған көрнекіліктер мен құралдар. Оқушы мен мұғалім іс-әрекетін тиімді ұйымдастыру деңгейі.
  3. Сабақ мазмұнын талдау. Сабақ мазмұнының мемлекеттік бағдарлама талаптарына сәйкестігі. Баяндаудың толықтылығы, нақтылығы, түсініктілігі, ғылымилығы. Сабақтың тәрбиелік бағыты, адамгершілік ықпалының деңгейі. Сабақтың (тақырыптың, курстың) негізгі идеяларының айналымға түсуі. Сабақтың политехникалық бағыттылығы, өмірмен, кәсіби тәрбиемен, еңбекпен байланысы. Танымдық, қызығушылық пен өзіндік ойлауды дамыту жолындағы белсенді оқу әрекетін қалыптастыру мақсатындағы сабақтың дамыту мүмкіндіктерін іске асыру. Оқушылардың жаңа білімді қабылдамауы. Жаңа материалдың негізгі идеясын нақтылау. Жаңа түсініктер қалыптастыру. Тіректі білімдерін жаңғырту. Оқушылардың өз бетінше жұмысын ұйымдастыру. Бекіту жаттығуларының мінездемесі, өзбетінше жұмыс түрлері, қиындық деңгейі, көпнұсқалылығы, сынып оқушыларының дайындық деңгейін ескеру. Мұғалімнің тапсырманы түсіндіруі мен көмегі. Жаңа материалды игеру деңгейі (қолданылған әдіс-тәсілдердің тиімділігі) . Жаңа тақырыптың өткен тақырыптармен байланысы. Қайталау (ұйымдастырылуы, түрі, әдіс-тәсілдері, көлемі) .
  4. Сабақты өткізу әдісін талдау. Сабақ беру әдістерін, тәсілдерін, көрнекіліктері мен құралдарының дұрыс таңдалуын, негізділігін; Олардың оқу материалының мазмұнына, сабақ мақсаттарына, сынып мүмкіндігіне, оқушы іс-әрекетін белсенділендіру міндетіне сәйкестігін, сабақтың әдістемелік аппаратының әр кезеңіне сайлығын, мұғалім қолданған әдіс-тәсілдердің алуан түрлілігін анықтау. Жаңа материалды түсіндіру кезіндегі эмоциялылығы. Таратпалы дидактикалық материалдар мен көрнекі құралдарды, техникалық жабдықтарды қолданудың тиімділігі. Мұғалімің әдістемелік жағынан қаруланғандығы мен педагогикалық техникасын бағалау.
  5. Оқушылардың іс-әрекеті мен тәртібін талдау. Сынып жұмысына жалпы баға беру. Зейіні мен тәртібі. Пәнге деген қызығушылығы. Сыныптың белсенділігі, оқушылардың сабақтың түрлі кезеңдеріндегі белсенділігі. Оқушының өзіндік жұмысының ұйымдастырылуы, оқушылардың оқу әрекетінің тиімді әдістерінің іске асуы. Қолданылған оқу әрекеті түрлерінің тиімділігі мен орындылығы. Жалпы білімділік, арнайы біліктері мен дағдыларын қалыптастыру. Жалпыға ортақ талаптарды орындауы. Білім деңгейі жоғары және төмен оқушылармен жеке жұмыс. Ұжымдық және жеке жұмыстарды біріктіру. Сыныптың тәртіптілігі және тәртіпті сақтау тәсілдері. Қарым-қатынас мәдениеті, мұғалімнің педагогикалық такт пен нормаларды ұстануы, мұғалімнің осы сыныпта ұйымдастырған моральдік-психологиялық ахуалына баға беру.

Білім, білік, дағдыларының сапасы:

1. Білімдерінің беріктілігі, тереңдігі, нақтылығы.

2. Сабақ материалынан негізгі ойды анықтай алуы, алған білімдерін түрлі жағдайларда қолдана алуы, оның негізінде өздігінен білімін тереңдете алуы.

3. Тәжірибелік дағдыларды игеру деңгейі. Мұғалімнің оқушы білімін тексеруі. Тексеру түрлері. Қойылған бағаның шынайылығы, саны, түсіндірілуі, қызықтырушылық, тәрбиелік мәні.

6. Оқушылардың алған үй тапсырмасын талдау. Мақсаты, көлемі. Сыныпта орындалған жұмыс пен үйге берілген тапсырма көлемдерін салыстыру. Үйге берілген тапсырма түрі (шығармашылық, бекіту, дамыту, қайталау), оның орындауға оңайлығы. Мұғалімнің үйге берілген тапсырманы түсіндіруі.

7. Сабақтың оқу-тәрбие мақсаттарына жету деңгейін бағалау. Сабақтың нәтижесін жалпы бағалау: мұғалімнің білім беру әрекетінің тиімділігі; білім, білік, дағды сапасы; олардың дамуы мен тәрбиелілігіндегі өзгерістер. Сабақ жетістіктері мінездемесінің дәлелділігі.

Сабақты өзіндік талдау

Өзін-өзі талдауға қойылатын жалпы талаптар: (12 слайд)

  • Талданып жатқан сабақтың оқытылып жатқан тақырыпта алатын орны;
  • Сабақ мақсаты мен міндеттерін негіздеу, жоспарланған іс-әрекеттердің орындалу деңгейі;
  • Сыныпқа мінездеме беріп, қолданылған оқу материалдарын таңдау себебін түсіндіру;
  • Оқушылар орындаған тапсырмалар мен жаттығулар жүйесіне педагогикалық, психологиялық баға беру, оқушылардың сабақтағы өзбетінше ойлау қабілетінің даму деңгейін бағалау. Сабақта қолданылған әдіс-тәсілдерді түсіндіру, осы тәсілдердің сабақ мақсатына, құрылымына, қойылға білімділік, тәрбиелік міндеттеріне сәйкестігін дәлелдеу;
  • Мұғалімнің сабаққа (оның кезеңдеріне) қанағаттануы немесе қанағаттанбауы. Аталған кемшіліктерді жою жолында іске асырылатын іс-шаралар, сабақта қол жеткізген жағымды нәтижелерге баға беру, түсіндіру.

Өзін-өзі талдау - мұғалімнің шығармашылық іс-әрекетінің бір шарты.

Сабақты бақылау парағы (сабақты талдау және өзіндік талдау сызбасы) (13-14-15-16 слайд)

Жалпы мәліметтер:

  • мектеп, сынып, сабақ өткен күн;
  • сабақ тақырыбы мен міндеттері;

Сабақ жабдықтары:

  • мұғалім сабақ берудің қандай тәсілдерін қолданды;
  • көрнекі құралдар мен техникалық жабдықтар дайындалған ба;
  • сынып тақтасы сабаққа қалай дайындалған;

Сабақ мазмұны:


Ұқсас жұмыстар
Ондық бөлшекті координаталық сәуледе кескіндеу, салыстыру
Баған қосу жолдары
Мәтінді редакциялау және пішімдеу. 5 сынып
Математика. Арифметикалық прогрессия
Жай бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеу
Электр өрісі. электр өрісінің кернеулігі. 8 сынып
Жылу процестеріне есептер шығару
Қышқылдардың жіктелуі, алынуы, қасиеттері. 8- сынып
Қазақстан ормандары. 8 орыс сыныбы
Жарықтың сыну заңы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz