Қазақстан республикасының елтаңбасы

Сабақ тақырыбы : " Қазақстан Республикасының рәміздері "

Сабақтың мақсаты :

І. Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту . Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту .

ІІ . Оқушының есте сақтауын дамыту, өз ойын дұрыс жеткізуге ынталандыру .

ІІІ. Оқушыларды Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу Дамытушылық мақсаты - жеке тұлғаны дамыту, талдау, салыстыра білу қабілетін дамыту . Тәрбиелік : азаматтық, елжандылық, Қазақстан Республикасына сүйіспеншілік, Конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез - келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу .

Тәрбиелік мақсаты - Туған жерді, елін сүйетін, ұлтжанды, намысшыл, адамгершілігі мол азамат етіп тәрбиелеу .

Сабақтың барысы :

І. Ой қозғау

Жоспар :

1. Кіріспе

2. Негізгі бөлім

2. 1 . Қазақстан республикасының туы .

2. 2 . Қазақстан республикасының елтаңбасы .

2. 3 . Қазақстан республикасының әнұраны .

3. Қорытынды

4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Отанымыздың ұлттық мақтанышы - мемлекеттік рәміздерге арналады . Онда мемлекетіміздің рәміздері туралы білімдерімізді толықтырып, құрметтеуге үйренеміз . Кез келген мемлекеттің айшығы - мемлекеттік рәміздері екені белгілі . Бізде бүгінгі сабағымызды еліміздің Гимнімен бастайық . ( Гимн орындалады ) Елін, жерін сүю мен Отанға деген адалдықтың бір белгісі - мемлекеттік рәміздерімізді қадір тұту болып табылады . Жас ұрпақты елжандылық негізде тәрбиелеуде де мемлекеттік нышандардың алар орны ерекше . Олай болса, рәміз дегеніміз не ? Рәміз - белгілі идеяны білдіретін белгі, бейне . Адамға ой - пікір туғызады . Ортақ түсінік бойынша, орақ еңбекті, таға бақытты, зәкір ( якорь ) үмітті, лира музаны, арыстан құдіретті бейнелеген көкшіл жалау бейбітшілік рәмізі . Рәміздік белгілер ғасырлар бойы дами келе мемлекеттік рәміздерге ( ту, елтаңба, гимн ) айналды . 1992 жылы 4 - маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер : Елтаңба, Ту, Әнұраны бекітілді .

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны

Бұрын « Менің Қазақстаным » әні ретінде танымал болған Қазақстанның әнұраны Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 2006 жылы 6 қаңтарда еліміздің Парламентінде бекітілді . Бірінші рет ол 2006 жылы 11 қаңтарда Мемлекет басшысының салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды . Музыкасы - композитор Шәмші Қалдаяқовтікі, сөзі - Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаевтікі .

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы - Қазақстан Республикасының мемлекеттік негізгі рәміздердің бірі . ҚР Президентінің “ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы " конституциялық заң күші бар Жарлығымен ( 24. 1. 1996 ) белгіленген Мемлекеттік ту көгілдір түсті тік бұрышты . Оның ортасында арайлы күн, күннің астында қалықтаған қыран бейнеленген . Ағаш сабына бекітілген тұста - ұлттық оюлармен кестеленген тік жолақ өрнектелген . Күн, арай, қыран және ою - өрнек - алтын түсті . Тудың енi ұзындығының жартысына тең . ҚР мемлекеттік туының авторы - суретші Шәкен Ниязбеков . Бірыңғай көк көгілдір түс төбедегі бұлтсыз ашық аспанның биік күмбезін елестетеді және Қазақстан халқының бірлік, ынтымық жолына адалдығын аңғартады . Көк түс түркі халықтары үшін қасиетті ұғым .

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасы - Қазақстан Республикасының негізгі мемлекеттік рәміздерінің бірі . Қазақстан Республикасының Президентінің “ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы ” конституциялық заң күші бар Жарлығымен ( 24. 1. 1996 ) белгіленген . Рәміздік тұрғыдан ҚР мемлекеттік гербінің негізі - шаңырақ . Ол - елтаңбаның жүрегі . Шаңырақ - мемлекеттің түп - негiзi - отбасының бейнесі . Шаңырақ - Күн шеңбері . Айналған Күн шеңберінің қозғалыстағы суреті іспетті, Шаңырақ - киіз үйдің күмбезі көшпелі түркілер үшін үйдің, ошақтың, отбасының бейнесі . Тұлпар - дала дүлділі, ер азаматтың сәйгүлігі, желдей ескен жүйрік аты, жеңіске деген жасымас жігердің, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсіздікке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi . Қанатты тұлпар - қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне . Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпі .

ІІ . Сұрақтар :

« Отан » жайлы мақал - мәтелдер айтып көрейік :

1. Отан отбасынан ( басталады )

2. Отан үшін отқа түс, ( күймейсің )

3. Отан - елдің анасы, ( Ел - ердің анасы )

4. Туған жердей жер болмас, ( Туған елдей ел болмас ) .

5. Отанды сүю - ( отбасынан басталады )

6. Отан оттан да ыстық )

7. Отансыз адам - ( ормансыз бұлбұл )

8. Отан үшін күрес ( Ерге тиген үлес )

9. Ел іші - ( алтын бесік )

10. Тіл - тәуелсіздік ( тірегі )

ІІІ . Қорытынды

Қазақ халқы көптен күткен тәуелсіздікке қол жеткізді . Егемен мемлекет болды . Әрбір азат елдің өзіңнің тәуелсіздігін білдіретін басты белгілері болады . Солардың бірі Мемлекеттік рәміздер . 1992 жылы 4 маусымда егемен еліміз Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері қабылданды . Олар Қазақстан Республикасының әнұраны, Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы, Қазақстан Республикасының туы .

Қазақстан Туымен - Тұғырлы, Елтаңбасымен - Еңселі, Әнұранымен айбатты ел!


Ұқсас жұмыстар
Елтаңбаның авторы кім
Менің байтақ Республикам таулары, Менің кӛгім мӛлдіреген кӛк аспан
Тәуелсіздік белестері
Ақыл, қайрат, жүректі тең ұстаған мұхтар арын
Менің Қазақстаным – менің болашағым жайлы ақпарат
Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтаныш
Ресми емес нышандар
Мемлекетті рәміздер
Тәуелсіз елім Қазақстаным!
Өзара жай сандар қандай сандар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz