Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Хаттама үлгісі

Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы
<<Щучинск қаласы, жоғары педагогикалық колледжі>> шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру
ұйымдарына арналған педагогінің сабақ жоспары
Хаттама, оның үлгісі
(сабақтың тақырыбы)
Модуль/пән атауы Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу
Дайындаған педагог Темиров А.А.
2021 жылғы <<16>> сәуір
1.Жалпы мәліметтер
Курсы, оқу жылы, топ 4-курс, ҚФ-41
Сабақ типі практикалық сабақ
2.Мақсаты,міндеттері Хаттама, оның жазылу үлгісі, хаттаманың толтырылатын уақыты туралы мағлұматтырын дамыту, сауатты хаттама жаза білуге тәрбиелеу.
2.1 Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі
+ Хаттама, оның мазмұны мен жазылу үлгісін біледі және жаза алады;
3.Сабақты жабдықтау
3.1 Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер хаттама үлгісі
3.2 Техникалық құралдар, материалдар слайд, электрондық журнал
4.Сабақтың барысы
# <<Шаттық шеңбері>>
Жаңа сабақ
Хаттама-жиналыстарда, кеңестерде, конференцияларда және алқалық органдардың мәжілістерінде мәселені талқылау мен шешім қабылдаудың барысы туралы мәлімет беретін құжат.
Негізінен хаттамалар қысқаша жасалады, онда баяндамалар мəтіні толық келтіріле бермейді.Толтырудың тәсілі мен көлемі жағынан хаттамалар стенография, фонография, конспект жəне сөйлеген сөздердің мазмұны жазылмаған ықшамды түрде болып келуі мүмкін. Қысқа хаттамаларда күн тәртібі, сөйлеушілердің аты-жөні, сөйлеген сөздердің тақырыбы және кабылданған шешімдер көрсетіледі. Сөйлеген сөздердің толық мәтіні келтірілмейді.
Хаттама мəтіні екі бөліктен - кіріспе жəне негізгі бөліктен тұрады.Кіріспе бөлімде жиналысқа қатысушылар көрсетіледі, оның ішінде жиналыстың төрағасы мен хатшысы да көрсетіледі. Егер бұл өндірістік жиналыс болса, барлық қатысушының қызметінің атауы көрсетіледі. Кіріспе бөлім күн тəртібімен аяқталады.
Хаттаманың негізгі бөлімі мынадай сұлба бойынша құрылады:
Тыңдалды: - бөлімінде баяндамашының аты-жөні, (лауазымы көрсетілмейді, ол кіріспе бөлімінде көрсетілген) жазылып, сызықша қойылады да баяндаманың қысқаша мазмұны баяндалады.
Сөйледі:- деген бөлімде де осылайша жүргізіледі.
Қаулы қабылданды: деген бөлімде қабылданған қаулы жазылады.
Хаттама мəтініне төраға жəне хатшы қол қояды. Құжаттың заңдылық жарамдылығы барлық қажетті деректермен, олардың дұрыс толтырылуымен және хаттамадағы мәліметтердің шындыққа сәйкестігімен анықталады. Мысалы, жиналысқа қатысушылардың санының көрсетілуі маңызды, ол қабылданған шешімнің жеткілікті дауыспен қамтамасыз етілгенін көрсетеді.
Хаттаманың деректемелері:
# мекеменің атауы;
# құжаттың атауы;
# мәжілістің өткен күні;
# мәжіліс өткен орын;
# бекіту грифі (егер қажет болса);
# тақырыбы (жиналыстың, алқалық органның атауы);
# мәтін.
Мәтіннің кіріспе бөлігінде қатысушылардың құрамы, күн тәртібі; негізгі бөлігінде тыңдалған мәселе, сөйлеген сөздер және қабылданатын қаулы көрсетіледі.

Хаттама үлгісі:
Хаттама № 1

Щучинск қаласы 14.07.2019жыл

2019 жылдың 14 маусымында КФ-21 топ студенттерінің ата-аналарымен <<Ата-ана тәрбиесімен көрікті, бала-қылығымен қылықты>>тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті.
Қатысқандар: 20 ата-ана
Қатыспағандар: 4 ата-ана
Күн тәртібі:

1.<<Ата-ана тәрбиесімен көрікті, бала-қылығымен қылықты>>тақырыбында студенттер мен ата-аналарға арналған өсиет жайлы ой өрбіту.
2. Студенеттердің оқу-үлгерімі, тәртібі,мінездері жайлы жан-жақты ақпарат беру.
3.Колледж тәртібін ескерту.
4. <<Фольклорлық практика>> жайлы ақпараттандыру.
1-мәселе бойынша топ кураторы Ғ.К.Темирова сөйледі: Ғалия Кеңесқызы слайд негізінде төмендегідей қызықты да танымдық ақпараттарды келтірді:
Атаның ұлы - ұлтын сақтар,
Ананың қызы - жұртын сақтар.
Студентке тән алты қасиет:
Ұғымың, ойлы ететін зерде-зейінің;
Сені өрге сүйрейтін өнер-өрісің;
Тек ілгері бастайтын талабың;
Ешқашан алдамайтын тапқырлығың;
Қиындықта саналатын қайратың;
Бәрінен күшті ететін ақылың мен білімің.
Ата-ананың жүрегі....
Бір отбасында жалғыз баласы болыпты. Ол ер жетіп, басқа қалаға кетіпті. Өмірін ырду-дырдумен өткізеді, ата-анасына бір де хат жазбайды. Күндердің күнінде ақшасы таусылып, үйіне қайтуға тура келеді. Кәрі ата-анасынан ақша сұрауға ұялады, қаладағы өмірін аңсап, кеткісі келеді. Банкада ақша жатқанын байқап, ешкімге білдірмей ұрлап алып кетіп қалады. Тағы да көңілді өмір кешеді, тағы әке-шешесіне хабарласпайды. Ол да көпке жетпйді, амалсыздан әке-шешесіне хат жазады.
Қымбатты менің туғандарым! Мен бейсенбі күні сағат 3-те үйдің жанынан өтемін. Егер мен үйге кірсін десеңдер, терезеге ақ орамал іліп қойыңдар Ілулі тұрған орамалды көрсем, үйге кіремін, ал егерде болмаса, кірмей кетемін>>
Сіздердің ойларыңыз......
1-мәселе бойынша Жолдыбай Зеренің папасы, Балғабай Назеркенің анасы мен Нәресте Майрагүлдің анасы тыңдалды: ақпараттың өте қызықты болғандығын және студент пен ата-анаға берері мол екендігін баса айта отырып, топ кураторына алғысын білдірді.
2-мәселе Студенттердің оқу-үлгерімі, тәртібі, мінезі, осы оқу жылын аяқтаудағы нәтижесі туралы ақпарат беру үшін әр ата-анаға ақпараттар жазылған таратпа материалдар таратылды. Материалдың үлгісі:
0111000 <<Негізгі орта білім беру>> мамандығы бойынша КФ-21 топ студенті Жолдыбай Зеренің IV семестр бойынша оқу үлгерімі туралы ақпарат.
2-мәселе бойынша әр ата-ана өз ойын білдіріп, көбісі дене мәдениеті оқытушысы Бейбіт Тұрсынбайұлына біраз шағымдарын айтып, тілдесті.
Топ жиналысына студенттердің оқу үлгерімі және тәртіптері жайлы пән оқытушылары Темиров А.А., Жусупова А.Г., Махметова А.А. сынды оқытушылар да қатысып, өз ойларымен бөлісті. Ата-аналар берген ақпараттарға қанық болып, ризашылықтарын білдіріп, өз ойларын ортаға салды.
3-мәселе колледж тәртібін ескерту.Мұнда колледж киімі мен тәртібі туралы, сабақтан қалу мәселесі және жатахана тәртібі мен келесі жылға орын алу туралы ақпараттар айтылды.
4-мәселе: <<Фольклорлық практика>> жайлы ақпараттандыру. КФ-21 топ студенттері еліміздің әр түкпірінде осы практиканы өтетінін, сондықтан қай ата-ана өз ауылына қанша студент ала алатыны жайлы айта отырып, осы практиканың барысы жайлы толық мағлұматтар берілді.
Қаулы қабылданды:
1.Ата-аналарға арналған өсиеттерді тәрбие беру барысында қолдану;
2.Студенттердің оқу үлгерімдерін, тәртіптері мен мінездерін одан әрі жақсартуға өз үлестерін қосу;
3.Колледж тәртібі мен ережесін сақтауды үнемі балаларына ескерту;
4.<<Фольклорлық практиканы>> ата-аналардың шешімі бойынша Зеренді ауданындағы Ортағаш ауылында, Абылайхан ауылы, Қаратерек ауылы, Кіндікқарағай ауылы мен Қызылорда облысында өтсін деген шешім қабылдады.

Топ кураторы_______ Ғ.К.Темирова
(қолы)
5.Сабақ бойынша рефлексия
<<Күншуақ>> рефлексиясы. Күннің суреті- мен меңгерген ақпарат; бұлт-маған қиындық туғызған ақпарат; жаңбыр-мен меңгермеген ақпарат

6.Үй тапсырмасы
+ Өздеріңіз осы үлгіні негізге алып, хаттама жазыңыз;

Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілі Кітаби тілдің стильдік тармақтары 10 сағат
Саржалық айқаспа
РОБОТО ТЕХНИКА
Тіл және жазу мәдениеті. 1- сынып
Кездейсоқ сандар генераторымен бағдарламалау ерекшеліктері
Пән атауы
Сабақ соңында
Жалпы мәліметтер
Қаланың әсем жерлеріне шолу
Паскаль - программалау тілі
Пәндер